Автор: Назым Болатхан

алматы курьер халат

Алматыда гүл әкелген курьердің оғаш әрекеті жұрттың ашуын туғызып, қоғамда үлкен резонанс тудырды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Оқиға ғашықтар күні 14 ақпанда болған. Кешқұрым тапсырыспен әкелінген ауыр себетті пәтеріне дейін көтерісіп кіргізген бейтаныс адам қызды аяқ астынан қорқынышты жағдайға душар еткен. «Үйге кіре сала, ол кенеттен халатымнан ұстап тартып ашты. Сол сәтте кеудемнен ұстап, бетіме жымия қарап, «Әдемі екен» деді. Бір сәтте жүрегім тоқтап қалғандай болды. Екі қолым еріксіз дірілдеп, не айқайлай алмай, не қаша алмай, орнымда қатып қалдым», – деп жазды бойжеткен парақшасында. Соққы алғандай күйде болған ол дереу есін жиып, бейтаныс адамды үйінен шығарып жіберген. Бірақ күйзелістен ұзақ уақыт…

Толық оқу
асқазан шаш

Түркістанда дәрігерлерді таңғалдырып, елдің жағасын ұстатқан ерекше жағдай болды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қалалық балалар ауруханасына шұғыл жеткізілген 15 жастағы қыздың асқазанынан салмағы бір келіге жуық шаш шықты. Білікті хирург пен анестезиолог бастаған дәрігерлер үш сағат бойы тынбай жұмыс істеп, науқастың өмірін арашалап қалды. Қазір жасөспірімнің жағдайы тұрақталған. Дегенмен ол дәрігердің жіті бақылауында. Мамандардың айтуынша, мұндай жайт медицинада сирек кездеседі екен. Дер кезінде шара қолданбаса, науқастың өміріне қауіп төнуі мүмкін еді. Айтқандай, дәрігерлер енді алаңсыз жұмыс істейді. Енді жұмыс бабындағы дәрігерлер мен жедел жәрдем жүргізушілерінің мәртебесі полиция, құтқарушы, қорықшы және билік өкілдерімен теңеседі. Депутат Асхат Аймағамбетов осы тұста жаңа заңның маңыздылығына тоқталған…

Толық оқу
Президент Тоқаев Қырғызстан басшысы

Президент Тоқаев Қырғызстан басшысы Садыр Жапаровпен телефон арқылы тілдесіп, оның соңғы шешімін қолдайтынын жеткізді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Әңгіме барысында Тоқаев қазақ-қырғыз қарым-қатынасының қарқынды дамып жатқанын атап өткен екен. Бұған тұрақты саяси диалог пен екі ел үкіметтері, іскер топтары арасындағы тығыз байланыс ықпал етуде. Тараптар сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, су-энергетика саласындағы серіктестіктің жоғары деңгейде дамып жатқанын сөз етіпті. Бауырлас елдердің байланысын одан әрі нығайтуға мүдделіне екеніне ерекше екпін беріпті. Тоқаев Қазақстандағы конституциялық реформаның маңызын түсіндіріп, бастамалар елдің тұрақты дамуына негіз болатынын айтқан. Жапаров өз кезегінде Ақорда ұйытқы болған ауқымды өзгерістерге толық қолдау білдірді. «Аймақтық ынтымақтастыққа қатысты барлық мәселеде сөзіміз бір жерден шығып жатыр»,…

Толық оқу
Алматыдағы Наурызбай ауданы "Аlma city 5" тұрғын үй кешенінің

Алматыдағы Наурызбай ауданы «Аlma city 5» тұрғын үй кешенінің тұрғындары қала әкімі Дархан Сатыбалдыға үндеу жолдады деп жазады Ertenmedia.kz. Аталған тұрғын үй мембағдарлама аясында салынған. Барлығы 128 үй, 4 мыңға жуық пәтер қолданысқа берілген болатын. «Бұл жерде көпбалалы, үйінде мүгедек баласы бар отбасылар және бюджет қызметкерлері тұрады. Осыншама адам тұратын ауданымызда инфрақұрылым деген атымен жоқ. Іргеміздегі «Аlma city 5-2″ тұрғын үй кешенін қоса алғанда 6 мыңнан аса пәтері бар іргелі ауданда 1200 оқушыға арналған бір ғана мектеп бар. Балабақша мүлдем жоқ», — дейді ашынған тұрғындар. Әкімдік не дейді? Айтуынша, осы мәселемен қалалық әкімдікке сан рет барып, басқарма басшыларымен жолыққан. Солай…

Толық оқу
Санжар Боқаев Америка

Саясаткер, қоғам белдендісі Санжар Боқаев өзін жоғалтып алған қауымға жауап қатты деп жазады Ertenmedia.kz. Ел ішіндегі өткір, өзекті мәселелерді үнемі ашық көтеріп, үлкен аудитория жинаған саясаткер соңғы кездері жұрт алдына шығуды сиретіп кеткен еді. Боқаевтың әрбір рейдін жіті бақылап отыратын желідегі қауым оның ізім-ғайым жоғалып кеткенінен қорқып, іздеу салуға көшкен. Саясаткер осы тұста оқырмандардың уайым-қайымын сейілтіп, маңызды мәлімдеме жасапты. «Менде бәрі бірқалыпты. Қазір Әмерикадамын. Өткен жылы осы жақтан кішігірім кәсіп ашқанмын. Қазір соңы дөңгелетіп жатқан жайым бар. Аяқ алысы жаман емес», — дейді ол. Санжар неге мұхит асты? Саясаткердің мұхит асуына бірнеше фактор түрткі болған екен. Айтуынша, желіде елге қатысты маңызды…

Толық оқу
депозит қазақстан банктері

Қазақстан банктеріндегі депозит көлемі желтоқсанда бірден 1,8 трлн теңгеге қысқарды деп хабарлайды Ertenmedia.kz Ұлттық банкке сілтеме жасап. Нәтижесінде, былтыр қарашада тарихи рекордқа жеткен жалпы депозит көлемі (48 трлн теңге) биылғы қаңтардың басында 46,2 трлн теңгеге төмендеген. Бұл бір айдағы депозит көлемінің 3,8 пайызға қысқарғанын көрсетеді. Жалпы алғанда, бір жыл ішінде депозиттердің көлемі 14,2 пайызға өсіпті. 2025 жылдың басында көрсеткіш 40,4 трлн теңге деңгейінде болған еді. Ұлттық валютадағы депозит көлемі желтоқсанда 3,3 пайызға кеміп, 36,6 трлн теңгеге жетті. Бір жыл ішінде ол 17,2 пайызға артқан. Оның ішінде халықтың салымдары басым – 21,2 трлн теңге. Дегенмен, жеке тұлғалар депозиттері бір айда 0,7…

Толық оқу
kia sportage алматы

Қазақстандықтар биыл Kia маркалы көліктерге ерекше ықылас танытып отыр деп хабарлайды Ertenmedia.kz. «Қазақстанның Автокөлік Одағының» мәліметінше, Kia қаңтар айында ел нарығындағы сатылым көлемі бойынша бірінші орынға шыққан. Бір ай ішінде қазақстандықтар 2774 Kia көлігін сатып алған. Бұл былтырғы қаңтар айындағы көрсеткіштен бірден 183 пайызға жоғары. Тіпті өткен желтоқсан айымен салыстырғанда 44 пайызға артқан. Қазір елдегі әрбір бесінші жаңа автокөлік – Kia маркасына тиесілі. Осылайша бренд нарықтағы үлесін екі есеге дейін ұлғайтып, 20 пайызға жеткізген. Sportage топ бастап тұр Kia-ның үш моделі бірден айлық сатылымның үздік ондығына енді. Компанияның негізгі моделі кроссовер Sportage, бір айда сатылған көлік саны 1482-ге жетіп, былтырғы…

Толық оқу
кофе ішудің пайдасы

Күнделікті 2-3 шыныаяқ кофе немесе 1-2 шыныаяқ шай ішу мидың жұмысына пайдасы зор әдет екені белгілі болды. Гарвард университетінің ғалымдары 43 жыл бойы жүргізген ауқымды зерттеу нәтижесінде осындай шешімге келіп отыр деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Эпидемиолог Ю Чжан жетекшілік еткен зерттеу тобы кофеинді қалыпты мөлшерде тұтыну деменция қаупін азайтып, есте сақтау қабілетін жақсартатынын анықтады. Ғалымдар 130 мыңнан астам медицина қызметкерінің тамақтану әдетін зерттеп, когнитивті қабілеттерін тұрақты бақылап отырған. Нәтижесінде, күн сайын 2-3 шыны кофе ішкендердің есте сақтау қабілеті өзгелерге қарағанда баяу төмендеген. Тіпті күніне бес шыныға дейін кофе ішкендердің өзінде деменция қаупі кофеинді мүлде пайдаланбайтындарға қарағанда 18 пайызға төмен болған. «Кофеиннің…

Толық оқу
ет бағасы 2026

Қазақстанда еттің арзан болуы шаруаны қолдау емес, керісінше мал шаруашылығын құрдымға кетірудің төте жолы. TURAN мал шаруашылығы қауымдастығының төрағасы Жәнібек Кенжебаев осылай деді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Finratings-ке пікір білдірген шаруаның сөзінше, базардағы баға төмен болған сайын халық қуануы мүмкін, бірақ оның зардабы тереңде жатыр. Мал бағу тиімсіз болғасын, қора-қопсы қаңырап бос қалады. Асыл тұқымды мал басы азайып, шаруашылық дағдарысқа ұшырайды. Кенжебаев шаруалар үшін еттің ең тиімді бағасын атады. Сиыр еті кемі 10-12 мың теңге, қой еті 7,5 мыңға жуық, ал жылқы етінің бағасы бүгінгіден кем дегенде 15 пайызға жоғары болуы тиіс. «Қымбатшылық деп дүрлігудің керегі жоқ. Мал шаруашылығының жылдар бойы…

Толық оқу
нұрлан сабыров

Украина қауіпсіздік қызметі (СБУ) қазақстандық әзілкеш Нұрлан Сабыровтың үстінен қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Украиналық адвокат Евгений Прониннің айтуынша, СБУ Сабыровқа қатысты істі бірыңғай тергеу тізіліміне тіркеп, оның әрекеттерін тексеруге кіріскен. Тергеуге Сабыровтың Украина заңнамасына қайшы келетін әрекетке қатысы болуы мүмкін деген күдік себеп болған. Еске салсақ, Нұрлан Сабыров 2022 жылдың сәуір айында украиналық тарап «экстремистік» деп бағалайтын «Миротворец» сайтының қара тізіміне енген еді. Сол кезден бері қазақстандық комиктің аты Украинада дау тудырып келеді. Қазір Сабыровтың нақты қандай бап бойынша күдікке ілінгені белгісіз. Тергеу жалғасып жатыр. Жақында әлемжеліде Сабыровтың Украин жерінде небір зұлымдық жасаған «Уағнер Истра»…

Толық оқу