Автор: Лейла Болтаева

Депутат Айтуар Қошмамбетов салық

Қазақстанда жаңа Салық кодексінің күшіне енуіне санаулы күндер қалғанда Мәжіліс депутаты Айтуар Қошмамбетов құжатты әлі де жетілдіре түсуге болатынын жеткізді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қошмамбетов нені меңзеді? Бүгін Мәжілісте жыл қорытындысына арналған соңғы пленарлық отырыс өтті. Жиын барысында депутаттан жаңа Салық кодексінің бизнес үшін қаншалықты тиімді болатынын сұрағанымызда, ол бұл реформаның жалпы қажеттілігіне күмән келтірмейтінін айтты. Бірақ кейбір тұстары әлі де нақтыланса, нәтиже анағұрлым сапалы болар еді деген пікірін білдірді. – Жалпы, жаңа Салық кодексі мен салық реформасының қажеттігіне еш күмән жоқ. Оның уақыты келді. Алайда 3-4 норманы қайта қарасақ, құжат әлдеқайда тиімді болар еді. Бұл жерде әңгіме салық мөлшерлемесі туралы…

Толық оқу
Астанда жас жігітті пышақтады

Астанада түнгі клуб маңында болған төбелестен 18 жастағы жігіт қаза тапты, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл қайғылы жағдай әлеуметтік желілерде кең тарап, қала тұрғындарының алаңдаушылығын тудырды. Желі қолданушыларының айтуынша, клуб сыртындағы қақтығыс кезінде жас жігіт пышақ жарақатынан көз жұмған. Қайғылы оқиға туралы ақпаратты Астана қалалық полиция департаменті растады. Қазіргі таңда аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің «Адам денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру, жәбірленушінің өліміне әкеп соққан әрекеттер» бабымен сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталған. «Түнгі клуб маңында жастар арасында туындаған жанжалдың арты төбелеске ұласқан. Салдарынан ауыр жарақат алған 18 жастағы жігіт оқиға орнында қаза тапты. Полиция қызметкерлері оқиғаға қатысы бар деген күдікпен екі…

Толық оқу
Интернет алгоратим

Желілік коммуникациядағы смайлик, мем, эмодзи сынды элементтерді көпшілік тілдің деградациясы деп түсінеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Шын мәнінде олай емес. Мұндай белгілер тілдің дамуының белгісі. Эмодзилер инфантилизмнің көрінісі емес Өйткені мәтін арқылы интонацияны дәл беру қиын. Адамдар бұл олқылықты тез байқап, жазба тілдің кемшіліктерін жоя бастады. LOL, гифтер мен эмодзилер инфантилизмнің көрінісі емес, керісінше, стихиялы лингвистикалық инженерияның нақты көрінісі. Бүгінде интернет адамзатты эмоцияны білдірудің жаңа жолдарын табуға итермеледі. Мұны түсінуіміз керек. Көп адам анонимдікті зұлымдық көреді. Бұл да жаңсақ пікір. Аноним болу-болмауды әркім өзі шешуі тиіс. Кейде никнейм адамның шын есімінен де адал болуы мүмкін. Себебі онлайн-кеңістікте әлеуметтік мәртебе емес, аргумент…

Толық оқу
облыс әкімдері

Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов тікелей эфир барысында қазіргі әкімдерге қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жақында журналистер депутат Ринат Зайытовтан «жыл әкімі» атануға лайықты әкімдерді сұрағанда, ол Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевты, Абай облысының әкімі Берік Уәлиді және Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековті атаған болатын. Мұрат Әбенов бұл пікірді толық қолдайтынын мәлімдеді. Әбеновтің сөзінше, соңғы уақытта әкімдердің қатарына кеңестік идеологияның шеңберіне сыймайтын, жаңаша ойлайтын жас буын өкілдері келе бастады. – Бұрынғы әкімдер жоғарыдағы басшылармен келісіп алмай, ешбір мәлімдеме жасамайтын-ды. Артық сөз айтуды жөн көрмейтін, алайда халық алдында есеп бергенде өтірікті шындай етіп жеткізетін қасиеттері болды. Қазіргі жас әкімдерде еркіндік бар,…

Толық оқу
Астана Алматы Шымкент ауа-райы

«Қазгидромет» алдағы үш күнге  29, 30 және 31 желтоқсанға Астана, Алматы және Шымкент қалаларына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Астана 29 желтоқсанда елордада күн құбылмалы, жауын-шашын болмайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде 3-8 м/с, күндіз 9-14 м/с болады. Ауа температурасы түнде а – 13 –15, күндіз – 1 – 3 градус суық болады. 30 желтоқсанда күн райы  құбылмалы. Түнде қар жауып, бұрқасын болса, күндіз жаңбыр аралас қар жауып, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан, 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Түнде –1 –3 градус суық, күндіз 0 +2 градус жылы болады. 31 желтоқсанда күн құбылмалы, таңертең және күндіз…

Толық оқу
Бердібек Сапарбаев

Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, марқұм Бердібек Сапарбаевтың ұлы Жансұлтан Сапарбаев әлеуметтік желіде әкесі жайлы әсерлі жазба қалдырды, деп жазады Ertenmedia.kz. Жансұлтан әкесінің тәрбие әдісі туралы жазғанда, әкенің бала тәрбиесіндегі рөлінің маңызын айрықша атап өтті. Оның айтуынша, әкесі баласының шешімдеріне өте сирек араласып, әрдайым оның таңдауларына құрметпен қараған. – Әкем менің шешімдерімді сирек сынайтын, маған артық сұрақ қойып, асығыстық танытпайтын. Менің әр қадамыма үнсіз назар аударатын. Сөзімде тұратын-тұрмайтынымды бақылап, айналамдағы адамдарды қалай таңдайтыныма қарайтын. Әкем үшін менің айтқан сөзім емес, сол сөзге сәйкес өмір сүргенім маңызды болатын, – деп жазады ол. Жансұлтанның бұл сөздері көптеген оқырманға терең ой салды. Ол…

Толық оқу
Аббас Арагчи Иран

Иран сыртқы істер министрі Аббас Арагчи Мәскеуде МГИМО студенттерімен кездесу барысында елдің бейбіт мақсаттағы атом энергиясын пайдалану құқығынан бас тартпайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Министр Иранның ядролық бағдарламасы тек қана бейбіт сипатта екенін баса айтты. «Иран ешқашан ядролық қару жасауға ұмтылған емес және ұмтылмайды да. Бұл мәселеге қатысты Жоғарғы көшбасшының фәтуасы бар, онда ядролық қаруды өндіруге, сақтауға және қолдануға тыйым салынған», – деді Аббас Арагчи. Екіжақты қарым-қатынас туралы айта келе, министр Тегеран мен Мәскеу арасындағы энергетика саласындағы ынтымақтастықты ерекше перспективалы бағыт деп атады. Оның айтуынша, Иран мен Ресей АҚШ пен Батыс елдерінің «заңсыз санкцияларына» қарамастан, бірнеше стратегиялық жобаны бірлесіп жүзеге…

Толық оқу
Самат Нұртаза қоғамды сынға алды

Мәжіліс депутаты Самат Нұртаза қазақ қоғамының Германия мен Жапония сияқты дамыған елдердің өміріне қызығатынын, бірақ бұл елдердегі темірдей тәртіп пен ішкі мәдениетке бағынғысы келмеді деп ойын айтты, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Депутаттың сөзінше, Германия мен Жапонияда бүкіл қоғам сантиметр мен секундқа бағынған. Ол елдердің тұрғындары кездесуге кешікпейді, қоғамдық тәртіпті бұзбайды, дүкенде кезекте тыныш тұрып, халыққа қызмет көрсету орталықтарында таныс іздемей, өз кезегін күтіп отырады. – Лифтіде кіші дәрет сындырмайды, подъездің қабырғасына жазу жазып, сызу сызбайды. Көліктің терезесінен қоқыс лақтырмайды, оны арнайы жәшікке дейін апарады. Парковкаға көлікті қисайтпай түзу қояды, жұмыс орнында сағат 18:30-ға дейін табжылмай отырады, сағат 17:00-де тұра салып кетіп…

Толық оқу
Бекжан Тұрыс пен Нүрлан Сегізбаев

Актер Бекжан Тұрыс «Менің атым Қожа» фильміндегі басты кейіпкер Нұрлан Сегізбаевтың дүниеден өткенін естігенде балалық шағының бір бөлшегі мәңгілікке үнсіз көшіп кеткендей әсерде қалғанын, деп жазады Ertenmedia.kz. – «Менің атым Қожа» фильмі балалығымыздың өзіндей болған дүние. Ал сол балалық шағымызға жан бітірген адам Нұрлан аға еді. Біз ол кісіні көргенде ауылдың жұпар иісі мұрнымызға келіп, мектеп қоңырауының үні құлағымызда сыңғырлайтын. Анамыздың ұрсып, мұғалімнің ренжитін сәттері, бала кезгі ұяң армандарымыз бәрі де Қожаның бейнесімен қайта оралатын. Қожаның аңғалдығы, шынайылығы, тентектігі бәріміздің бойымыздан табылды. Оның кейпіне еніп қиялдадық, армандадық. Қожа болып Жанарларға ғашық болдық, Жантастарды ұнатпадық. Нұрлан ағаның сомдауындағы Қожа халықтың жадында…

Толық оқу
Журналист Айжан Көшкенова

Танымал журналист Айжан Көшкенова бүгін қызықты бір парадоксқа таңғалғанын айтып, ойымен бөлісіпті, деп жазады Ertenmedia.kz. Оның айтуынша, бір орыс қызы қазақтарды қазақ тілін үйренуге шақырып жатқанда, қазақ қызы, керісінше, ана тілінде қызмет алғысы келген қазақ жігітін «егер бұл АҚШ-та болса, құқық бұзды деп кісендеп алып кетер еді» деп сынаған. АҚШ-та неміс тілі қалай әлсіреді? Айжан Көшкенованың сөзінше, бұл жағдай үш жыл бұрынғы жазбасын еске салған. Онда ағылшын тілінің әлемдегі үстемдігі кездейсоқ емес екені, АҚШ-тың 26-президенті Теодор Рузвельттің: «Біздің елде бір ғана тілге орын бар, ол ағылшын тілі. Америка ұлт, көптілді жатақхана емес. Әрбір иммигрант 5 жылда ағылшын тілін үйренуі немесе…

Толық оқу