Қазақстанға тоқпен жүретін көлікті жеңілдікпен, баж салығы мен салықтан босатып әкелуге мүмкіндік беретін квота тоқтады. Биылдан бастап электр көліктері жалпы тәртіппен рәсімделеді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бұл туралы Мемкірістер комитетінің сарапшысы Медет Меделбай тікелей эфирде түсіндірді. Айтуынша, 2022-2025 жылдар аралығында Қазақстан азаматтары электркөлікті баж салығы мен салықтан босатып әкелген. Төрт жылға созылған жеңілдік аясында елге жыл сайын белгілі бір көлемде квота бөлінген. «2022 жылы 10 мың электрмобиль, ал 2023-2025 жылдары жыл сайын 15 мың көлікке дейін квота берілді. 2025 жылдың соңында Еуразиялық экономикалық комиссия квотаны ұзартпау туралы шешім қабылдады. 2026 жылдан бастап Қазақстанға электр көлігін әкелгенде барлық кедендік төлем мен салық…
Автор: Назым Болатхан
Қазақстанда Android негізіндегі смартфондарға зиянды қосымша орнатып, жеке мәліметтерді қолды қылатын алаяқтар көбейген деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Ішкі істердің мәліметінше, алаяқтар фишинг сілтемелерді мессенджерлер арқылы таратып, вирустарды сурет, видео немесе құжат ретінде бүркемелейді. Сондай-ақ банктердің, мемлекеттік органдардың және жеткізу қызметтерінің атынан жалған қосымшалар мен хабарламалар тарату жағдайлары жиілеген. Бұдан бөлек, түрлі акциялар мен ұтыстарға қатысуды ұсынған қоңыраулар арқылы да адамдарды алдап, зиянды қосымшаларды жүктеуге үгіттейді. Мамандардың айтуынша, мұндай қосымшаларды орнату өте қауіпті. Өйткені алаяқтар смартфонды толықтай басқаруға қол жеткізіп, банк шотындағы қаржыны жымқырып, онлайн несие рәсімдеп, жеке хат-хабарлар мен мәліметтерді ұрлайды. Кей жағдайда смартфонды бұғаттап, қайта ашу үшін ақша талап етеді.…
Батыс Қазақстанда лауазымды қызметкердің 16 жастағы қызды зорлады деген іске қатысты жәбірленушінің әкесі тың мәлімдеме жасады деп хабарлайды Ertenmedia.kz «Орал апталығына» сілтеп. Әке сөзіне сенсек, полицияда әйелі мен қызын арызынан бас тартуға мәжбүрлеген. Алғашқы шағым қаңтар айының басында түскен. Содан бері отбасының мазасы кетіп, қысым күшейген. Анасы мен қызы жеке кабинетке шақырылып, «арызды қайтып алыңдар» деп үгіттеген. Отбасы мүшелері мұны әкесіне кейіннен ғана айтқан. «Мен өз арызымнан бас тартпадым. Ертең қызымның көзіне қалай қараймын? Менің төрт жасар тағы бір қызым бар. Ол ертең бой жеткенде, дәл осындай сұмдыққа тап болса, тағы үнсіз қаламыз ба?» – дейді ол. Отбасы полицияға арыз…
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров туыстарының мемлекеттен субсидия алуына қатысты сұраққа ашық жауап беруден бас тартты деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Журналистер министрдің 2023 жылы қызметке тағайындалған кезде «ауыл шаруашылығында жүрген ағайын-тумаларым мемлекеттен субсидия алмайды» деген сөзін еске салды. Алайда бұған дейін БАҚ-та оның ағасы «Ноғайбай» ШҚ иесі Алтынбек Сапаров 2019-2020 жылдары бюджеттен жалпы сомасы 713 млн теңге көлемінде субсидия алғаны туралы ақпарат тараған болатын. Брифинг барысында журналистер соңғы үш жылда министрдің жақындары мемлекеттік қолдау алды ма деген сауал қойды. «Мен осы сұраққа талай рет жауап бердім, интернетті, YouTube-ты шолып шығыңыздар. Менің оған ешқандай қатысым жоқ екенін өздеріңіз жақсы білесіздер. Еш жерде…
Burger King желісінің басшылығы аутизмге шалдыққан Әлібекке қатысты дау-дамайды реттеудің орнына, жанжалдың шоғын одан әрі үрлей түсті деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Әлібектің анасы Жанат Қаратай желідегі парақшасында Burger King Kazakhstan бас директоры Алена Амилаханова қол қойған арнайы шақыру хатты жариялаған-тын. Хатта компания басшысының «жағдайды диалог арқылы шешуге дайын екені, сондай-ақ инклюзивті орта мен қызметкерлерді қолдау мәселесін кеңінен талқылау туралы» ұсынысы айтылған. Алайда іс жүзінде жағдай мүлдем басқаша өрбіпті… Белгіленген уақытта Алматы қаласының Жұмыспен қамту орталығына келген Жанат Қаратай мен оның жұбайын «тосын сый» күтіп тұрған. Амилаханованың орнына кездесуге мүлде басқа адам келген. Өзін Burger King басшысының өкілімін деп таныстырған Асқар Абаевич…
Наурыз айында Алматыда ауа райы тұрақсыз болады. Күн райы жиі құбылып, жылымық пен суық бір-бірін алмастырып отырады деп хабарлайды Ertenmedia.kz «Қазгидрометке» сілтеп. Айдың орташа температурасы +4,6 градус шамасында болып, климаттық нормаға жақындайды. Бірақ ұзақ мерзімді жылылыққа сенудің қажеті жоқ. Мамандардың айтуынша, айдың алғашқы күндерінен бастап ауа райы апта сайын құбылып отырады. Наурыздың басында түнде ауа температурасы -10 градусқа дейін төмендеп, күндіз 0-ден +10 градус аралығында ауытқиды. Кейін аз уақытқа қайта суытады: түнде -8, күндіз +7 градусқа дейін. Ал айдың екінші онкүндігінде нағыз көктем келеді деп күтілуде. Бұл кезеңде түнде температура +8…+13 градусқа, күндіз +20…+25 градусқа дейін күрт көтеріледі. Дегенмен айдың соңына…
Берік Шолпанқұлов Қазақстан Ұлттық банкі төрағасының орынбасары қызметінен босатылды деп хабарлайды Ertenmedia.kz Ақордаға сілтеме жасап. «Мемлекет басшысының өкімімен Берік Шолпанқұлов берген өтінішіне сәйкес Қазақстан Ұлттық банкі төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды», – делінген ресми хабарламада. Еске салсақ, бұған дейін Шолпанқұлов президент Тоқаев айтқан 7 триллион теңгенің көрші елден Қазақстан арқылы өзге елге аударылуы туралы мәлімдемесіне күмән келтіріп, ақпараттың дұрыс түсіндірілмегенін айтқан еді. Ол Ұлттық банктің жүргізген тексерісі нәтижесінде ешқандай заң бұзушылық анықталмағанын жеткізген. Артынша Ақорда Президенттің 7 триллион теңге туралы мәлімдемесі расталған, сенімді деректерге негізделген ақпарат екенін хабарлады. Айбек Смадияров Мемлекет басшысының ешқашан расталмаған ақпаратты айтпайтынын алға тартып отыр. «Егер Президент 7 триллион теңге…
Президенттің баспасөз хатшысы әрі кеңесшісі Айбек Смадияров түнеукүні Тоқаев айтқан «7 триллион теңгелік транзакцияға» қатысты пікір білдірді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бұған дейін Тоқаев 2025 жылы бір ғана қазақстандық банк арқылы көрші мемлекеттен үшінші елдерге 7 трлн теңге аударылғанын мәлімдеген. Әлгі ақпарат қоғамда гу-гу әңгімеге түрткі болып, түрлі қауесет тараған. Артынша ақпарат Ақорданың сайтынан жоғалып кеткен. Айбек Смадияров Мемлекет басшысының ешқашан расталмаған ақпаратты айтпайтынын алға тартып отыр. «Егер Президент 7 триллион теңге туралы ақпаратты жария етсе, ол міндетті түрде тексерілген дерек. Мәселе бұл ақпарат көпшілікке емес, қызметтік пайдалану үшін Қаржы мониториң ғимаратында өткен жиналыста айтылған. Сол транзакцияны жасаған банк әңгіме кім…
Елде қызылша жұқтырғандардың саны күрт артып, билік қосымша вакцинация мен бірқатар шектеулерді іске қосты деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мектептер мен балабақшалардағы вакцинация деңгейін әр топта 90 пайыздан төмендетпеуді тапсырды. Енді оқу орындарында таңертеңгі тексеру күшейтіледі. Респираторлы инфекция немесе қызылшаның белгісі байқалған оқушы мен мұғалімдер сабаққа жіберілмейді. Сондай-ақ ұжымда қызылша анықталса, вакцина алмаған балаларға уақытша сабаққа қатысуға тыйым салынады. Қалыптасқан жағдай тұрақталғанша, алты айлық сәбилерге де екпе салу басталады. Бұған дейін вакцина алмаған 2-5 жас және 7-18 жас аралығындағы балаларға қосымша екпе жүргізіледі. Сонымен қатар, 30 жасқа дейінгі медицина қызметкерлеріне де екпе салу қолға алынды. Бұдан…
Ресей билігі 50 жылға дейін кіргізбейміз деп есігін тарс жапқан Нұрлан Сабыров қазір Қазақстанда жеке шараларда өнер көрсетіп жүр деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Super порталының дерегінше, әзілкештің сахнадағы небәрі жарты сағатқа жетпейтін өнері 10 млн теңге тұрады. Бұған Сабыровтың арнайы талаптары қосылмаған. Инсайдерлердің сөзінше, райдер шығындары қосымша 300 мың теңге көлемінде. Сондай-ақ тапсырыс беруші қаласа, әзілкеш сахнада ұзағырақ кідіріп, әзілін жалғастыра алады, бірақ оның құны бөлек келісіледі екен. Оның басты әрі өзгермейтін шарты концерт кезінде бейнежазба жасауға тыйым салынады. Ал шарадан кейін әзілкеш қонақтармен суретке түсуге қарсы емес. Сабыров жеке шараларда тек стендап орындап қана қоймай, кештің жүргізушісі ретінде де қызмет…










