Қазақстанда суға кетіп көз жұмған әр бесінші адамның жасы кәмелетке толмаған. Соңғы үш жылдың ішінде ғана 151 бала судан аман шықпаған. Осы қайғылы статистиканың алдын алу үшін Оқу-ағарту министрлігі мектеп бағдарламасына жүзу сабағын енгізбекші деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жоба алғашқыда Алматы мен Астанада пилоттық режимде жүзеге асады. Қыркүйекте басталатын жаңа оқу жылынан бастап 2-4 сынып оқушылары аптасына екі-үш мәрте суда жүзу бойынша жаттығуларға қатысады. Бұл жастағы балалар жүзудің бастапқы дағдыларын тез меңгеретінімен қатар, оқыс жағдайға тап болу қаупі де жоғары екен. Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығы басшысының орынбасары Наталья Дырейттің айтуынша, сабақта балаларға олимпиадалық рекорд жаңарту міндеттелмейді, басты…
Автор: Назым Болатхан
Саясаттанушы Марат Шибұтов жаңа Конституция жобасына қатысты алып-қашпа әңгімелер мен жалған ақпараттарды жария түрде жоққа шығарды. Сарапшы конституциялық комиссияның кезекті отырысында сөз сөйлеп, қоғамды дүрліктірген бірқатар қауесетке анық жауап берді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Шибұтовтың айтуынша, комиссия жұмысына қатысты әлемжеліде шындыққа мүлдем жанаспайтын, кейде тіпті әдейі бұрмаланған ақпарат өте көп таралған. «Жиналыс арасындағы үзілісте желігі сүзіп шықтым. Кейбіреулер комиссияның жұмысын комиссия мүшесі ретінде менен артық білетін секілді әсер қалдырады», – деп әзілмен бастады саясаттанушы. Оның айтуынша, Конституция жобасы толық мәтінімен ашық жарияланғаннан кейін де ақпараттық манипуляция тыйылмаған. «Менің ойымша, бұл жай ғана танымал болудың амалы емес, мұнда әдейі жасалған теріс пиғыл…
Мемкеңесшісі Ерлан Қарин конституциялық реформа жөніндегі комиссияның отырысында жаңа Конституция жобасында қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесі толық сақталғанын айтты деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қариннің осы мәселеге арнайы тоқталуы бекер емес. Жоба жария болғалы қоғамда қызу талқыға түскен баптың бірі 9-шы бап, мемлекеттік тіл туралы тармақ. Әлгі бапта «Қазақстанның мемлекеттік тілі қазақ тілі» деп анық жазылған. Алайда екінші тармағында: «мем. мекемелерде және жергілікті өзін-өзі басқару органында орыс тілі қазақ тілімен тең қолданылады» делінген. Қазақтілді қауым осы тұсқа шүйлігіп, аудиторияның басым бөлігі орыс тілін әлгі жерден алып тастау қажет деген еді. 9-шы баптың мемлекеттік тіл туралы тармағына арнайы тоқталған Қарин қазақ тіліне қатысты қара…
Freedom Holding Corp. басшысы Тимур Турлов Bloomberg-ке берген сұхбатында компанияның алдағы жоспарымен бөлісті деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Миллиардер бизнестің ауқымын айтарлықтай кеңейтіп, халықаралық деңгейдегі қаржы холдингіне айналуды көздеп отыр. Компания жақын уақытта доллар мен юаньда облигация шығаруға, маркетплейстерді сатып алу арқылы электронды коммерцияны дамытуға, телеком-инфрақұрылым мен дата-орталықтарды салуға және шетелдік нарыққа шығуға кіріспек. 5 млн клиенті бар экожүйе Freedom Holding бүгінде кең ауқымды қаржылық экожүйені қалыптастырып үлгерген. Оның ішінде Freedom Bank, сақтандыру сервистері, билет сату қызметі, онлайн-кинотеатр, азық-түлік жеткізу мен мобильді қаржы қосымшалары бар. Экожүйенің негізгі өзегі ретінде SuperApp платформасы құрылған. Өткен жылы платформа қолданушыларының саны миллион адамнан асып, компания клиентінің…
Жаңа Конституция жобасы жалпыхалықтық талқыға ұсынылды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Осы жөнінде белгілі дінтанушы, қоғам қайраткері Қайрат Жолдыбай өз пікірін білдіріп, ұсынылған жобада президенттік биліктің күшейгенін нақты баптармен көрсеткен. Қайрат Жолдыбайұлының пікірінше, ең алдымен алаңдататын мәселе Құрылтайдың таралу механизмі болып отыр. Жаңа жоба бойынша, егер Құрылтай Президент ұсынған вице-президентті, премьер-министрді немесе Конституциялық сот судьясын екі мәрте бекітпей қайтарса, Президент оны таратуға құқылы. «Мұндай жағдайда депутаттарға қысым жасалып, дербес шешім қабылдауы мүмкін емес. «Келіспесем мандат қолдан кетеді, үйге қайтамын» деген үреймен отырады. Нәтижесінде Құрылтай бақылаушы емес, жай ғана бекітуші органға айналады», — дейді автор. Одан да қауіптісі… Сот жүйесінің тұтас президент бақылауына…
3–4 ақпан күндері Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Ислам Республикасына мемлекеттік сапармен барады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Президент Исламабадта Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф және осы елдің президенті Асиф Әли Зардаримен кездеседі. Тараптар екіжақты әріптестікті тереңдету мәселелерін талқылап, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың көкжиегін кеңейтуді көздеп отыр. Әсіресе өзара сауда айналымын арттырып, инвестиция тарту, екі ел кәсіпкерлері арасындағы байланыстарды нығайтуға ерекше екпін қойылады. Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан-Пәкістан бизнес-форумына қатысады. Форум екі елдің іскер топ өкілдерінің диалог алаңына айналып, тың жобаларға жол ашады деп күтілуде. Айта кетелік, бұған дейін АҚШ президенті Қазақстан басшысын Майамидегі маңызды форумға шақырған болатын. «АҚШ-тың осы елмен қарым-қатынасы…
Жаңа Конституция жобасында орыс тілінің ресми мәртебесі сақталатын болды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Конституциялық сот жариялаған негізгі заңның жаңа нұсқасында: «Мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында қазақ тілімен қатар орыс тілі ресми түрде қолданылады», – деп нақты жазылған (9-бап). Жаңа Конституция жобасы азаматтардың, партиялар мен қоғамдық ұйымдардың ұсыныстары ескеріле отырып әзірленген. Құжат алдын ала қоғам талқысынан өтті, барлық баптары егжей-тегжейлі талқыланып, пысықталды. Ұлттық құрылтайдың соңғы отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық реформаға қатысты бірқатар маңызды жайтты жариялады. Президенттің айтуынша, өзгерістерді іске асыру үшін Конституциялық сот төрағасы Елвира Әзімованың жетекшілігімен арнайы комиссия құрылмақ. Ұсынылған өзгерістер 2027 жылы жалпыұлттық референдум арқылы қабылданады. Мемлекет…
Медицина қызметкерлері электронды құжаттарға цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) қою мәселесіне қатысты Денсаулық сақтау министрі түсініктеме берді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Министрдің айтуынша, медицина қызметкерлеріне ЭЦҚ қолдану талабы жаңадан енгізілмеген. Ол министрліктің нормативтік-құқықтық актілерінде 2021 жылдан бері қарастырылып, кейбір жағдайларда қолданылып келген. «ЭЦҚ-ны медицина құжаттарында міндетті түрде қолдану медициналық жазбалардың шынайылығын арттырып, дәрігер мен пациент құқығын қорғауға, қызметтің нақты көрсетілгенін растауға және жалған жазбалардың алдын алуға бағытталған», – деді Ақмарал Әлназарова. Министр қазіргі қолданыстағы ЭЦҚ-ны растау тәртібінің дәрігерлерге ыңғайсыз екенін, себебі әр әрекет сайын қолтаңба сұрайтынын атап өтті. «Қазір біз ЭЦҚ-ны қолдануды жеңілдететін жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Медицина қызметкерлерінің жұмыс жүктемесі өте жоғары екені…
Қазақстанда зейнет жасына қатысты мәселе қоғам назарында тұр. Әзірге ресми түрде зейнетке шығу жасы өзгеріссіз күйде қалып отыр деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қазіргі уақытта ер адамдар 63, ал әйел адамдар 61 жасқа толғанда зейнетке шығады. Бұған дейін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен тиісті органдар әйелдердің зейнет жасын 2027 жылдың соңына дейін өзгертпеу туралы мәлімдеген болатын. Дегенмен мемлекет жоспарында 2028 жылдан бастап әйелдердің зейнетке шығу жасын кезең-кезеңімен өсіру мүмкіндігі қарастырылған: 2028 жылғы 1 қаңтардан – 61,5 жас; 2029 жылғы 1 қаңтардан – 62 жас; 2030 жылғы 1 қаңтардан – 62,5 жас; 2031 жылғы 1 қаңтардан бастап – 63 жас. Егер жоспар толық…
Қазақстанда еш жерде ресми жұмыс істемеген азаматтар зейнет жасында мүлдем қаражатсыз қалмайды. Олар мемлекеттік базалық зейнетақыға сенім арта алады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Еліміздегі зейнетақы жүйесі бірнеше деңгейден тұрады. Соның ішінде мемлекеттік базалық зейнетақының мөлшері еңбек өтіліне қарай анықталады. Алайда өмір бойы ресми жұмыс істемеген, еңбек өтілі жоқ азаматтар да осы төлемнен құр қалмайды. Әлеуметтік кодекстің 206-бабына сәйкес, егер азаматтың еңбек өтілі 10 жылға жетпесе немесе мүлде болмаса, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің белгілі бір пайыздық үлесі есебінен төленеді. Мысалы, 2024 жылы базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 65 пайызы болса, 2025 жылы 70 пайызға дейін көтерілді. Бұл орайда еңбек…










