Автор: Лейла Болтаева

Ерке Есмахан

Қазақ эстрадасының жарқын жұлдызы, талғампаз сәнімен, сырлы үнімен көпшіліктің сүйіктісіне айналған Ерке Есмахан Мальдив аралдарынан ерекше фотоларымен бөлісті, деп жазады Ertenmedia.kz. Әншінің бұл жолғы суреттері бұрынғыдан өзгеше, нәзіктігі мен сұлулығы ерекше байқалады. Еркенің өзі айтқандай, бұл фотосуреттерде халық білетін Ерке емес, жүрегі Райымға ғана ашылатын, күйеуіне ғана арнаған бейнесі көрініс тапқанын байқадық. – Хас сұлу сіздерге бұрыннан таныс Еркені емес, Райым сүйетін Еркені көрсеткім келді. Жанымның жұбы, жүрегімнің егесі болған күйеуімнің камерасы да, өзі де менің осы бұйра-бұйра шаштарыма ерекше ғашық екенін суреттерден-ақ байқаған боларсыздар, – деп Ерке ағынан жарылды. Шынында да, әншінің толқын-толқын болып төгілген қою бұйра шашы жүзіне…

Толық оқу
жеңілдетілген режим

Қазақстанның салық саясаты ірі бизнестің мүддесіне жұмыс істеп, шағын және орта кәсіпкерлікті (ШОК) шеттетіп отыр деген пікір қоғамда жиі көтеріледі, деп жазады Ertenmedia.kz. Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің айтуынша, бюджет түсімдерінің құрылымы мен нақты фискалдық шешімдердің сараптамасы басқа көріністі көрсетеді. Соңғы жылдары мемлекет салық жүктемесін біртіндеп ірі бизнеске, әсіресе экспортқа бағдарланған шикізат секторына бағыттап отыр. Фискалдық тәртіптің күшеюі Қазақстанда ШОК негізінен сауда және ауыл шаруашылығы салаларында шоғырланса, ірі бизнес өнеркәсіп, кен өндіру және өңдеу салаларында басымдыққа ие. Осы секторлар бюджет кірісінің негізгі бөлігін қалыптастырып, сонымен қатар ең қатал салықтық реттеуге ұшырайды. Статистикаға сәйкес, ірі компаниялар мемлекеттік бюджетке негізгі донор…

Толық оқу
Нұрлан Сауранбаев

ҚР Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Мәжіліске құны 1800 еуро тұратын италиялық Loro Piana брендінің кепкасын киіп келіп, көзге түсті, деп жазады Ertenmedia.kz. Қарапайым халық министрдің осыншалықты қымбат бас киімі теміржол саласындағы күрделі ахуал кезінде орынсыз екенін жазуда. Нұрлан Сауранбаев «Қазақстан темір жолы» компаниясын ұзақ жыл басқарып, осы қызметінде бірқатар өткір мәселелердің түйінін шеше алмаған басшы ретінде де көптің есінде қалған болатын. Ол компанияны басқарған жылдары елдегі теміржол инфрақұрылымы сын көтермей, апаттардың саны артып, қарыз көлемі еселеп өскен еді. Бұған қоса, теміржол қызметінің тарифтері жыл сайын көтеріле бергені халықтың наразылығын тудырған болатын. Әлеуметтік желілерде тараған видеода министрдің өте қымбат киіммен Парламент ғимаратына кіріп…

Толық оқу
Ана мен бала Алматыда

Соғыс болып жатқан Украинадан бас сауғалап, Қазақстанға келген Алиша есімді азаматша ойын ортаға салды, деп жазады Ertenmedia.kz. – Қазақстанға Украинадан кішкентай баламмен бірге келдім. Бұл қадам өміріміздің жаңа кезеңіне жол ашты. Біз алғаш күннен бастап қазақ елінің мәдениетімен жақынырақ танысуға, салт-дәстүрін құрметтеуге тырысып келеміз. Балам қазір қазақ балабақшасына барып жүр. Ол сол жерде өз қатарластарымен араласып, қазақ тілін қызығушылықпен үйреніп, ұлттық мәдениетті бойына сіңіріп жатыр. Оның жаңа ортаға тез бейімделіп, күннен-күнге өсіп, өзін еркін сезіне бастағанын байқаймын. Осы елді шын жүректен жақсы көріп қалдық, ендігі болашағымызды Қазақстанмен байланыстыруды қалаймыз, – дейді Алиша. Танымал әнші Ерке Есмахан отбасылық демалысынан тағы да…

Толық оқу
Қарағандыда олимпиада чемпионы Серік Сәпиев

Журналист Бибігүл Дәулетбекқызы Серік Сәпиев төңірегінде болып жатқан оқиғаларға қатысты өз ойымен бөлісті, деп жазады Ertenmedia.kz. Ол әңгімесін спортшының жаз айында ауылға барған сәтіндегі бір тосын жағдайдан басталады. Ел-жұрт чемпионның құрметіне ақ дастархан жайып, енді ғана дәм татқалы жатқанда, күтпеген телефон қоңырауы түскен. Сол сәтте Сәпиевтің жүзінен абыржу байқалып, көпшіліктің көз алдында асығыс көлігіне отырып, қалаға бет алады. Жол бойында чемпион үнсіз, қабағы қатыңқы қалыпта болған. «Қанша жерден мықты болсаң да, сенен де күштілер бар екенін түсіндік. Сол кезде оны аяп кеттім», – дейді оқиғаға куә болған адам. Автор бұл жағдайға байланысты Сәпиевтің соңғы бейнеүндеуінде «үшінші тарап» туралы жұмбақтап айтқанына…

Толық оқу
Ауа райы

28 қаңтарда Қазақстанның 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды. Елімізде тұман, көктайғақ, қар мен жаңбыр түріндегі жауын-шашын, боран және жел күшейеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Ұлытау облысының солтүстігі, шығысы мен оңтүстігінде тұман күтіледі. Қарағанды облысының батысы, шығысы және оңтүстігінде де осыған ұқсас жағдай қалыптасады. Түркістан облысында жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын болжанып отыр, ал оңтүстігі мен таулы аймақтарында жауын-шашын қарқынды болуы мүмкін. Төменгі боран, көктайғақ және тұман байқалады, желдің екпіні жекелеген аудандарда секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Шымкент қаласында таңертең және күндіз жауын-шашын күшейіп, көктайғақ пен тұман аралас боран күтіледі. Түркістан қаласында да ауа райы тұрақсыз болып, желдің екпіні 15-20 м/с шамасында…

Толық оқу
Ерке есмахан ұлдарымен

Танымал әнші Ерке Есмахан отбасылық демалысынан тағы да ерекше жылы сәттермен бөлісті, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл жолы өнер иесі Мальдив аралдарының жағалауында, күйеуі Райымбек Бақтыгереевпен (Raim) және балаларымен бірге түскен суреттерін жариялады. Әншінің әлемжеліге жүктеген фотосуреттерімен оқырмандардың ықыласына бөленді. – Армандарымның басым бөлігі орындалды. Екі ұлымды құшағыма басып тұрмын. Шынайы азаматқа айналған Мүслімім жүрегімдегі асыл қазынам. Басқа да армандарымның орындалуы үшін сенің амандығыңды тілеймін, жаным. Баршаңызға да балаларыңызбен теңіздің ақ құмында бірге жүріп, шаттыққа толы сәттерді көруді жазсын, – деді Ерке жазбасында. Әншінің жариялаған суреттеріне оқырмандар ерекше жылы пікірлер қалдырды. «Қандай көріктісіздер!», «Алла тағала балаларыңыздың жетістігі мен қуанышына куә етсін!»,…

Толық оқу
Жұлдыз жорамал

28 қаңтарға арналған жұлдыз жорамалы барлық зодиак белгілеріне күннің түрлі сынаққа толы болатынын көрсетіп отыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Тоқтылар үшін бұл күн сезімталдығын күшейтіп, эмоциялық күйге бөленеді. Ой мен жүректің арасынан алтын ортаны табу қажет, әйтпесе қарым-қатынас түсініспеушілікке ұласуы мүмкін. Балалардың қылығына сабырлықпен қарау абзал, әсіресе бүлдіршіндердің көңіліне аса мұқият болыңыз. Торпақтарға күнделікті тіршілікте сақтық қажет. Ішкі түйсік пен ақылдың даусын шатастырмаңыз. Айтқан сөздеріңіз өзгелерге бұлыңғыр жетуі ықтимал, өзіңіз де басқаларды қате түсініп қалуыңыз мүмкін. Майда-шүйдеге бола уайымға салынып, денсаулығыңызды әлсіретпеңіз. Егіздер үшін өзін сынап, өзгені сыйлай білу маңызды. Айтқыңыз келген ой мен сезімді жеткізуде анықтық қажет. Қарсы тараптың ішкі…

Толық оқу
Айыппұлдар тоқтады

Қазақстанда бизнеске қатысты салықтық міндеттемелерді жеңілдетуге бағытталған жаңа қадам дайындалып жатыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Қаржы министрлігі 2026 жылғы 1 қаңтар мен 31 наурыз аралығында негізгі берешек толық өтелген жағдайда өсімпұл мен айыппұлды есептен шығару тәртібін айқындайтын құжат жобасын қоғамдық талқылауға ұсынды. Әңгіме «Өсімпұлдар мен айыппұл сомасын есептен шығару қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасы жөнінде болып отыр. Жобаның негізгі мәні кәсіпкерлерге қаржылық тұрғыдан тыныс алуға мүмкіндік беру. Егер бизнес субъектісі көрсетілген мерзімде негізгі қарызын өтесе, оған есептелген өсімпұл мен айыппұл жойылады. Соның нәтижесінде банк шоттары бұғаттан босатылады, мүлікке қойылған шектеулер алынады, кәсіпкерлік қызметті заңды негізде жалғастыруға жол ашылады. Құжат авторлары осылайша…

Толық оқу
Моблильді аударымдар

Биылдан бастап банктер жеке тұлғалардың мобильді аударымдары туралы ақпаратты Мемлекеттік кірістер комитетіне (МКК) тоқсан сайын тапсырып отырады, деп еске салады Ertenmedia.kz. Алғашқы мәліметтер қаңтар, ақпан және наурыз айлары бойынша 15 сәуірге дейін жіберіледі. Осы деректер негізінде МКК кәсіпкерлік кіріс белгілері байқалатын жеке тұлғаларға арнайы хабарламалар жібереді. Мобильді аударымдар мына үш шарттың барлығы бір уақытта орындалғанда ғана бақылауға алынады: Жеке тұлғаға аударымдар 100 және одан да көп әртүрлі адамнан түссе; Аударымдар қатарынан үш ай бойы тұрақты түрде жасалса; Үш айдағы жалпы аударым сомасы 12 ең төменгі жалақыдан асып кетсе (2026 жылы – 1 105 000 теңге). Бұл шара қарапайым азаматтардың күнделікті…

Толық оқу