Автор: Назым Болатхан

тұрғын үй

Қаңтарда Қазақстанның тұрғын үй нарығы соңғы үш жылдағы ең қатты құлдырауды бастан кешті деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Крышаның дерегінше бір ай ішінде тұрғын үй сатып алу көрсеткіші желтоқсанмен салыстырғанда 47,8 пайызға төмендеп, бар-жоғы 27 745 келісім жасалған Мұндай құлдырау соңғы рет 2025 жылдың наурызында ғана байқалған. Сарапшылар осы жолғы төмендеуді былтыр желтоқсандағы нарықтағы дүрлігу салдарымен байланыстырады. Былтырғы жылдың соңғы айында тұрғын үйге сұраныс күрт өсіп, 53 мыңнан астам келісім тіркелген еді. Мамандардың айтуынша, бұған ипотекалық бағдарламалар мен заңдағы өзгерістер туралы қауесет себеп болған. Сөйтіп көптеген сатып алушы, әсіресе жаңа тұрғын үй алуға асығып, нарық жасанды түрде қызып кеткен. Қазір нарық қалыпты…

Толық оқу
қайтарылған активтер

Қазақстандағы қайтарылған активтерді басқарушы компания елдегі ірі салық төлеуші мекеме қатарына кірді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бір жылдың ішінде компания мемлекеттік бюджетке 4,3 млрд теңге салық төлеп, Арнайы мемлекеттік қорға тағы 50,5 млрд теңге аударған  «КУВА» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қайтарылған активтерді сату арқылы Арнайы мемлекеттік қорға қаржы түсіріп қана қоймай, бюджетке миллиардтаған теңге салық төлеуде де елеулі үлес қосып отыр. «2025 жылы компания бюджетке 4,3 млрд теңге салық төледі. Осы үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің арнайы алғыс хатына ие болды», – делінген компания хабарламасында. Арнайы қорға аударылған 50,5 млрд теңге қаржы енді ел аумағындағы маңызды әлеуметтік жобалар мен…

Толық оқу
ақш елшісі

Соңғы кезде АҚШ-қа виза алу қиындайды деген әңгіме желдей есіп жүр. Уашиңтонның еліміздегі елшісі Жули Стаффт мұның уақытша дүние екенін айтып, қоғамды сабырға шақырды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Елші болып келгелі алғашқы баспасөз мәжілісін өткізген Жули ханым біраз нәрсеге егжей-тегжейлі тоқталды. «Визалық рәсімнің кейбірі уақытша тоқтатылды. Мұны толық тыйым деп түсінбеңіздер. Миграциялық процесті жеңілдету әрі тиімді ету үшін қабылданды», – деп атап өтті дипломат. Айтуынша, студенттік және басқа да бейиммиграциялық виза қалыпты тәртіппен берілуде. Бұл ретте елші екі ел арасындағы студент алмасудың сәтті жүріп жатқанына ерекше тоқталды. «Биыл АҚШ-та білім алып жатқан қазақ студенттерің саны 3 мыңнан асып, рекорд жаңартты. Қазақстанда…

Толық оқу
Алматыда Кремль агрессиясына ашық қарсылық білдіріп

Алматыда Кремль агрессиясына ашық қарсылық білдіріп, Қазақстанда орыс шіркеуінен бөлінуді жақтаған дін қызметкері ұсталды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қалалық полиция департаменті күдіктіге қатысты есірткі притонын ұйымдастырды деген айып тағып, қылмыстық іс қозғады. Тергеу мәліметінше, 1986 жылы туған азаматтың баспанасынан «ұнтақ тәріздес заттар» табылған. Сараптама күдіктінің есірткі қолданғанын растапты. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жүріп жатыр. Бұдан бөлек, полиция іске қатысы болуы мүмкін өзге тұлғаларды да іздестіруде. Әзірде ғана әлемжеліде бұрынғы священник Иаков Воронцовтың ұсталғаны туралы ақпарат тараған-ды. Иаков Қазақстанның Мәскеу православ шіркеуінен бөлініп шығуын талап еткен мәлімдемесімен танымал. Иаков туралы не белгілі? Кремль басқыншылығын айыптаған Иаков Қазақстандағы православ шіркеуін Мәскеумен байланысты…

Толық оқу
google ресей

Ресейдің ақпараттық алаңы тағы да үлкен өзгерістің алдында тұр. Мемлекеттік дума Google компаниясының жұмысын тоқтатуға дейін баруға әзір деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Ресей депутаттары интернет алыбынан қарызын толық қайтаруды талап етіп отыр. Ақпараттық саясат жөніндегі комитет өкілдерінің мәлімдеуінше, техникалық тұрғыдан Google-ды бұғаттау қиындық тудырмайды. Алайда Роскомнадзор бірден қатаң шара қолданбай, компанияның ел нарығына қайта оралып, берешегін өтеуін күтуі мүмкін. Бұған дейін ресейлік БАҚ Google-дың жергілікті еншілес компаниясының қарызы астрономиялық деңгейге жеткенін жазған еді. Қарыз көлемі – 91,5 квинтиллион рубль, яғни 20 таңбалы сан. Мұндай қарыздың қайдан және қалай пайда болғаны белгісіз, бірақ Google үшін Ресей нарығының есігі жабылу алдында тұрғаны анық…

Толық оқу
Қазақстандықтар үшін үйлі болудың тағы бір мүмкіндігі ашылады

Қазақстандықтар үшін үйлі болудың тағы бір мүмкіндігі ашылады. «Отбасы банк» шариғат қағидаларына сай келетін алғашқы ипотеканы іске қосуға әзірленуде деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Ислам шарттарын негізге алған бастама қазірдің өзінде құрылыс саласындағы ірі компаниялар мен Қазақстан құрылысшылар одағынан қолдау тапқан. Басты ерекшелік пайыздық үстемесіз, шариғат талаптарына сай, әділ әрі таза қаржы ұсыну. «Елдегі мұсылман азаматтардың жартысынан көбі дәстүрлі банк қызметтеріне амалсыз жүгінеді. Басқалай жол болмағандықтан ғана, пайыздық несиеге келіседі. Ал дін ұстанатын екі миллионға жуық қазақстандық әлі күнге дейін баспана мәселесін шеше алмай отыр», — дейді банк өкілдері. Бұған дейін қандай кедергі болды? Әзірге Қазақстанда шариғат ипотекасын ұсынатын бірде-бір қаржы мекемесі…

Толық оқу
қайрат әділгерей құрманғазы

Танымал актер, комик Қайрат Әділгерей атақты күйші Құрманғазы туралы айтқан сөзі үшін елден кешірім сұрады деп жазады Ertenmedia.kz. Әзілкеш күйшінің өміріне қатысты шатақ пікір білдірген болатын. «Құрманғазы «разбойник» болған, былай айтқанда «по-черному» жүрген. Исатай досы екеуі байлардан тартып алып, кедейлерге берген. Ал хоббиі күй тарту болған. Бірақ осындай дүниелердің бәрін біз зерделеп, аша алмай жатырмыз. Киноларымызда да дәріптелмей келеді, – деген еді ол. Әлгі пікірді әнші-әртістердің ізін аңдып, шегірткемен салыстырып жүретін Ахметбек Нұрсила іліп әкетіп, соңы шуға ұласқан еді. Әділгерей әзірде ғана елден кешірім сұрап, ағат кеткенін мойындады. «Күйшінің туған жері мені сотқа бергелі жатыр. Бабамыздың басындағы шырақшының аузынан естіген…

Толық оқу
шанхай апат

Шанхайдың Минхан ауданындағы Цисин көшесінде тұрғындардың үрейін ұшырған оқиға болды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. 12 ақпан күні күндіз жолдың қақ ортасынан жер ойылып, санаулы секунд ішінде асфальттың үлкен бөлігін жұтып жіберген. Қорқынышты апат метро салынып жатқан «Цзясян» желісінің құрылыс алаңында орын алған. Бір күн бұрын дәл сол жерде жерасты суының қауіпті деңгейде ағып жатқаны анықталып, мамандар дабыл қаққан екен. Оқиғаның күші соншалық маңайдағы тұрғындар жерасты дүмпулерін анық сезген. Әлеуметтік желіде жылдам тараған бейнежазбалардан жердің опырыла бастағаны, асфальттың қақ айырылып жатқанын анық байқауға болады. Тіпті бірнеше көлік жүргізушілері дер кезінде байқап, жолдың жиегіне қарай қашып үлгерген. Шанхай билігі төтенше оқиғадан ешкімнің зардап…

Толық оқу
путин трамп

Кремль Украина бойынша АҚШ-пен келіссөз барысында доллармен есеп айырысу жүйесіне қайта оралуды өтініп сұрамақшы деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Bloomberg-тің қолына түскен Путиннің төңірегіне арналған ішкі құжатта Мәскеудің Трамп әкімшілігінен келісім аясында долларлық операцияға қойылған шектеуді алып тастауды сұрайтыны айтылған. Соның ішінде энергетикалық экспорт бойынша төлемді қайтадан доллармен жүргізу мәселесі алдыңғы қатарға шығарылмақ. Құжатта екі ел арасындағы ықтимал ынтымақтастықтың 7 негізгі бағыты белгіленген екен. Ресей америкалық ұшақ өндірушілерімен ұзақ мерзімді келісімге келіп, авиациялық паркін жаңартуға дайын. Соңғы кездері желіде орыстардың сонау сәвет үкіметінен қалған ұшақтарды қайта пайдаланып жатқаны белгілі болған еді. Сондай-ақ тараптар мұнай мен сұйытылған табиғи газ (СПГ) өндірісінде, атом энергетикасында,…

Толық оқу
Дамир Шыныбеков

1 млрд 700 млн теңге жымқырған Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің экс-ректоры Дамир Шыныбеков амнистия бойынша бостандыққа шықты деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің ресми жауабына сәйкес, Шыныбековтің жазасы заңда белгіленген тәртіппен қайта есептеліп, амнистия қолданылған. Нәтижесінде ол сот белгілеген мерзімін толық өтеп шыққан. Сондай-ақ комитет өзге деректерді жариялауға заң шектеу қоятынын жеткізген. Еске сала кетейік, 2019 жылдың маусымында Алматы қаласының соты ХАТУ-дың сол кездегі ректоры Дамир Шыныбеков пен университеттің бас бұғалтыры Жанайым Спабековаға қатысты істі қарауға кіріскен еді. Олар 2013-2018 жылдар аралығында жалған келісімшарттар рәсімдеп, 1 миллиард 700 миллион теңгеден астам қаржыны қолма-қол ақшаға айналдырып, жымқырған деп айыпталған болатын. 2020…

Толық оқу