Автор: Назым Болатхан

Назым Болатхан

Назым Болатхан Ertenmedia.kz редакциясында қоғам, әлеуметтік тақырып, қала өмірі, шоу-бизнес және адам тағдырына қатысты оқиғалар туралы жазады. Оның материалдарында күнделікті өмірдегі маңызды мәселелер, азаматтардың үні, мемлекеттік органдар шешімі және қоғамда талқы тудырған жайттар қамтылады.

жұлдыз сүлейменова

Қазақстанда педагогтердің пәндік білімін бағалауға бағытталған тестілеу ресми түрде тоқтатылды. Аттестация мұғалімдерді күйзеліске түсіретін формалды сынақ емес, керісінше оларға қолдау көрсететін жүйеге айналуы тиіс деп мәлімдеді Оқу-ағарту министрі деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жұлдыз Сүлейменованың айтуынша, шешім ұстаздар қауымының көптеген шағымдары мен қазіргі ахуалды жан-жақты талдаудан кейін қабылданған. «Аттестация мұғалімдерді жазалайтын құралға айналмауы керек. Мұғалімнің күнделікті еңбегін бағалайтын, бірақ денсаулығына зиян келтірмейтін жүйе болуы қажет. Өкінішке қарай, маған тестілеу кезінде қатты күйзеліске түскен мыңдаған мұғалімнен хат келеді. Жеке кездесулерде де педагогтер бұл мәселенің денсаулығына кері әсер ететінін жиі айтады», – деді Жұлдыз Сүлейменова. Министрдің пікірінше, заманауи мұғалім балалардың психологиясы тез өзгеретін жағдайда…

Толық оқу
Тоқаев банктер туралы

Қазақстанда биометриялық сәйкестендірудің жаңа ережелері енгізіліп, банктер мен қаржы ұйымдарының жұмысы түбегейлі өзгереді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жаңа талаптар 2026 жылғы 12 шілдеден бастап күшіне енеді. Олар барлық банктерге, соның ішінде шетелдік банктерге, микроқаржы ұйымдары мен төлем қызметтеріне міндетті болады. Жаңашылдықтың басты ерекшелігі клиенттерді сәйкестендіру үшін бет-әлпеттің суретімен қатар, енді алақан ізі де қолданылады. Тексеру кезінде суреттегі сәйкестік 95%-дан асса, клиент автоматты түрде ұлттық биометриялық базаға тіркеледі. Жүйе қалай жұмыс істейді? Клиенттің бет-бейнесі банктің деректер алмасу орталығындағы эталондық суретпен салыстырылады. Эталонды суреттер Ұлттық биометриялық сәйкестендіру жүйесінің негізінде жасалады. Жүйе тексеріс кезінде суреттің шынайы адамға тиесілі екеніне көз жеткізуі тиіс. Сонымен қатар,…

Толық оқу
жұлдыз сүлейменова

Қазақстанда мектеп бітіру кешіне қойылатын талаптар нақтыланды. Енді аттестат табыстау рәсімі тек білім беру мекемесінің өз ғимаратында өтуі тиіс деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Оқу-ағарту министрлігі мен Ішкі істер министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, мектеп бітіру кешін ұйымдастыру тәртібіне нақты өзгерістер енгізді. Осынау өзгерістер оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың құқықтарын қорғау және құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында қабылданған. Министрлік мектеп бітіру кештерін білім мекемесінен тыс жерде өткізуге қатаң тыйым салды. Сондай-ақ түлектерден, олардың ата-аналары мен заңды өкілдерінен қаржы немесе басқа да материалдық құндылықтар жинауға үзілді-кесілді жол берілмейді. Жергілікті атқарушы органдарға ешқандай қаржылық шығынды қажет етпейтін тәрбиелік және мәдени-ағартушылық іс-шараларды ұйымдастыру міндеті жүктелді. Сонымен…

Толық оқу
жұлдыз жорамал

Жексенбі күні әр белгіге әртүрлі көңіл-күй сыйлайды. Біреу рухани үйлесімді сезінсе, енді біреулерде мазасыздық пен өзгеріске деген құлшыныс басым болады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Тоқты (21 наурыз – 19 сәуір) Тоқтыға бүгін бірнәрсе жетіспей тұратындай сезіледі. Сырттай қарағанда бәрі өз ретімен жүріп жатқанымен, жан дүниеңіз ерекше, тосын жағдайды іздейді. Қалағаныңызды таба алмасаңыз, өзіңіз бастама көтеріп, қызықты нәрсені жүзеге асыруыңызға болады. Бірақ шектен шықпаған жөн. Торпақ (20 сәуір – 20 мамыр) Торпақ бұл күні пайдалы істі қолға алғысы келіп тұрады. Үй ішін де тарту ықтималдығы жоғары. Ең оңтайлысы – үйдегі жиһаздардың орнын ауыстыру немесе тазалық жұмыстары. Торпақтың осы бастамасы бүгін отбасы мүшелерінің…

Толық оқу
погода апреля

Бүгін, 12 сәуір күні Қазақстанның үш мегаполисінде күн ашық әрі жылы болады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Астанада күн аздап бұлттанады, күндіз ауа температурасы +16 градусқа дейін көтеріліп, түнде +4 градусқа дейін төмендейді. Желдің екпіні секундына 4,5 метр шамасында. Алматыда аспан ашық, күндізгі уақытта сынап бағаны +19 градусқа жетсе, түнде ауа салқындап, +9 градусқа төмендейді. Жел жылдамдығы – 3,0 м/с. Шымкентте күн бұлтсыз әрі жайлы, күндізгі уақытта +24 градусқа дейін жылы болады. Түнгі температура +11 градус шамасында сақталады. Жел екпіні секундына 2,7 метрді құрайды. Айта кетелік, бұған дейін сәуірдің соңына дейін төленуі тиіс салық туралы мәлімет берген болатынбыз.

Толық оқу
президент Тоқаевқа берген есебі

Қашаған кенішінің операторы North Caspian Operating Company (NCOC) қоршаған ортаға келтірген зияны үшін Қазақстанға 2,3 трлн теңге төлемей, уақыт созып, халықаралық арбитраждың шешімін күтуі мүмкін деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Мұндай болжамды Energy Monitor телеграм-каналында мұнай-газ саласының сарапшысы Нұрлан Жұмағұлов жариялады. Жақында Жоғарғы сот NCOC компаниясының апелляциялық шағымын қанағаттандырмай, істі Атырау облысының Экология департаментіне жолдаған болатын. Енді аталған мекеме күкіртті сақтау ережесін бұзғаны үшін NCOC компаниясына 2,3 трлн теңге айыппұл салуы тиіс. Алайда, сарапшының пайымынша, компания жергілікті сотқа қайта шағым түсіріп, процесті әдейі созуы мүмкін. «NCOC жергілікті соттағы процесті созып, Вашингтондағы халықаралық арбитраждың шешімін күтуді көздеп отырған сияқты. Өйткені, халықаралық трибуналдың шешімі…

Толық оқу
бензин бағасы

Қазақстанда АИ-92 бензинінің бағасы мемлекеттік реттеуден шыққанымен, ел күткен бағаның күрт қымбаттауы байқалмады. Энергетика вице-министрі Санжар Жаркешов 1 сәуірден бастап нарықтық жағдайда жұмыс істей бастаған жанармай бағасы тұрақты қалып отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жаркешов қазіргі таңда елде бензин мен дизель тапшылығы жоқ екенін, нарықтың толыққанды қалыптасқанын айтты. «Қазір нарық бағасы сұраныс пен ұсыныс негізінде реттелуде. Елде бензиннің де, дизель отынының да қоры жеткілікті әрқайсысы 600 мың тоннадан асады. Сондықтан бағаның күрт көтерілуіне еш негіз жоқ», – деді вице-министр. Сондай-ақ, ол бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу үшін жағдайды Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі, сондай-ақ өңірлердегі арнайы штабтар мұқият бақылап отырғанын…

Толық оқу
Астана ауа райы

Қазақстанда 10 сәуір күні өңірлерде ауа райы құбылмалы болады. Солтүстік пен шығыс аймақтарда жауын-шашын түсіп, ауа салқындаса, оңтүстікте күн жылы әрі ашық болады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қазгидрометтің мәліметінше, солтүстік өңірлерде ауа райы айтарлықтай суытады. Петропавлда түнде қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ күтіледі, күндіз ауа температурасы +6…+8 °C шамасында сақталады. Қостанай мен Көкшетауда күн жаңбырлы болып, ауа +6…+10 °C-қа дейін ғана жылынады. Астанада да жауын-шашын болады, күндізгі температура +7…+9 °C аралығында болмақ. Орталық аймақтарда ауа райы күрт құбылады. Қарағандыда күн жаңбырлы болып, температура +10…+12 °C аралығында сақталады. Ал Жезқазғанда күн ашық, температура +19…+21 °C-қа дейін көтеріледі. Шығыс Қазақстанда Өскемен мен Семейде…

Толық оқу
бағаны бақылау

Қазақстанда жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын негізсіз көтеріп, заң талаптарын орындамаған кәсіпкерлерден 56 млн теңгеден астам айыппұл өндірілді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Сауда және интеграция министрлігі тексеріс барысында көптеген кәсіпкердің заңда белгіленген 15 пайыздық үстемеден асырып, бағаны қымбаттатып жібергенін анықтады. Баға көтеруден бөлек, бір тауарға әртүрлі баға белгілеу, бағаларды жазбау және бұрынғы заң бұзушылықтарды қайталау фактілері де тіркелді. Сонымен қатар кей кәсіпкерлер тексеру жүргізген мемлекеттік органдардың қызметіне кедергі келтіріп, ескертулерді елемей отыр. Жыл басынан бері осындай заң бұзушылықтар үшін жауапқа тартылған кәсіпкерлердің саны 1400-ден асқан. Ведомство бақылауды күшейткенімен, жағдай әлі толық реттелмеген. Аймақтарда өндірушіден дүкен сөресіне дейінгі барлық…

Толық оқу
Алматы

Алматы алдағы бес жылда бұрын-соңды болмаған көлік жаңғыруының кезеңіне қадам басқалы тұр деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қала билігі 2026–2030 жылдарға арналған ауқымды жоспарды бекітіп, жаңа көшелерді ұзарту, метро желісін кеңейту, LRT іске қосу және SkyTrain жүйесін салу бағытын айқындады. Жоба ауқымы тек қозғалыс жүйесін емес, қаланың кеңістік құрылымын да өзгертетін түрі бар. Жоспарға сай, алдағы жылдары Алматыда 12 көше пробивкасы мен ұзарту жұмысы жүреді. Негізгі өзгеріс Абылай хан емес, көлік өзегіне айналған күре желілерге түседі. Атап айтқанда, Абай, Райымбек, Рысқұлов даңғылдары, Саин, Төле би, Тілендиев және өзге де бағыттар кеңейтіледі не қала шетіне дейін созылады. Соның ішінде Абай даңғылы Қалқаман жақтан…

Толық оқу