Автор: Назым Болатхан

Қазақстан Олимпиада 2026

Италияда өтіп жатқан қысқы Олимпиада атлеттердің қалтасын қампайтар керемет мүмкіндік болғалы тұр. Олимпиада жүлдегеріне берілетін сыйақы бойынша Қазақстан әлемдегі ең жомарт елдердің сапына кіріпті. Мемлекет алтынмен апталған медалді жүздеген мың долларға бағалап отыр деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қазақ спортшыларына төленетін қаржылай марапат көлеміне Forbes та таңғалып жатыр екен. Басылым дерегінше, біздің ел алтын медаль иеленген атлетіне 250 мың доллар санап береді. Бұл ма, бұл АҚШ чемпиондарына төленетін сыйақыдан шамамен 7 есе көп. Әмірикалық спортшыларға алтын үшін әрі кетсе 37 мың доллар беріледі. «Қазақтардың қола жүлдегерге төлейтін сыйақысы да қомақты (75 мың доллар). Бір қызығы үшінші орын мен алтыншы орын алған спортшыға…

Толық оқу
мұхтар шаханов 2026

Әйгілі ақын, ұлт қайраткері Мұхтар Шахановтың келіні Жаңагүл Мұратқызы әлемжеліде тараған видеоға қатысты ашық үндеу жариялады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. «Мен, Жаңагүл Мұратқызы, Мұхтар Шахановтың келіні ретінде, қоғамға ашық мәлімдеме жасаймын! Атаның қазіргі денсаулық жағдайы өте күрделі, айтқан сөзін бірнеше минуттан соң ұмытып қалатын ауыр халде. Жақында ғана екінші ұлын жерлеген адамның көңіл-күйі, жан дүниесінің жағдайы қандай екенін бірі түсінсе, бірі түсіне бермейді. Қазір Атамыз қоғамда болып жатқан оқиғалардан мүлдем хабарсыз екенін түсініңіздер! Сондықтан, өтінемін, тыныштық беріңіздер!» – деді Жаңагүл Өмірбекова. Ол әлемжелідегі бір видео үшін ұлтқа адал қызмет еткен тұлғаның ар-намысына тиіп, қарғап-сілеудің еш негізсіз әрі әділетсіз әрекет екенін қадап…

Толық оқу
«Лондон банкі» және есепшоттағы 20 миллион доллар

«Лондон банкі» және есепшоттағы 20 миллион доллар. Петропавлдық зейнеткер интернеттегі инвестициялық алаяқтардың құрығына түсіп қалды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Ақмола облысы Полиция департаментінің мәліметіне қарағанда, қылмыстық істі Қосшы қаласының тәртіп сақшылары тергеп жатыр. Оқиға былай болған… Петропавлда тұратын зейнеткер әйел былтыр ақпан айында интернетте «тез әрі оңай табысқа жетесің» деген жарнаманы көріп, сеніп қалады. Сол мезеттен бастап белгісіз алаяқтар әйелге хабарласып, оны инвестициялық жобаға қаржы салуға үгіттеген. Олардың нұсқауымен зейнеткер бірнеше транзакция арқылы жалпы сомасы 10 миллион теңгеден астам ақшаны аударған. Бірнеше ай бойы алаяқтар әйелдің сеніміне кіру үшін үзбей байланысып, оның «инвестициясының» сәтті әрі табысты екенін дәлелдеумен болған. Олар әйелге…

Толық оқу
мемлекеттік нөмір алу

Қазақтар енді көлікке мемлекеттік нөмір алу үшін бұрынғыдай арнайы ХҚКО-ға барып кезек күтпейді.  «Азаматтарға арналған үкімет» мобильді қосымша арқылы жаңа цифрлық сервисті іске қосты деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жаңа ереже бойынша, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап көлік иелері үшін мемлекеттік тіркеу нөмірлерінің тізімі кеңейтілді. Енді оған автокөлік жүргізушілерінің арасында аса танымал, сұранысы жоғары «қалаулы» және «айнадай» (зеркальный) нөмірлер де кіреді. Осылайша, автокөлік иелері үшін таңдау мүмкіндігі артты. Жаңа онлайн сервис арқылы мемлекеттік нөмірді тапсырыс беру бірнеше минутты ғана алады. Ол үшін азаматтар смартфондағы ХҚКО мобильді қосымшасына кіріп, авторизация жасап, мемлекеттік нөмір таңдау қызметін таңдайды. Қосымшада қажетті әріп пен сан комбинациясын енгізіп,…

Толық оқу
Қазақтар енді телефон нөмірі немесе QR-код арқылы

Қазақтар енді телефон нөмірі немесе QR-код арқылы ақша аудара алады. Ұлттық банк елде мобильді төлемдер мен аударымдарға арналған жаңа банк аралық жүйенің негізін қалады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жаңа жүйенің ең үлкен артықшылығы банк клиенттері бір-біріне қаражат жіберу үшін енді карта нөмірі мен ұзын-сонар реквизит іздеп отырмайды. Ақша аудару үшін алушының телефон нөмірін білу жеткілікті. Төлем бірден, бірнеше секундтың ішінде басқа банктегі есепшотқа түседі. Кәсіпкерлер үшін де тиімді шешім бар. QR-код арқылы төлем қабылдайтын бизнес иелеріне енді бірнеше банктің POS-терминалын қатар орнатып қоюдың қажеті болмайды. Клиент смартфонындағы қосымша арқылы бір ғана QR-кодты сканерлеп, өзіне ыңғайлы банктен бірден төлем жасайды. Ұлттық банк…

Толық оқу
депутат Бапи

Конституциялық реформаның түйткілдерін талқылаған Мәжіліс жиынанда депутат Бапи елге үндеу жасады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Айтуынша, көпшілік өзгерістің ауқымын толық бағалай алмай отыр. Әлемжеліде көбіне эмоцияға негізделген, сыңаржақ сындар жиі айтылады. «Назарбаев дәуірінде тұншыққан демократия енді ғана тыныс алды. Соның нәтижесінде конституциялық реформалар жасауға, саяси жүйені жаңартуға мүмкіндік туды. Осының астарын түсінбей, құр сынай беру өзіміз аңсаған демократияға жасалған қиянат», – деді ол. Жаңа Конституция жобасына қатысты ең өткір талас тіл мәселесі төңірегінде болып отыр. Депутат тіл мәселесінде халық көзқарасын толық түсінетінін, бұл тақырыпты жабулы қазан күйінде қалдыруға болмайтынын айтты. Дегенмен, бір гәп бар… Қазіргі күрделі геосаяси жағдайды ескеріп, тіл мәселесін…

Толық оқу

Жер мәселесі тағы да күн тәртібінде. Бұл жолғы даудың төбесінде әлемжеліде әдейі таратылған жалған ақпарат тұр. Жұрт арасында «жаңа Конституцияда жер шетелдіктерге сатылады» деген қауіпті фейк тарауда. Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек осы мәселеге қатысты пікір білдіріп, жалған ақпаратты ашық түрде жоққа шығарды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Депутат әлемжеліде тарап жатқан өсек-аяң саналы түрде ұйымдастырылған арандату екенін айтады. Оның сөзінше, Конституцияның жаңа жобасында жерді сату немесе оған қатысты тыйымды алып тастау туралы бірде-бір норма жоқ. Тіпті қазіргі қолданыстағы Конституцияның 6-бабы еш өзгеріссіз жаңа Конституция жобасындағы 8-бапқа көшірілген. «Жер және оның қойнауы, су ресурстары, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи байлық қазақтың…

Толық оқу
Доллар теңге

Қазақстанның валюта нарығында доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеп жатыр деп хабарлайды Ertenmedia.kz. 4 ақпан күні сағат 11:00-дегі жағдай бойынша, Астанадағы ақша айырбастау орындарында доллар 505 теңгеден сатылуда. Ал сатып алу бағасы 497-498 теңге аралығында. Алматыда америкалық валютаны сату бағамы 501-502 теңгеден белгіленген, сатып алу құны орташа есеппен 498-499 теңге болып тұр. Бір күн бұрын, 3 ақпанда Астанадағы валюта айырбастау пункттерінде доллардың орташа сату бағамы 508,37 теңге, сатып алу бағамы 501,50 теңге болған. Алматыда сол күні долларды сату орташа 506,73 теңгеден, сатып алу 504,38 теңгеден жүзеге асқан. Қазақстан қор биржасында (KASE) 3 ақпандағы сауда нәтижесі бойынша доллардың орташа бағамы 1,73 теңгеге…

Толық оқу
Астана мен Алматыда ірі қылмыстық топтың

Астана мен Алматыда ірі қылмыстық топтың мүшелері ұсталды. Олар ауыр және аса ауыр қылмыстар жасады деген күдікке ілінді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Ұйымдасқан топ адам ұрлау, ақша бопсалау және қасақана мүлік бүлдірумен айналысқан. Алматыда болған бір оқиғада күдіктілер жергілікті тұрғынды ұрлап әкетіп, оны аяусыз соққыға жыққан. Сөйтіп, 12 миллион теңге төлеуді талап еткен. Қылмыскерлер кәсіпкерлерге де қысым жасаған. Полиция дерегі бойынша, олар бизнесмендерді қорқытып-үркіту үшін автокөліктерін өртеген. Күштік құрылымдардың арнайы операциясы кезінде 20-дан астам нысанға тінту жүргізілді. Нәтижесінде ірі көлемдегі ақша, суық қару және басқа да айғақ заттар тәркіленді. Қазірге дейін алты күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.…

Толық оқу
Айдар Асаубаев

АҚШ компаниялары еліміздің сирек метал нарығына едел-жедел кіріп жатыр. Қазақстандық AltynGroup пен америкалық REalloys корпорациясы ауқымды кен орнын бірігіп игеретін болды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Тараптар 10 жылдық келісім жобасын әзірлеген. Оған сәйкес, Қарағанды және Қостанай облысындағы  «Көкбұлақ» кен орнынан алынатын сирек метал Әмірикадағы өндіріс орындарына жеткізілмек. «Көкбұлақтың» көлемі 127 мың шаршы шақырым. Кеніштің қойнауында 350 миллион тонна темір рудасы сақталған. Олардың құрамында Трамп билігі үшін стратегиялық маңызы зор тербий мен диспрозий секілді сирек элементтер бар. AltynGroup басшысы Айдар Асаубаевтың айтуынша, мұншама байлықты дұрыс игеру керек. REalloys-тың технологиялық әлеуетін үздік деп бағалаған ол отандық өнімнің АҚШ пен Батыстың өндірістік тізбегіне қосыларына…

Толық оқу