Автор: Самал Жолжақсынова

Ерлан Өтегенов Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары қызметіне тағайындалды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Ерлан Рахымжанұлы Өтегенов прокуратура саласында 1997 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Ақмола облыстары және Алматы қаласының прокуратураларында түрлі басшылық қызметтерде болған тәжірибелі маман. Ол Алматы облысы Қарасай ауданы прокурорының орынбасары, Алматы табиғат қорғау прокуратурасы прокурорының орынбасары, Ақмола облысының Целиноград және Егіндікөл аудандарының прокуроры қызметтерін атқарды. Сонымен қатар Алматы облысы Талғар ауданының прокуроры, Алматы қаласы бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті басқармасының басшысы болды. 2019 жылдың маусымында Астана қаласы прокурорының орынбасары лауазымына тағайындалса, 2022 жылдың мамырынан бастап елорданың прокуроры қызметін атқарып келді. Ерлан Өтегенов…

Толық оқу
Әлемжелі арқылы қазақтардың сеніміне кіріп

Әлемжелі арқылы қазақтардың сеніміне кіріп, жүздеген миллион теңгені айналдырған ерлі-зайыпты блогерлер Ерболат пен Елмира Жанәбіловтерге қатысты тергеу аяқталды деп хабарлайды Ertenmedia.kz Қаржы мониториң агенттінің мәліметінше, аудиториясы 15 миллион адамнан асатын ерлі-зайыптылар заңсыз кәсіпкерлікпен айналысып, қылмыстық жолмен тапқан ақшаны қалтаға басқан. Олар 2025 жылы онлайн-курстар сату арқылы көлеңкелі бизнес жүргізген. Жалған курстардың ешқандай біліми құндылығы жоқ, басым бөлігі YouTube секілді ашық платформалардан алынған. Шын мәнінде онлайн-курс дегені астыртын лотерея өткізудің амалы болған. Курстарды сатып алған қатысушылар қымбат сыйлықтар ұтысына қатысатынына сенген. Алайда сыйлық қоры блогерлердің өз қаражаты есебінен емес, курсқа төленген азаматтардың ақшасынан құралған. Одан бөлек… «Сәттілік барабанының» параметрлері жасанды жолмен…

Толық оқу
Майдан Сүлейменов Конституция

Жаңа Конституцияның мәтіні баяғыда дайындалып қойған. Танымал заңгер, елдің қазіргі Ата заңын жазуға атсалысқан Майдан Сүлейменов осындай мәлімдеме жасады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. «Соңғы кезде маған «Конституция талқыланып жатыр, неге үндемей отырсыз?» деген сұрақ жиі қойылады. Ашық айтайын, мен мәнсіз жұмыстан әбден шаршадым. Иә, қазіргі Конституция авторларының бірі менмін. Оны талқылау кезінде Конституциялық сотты сақтау және Парламент өкілеттігін шектемеу үшін жанымды салдым. Бірақ ешқайсысы қабылданбады. Соған қарамастан, мен сол Конституциядан ұялмаймын. Франция Конституциясының озық үлгілерін алдық, француздар осы Конституциямен-ақ демократиясын сақтап отыр. Мен Назарбаевтың жеке билігі мен отбасының ықпалын күшейтуге бағытталған кейінгі түзетулерден ұяламын», – деді академик. Экс-елбасының тұсындағы ұятты өзгерістер…

Толық оқу
Дина Елгезек

Тәртіп сақшылары қоғамда өткір мәселелерді көтеріп жүрген журналист Дина Елгезектің есігін қағыпты деп жазады Ertenmedia.kz. Конституциялық өзгерістің олқы тұстарын жіпке тізген белсендісінің әрекеті заңға томпақ болса керек. «Үйге полициялар келді. “Түсіндірме жұмысы” дейді-мыс. Қазақстан азаматы ретінде Конституцияны талқылауға толық қақым бар. Тілімді қорғау Отанымның алдындағы перзенттік парызым», — дейді осы тұста Дина Елгезек. Соңғы күндері Ата заңдағы атышулы 9-шы баптың аптығы басылмай тұр. Әлемжелідегі қауым түгелдей өзгеріп жатқан маңызды құжатта мемлекеттік тілге де лайықты мәртебе берілуі керек деп санайды. Facebook-тен басталған наразылықты соңғы күндері Threads-тегі қауым іліп әкетіп, аталған мәселеде биліктен батыл қимыл талап етуде. Ақорда өз кезегінде қазақ тілінің тұғырдан…

Толық оқу
Аида Балаева үндеу

Премьердің орынбасары, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева елге үндеу жасап, қоғам тыныштығын бұзғысы келетін арандатушылардан сақ болуға шақырды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Вице-премьер мәлімдемесінде ел азаматтары тарихи кезеңді бастан кешіріп отырғанын айтты. Оның сөзінше, жаңа Конституция жобасын талқылау мемлекеттің алдағы онжылдықтағы даму бағытын айқындайтын аса маңызды саяси процесс. «Жасыратыны жоқ, әлеуметтік желілерде кейбір пиғылы теріс адамдар белсенді әрекет етіп, елдегі қоғамдық-саяси ахуалды тұрақсыздандыруға тырысуда. Олар жалған аккаунттар мен парақшалар ашып, қоғамды адастыруға, жалған ақпарат таратуға кіріскен», – деді Аида Балаева. Министрдің айтуынша, арандатушылардың арасында белгілі тұлғалардың атынан жалған аккаунт ашып, жұртты шатастырушылар көбейген. «Мысалы, әлеуметтік желілерде Мұхтар Шахановтың, Шавкат Рахмоновтың…

Толық оқу
Қазақстандық кәсіпкерлер үшін жаңа жылдан бастап салық төлеу

Қазақстандық кәсіпкерлер үшін жаңа жылдан бастап салық төлеу айтарлықтай жеңілдеді. Бұдан былай бизнес өкілдері салық қарызын кепілсіз-ақ кейінге қалдырып немесе бөліп төлей алады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Мемкірістер комитетінің Аудит департаментіне қарасты берешекпен жұмыс басқармасының басшысы Қайсар Арынның айтуынша, 2026 жылдан бастап елде салық қарызын реттеудің жолдары жеңілдеп, бизнеске қысым азайған. «Бұрын кәсіпкер қаржылық қиындыққа тап болғанда, салықты бөліп төлеу немесе кейінге қалдыруға мүмкіндік берілетін. Бірақ ол үшін банктік кепілдік не кепіл ретінде мүлік қою міндетті еді. Оның өзі сақтандырылып, бағаланып, қандай да бір ауыртпалықтан таза болуы керек болатын. Жаңа Салық кодексінде осы міндет жойылды. Енді салық қарызын кепілсіз-ақ бөліп төлеуге…

Толық оқу
Қазыбек Иса

Депутат Қазыбек Иса Ата заңның тың үлгісіне көңілі толатынын айтып, жаңа жобаның кеңес дәуірінің иісі кетпеген ескі құжаттан мүлде бөлек екенін мәлімдеді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Оның пікірінше, жаңа Конституцияда «ұлы дала», «байырғы қазақ жері», «құрылтай» сияқты тарихи ұғымдар қайта тірілген. Су жаңа Ата заң жат тілде емес, жатық тілде жазылған, ұлы даланың мыңжылдық тарихынан тамыр тартып тұр. «Жаңа мәтінде адам құқығы мен бостандығы алдыңғы қатарға шықты. Тәуелсіздікті қорғау, ұлттық бірлікті бекемдеу, тарихи-мәдени мұраны сақтау, отаншылдық идеяны нығайту секілді маңызды ұстаным айқын көрсетілді. Қазақта мемлекет болмаған дейтіндерге жауап ретінде құрылтай ұғымының қайта жандануы Алтын Орданың айбарын еске салды», – деді депутат.…

Толық оқу
жаңа конституция

Мәжіліс депутаты Еркін Әбіл жаңа Конституция жобасында тарихи сабақтастық ұстанымының ерекше орын алғанын атап өтті деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Оның пікірінше, Конституциядағы «Ұлы дала» ұғымы – жай эмоциялық сипаттағы әдемі сөз емес, керісінше, мемлекеттің терең тарихын, мәдени тамыры мен ұлттық кодын құқықтық деңгейде бекітетін нақты ұғым. Яғни, осы норманың енгізілуі өткен мен бүгінді байланыстырып, елдің келешегін нықтайтын құқықтық көпірдің қызметін атқарады. «Бұл Қазақстанның ішкі тұтастығын нығайтып, сыртқы әлемге елдің терең тарихы мен ұлттық ерекшелігін паш етудің маңызды қадамы», – дейді Еркін Әбіл. Сонымен бірге депутат Конституциядағы тарихи сабақтастық ұстанымының халықаралық тәжірибеде кеңінен қолданылатынына тоқталды. Мысалы, Қытай, Венгрия, Польша, Литва сияқты елдердің…

Толық оқу
отбасы банк ұлттық қор балаларға

Кәмелетке енді толған қазақстандықтар Ұлттық қордың игілігін бірден көре алады. Бағдарлама іске қосылған үш жылдың ішінде жастардың шотында орташа есеппен 370,56 доллар қаражат жиналған деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Отбасы банкінің мәліметінше қаржыны жұмсаудың нақты екі бағыты белгіленген: баспана жағдайын жақсарту және білім алу шығындарын өтеу. Ақшаны алу үшін өтінімді «Отбасының» онлайн платформасы арқылы жіберу жеткілікті. Банктің мәліметінше, Ұлттық қордың инвестициялық кірісінен жиналған қаржысын әлі күнге дейін пайдаланбаған қауым аз емес екен. «Қаражат өскелең ұрпақтың БЖЗҚ-дағы жеке шотында сақталады, бірақ оған қосымша кіріс есептелмейді. Егер он жыл ішінде ақша жұмсалмаса, автоматты түрде иесінің зейнетақы қорына аударылады», – деп ескертті банк өкілдері. Білім…

Толық оқу
айыппұл сот

Алматы соты белсенді Марат Абдурахмановқа әлемжеліде жаңа Конституция жобасын сынаған жазбасы үшін 86 500 теңге (шамамен 170 доллар) көлемінде айыппұл салды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Әкімшілік іс «жалған ақпарат тарату» бабымен қозғалған. Марат Абдурахманов желідегі жазбасында Ата заңның жаңа жобасын «тоталитаризм мен жемқорлық көрінісі» деп бағалап, оны қабылдау наразылыққа түрткі болуы мүмкін екенін айтқан. «Президент пен Құрылтайдың міндеті мен жауапкершілігі неге көрсетілмеген? Бар міндет тек азаматтарға, ал құқық тек шенеуніктерге берілген. Азаматтардың дауыс беру үдерісін бақылауы туралы бір ауыз сөз жоқ. Осы Конституция қабылданса, минималды зейнетақы 50 долларға, ал ең төменгі жалақы 100 долларға түсуі мүмкін. Жерімізді сатып жіберуі мүмкін, митинг…

Толық оқу