Автор: Назым Болатхан

Назым Болатхан

Назым Болатхан Ertenmedia.kz редакциясында қоғам, әлеуметтік тақырып, қала өмірі, шоу-бизнес және адам тағдырына қатысты оқиғалар туралы жазады. Оның материалдарында күнделікті өмірдегі маңызды мәселелер, азаматтардың үні, мемлекеттік органдар шешімі және қоғамда талқы тудырған жайттар қамтылады.

Қазақстандықтар алдағы уақытта

Қазақстанда зейнетақы төлемдері айтарлықтай өсті. Былтыр ел қазынасынан зейнеткерлерге жалпы сомасы 4 трлн 225 млрд теңге бөлінген. Соның ішінде базалық зейнетақыға 1 трлн 368,4 млрд теңге, ал ынтымақты зейнетақыға 2 трлн 856,6 млрд теңге жұмсалған деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Елімізде зейнеткерлердің жалпы саны өткен жылы 2 млн 491 мың адамға жеткен. Орта есеппен алғанда әр зейнеткердің ай сайынғы зейнетақысы 143 143 теңгені құрады. Оның 95 549 теңгесі ынтымақты жүйе бойынша төленсе, 47 594 теңгесі базалық зейнетақы. 2025 жылдан бастап базалық зейнетақы мөлшері инфляция деңгейіне сәйкес 6,5%-ға көтерілсе, ынтымақты зейнетақы 8,5%-ға өсіп, инфляциядан 2%-ға артық белгіленді. Президент тапсырмасына сәйкес, 2023 жылдан бастап…

Толық оқу
Тоқаев вице президент

Президент өз өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатса, билік алдымен вице-президентке өтеді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысында президенттің құқықтық мәселелер бойынша көмекшісі Ержан Жиенбаев осындай ұсыныс жасады. Оның айтуынша, мемлекет басшысы қызметінен ерте кеткен жағдайда президенттік міндетті бірінші болып вице-президент атқарады. Егер әлдебір себеппен вице-президент те міндетті атқаруға қабілетсіз болса, бұл жауапкершілік Құрылтай төрағасына, одан кейінгі кезекте премьер-министрге өтеді. Қазіргі Конституцияның 48-бабына сәйкес, президент қызметінен мерзімінен бұрын босаса, міндет Сенат төрағасына жүктеледі. Сенат төрағасы президент міндетін атқара алмаған жағдайда, өкілеттік Мәжіліс төрағасына, одан кейін премьер-министрге өтетіні жазылған. Жаңа өзгерістер бойынша осы тәртіптің орнына вице-президент пен Құрылтай төрағасының атауы…

Толық оқу
Мәди Мырзағараев

Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Мәди Мырзағараев Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның бірінші отырысында сот санкциясынсыз ұстау мерзімін қысқарту және адвокатура институтының конституциялық мәртебесін бекіту қажеттігін айтты деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Спикердің айтуынша, жеке бас бостандығы — барлық құқықтың негізі және бұл қағидат Конституцияда нақты тетіктермен бекітілуі тиіс. Қазіргі қылмыстық процесте уақытша ұстаудың ұзақтығы адам құқығына тікелей қатер төндіреді. Мәди Мырзағараев технологиялық мүмкіндіктерді алға тарта отырып, бұл тәжірибені түбегейлі қайта қарау қажеттігін атап өтті. «Уақытша ұстау — бұл тергеудің алғашқы кезеңіндегі мәжбүрлі, айрықша шара. Бірақ осы уақытша шараның өзі мейлінше қысқа мерзімге ғана қолданылуы тиіс. Ең бастысы — сот қарауына тез арада жеткізу.…

Толық оқу
Ерлан Қарин вице президент

Ерлан Қарин бір палаталы Құрылтайдың құзыреті туралы маңызды ұсыныстарды ортаға салды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Мемлекеттік кеңесшінің айтуынша, жұмыс тобы жаңа парламенттік модельде заң жобаларын үш оқылымда талқылауды ұсынып отыр. Алғашқы екі оқылымда заңның мазмұны талқыланса, үшінші оқылымда құжаттың заңнамалық және құқықтық тұрғыдан дұрыстығы пысықталмақ. Жұмыс тобы парламент жұмысының тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселесіне де қамтыған екен. Парламент демалыста болған жағдайда, заң шығару функциясын уақытша президентке жүктеу ұсынылды. Ерлан Қарин Мемлекет басшысының бұған дейін айтқан «президенттік квота» болмайтыны туралы мәлімдемесін еске салды. Дегенмен партиялық тізімде әйелдерге, жастарға және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған квота сақталады. Бұлар конституциялық заң нормасымен реттеледі. Сонымен қатар… Қазіргі Конституцияның…

Толық оқу
Қазақстанда вице-президенттің өкілеттігі айқындалды

Қазақстанда вице-президенттің билік шекарасы айқындалды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Президенттің құқықтық мәселелер бойынша көмекшісі Ержан Жиенбаев Ата заңға енгізілетін жаңа өзгерістерді жариялады. Айтуынша, вице-президентті Президент тағайындайды, бірақ бір нюанс бар. Шешімді Құрылтай депутаттарының басым көпшілігі қолдауы тиіс. Ал оны қызметтен босату Президенттің жеке құзырында болады. Ержан Жиенбаев вице-президенттің негізгі міндеті туралы да нақты ұсыныстарды ортаға салды. Вице-президент Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан сөйлей алады. Сонымен қатар, Президентті Құрылтаймен, Үкіметпен және басқа да мемлекеттік органдармен байланыста өкілдік етеді. Одан бөлек, вице-президент Президент атынан ел ішіндегі және шетелдегі қоғамдық-саяси, ғылыми, мәдени-ағарту ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасайды. Өзге де өкілеті Мемлекет басшысының…

Толық оқу
Тимур Сулейменова

Ұлттық қордан бала-шағаға аударылатын қаражат көлемі былтырғы деңгейде сақталмақ. Ақпанның 1-і күні әр балаға шамамен 100–130 доллар аралығында төлем түседі деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бас банкир Тимур Сүлейменовтің айтуынша, нақты соманың көлемі демографиялық және көші-қон ахуалына қарай нақтыланады. Яғни, елде дүниеге келген балалармен қатар, Қазақстаннан көшіп кеткен немесе азаматтығын ауыстырған бала-шаға саны да есепке алынады. Сүлейменов Ұлттық қордың табысы рекордтық көрсеткішке жеткенін де ерекше атап өтті. «Ұлттық қорды басқарудан түскен табыс 8,7 млрд доллар. Инвестициялық кірістілік 15%-ды құрады. Екі көрсеткіш те бұрын-соңды болмаған рекорд. Осындай жоғары нәтиженің арқасында қордан қомақты трансферт жасалғанына қарамастан, Ұлттық қордың активтері өсе түсті», – деді ол.…

Толық оқу
Бас банкир Тимур Сүлейменов

Бас банкир Тимур Сүлейменов «теңге тағы құлдырап, доллар бағамы 1200-1500 теңгеге жетеді» деген әңгімеге нүкте қойды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Айтуынша, Ұлттық банк 2015 жылдан бері валюта бағамын нарықтың еркіне берген. Сондықтан «девальвация болады» деп дабыралаудың өзі қисынсыз. «Ұлттық банк те, Үкімет те доллардың бағамын өз қолымен көтеріп, не түсіре алмайды. Бұл бұрынғыдай қолдан басқарылатын үрдіс емес, нарықтағы теңгерімге байланысты. Қарапайым тілмен айтсақ, долларды сатып алушылар көбейгенде баға көтеріледі, экспорттаушылар валютасын нарыққа шығарғанда керісінше төмендейді. Біз бұған өте сирек жағдайда, ерекше ауытқу болғанда ғана интервенциямен араласамыз», – деді ол. Сүлейменов сондай-ақ елдің валюта нарығына ықпал ету мүмкіндігі Ұлттық қордан жасалатын трансферттерді…

Толық оқу
Бакытжан Базарбек

«Әке, телефон бермесең, өлтірем!». Төрт жасар баласының аузынан шыққан сөз депутат Базарбекті онлайн ойынның қауіп-қатері туралы ашық айтуға мәжбүрледі деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Мәжіліс депутаты Minecraft секілді танымал ойындардың бала психикасын зақымдап, агрессияны қалыпты жағдайға айналдыратынына алаңдаушылық білдірді. «Кіші ұлым төрт жаста ғана. Бірақ оның аузынан соңғы кезде ауыр, бейәдеп сөздерді жиі еститін болдым. Әуелі бұл қайдан шықты деп, балабақшадан, туыстардан көргім келді. Алайда кейін баламның Minecraft ойнаған кезде балалардың өзара қандай дөрекі сөздер қолданатынын байқадым. Олар бір-біріне ойын барысында балағат, агрессивті тіркестерді жиі айтады. Осыған құлағы үйренген бала, сол дөрекі сөздерді күнделікті өмірде де қолдана бастайды», – деді депутат. Бақытжан…

Толық оқу
Аида Балаева әлеуметтік желі

Қазақстанда 16 жасқа толмаған балаларға әлемжеліге тіркелуге тыйым салу қажет. Депутаты Ерлан Сайыров осындай өткір ұсыныс жасады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Депутаттың айтуынша, балаларды зиянды контенттен қорғау мен құқыққа қайшы ақпаратты бұғаттау бойынша қазіргі шаралар цифрлық технологиялардың даму қарқынынан әлдеқайда артта қалып қойған. Оның үстіне интернет бүгінгі таңда жай ғана ақпараттық алаң емес, бүтін бір идеологиялық күрес майданына айналған. «Қоғамда мынадай қағида бар: балаға мемлекет тәрбие бермесе, оны көше тәрбиелейді. Ал бүгінгі заманда көшенің орнын әлеуметтік желі алгоритмдері басып алды. Жастардың бойында цинизм, агрессия мен ешкімді мойындамау көзқарастары тамыр жайып кетсе, ертең олардан заңды құрметтеп, елге жанашыр болып өсуін күту құр…

Толық оқу
атеистер деген кім

Қазақстанға діндарлар ғана емес, әтеистердің де ар-намысы мен абыройын қорғайтын арнайы заң керек деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бұл туралы белгілі дінтанушы Елнар Берікбаев мәлімдеді. Сарапшының пікірінше, соңғы уақытта әлемжеліде атеистерге қарсы көпе-көрнеу, ашықтан-ашық шабуыл жиілеп кеткен. Құдайға сенбейтін қауымға «имансыз», «азғын» деген ауыр айып тағылып, ар-намысы аяққа тапталып жатыр. Бірақ мемлекет бұған үнсіз қарап отыр. «Жақында «Нұр-Мүбәрак» ислам университетінің бір оқытушысы атеистерді «хайуанға» теңеп, олар жақсылық пен жамандықты ажырата алмайды, қоғамға қауіпті деп ашық айтты. Мұндай сөздің PhD дәрежесі бар, академиялық және діни ортада беделді тұлғаның аузынан шығуы аса қауіпті. Бұл ма, бұл адамның дүниетанымына қарай ашық түрде қорлау, дегуманизация жасау», –…

Толық оқу