Автор: Назым Болатхан

Назым Болатхан

Назым Болатхан Ertenmedia.kz редакциясында қоғам, әлеуметтік тақырып, қала өмірі, шоу-бизнес және адам тағдырына қатысты оқиғалар туралы жазады. Оның материалдарында күнделікті өмірдегі маңызды мәселелер, азаматтардың үні, мемлекеттік органдар шешімі және қоғамда талқы тудырған жайттар қамтылады.

қайсар қамза Ішкі істер мәлімдеме жасады

Қазақ аудиториясына кеңінен танымал блогер Қайсар Қамзаны Қазақстанға қайтару мәселесі Бас прокуратурамен бірлесіп шешіліп жатыр. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Әлеуметтік желілерде миллиондаған оқырман жинаған Қайсар Қамза қаңтар айынан бері халықаралық іздеуде. Оған Қаржылық мониторинг агенттігі интернет-казиноларды заңсыз жарнамалап, ел-жұртты адастырды деген айып тағып отыр. Құзырлы органның дерегінше, Қамза Instagram-дағы qais_arr аккаунты арқылы бес жыл бойы онлайн-казино платформаларын насихаттап келген. Оның желідегі оқырманы 2,4 миллионға жеткен. Сондай-ақ блогер 368 мың адам тіркелген «Қора энтертейнмэнт» Telegram-каналының әкімшісі болған. Блогер казино сайтында тіркелуге шақырып, арнайы промокод таратып, осы арқылы тұрақты түрде заңсыз табыс тауып отырған.…

Толық оқу
Бақытжан Базарбек

Қазақстанда көлікке жалған мемлекеттік нөмір тағып жүретіндер үшін жауапкершілік қатаңдатылуы мүмкін. Депутат Бақытжан Базарбек мәселе көтеріп, елде мұндай заңсыздықтың тым көбейгенін ашық айтты деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Мәжіліс отырысында депутат жалған мемлекеттік нөмірлердің кесірінен талай адам қаза тауып жатқанын жеткізіп, заңды қатаңдату керектігін алға тартты. Айтуынша, бүгінде жалған нөмір тағатындардың арасында қалтасы қалың азаматтар мен олардың бала-шағасы да жиі кездеседі. «Бұл Алматыда ғана емес, бүкіл Қазақстан аумағында таралған қауіпті үрдіс. Қарапайым жұрттың өміріне тікелей қауіп төндіріп отырған мәселе. Жалған нөмір таққан көлік апат жасаса, кінәліні табу қиынға түседі. Салдарынан қаншама отбасы қайғы жұтып отыр», — деді Бақытжан Базарбек. Оның сөзінше, мұндай…

Толық оқу
айдос сарым

Қазақстанда жемқорлыққа қарсы заң қатаңдай түседі. Депутаты Айдос Сарым жаңа заң жобасын таныстырып, коррупциямен күрестегі маңызды өзгерістер туралы баяндау жасады деп жазады Ertenmedia.kz. Жаңа заң жобасында ең алдымен жемқорлықтың алдын алу шаралары күшейеді. Мүдделер қақтығысын болдырмау мәселесі егжей-тегжейлі қаралып, меморгандар мен квазимемлекеттік мекемелерде осы процеске жауапты қызметкердің құзыреті арттырылмақ. Атап айтқанда, әдеп жөніндегі уәкіл мен комплаенс-қызметтердің рөлі айқындалады. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметкерлер өзінің жеке мүдделерін декларациялауға міндеттеледі. Бұдан бөлек, ағайын-туыс адамдардың бір жерде қызмет істеуіне тыйым салынатын талап енгізіледі. Егер осы шарт орындалмаса, жауапты тұлғалар тәртіптік немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Осындай жағдайда жасалған келісімдер мен шарттар жарамсыз боп танылады. Пара…

Толық оқу
Серік Сәпиев сұхбат берді

Серік Сәпиев Қарағанды облысының спорт басқармасындағы қызметтен кетуіне өңір спортындағы бармақ басты, көз қысты әрекеттер әсер еткенін айтты. Олимпиада чемпионы «Почему не я» бағдарламасында осы оқиғаның астарын ашып берді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Айтуынша, дау орынбасарының «кадр ротациясы» маңындағы заңсыз қылықтарынан басталған. Ол бұрынғы әріптесі адамдарды қызметке орналастыру арқылы пайда тапқанын меңзеп, әңгімені тым тереңдеткісі келмеді. «Ол заңсыз әрекеттер жасады. Мен соны тоқтатқым келді. Кадр ротациясы бойынша. Яғни адамдарды қызметке орналастырудан ақша тапты. Осымен шектелейік», — деді Сәпиев сұхбатта. Олимпиада чемпионы әлгі әрекеттің артында өзінен жоғары тұрған адамдардың ықпалы болуы мүмкін екенін де жасырмады. Оның сөзінше, бұрынғы орынбасары басқарма басшысы емес,…

Толық оқу
Тоқаев 20 қаңтарда Қызылордада өтетін Ұлттық құрылтайдың

Құрылтай туралы жаңа заң жобасында Президенттің жоғары өкілді органды тарату құқығы нақты жағдаймен шектеліп көрсетілген деп хабарлайды Ertenmedia.kz. «Құрылтай және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заң жобасына сәйкес, Президент Құрылтай төрағасымен және Премьер-министрмен кеңескеннен кейін Құрылтайды тарата алады. Алайда құжатта мұндай шешімнің бірден қабылдана салмайтыны аңғарылады. Таратуға негіз болатын саяси жағдай бөлек көрсетілген. Ең маңызды норма Премьер-министрді тағайындау тәртібіне қатысты. Егер Құрылтай Президент (қазіргі жағдайда Тоқаев, ред.) ұсынған Премьер-министр кандидатурасын екі рет мақұлдамаса, Мемлекет басшысы Құрылтайды таратуға құқылы. Осы арқылы заң жобасы Үкімет басшысын бекіту мәселесін саяси дағдарысқа ұластырмаудың жолын белгілеп отыр. Нені білу маңызды? Президент Құрылтайды таратқан жағдайда жаңа…

Толық оқу
Бектенов устроил жесткий разбор из-за проблем людей с инвалидностью в Казахстане

Жаңа заң жобасында Құрылтай мен Үкімет арасындағы қатынас заң қабылдаумен шектелмей, министрлерді тыңдау, есеп сұрау және депутаттық бақылау тетіктері арқылы күшейтілмек деп хабарлайды Ertenmedia.kz. «Құрылтай және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заң жобасында Үкімет мүшелерінің Құрылтай алдындағы жауапкершілігі бірнеше арна арқылы көрсетілген. Соның бірі — Үкімет сағаты. Құжатқа сәйкес, Құрылтай меморгандар мен ұйымдардың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Үкімет сағатын өткізе алады. Үкімет сағаты жәй формальды кездесу емес. Оған Премьер-министр, министрлер, Бас прокурор, Ұлттық банк төрағасы, Жоғары аудиторлық палата, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Жоғарғы сот және өзге де мемлекеттік орган басшылары шақырылуы мүмкін. Олар ашық немесе жабық отырыста сөз сөйлеп, депутат сауалына…

Толық оқу
Қазақстанда жол ережесін бұзған жүргізушілер баллмен жазаланбақ

Қазақстанда жол ережесін жиі бұзатын жүргізушілерге қарсы жаңа баллдық жүйе сынақтан өтіп жатыр, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Премьер Бектенов Сенат депутаттарының сауалына берген жауабында Ішкі істердің Бас прокуратурамен бірге жол қозғалысы ережесін бұзуды балл арқылы есепке алатын жүйені әзірлеп жатқанын мәлімдеді. Пилоттық жоба қазір Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жүргізіліп жатыр. Жаңа тәртіптің өзегі қарапайым: жүргізуші әр құқықбұзушылық үшін белгілі бір балл алады. Егер бір календарлық жыл ішінде 20 балл жиналса, көлік басқару құқығы алты айға тоқтатылады. Куәлікті қайта алу үшін жүргізуші жол ережесінен емтихан тапсыруға міндетті болады. Балл тек әкімшілік құқықбұзушылық туралы қаулы заңды күшіне енгеннен кейін ғана есептеледі. Яғни…

Толық оқу
лавров қазақстанға келді

Қазақстан мен Ресей екі ел аумағында алты бірлескен мектеп салу мәселесін пысықтап жатыр, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бұл жөнінде Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Астанада Қазақстан СІМ басшысы Ермек Көшербаевпен келіссөзден кейін өткен брифингте мәлімдеді. Айтуынша, білім саласы екі ел арасындағы күн тәртібіндегі маңызды бағыттың біріне айналған. Лавров алты мектептің үшеуі Ресей аумағында, тағы үшеуі Қазақстанда салынатынын айтты. Ресейдегі мектептер қазақ тілінде білім беруге бағытталуы мүмкін деген ақпарат та тарады. Қазақстандағы үш мектеп орыс тілінде оқытатын бірлескен білім нысаны ретінде қарастырылып отыр. Кездесу барысында тараптар қазақ-ресей мектептерін құру жобаларымен қатар, Астана мен Алматыда ресейлік «Сириус» мектебінің филиалдарын ашу мәселесін де…

Толық оқу
курс доллара

Қазақстанда доллар бағамы жыл басындағы болжамнан әлдеқайда төмен түсті. Бұған тек мұнайдың қымбаттауы емес, Ұлттық банктің қатаң саясаты мен теңгеге ағылған қысқа мерзімді капитал әсер етіп отыр, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. 2025 жылдың соңында бірқатар сарапшы 2026 жылы доллар 560–580 теңгеге дейін баруы мүмкін деп болжаған-тұғын. Алайда 30 сәуірдегі жағдай бойынша америкалық валюта 463,3 теңге шамасында саудаланды. Ал Brent мұнайы бір сәтте барреліне 126 долларға дейін көтеріліп, соңғы төрт жылдағы ең жоғары деңгейге жетті. Форсбпен пікірлескен экономист Арман Бейсембаевтың айтуынша, теңгенің күшеюіне ең алдымен Ұлттық банктің қатаң ақша-несие саясаты ықпал еткен. Базалық мөлшерлеменің 18 пайызға дейін көтерілуі нарыққа «инфляциямен күрес бірінші…

Толық оқу
Сақтықта қорлық жоқ: Ұлттық банк алтын қорын неліктен 12 тоннаға арттырды?

Әлемдегі орталық банктер алтын сатып алуды үдетіп жатыр. Қазақстан да көптен қалысар емес, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. World Gold Council 29 сәуірде жариялаған есепте орталық банктер 2026 жылдың бірінші тоқсанында 243,7 тонна алтын сатып алғаны көрсетілді. Бір жыл бұрынғы кезеңмен салыстырғанда сұраныс 3 пайызға өскен. Алтынды ең көп алған елдер қатарында Польша, Өзбекстан, Қытай және Қазақстан бар. Тимур Сүлейменов басқаратын Ұлттық банк алғашқы тоқсанда резервке 12 тонна алтын қосқан. Алтын орталық банк үшін жай бағалы металл емес. Доллар әлсіресе, нарықта дүрбелең басталса немесе әлемде саяси тәуекел күшейсе, көп ел алтынға қарайды. Себебі алтын ешбір мемлекеттің валютасына толық тәуелді емес. Қағаз ақша құнсыздануы…

Толық оқу