Автор: Самал Жолжақсынова

Путин Астана Кремль

Кәсіпкер Игорь Рыбин Еуразиялық одақтың ел экономикасына тигізген зардабы туралы өткір мәлімдеме жасады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Оның пікірінше, одақ Қазақстанды өрге сүйремей, керісінше кері тартып жатқан өте-мөте қауіпті жоба. «Еуразиялық одақ туралы жалған оптимизм мен саяси жаттанды сөздерден шаршадым. Шынын айту керек, бұл Назарбаевтың жеке бастамасы еді. Елмен ақылдасқан ешкім жоқ, ашық талқы болмады, нақты салдарын ешкім таразыламады. Ақыры не болды? Біз осы одақтың зардабын тартып отырмыз. Зардап шегетін кім? Біз — бизнес, қарапайым азаматтар, бүтін бір елдің экономикасы», – дейді кәсіпкер. Рыбин осы ұйымның Қазақстанға нақты қандай пайда әкелгенін биліктің өзі де білмейтінін алға тартып отыр. «Цифрды сөйлетейікші. Одаққа кіргенімізге…

Толық оқу
Әміриканың Carlyle Group инвест компаниясы

Әміриканың Carlyle Group инвест компаниясы ресейлік «Лукойлдың» шетелдегі активтерін сатып алуға келісті, бірақ бір гәп бар деп хабарлайды Ertenmedia.kz Reuters-тің дерегінше орыстар Қазақстандағы активтерін өз меншігінде сақтап қалмақ. Тараптардың мәлім еткеніндей саудаға қойылған активтің жалпы құны 22 миллиард доллар. АҚШ билігі келісімді 28 ақпанға дейін мақұлдауы тиіс. Әмірикалықтар мәміле барысында жұмыс орнын сақтап қалуға, активтердің тұрақтылығына кепіл болуға және өндіріс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге уәде беріпті. Carlyle Group-тың иелігіне өтетін активтер арасында Иракта орналасқан әлемдегі ең ірі кеніштің бірі «Батыс Құрна-2», сондай-ақ Румыния мен Бұлғариядағы мұнай өңдеу зауыты бар. Алайда Қазақстандағы жобалар әлгі келісімге енбей қалған. Ақкенженов не деп еді? Күні…

Толық оқу
әскердегі әлімжеттік

Қаңтар қаралы басталды. Әскер қатарындағы төрт бірдей сарбаздың жұмбақ өлімі Қорғаныс министрлігіндегі біраз шендіні орнынан қозғады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Министр Дәурен Қосановтың тапсырмасымен әскердегі жеке құрамның психологиялық ахуалын тексеру үшін барлық бөлімге арнайы комиссия аттанғанын бұған дейін жазғанбыз. Тексеріс қорытындысында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының басшысы, штаб бастығы мен тәрбие және идеологияға жауапты орынбасар тәртіптік жазаға тартылыпты. Жауынгер қаза тапқан әскери бөлімнің командирі, оның орынбасары және батальон командирі қызметтен қуылған. «Қорғанмин жедел шараларды қолға алып, казармаларда тәулік бойы қадағалау енгізді. Әскери тәртіп күшейтіліп, жауынгерлердің жаттығу мен атыс кезіндегі қауіпсіздігі қатаң бақылауға алынды. Сарбаздар енді жақындарымен видеобайланыс арқылы сөйлесіп тұрады, ал командирлер әрбір…

Толық оқу
Тоқаев криптовалюта

Қазақстанда әлеуметтік салаға бөлінген қыруар қаржыны жымқырған алаяқтардың әрекеті әшкереленді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Президент Тоқаев Қаржы мониториң агенттігінде өткен жиында әлеуметтік салаға бөлінген триллиондаған теңгені қалтасына басқандарды қатаң сынға алды. Мемлекет басшысы мұндай әрекеттің ақтауға жатпайтынын ашық айтып, мәселені тамырымен жоюды тапсырды. «Ел қаржысын жеке мүддесіне бұрып, әлеуметтік саланың ақшасын талан-таражға салған алаяқтарға еш аяушылық болмайды. Бұған жол беруге болмайды. Криптовалюта арқылы капиталды сыртқа шығаруға ұмтылатындар әлі де бар. Осындай заңсыздықтардың жолына нық тосқауыл қойылуы қажет. Көлеңкелі экономика мемлекеттің дамуын тежеп, халықтың несібесіне қол сұғып отыр. Мұнымен күрес бүгінгі күннің басты әрі ымырасыз талабы», – деді Президент. Тоқаев қаржы мониториң…

Толық оқу
президент Тоқаев бизнес 2026

Президент Тоқаев құқық қорғау органдарының кәсіпкерлер жұмысына заңсыз араласуын қатаң сынға алып, мұндай әрекет мемлекет мүддесіне қайшы екенін айтты деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Президенттің айтуынша, бизнеске қолдан кедергі келтіру елдегі инвест ахуалды нашарлататын ауыр қылмыспен тең. Мемлекет басшысы осы бағытта көп жылдан бері қыруал іс атқарылса да, кәсіпкерлер мен  «Атамекен» палатасынан әлі де арыз түсіп жатқанын атап өтті. «Барлық құқық қорғау органдары мынаны анық түсінуге тиіс. Бизнестің заңды жұмысына тұмсық тығып, кедергі келтіру мемлекеттік мүддеге қарсы ауыр қылмыс. Бірінші кезекте Қаржы мониториң агенттігіне ерекше ескертемін», – деді Тоқаев. Ақордаға жеткен маңызды инсайд Президент өзінің атына өңірлерден түсіп жатқан маңызды инсайдпен те…

Толық оқу
Бензин бағасы 2026

Энергі министрі Ерлан Ақкенженов бензин бағасының болашағына қатысты сұраққа жауап берді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Министрдің айтуынша, 31 наурызда аяқталатын мораторийдан кейін жанармай нарығы басыбүтін сұраныс пен ұсыныстың ырқына беріледі. Осыған дейін үкіметтің қатаң ұстанымы арқасында бензин бағасының күрт өсуін тоқтатуға мүмкіндік болған. Дегенмен министрлік былтырдан бері жанармай бағасын тікелей бақылаудан шығарған болатын. «Өткен жылдың ақпаннан бастап бензин нарығы еркін айналымда. Егер үкімет мораторий аяқталған соң нарық жұмысына араласпаса, баға тек нарық шартына сай қалыптасады. Бағаның қандай бағыт аларын ішкі сұраныс пен ұсыныстың деңгейі шешеді», – деді Ақкенженов. Бензиннің сапасы дұрыстала ма? Тілшілер министрге халықты мазалап жүрген бензин сапасы жайлы сауал…

Толық оқу
Ерлан Ақкенженов жалақы

Энергі министрі Ерлан Ақкенженов былтырғы табысының көлемі мен шығу тегін ашық айтты деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Мәжіліс дәлізінде тілшілердің сұрағына жауап берген шенеунік өткен жылы ешқандай аста-төк кіріс көрмегенін мәлім етті. «Мен бе, мен мемлекеттік қызметшімін. Заңда таңбаланған тәртіп бойынша декларация тапсырдым. Жар дегендегі жалғыз табыс көзім министрлік қызметім үшін алатын жалақым. Одан басқа ешқандай кіріс көзі жоқ», – деді министр. Ақкенженов айлық жалақысының нақты мөлшерін де жасырмай, 1 миллион 200 мың теңгеге жуық екенін жеткізді. Сонымен қатар декларацияға заңмен белгіленген сыйақы мен қосымша төлемдер де енгізілгенін атап өтті. Жылдық жалпы табысына қатысты сұраққа министр «20 миллион теңгеден сәл-пәл ғана асатын…

Толық оқу
қандастар квота 2026

Былтыр 16 мыңнан аса қандасымыз атажұртына оралыпты. Осылайша 1991 жылдан бері елге келген қандастың жалпы саны 1 миллион 164 мыңнан асты деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Еңбекмин дерегінше қандастың басым бөлігі екі елден Өзбекстан мен Қытайдан оралған. Екеуінің де үлесі шамалас 44 пайыздың төңірегінде. Бұдан бөлек, Түрікменстаннан 4 пайыз, Моңғолиядан 3 пайыз, Ресейден 2,5 пайыз, өзге елдерден 1,9 пайыз қандас ат басын туған жерге бұрған. Қандастардың әлеуметтік портреті қандай? Қазақстанға келген қандастың жартысынан көбі (57,4 пайыз) еңбекке жарамды жаста. Ал 34 пайызы  кәмелет жасына толмағандар, зейнет жасындағылар 8,6 пайыз. Білім деңгейіне келсек, еңбекке жарамды қандастарымыздың 15 пайызы жоғары білімді, 27,5 пайызы орта арнайы…

Толық оқу
Татарстандағы арнайы экономикалық аймақ

Татарстандағы арнайы экономикалық аймақ Орта Азия мен Латын Америкасынан келген қыздарды жалдап, дрон құрастыруда деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Сurrenttime дерегінше «Алабұға» экономикалық аймағында соғысқа ауадай қажет дрондар жиналып жатыр. Кәсіпорын жұмыс күшінен тапшылық тартқасын Африкадан қыз-келіншектерді шақырған, кейін Латын Әмерикасына ойысқан, енді Орта Азияға бет бұрыпты. «Ресми деректе «сервис және тамақтану саласында жұмысқа қабылдаймыз» делінгенімен, іс жүзінде «Алабұға старт» жобасының қатысушылары Иранның Shahed-136 кәмикадзе-дрондарын құрап жатыр. Қыздар өте-мөте ауыр жағдайда еңбек етеді. Қауіпті химиялық заттармен ешбір қорғаныс құралынсыз жұмыс істейді. Кейбіреуінің төлқұжатын тәркілеп, ел қайтуға мүмкіндік бермеуде», — дейді осы тұста Демократияны қорғау қоры. Қордың айтуынша, «Алабұға» экономика аймағы «вербовкімен» айналысып отыр. Кәсіпорынға…

Толық оқу
Аида Балаева

Әлемжеліде Каспий құбыр консорциумына жасалған дрон шабуылын қолдаған азаматтардың аты-жөні анықталып жатыр, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Мәселені алғаш көтерген депутат Сарым стратегиялық маңызы бар инфрақұрылымға шабуыл жасалғасын әлемжеліде соны қолдап пікір жазған қауымға шүйліккен. «Желіде мемлекет үшін аса маңызды нысанға жасалған шабуылды жақтап-ақтап жатқан азаматтар кездеседі. Мұндай әрекетті сөз бостандығымен бүркемелеуге болмайды, керісінше ұлттық мүддемізге тікелей қауіп төндіреді», – деген болатын Айдос Сарым. Айтуынша, украин дрондарының шабуылы Қазақстанды ай сайын жарты миллиард доллар табыстан қағып, Ұлттық қорды шығынға батыруда. Осыған байланысты депутат Бас прокурор Берік Асылов пен вице премье, Ақпарат министрі Аида Балаеваға сауал жолдаған. Сарым шабуылды құптаған қауымды  Қылмыстық кодекстің 256…

Толық оқу