Алматы облысының Қонаев қаласында кәріз тазарту жүйесін салуға бағытталған ірі инфрақұрылым жобасы іске асырылуда, деп жазады Ertenmedia.kz. Жоба мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жүзеге асып жатыр. Негізгі мақсат – коммуналдық қызметтердің сапасын арттыру, экологиялық жағдайды жақсарту және қала дамуына сай заманауи инфрақұрылым қалыптастыру. Жекеменшік әріптес ретінде «Daur Capital» ЖШС таңдалды. Компания 2023 жылы өткен конкурс нәтижесінде жеңімпаз атанған. Жобаның постинвестициялық кезеңі 2026 жылдан 2030 жылдың соңына дейін жалғасады. Ал жобалық-сметалық құжаттама 2025 жылдың шілдесінде мемлекеттік сараптамадан оң қорытынды алған. Жоба бойынша тәулігіне 25 мың текше метр су тазарту қарастырылған. Қажет болған жағдайда бұл көрсеткіш 31 мың текше метрге дейін ұлғайтылуы мүмкін. Орташа…
Автор: Лейла Болтаева
Алматы қаласында Отбасын қолдау орталығы қиын жағдайға тап болған азаматтар мен отбасыларға кешенді көмек көрсетуді жүйелі түрде жалғастырып келеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте орталық директорының міндетін атқарушы Ақмолжан Зарипов мекеме жұмысының нәтижелерімен таныстырды. Оның айтуынша, орталық әлеуметтік қолдау жүйесінің маңызды буынына айналған. – Біздің мақсат тек мәселені шешу емес, оның алдын алу. Біз түрлі мекемелермен бірлесе жұмыс істеп, отбасыларды жағдайы толық тұрақталғанша сүйемелдейміз, – деді спикер. 2025 жылы орталыққа 1341 өтініш келіп түсіп, оның 1283-і толық орындалған. Осы кезеңде 1566 мемлекеттік қолдау шарасы көрсетілген. Мамандар 527 психологиялық және 325 заңгерлік кеңес берген. Ал 2026 жылдың басынан…
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «Әзірет Сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы ұжымымен кездесті, деп жазады Ertenmedia.kz. Кездесу барысында елдегі жаңа саяси кезең жағдайында музей саласын дамытудың басым бағыттары талқыланды. Министрдің айтуынша, жаңа Конституцияның қабылдануы Қазақстан үшін тарихи бетбұрыс кезеңін ашты. – Еліміз жаңа кезеңге қадам басты. Халық референдумда маңызды шешім қабылдап, жаңарған Ата заңды қолдады. Ендігі міндет осы реформаларды жүйелі түрде жүзеге асыру, – деді Аида Балаева. Оның сөзінше, бұл кезеңде мәдениет пен ақпарат салаларына ерекше жауапкершілік жүктеледі. Себебі қоғамдағы құндылықтар жүйесі мен ұрпақтар сабақтастығы дәл осы бағыттар арқылы қалыптасады. Осы тұрғыда «Әзірет Сұлтан» музей-қорығының рөлі…
Наурызнама онкүндігі аясында Жетісу облысында ұлттық киімге арналған бірқатар ауқымды іс-шаралар өтуде. Көрмелер, фестивальдер, челлендждер мен мәдени бағдарламалар арқылы ұлттық мұраның маңызы кеңінен насихатталды, деп жазады Ertenmedia.kz. Талдықорған қаласындағы Арбат жаяу жүргіншілер аймағы мерекелік фотоаймаққа айналды. Мұнда бүркітшілер, тазы ұстаушылар, батырлар бейнесіндегі кейіпкерлер мен ұлттық киім киген қыз-келіншектер ерекше атмосфера қалыптастырды. Киіз үй, дала стиліндегі композициялар мен гүлмен көмкерілген кеңістіктер келушілерге ұлттық болмысты жақыннан сезінуге мүмкіндік берді. Іс-шараның көркін «Талдықорған әуендері» ансамблінің музыканттары аша түсті. Ұлттық киімдегі өнерпаздар қала тұрғындарымен естелік суретке түсіп, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар «Ақ дариға әжелер» ансамблі сахнаға шығып, көпшілікке ерекше жылылық сыйлады. Құрамында 38-82…
Шығыс Қазақстан облысында көктемгі су тасқыны қаупін азайту мақсатында өзендерде мұз жару жұмыстары жүргізілуде, деп жазады Ertenmedia.kz. Алдын алу шаралары Алтай ауданындағы Богатырево, Зубовск және Быково ауылдары маңындағы Бұқтырма өзенінде өтті. Екі күнге созылған жұмыстар барысында 52 245 шаршы метр аумақтағы мұз ұсақталды. Осыған ұқсас жұмыстар Үлкен Нарын ауданындағы Сенное ауылы аумағында да жүргізілді. Мұнда 9 076 шаршы метр жер қамтылып, өзендегі мұз қабаты бөлшектелді. ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Амангелді Енсегеновтің айтуынша, мұндай шаралар мұздың біртіндеп қозғалуына жағдай жасап, өзен арнасының бітеліп қалу қаупін азайтады. «Мұз жару жұмыстары су тасқыны кезінде судың еркін өтуін қамтамасыз етеді. Бұл елді…
Алматы облысында «Алатау аманаты» жобасы аясында өңірдің туристік әлеуетін дамыту бағытында жүйелі әрі ауқымды жұмыстар жүргізілді, деп жазады Ertenmedia.kz. Жоба шеңберінде Қастек шатқалынан бастап Шарын ұлттық табиғи паркіне дейінгі 1 500 шақырымнан асатын туристік маршрут толық зерттелді. Бұл бағытта табиғи ландшафттар, тарихи-мәдени нысандар және инфрақұрылым мүмкіндіктері жан-жақты қамтылды. Зерттеу барысында қауіпсіздік талаптарына ерекше назар аударылып, маршруттар жүйеленді. Нәтижесінде дайын бағыттар 2GIS, Yandex Maps және Google Maps сияқты цифрлық платформаларға енгізілді. Бұл туристер үшін жолды алдын ала жоспарлауды жеңілдетіп, нақты бағыт-бағдар алуға мүмкіндік береді. Жобаның тағы бір маңызды тұсы – қауіпсіз саяхатқа жағдай жасау. Маршруттардың цифрландырылуы туристердің адасып кету тәуекелін азайтып,…
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына АҚШ Президенті Дональд Трамптан ресми хат келіп түсті, деп жазады Ertenmedia.kz. Хатта Ақ үй басшысы биыл ақпан айында Вашингтонда өткен Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысы аясындағы кездесуді жылы еске алған. Трамп бұл жүздесудің өзара түсіністік пен ынтымақтастықты нығайтуға ықпал еткенін атап өтті. АҚШ президенті Қазақстан басшысын алдағы кезеңдегі маңызды халықаралық шараларға шақырды. Атап айтқанда, Бейбітшілік кеңесінің келесі отырысында және жыл соңында Майами қаласында өтетін G20 саммитінде кездесуді күтетінін жеткізді. Бұл шақырту екі ел арасындағы саяси диалогтың жалғасып жатқанын көрсетеді. Қазақстан мен АҚШ арасындағы қарым-қатынас соңғы жылдары қауіпсіздік, экономика және жаһандық тұрақтылық мәселелері төңірегінде дамып келеді. Сарапшылардың…
Қазақстанның әуе компанияларының ұшақтарында интернет қолжетімділігі жақын уақытта енгізілуі мүмкін. Бұл туралы көлік вице-министрі Талғат Ластаев мәлімдеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Оның айтуынша, жаңа қызмет алдымен елге келетін заманауи әуе кемелерінде іске қосылады. Атап айтқанда, сөз Boeing 787 Dreamliner ұшақтары туралы болып отыр. – Алдымен осы жаңа ұшақтар интернетпен жабдықталады. Қазір бұл бағытта тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр, – деді Талғат Ластаев. Вице-министрдің болжамынша, жолаушылар үшін борттағы интернет қызметі жақын арада қолжетімді болады. «Бұл қызмет жыл соңына қарай немесе келесі жылдың басында іске қосылуы мүмкін», – деді ол. Жаңа ұшақтар ішкі және халықаралық бағыттарда ұшады. Дегенмен, олардың негізгі бөлігі ұзақ қашықтыққа арналған…
Иран Қауіпсіздік кеңесінің бұрынғы хатшысы Әли Ларижанидың қазасы елдегі саяси жүйенің күрделі табиғатын тағы бір мәрте көрсетті. Қуанышбек Қаридің айтуынша, Ларижанидың өмір жолы мен саяси тағдыры Ирандағы билік құрылымының көпқабатты әрі қайшылыққа толы екенін көрсетті, деп жазады Ertenmedia.kz. 28 ақпанда Иранның жоғарғы көсемі қаза тапқаннан кейін Әли Ларижани уақытша саяси ықпалға ие тұлға ретінде алға шықты. Сол кезеңде билік тармақтарының басым бөлігі оның ықпалында болғаны жасырын емес. Алайда көп ұзамай ол Израильдің зымыран соққысы кезінде қаза тауып, бұл ақпарат біраз уақыт ресми түрде расталмай, кейін ғана мемлекеттік арна арқылы жарияланды. Қуанышбек Қаридің пікірінше, бұл жағдай Ирандағы ақпараттық саясаттың жабық сипатын…
Алматыда 2025 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметті дамыту бағытында жүргізілген жұмыстар сараланып, әдеп нормаларын сақтау мен алдын алу шаралары күшейтілгені айтылды, деп жазады Ertenmedia.kz. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қала әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Мамай Ахетов мемлекеттік қызметте құқық бұзушылықтың алдын алу негізгі басымдыққа айналғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, жыл бойы мемлекеттік қызметшілер арасында Әдеп кодексінің талаптарын түсіндіру жұмыстары жүйелі жүргізілген. Тек төртінші тоқсанда ғана мемлекеттік қызметкерлерге, азаматтарға және ұйымдарға кеңес беріліп, көмек көрсетілген. Сонымен қатар ондаған лекция мен семинар ұйымдастырылған. – Әдеп кодексі қазір формальды құжат емес. Ол мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді қалыптастыратын нақты құралға айналды. Қоғам тарапынан…










