Автор: Лейла Болтаева

Қазақ үй ауа райы қар

4 ақпанға арналған еліміз бойынша ауа-райын ұсынамыз Бүгін еліміздің бірқатар аймақтарында жауын-жашын болады, деп жазады Ertenmedia.kz. Астанада көшпелі бұлт шығады, күн райы жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан соғады: түнде 3-8 м/с, күндіз 9-14 м/с. Түнде 19-21 градус аяз, күндіз 3-5 градус суық. Алматыда ауа райы құбылмалы болады. Түнде және таңертең жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Желдің бағыты солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысып, 3-8 м/с жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде -1…+1°, күндіз +6…+8° жылы. Шымкентте де көшпелі бұлт байқалады, жауын-шашын болмайды. Жел оңтүстік-шығыстан 8-13 м/с жылдамдықпен еседі. Түнде 2-4 градус аяз, күндіз +15…+17° жылынады. Ақмола облысының батысында күндіз қар жауады. Солтүстігі…

Толық оқу
Жұлдыз жорамал

Шетелдік мамандар ақпанның төртінші күніне арналған астрологиялық болжам мен күннің кеңестерін ұсынды, деп жазады Ertenmedia.kz. Астрологтар бұл күні асығыстыққа жол бермей, тұрақты дамуға көңіл бөлген дұрыс деп отыр. Өз-өзіңізге сараптама жасап, алдағы жоспарды мұқият ойластырып алған жөн. Кәсіби әрі жеке қарым-қатынасты нығайтуға тиімді күн. Импульсивті шешімдерден аулақ болу маңызды. Тоқты белгісіндегілерге бүгін ұстамдылық қажет. Лидерлік қабілетіңіз жұмыста септігін тигізеді, алайда артық жүктеме шаршатуы мүмкін. Торпақтар үшін қаржы және жұмысқа қатысты сұрақтар оң шешіледі. Сабыр мен практикалық көзқарас нәтиже береді. Егіздерге қарым-қатынас орнату мен келіссөздер жүргізуге қолайлы уақыт. Ойыңызды анық жеткізсеңіз, түсініспеушілік болмайды. Шаян белгісіндегі адамдар ішкі түйсігіне сүйенуі керек. Әсіресе…

Толық оқу
Айдос Сарым

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның 7-отырысында сөз сөйлеген Мәжіліс депутаты Айдос Сарым әзірленіп жатқан жаңа Конституция жобасының ел тарихындағы ерекше орнына назар аударды, деп жазады Ertenmedia.kz. Депутаттың айтуынша, жаңа Конституция бүгінгі күрделі геосаяси әрі құқықтық сын-қатерлерден қорғайтын іргелі құжатқа айналмақ. Реформа Қазақстан үшін күнде беріле бермейтін тарихи мүмкіндік. Қоғам мен азаматтардың белсенді қатысуы Конституция жобасының құндылығын арттырып, оны шынайы халықтық құжат деңгейіне көтереді. – Біз Конституция мәтінін жай ғана жаңартып жатқан жоқпыз, елдің ертеңгі күнін айқындайтын стратегиялық миссияны атқарып жатырмыз. Осы жұмыстың әр қатысушысы тарихи жауапкершілікті сезінуі тиіс. Қоғам үшін де өз тағдырын өз қолымен қалыптастырудың маңызды сәті туып отыр, – деді…

Толық оқу
Серік Сәпиев

Күні кеше ғана қызметінен босаған Серік Сапиев тез арада жаңа жұмыс тауып алды. Олимпиада чемпионы Туризм және спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қарағанды облысының спорт басқармасын басқарған Серік Сапиев жоспарлы ротация аясында қызметінен кеткен болатын. Енді министрлікте ол XX жазғы Азия ойындарына дайындық штабының спорттық бағытына жауапты координатор қызметін атқарады. Штаб құрамына спорт ардагерлері, ұлттық федерациялардың басшылары және министрлік өкілдері енді. Олардың міндеті әрбір дайындық кезеңінің нақты орындалуын қадағалап, алдағы Азия ойындарына дайындық сапасын арттыру. Кабинетте шыққан шатақтан кейін Қарағанды спортының шенділері Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов өз еркімен қызметтен кеткенін сайтымызға жазған болатынбыз.

Толық оқу
Ауыл партиясы

Бүгін елордада «Ауыл» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Жиын барысында партия мүшелері, Парламент депутаттары мен қоғам белсенділері ҚР Конституциясының жаңа жобасын талқылады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жиынды партия Төрағасы, Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның мүшесі Серік Егізбаев ашты. Ол жаңа Конституцияны ел дамуының жаңа философиясы және «Әділетті Қазақстанның» құқықтық негізі деп атады. «Бұл құжат Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған саяси реформалардың заңды жалғасы. Жаңа бір палаталы Парламент — Құрылтай партиялық жүйені жандандырып, ауыл еңбеккерлерінің мүддесін қорғауға жол ашады. Біз үшін басты байлық — табиғи ресурс емес, білімді, адал әрі бәсекеге қабілетті азамат», — деді С. Егізбаев. Парламент Мәжілісінің депутаты Жигули Дайрабаев 145…

Толық оқу
тұрмыстық техника

Астана қаласы прокуратурасы әшкереленген алаяқтық дерегі елордадағы ең ірі қылмыстық істердің біріне айналды, деп жазады Ertenmedia.kz. Құқық қорғау органдары бір жыл бойы алдын ала сөз байласу арқылы жүйелі түрде әрекет еткен алаяқтар тобын толық әшкерелеген. Тергеу барысында сауда үйінің қызметкері кемінде 10 танысымен қылмыстық келісімге келіп, электронды жүйені айналып өтетін жалған промокодтар жасағаны анықталды. Осы жолмен қымбат тұрмыстық техника мен электроника нарықтағы бағадан әлдеқайда төмен құнмен сатып алынған. Алаяқтық схема қарапайым көрінгенімен, оның ауқымы мен салдары өте ірі. Қылмыстық топ мүшелері iPhone ұялы телефондарын, ноутбуктерді, теледидарларды, тоңазытқыштарды және басқа да тұрмыстық техникаларды жаппай сатып алып, кейін үшінші тұлғаларға қайта сатқан.…

Толық оқу
Алматы қаласы мәслихаты

Алматыда Конституциясының жаңа жобасын талқылауға арналған қалалық мәслихат пен Қоғамдық кеңестің бірлескен отырысы өтті. Іс-шараға мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері және қоғам белсенділері қатысты, деп жазады Ertenmedia.kz. Жиында Конституцияның жаңа редакциясындағы негізгі тұжырымдамалар, оның институционалды өзгерістерге әкелетін қадамдары мен әлеуметтік әсері кеңінен талқыланды. Құжаттың адам құқығын қорғауға, билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді тиімді бөлісуге, заңның үстемдігін арттыруға және азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысуын күшейтуге бағытталғаны ерекше атап өтілді. Отырыста Алматы қаласы мәслихатының төрағасы, Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның мүшесі Мейіржан Отыншиев жаңа Конституцияның кең ауқымды қоғамдық диалог негізінде әзірленгенін, бұл қоғамның мемлекеттік басқаруды жаңғыртуға деген сұранысын айғақтайтынын айтты. – Жаңа Конституция жобасы –…

Толық оқу
жанармай тасымалдау шектелді

ҚР Энергетика министрлігі мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін ел аумағынан шығаруға уақытша тыйым салуды көздейтін бұйрық жобасын әзірлеп, қоғамдық талқылауға ұсынды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жобаға сәйкес, 2026 жылдың 21 мамырынан 21 қарашасына дейін Қазақстан Республикасының аумағынан бензиндерді, дизель отынын және кейбір мұнай өнімдерін автокөлікпен және теміржол көлігімен әкетуге уақытша тыйым салынады. Бұл тыйым Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге де қатысты болмақ. Алайда заңнамада көрсетілген жекелеген жағдайларда ғана рұқсат етіледі. Сондай-ақ, 2026 жылдың 1 шілдесінен 31 желтоқсанына дейін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс жерлерге жеңіл дистилляттарды, авиациялық керосинді, дизель отынын, газойльдерді, толуолды, ксилолды және мұнай битумын шығаруға тыйым салынбақ. Тыйым салу…

Толық оқу
Никольский базары

Алматы технологиялық университеті (АТУ) Никольский базары орналасқан жер теліміне қатысты сотта жеңіске жеткенімен, бұл жер үшін күрес әлі аяқталған жоқ. Учаскеге жаңа үміткер шығып, университет қайтадан сотқа шағым түсірді, деп жазады Ertenmedia.kz. Алматыдағы Никольский базарының орнына нақты қандай нысан салынатынын анықтау мақсатында АТУ-ға сауал жолданған. Бірақ белгілі болғандай, жер үшін сот дауы қайта басталған. Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылдың маусымында Алматының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты университет меншігінен заңсыз шығарылғаннан кейін жасалған барлық сатып алу-сату шарттарын жарамсыз деп таныған болатын. Осылайша, 15 жылға созылған сот дауы аяқталды деп есептелген еді. Алайда 2025 жылдың 15 желтоқсанында Алматының Алмалы аудандық №2 соты АТУ-дың…

Толық оқу
Жамбыл фосфор зауты

Тараздағы фосфор зауытында денесінің 45 пайызы күйген жұмысшы көз жұмды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Оқиға Жамбыл облысындағы Жаңа Жамбыл фосфор зауытында болған. Цехта жұмыс істеп жатқанда пештен фосфорлы қоқыс атқылап, үш қызметкер зардап шеккен. Олар ауыр күйік жарақатын алған, денелері мен тыныс алу жолдары күйген. 32 жастағы жұмысшының жағдайы өте ауыр болып, дәрігерлер оның өмірін сақтап қалу үшін үш күн күрескен. Бірақ оны аман алып қалу мүмкін болмады. Қалған екі жұмысшы қазір дәрігерлердің бақылауында. Қайғылы жағдайдың себептерін анықтау және жауапты тұлғаларды анықтау мақсатында арнайы комиссия құрылды. Сондай-ақ оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, шұғыл тексерулер жүргізілуде. – Еңбек инспекциясы департаментінің бұйрығымен арнайы…

Толық оқу