Атырауда төрт адамды өлтірді деп айыпталған Сұлтан Сәрсемәлиевтің сотында бұрын белгісіз жаңа мәліметтер жарияланды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Кезекті сот отырысында малшы Дархан Бақытов куәлік берді. Оның сөзінше, 2024 жылдың күзінде оған өзін Наурыз Мұқанғалиев деп таныстырған адам WhatsApp арқылы байланысқа шығып, малға қарауды және сатып алушыларға көрсетуді тапсырған. Еңбекақыны Бақытов банк картасы арқылы алып отырған, бірақ ақша сол уақытта өлтірілген үй иесі Мақсот Қарабалиннің картасынан түскен. Тергеу материалдарына сәйкес, айыпталушы Сұлтан Сәрсемәлиев қылмыс жасаған соң марқұм Наурыз Мұқанғалиевтің телефонын пайдаланып, оның атынан хат алмасып отырған. Ол отбасындағы адамдардың жоқтығын олардың Ташкентке емделуге кеткенімен түсіндіріп, малды сатуға да нұсқау берген. «Маған…
Автор: Назым Болатхан
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио 2026 жылы Орталық Азия елдеріне сапар шегетінін мәлімдеді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Америка сыртқы саясат ведомствосының басшысы бұл мәлімдемесін АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының сыртқы істер жөніндегі комитетіндегі тыңдауда айтты. «Біз биыл аймақ елдерімен С5+1 форматында кездесу өткізуді жоспарлап отырмыз, мен де осы кездесуге қатысу үшін Орталық Азияға барамын», – деді Рубио. Сонымен қатар, ол Президент Дональд Трамп әкімшілігінің Орталық Азия елдерімен сауда қарым-қатынасына шектеу қоятын Джексон–Вэник түзетуін жоюды қолдайтынын атап өтті. «Бұл шешім барлық тарапқа пайдалы болар еді», – деді Рубио. 1974 жылы енгізілген Джексон–Вэник түзетуі адам құқығын бұзатын елдермен сауда қарым-қатынасын шектеуді көздейді. Қазақстан АҚШ-қа…
Президент Тоқаев Астанада Мемлекеттік рәміздер күніне орай ұйымдастырылған салтанатты рәсімде ел азаматтарына үндеу жасап, 1 шілдеде күшіне енетін жаңа Конституцияның ел өміріне әкелетін өзгерістеріне тоқталды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Президент жаңа Конституцияны халықтың алдағы ондаған жылдағы басты құжаты деп атап, осы заң Қазақстанды әлемдік өркениеттің жаңа биіктеріне бастайтынына сенім білдірді. «Әлем технологиялық серпілістер мен саяси сілкіністер, әскери жанжалдарға толы кезеңді бастан өткеруде. Мұндай күрделі уақытта негізгі заңымыздың маңызы бұрынғыдан да арта түседі», – деді Мемлекет басшысы. Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылы Қазақстан тәуелсіздігінің 35 жылдығы аталып өтетінін еске салып, осы маңызды тарихи белесті нақты нәтижелермен қарсы алу керегін айтты. Президенттің сөзінше, жаңа…
Қазақстан аумағында тасымалданатын жүктердің бестен бір бөлігі шетелдік вагондармен жеткізіледі. Масқара мәліметті депутат Азат Перуашев жария етті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Депутаттың дерегінше, Қазақстандағы барлық жүк тасымалының 20%-дан астамын шетелдік вагондар орындайды. Мәселен, Қазақстан көмірінің Ресей арқылы транзитінде отандық вагондардың үлесі небәрі 22%-ды құрайды. Газ тасымалында да жағдай осыған ұқсас. Ел ішіндегі тасымалда шетелдік цистерналар жұмыс істеп жатқанда, Қазақстанның өзіндегі 500-дей газ цистернасы бос тұр. Ең күрделі ахуал мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдауда қалыптасқан. Мұнда негізгі жүк шетелдік цистерналармен тасымалдануда. Алайда Қазақстанның өзінде дәл осы цистерналарды толық көлемде жасап шығаратын қуатты өндіріс орындары бар. Атырау вагон жасау зауытының өзі жылына 1500-ден…
Отбасы банк 4 маусымнан бастап аралық заемдардың пайыздық мөлшерлемесін өзгертіп, барлық клиенттерге бірдей 8,5% мөлшерлемесін енгізді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Осыған дейін аралық заем мөлшерлемесі клиенттің бағалау көрсеткішіне және бағдарлама шарттарына байланысты 6-8,5% аралығында белгіленетін. Енді мұндай ерекшеліктер алынып тасталды. Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (ЖТСМ) 9-9,6%-ды құрайды. Алайда тұрғын үй заемдарының шарттары өзгермейді. Яғни баспана құнының 50%-ын жинап, депозитті кемінде үш жыл ұстаған жағдайда жылдық мөлшерлеме бұрынғыдай 3,5%-дан басталады. Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов 1 шілдеден бастап ипотека алу шарттары өзгеретінін, алғашқы жарна көп болса, мөлшерлеме төмендеп, аз болса, мөлшерлеме жоғары болатынын мәлімдеген еді.
Қазақстан мен Қытай арасында автотуризм қарқыны өскенімен, шетелдік көліктерді бақылауға қатысты қос мемлекет арасындағы талаптарда тепе-теңдік сақталмай отыр, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Депутат Болатбек Нәжметдинұлының айтуынша, қазақстандық көліктер Қытай аумағына кірерде ақылы уақытша әкелу рәсімінен өтіп, арнайы тіркеу нөмірін алып, сақтандыру жасатып, кепілдік және бақылау механизмінен өтеді. Мұның бәріне шамамен әр көлік үшін 560-600 мың теңгедей шығын жұмсалады әрі ресми табыс көзіне айналып отыр. Ал Қазақстанға кіретін қытайлық автокөліктер көбінесе тегін әрі қарапайым рәсімдермен ғана шектеледі. Соңғы бір жыл мен биылғы жылдың алғашқы төрт айында Қазақстанға 8 мыңнан аса Қытай көлігі өткен. Алайда олардың жол ережелерін бұзған жағдайда айыппұлдардың қалай өндірілетіні,…
Қазақстанда жарияланған рақымшылықтың аясында 16,5 мыңнан астам адам қылмыстық жауапкершіліктен босап, жарты миллионнан астам азамат әкімшілік жазадан құтылуы мүмкін. Мәжіліс депутаты Абзал Құспан рақымшылық туралы заң жобасының егжей-тегжейін тарқатты, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Депутаттың айтуынша, қылмыстық рақымшылық ең алдымен ауыр емес қылмыстар мен зияны толық өтелген орташа ауыр қылмыстар жасаған азаматтарды қамтиды. «Қылмыстық теріс қылық пен ауырлығы төмен қылмыстар жасағандар, сондай-ақ орташа ауыр қылмыстары зиян келтірмеген немесе келтірген зиянын толық өтегендер жаза өтеуден босатылады. Ал орташа ауыр қылмыс жасаған, бірақ келтірген зиянын өтемегендер үшін жаза мерзімі екі есе қысқарады», – деді Абзал Құспан. Дегенмен, рақымшылықтың шеңбері шектеулі болады. Коррупциялық, террористік, экстремистік…
Нью-Йорктегі қаржы ауданына сапар NYSE алаңынан басталып, Freedom Capital Markets кеңсесіндегі кездесумен жалғасты. Қазақстандық журналистерге америкалық қор нарығының жұмыс тәртібі, инвестор сенімі, депозит мәдениеті және Freedom экожүйесінің капитал нарығындағы рөлі туралы мәлімет берілді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Freedom Capital Markets кеңсесінде өткен кездесуде компанияның бас нарық стратегi Джей Вудс пен зерттеу бағытының жетекшісі Эдвард Магуайер пікір білдірді. Екеуі де АҚШ қаржы нарығында ұзақ жыл жұмыс істеген мамандар. Джей Вудс ширек ғасыр бойы Нью-Йорк қор биржасында еңбек еткен, ірі IPO процестеріне қатысқан, NYSE алаңындағы ең белсенді акциялар бойынша сауда жүргізген. Эдвард Магуайер шамамен 30 жыл бойы қор нарығы, банк секторы, технологиялық компаниялар…
Шетелге саяхат алдын ала ойластырсаң ғана алаңсыз өтетін шаруа. Әсіресе виза, сақтандыру, жүк дайындау сияқты ұсақ-түйекті үйден шықпай шешкен абзал деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Иә, әр елдің визасы әрқилы. АҚШ, Ұлыбритания, Шенгенге бармақ болсаңыз, «ертең ала саламын» деп арқаны кеңге салуға болмайды. Мәселен, жаздың қызған кезінде кезегіңіз бірнеше айға созылып кетуі мүмкін. Сол себепті ресми ақпаратты елшіліктен ғана алып, құжаттарды кемінде бір ай бұрын әзірлеп қойыңыз. Анкета, билет, қонақүй броні, банк анықтамасы мен сақтандыру – негізгі тізім осы. Айтпақшы, билет іздеп бас қатырмайсыз: ForteTravel сервисінде ұшақ немесе пойыз билетін екі-үш шертіп алуға болады. Карта нөмірін қайта-қайта жазып жатпайсыз, әр билетке қосымша…
Руслан Желдібай Қазақстан Президентінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Ол бұған дейін Президенттің көмекшісі, баспасөз хатшысы қызметін атқарған. 2026 жылғы қаңтарда ол осы лауазымнан босатылған еді. Оның орнына бұл қызметке Айбек Смадияров келді. Желдібай әр жылдары Президент кеңесшісі, баспасөз хатшысы, Президенттің ішкі саясат және коммуникациялар мәселелері жөніндегі көмекшісі, Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары, Президенттің баспасөз хатшысы қызметінде жұмыс істеді. Руслан Желдібай 1989 жылы Жамбыл облысында туған. Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін тәмамдаған. Кейін «Болашақ» бағдарламасымен Ұлыбританиядағы Уорик университетінде магистр дәрежесін алған. Контекст Осы жылдың қаңтарында баспасөз хатшысы қызметін Смадияровқа табыстаған Желдібай: «Мемлекет басшысы жүктеген мәртебелі міндеттерді үдесінен…










