«Қазгидромет» 23 қаңтар күні Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, боран соғатынын хабарлады. Солтүстік өңірлерде аяз әлі де сақталады, деп жазады Ertenmedia.kz. Астанада ауа райы құбылмалы болып, қар жауады. Жел жылдамдығы 9-14 м/с болады. Температура түнде -24…-26°C, күндіз -19…-21°C. Алматыда күн бұлтты, қар жауып, жел 3-8 м/с болады. Ауа температурасы түнде -8…-10°C, күндіз -1…-3°C аралығында. Шымкентте қар жауады, желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Температура түнде -6…-8°C, күндіз -3…-5°C болады. Ақтауда күн құбылмалы, жауын-шашын күтілмейді, жел 5-10 м/с. Температура түнде -2…-4°C, күндіз +3…+5°C аралығында. Ақтөбеде бұлтты, қар жауып, жел 5-10 м/с. Температура түнде -19…-21°C, күндіз -14…-16°C. Атырауда күн ала бұлтты, жауын-шашын…
Автор: Лейла Болтаева
Танымал әнші Қайрат Нұртас пен актриса Жұлдыз Әбдукәрімованың қызы Алау үлкен кино жобасына түсуге шақырту алғанын анасы мәлімдеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Алау арманына қарай алғашқы қадамдарын жасап, кино әлеміне қадам басуды маңызды тәжірибе ретінде қабылдайды. Анасының айтуынша, қызы алғашқы түсірілімге жауапкершілікпен қарап, қобалжып жүр. – Оның бұл толқуы жауапкершіліктің белгісі деп ойлаймын. Ең маңыздысы, Алау кәсіби мамандардың ортасында болып, олардан қолдау көріп, кеңес алатыны қуантады, – деп атап өтті Жұлдыз Әбдукәрімова. Айта кетейік, Алау Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдукәрімованың ортаншы қызы. Ол көпшілік алдына жиі шығып, ата-анасының жанында түрлі іс-шараларға қатысып тұрады. Білесіз бе, Астанада Tinder желісінде өзін қыз ретінде…
«Қазгидрометтің» хабарлауынша, 22 қаңтар күні Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, деп жазады Ertenmedia.kz. Әсіресе, Жамбыл облысы мен Тараз қаласында дауылды жел тұрады деп күтілуде. Желдің екпіні кей жерлерде 25 м/с дейін жетуі мүмкін. Астанада бұл күні ауа райы құбылмалы болып, қар жауады. Желдің жылдамдығы – 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -21…-22°C, күндіз -17…-19°C болады. Алматыда да ауық-ауық қар жауып, түнде -8…-10°C, күндіз 0…-2°C суық күтіледі. Жел 2-7 м/с жылдамдықпен соғады. Шымкентте қар аралас жаңбыр жауып, желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Ауа температурасы тәулік бойы 0…-2°C шамасында болады. Атырауда қар жауады Ақтауда күн бұлтты, жауын-шашынсыз, желдің жылдамдығы –…
22 қаңтар күні жұлдыз белгілеріне өмірдегі тепе-теңдікті қайта орнатуға мүмкіндік береді. Асығыс шешім қабылдамай, ішкі дауысқа құлақ асқан абзал, деп жазады Ertenmedia.kz. Тоқты белгісіндегі жандардың шығармашылық шабытын оятып, жаңа бастамаларға жол ашады. Бірақ әрекетке көшпес бұрын жоспарыңызды тағы бір мәрте тексеріп алыңыз. Торпақтар үшін материалдық жағдайды жақсартудың сәті түсуі мүмкін. Күтпеген ұсыныстарға мұқият қараңыз. Тәуекелге барған жақсы, алайда бәрін саралап алған дұрыс. Егіздер бүгін пайдалы ақпарат алып, білімін жетілдіруге мүмкіндік алады. Күн іскерлік кездесулер мен келіссөздер үшін қолайлы. Ішкі күдігіңізді жеңіп, батыл қадам жасаңыз. Шаяндар сезімтал келеді, сондықтан эмоционалды жағдайға ерекше мән беру қажет. Жақын адамдармен ашық сөйлескен жөн. Қажет…
ERG компаниясы биыл еліміздің тау-кен және металлургия саласын дамытуға рекордтық көлемде 560 млрд теңге инвестиция құймақ, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл туралы компанияның Директорлар кеңесінің төрағасы әрі бас атқарушы директоры Шухрат Ибрагимов қызметкерлермен кездесуде мәлімдеді. Соңғы үш жылда ERG қазақстандық кәсіпорындарды жаңғыртуға ауқымды қаражат салып, өндірістік көрсеткіштерді тарихи жоғары деңгейге жеткізді. Әсіресе «Қазхром» АҚ Ақтөбе ферроқорытпа зауытында іске қосылған газды кәдеге жарату станциясы ерекше жоба ретінде атап өтілді. Станция кәсіпорынды 80 МВт таза электр энергиясымен қамтамасыз етіп, экологиялық тиімділікті арттырады. Шухрат Ибрагимов өндірістегі цифрландырудың нәтижелерімен де танысты. Соңғы бес жылда ERG цифрлық шешімдер мен жасанды интеллект енгізуге 117 млн доллар инвестиция…
Үкімет отырысында Премьер Олжас Бектенов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрылтайда айтқан тапсырмалары бұған дейін жарияланған ауқымды саяси реформалардың нақты жалғасы екенін атап өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. – Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдағы ұсыныстары елімізде Парламент пен қоғамдық институттардың рөлін күшейтуді көздейді. Бұл саяси жүйеміз бен қоғам мәдениетінде демократиялық принциптерді түпкілікті орнықтыруға бағытталған қадам. Президенттің белгілеген идеологиялық тұжырымдары қоғамды біріктіру, отаншылдық сезімді нығайту, әділдік пен «Заң және тәртіп» қағидаттарын қатаң ұстану болып табылады. «Таза Қазақстан» бағдарламасы ұлттық идеологиямыздың ажырамас бөлігіне айналып отыр, – деді Үкімет басшысы. Олжас Бектеновтың айтуынша, Президент қойған міндеттер тек саяси жаңғырумен шектелмейді, бұл бастамалар еліміздің экономикалық дамуына тікелей ықпал…
Бүгін Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Кербұлақ ауданы активімен кездесіп, жаңадан сайланған әкім Жанат Жүнісбековті таныстырды, деп жазады Ertenmedia.kz. Жиында аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Күләйза Шақарова 18 қаңтарда өткен сайлаудың қорытындысын жариялады. Бұдан кейін жеңіске жеткен Жанат Төлегенұлына аудан әкімінің куәлігін тапсырды. Облыс әкімі Бейбіт Исабаев өз сөзінде жаңа әкімнің осы ауданның тумасы екенін, оның Жетісу мен Алматы облыстарында көптеген жауапты қызмет атқарғанын айтты. Соңғы жылдары Кербұлақ ауданы әкімінің орынбасары қызметін абыроймен атқарғанын атап өтті. – Үш жыл бұрын Кербұлақ ауданында жылдар бойы қордаланған мәселелер аз емес еді. Қазір солардың біразы шешімін тапты. Алдағы уақытта да ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына жан-жақты…
Әлемдік саясатта кез келген қадамның артында терең логика мен кең ауқымды стратегиялық мақсат тұрады. Сол себепті Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Авраам келісімдеріне қосылуы ауқымды әрі стратегиялық маңызды қадам, деп жазады Ertenmedia.kz. Қазақстан бұл шешімі арқылы тек ТМД кеңістігінде ғана емес, Еуропа, Латын Америкасы мен Африка елдерінің арасында да осы келісімдерге қосылған жалғыз мемлекетке айналды. Ұлттық құрылтай отырысында Президент Тоқаев бұл қадамды өзі жеке қабылдағанын ашық айтты. Осы шешімнің көптеген ведомстволардың ұсыныстарына, тіпті кейбір шетелдік әріптестерінің кеңестеріне қарама-қайшы болуы мүмкін екенін аңғаруға болады. Мұндай шешімдер саяси тұрғыдан психологиялық батылдықты, тәуекелді талап етеді. Дәл осындай қадамдар саясаткердің қысқа мерзімді қолдау мен мақтауды…
Назарбаевтың немересі Нұрәлі Әлиев Швейцарияның Давос қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік экономикалық форумға қатысып, сөз сөйледі, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл туралы форум аясында менталды денсаулық күні шарасын ұйымдастырған The Real қорының ресми сайтында хабарланды. Әлиевтің есімі форумның басты спикерлерінің қатарында көрсетіліп, ол The Spark of Light компаниясының негізін қалаушы ретінде таныстырылды. Нұрали Әлиевпен бірге шараға халықаралық деңгейдегі танымал сарапшылар АҚШ-тың бұрынғы конгрессмені Патрик Дж. Кеннеди мен Колумбия университетіндегі Рухани даму, сана мен денсаулық институтының негізін қалаушы Лиза Миллер секілді танымал мамандар қатысты. Бұған дейін Әлиев Instagram парақшасында The Spark of Light компаниясының жұмысын бастайтынын жариялаған болатын. Жобаның ресми сайтындағы мәлімет бойынша,…
Түркістан облысы еліміздегі аграрлық саланың негізгі орталығы ретінде су ресурстарын тиімді пайдалануға ерекше назар аударып отыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл мәселе әсіресе өңірдегі 575 мың гектар суармалы жердің үздіксіз әрі толық сумен қамтылуы үшін аса маңызды. Оның ішінде трансшекаралық су ресурстары, әсіресе «Достық» магистральдық каналының орны ерекше. Жақында Түркістан қаласында Қазақстан мен Өзбекстанның су шаруашылығы саласындағы әріптестігін нығайту мақсатында маңызды кездесу өтті. Жиынға Өзбекстан Республикасының Су шаруашылығы министрі Шавкат Хамраев, ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов және Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысты. Тараптар трансшекаралық су көздерін бірлесіп пайдалану, су үнемдеу технологияларын енгізу және «Достық» каналын жөндеу мен…










