Автор: Самал Жолжақсынова

салық кодексі 2026

Қаржымин келесі жылдан бастап азаматтардың табысы мен шығынын мұқият салыстыра бастайды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жаңа жүйені Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Астанада өткен жиында таныстырды. Айтуынша, меморгандар енді азаматтардың қайда ұшып-қонғанын, оған қанша ақша жұмсағанын, қандай мүлік сатып алғанын, тіпті бүкмекерге бәс тіккеніне дейін жіті бақылайды. Бастама салықтан жалтаратындарды анықтауға бағытталған. Шенділердің шетелден әкелген мүлкіне қатысты қойылған сауалға вице-министр жаңа бақылау жүйесі тек мемлекеттік қызметшіге ғана емес, бүкіл халыққа тарайтынын жеткізді. Келесі жылдан бастап ортақ база қалыптасады «Айталық, бір шенеунік жылына 2 миллион теңгеге ұшып, 5 миллионға тауар алып келсе, бірақ айлығы небәрі 1 миллион теңге болса, мұндайда не істейсіздер?» деген…

Толық оқу
Серік Сәпиев Қарағанды спорты

Серік Сәпиев орынбасарымен болған жанжалдың түпкі себебін ашық айтты деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Оның айтуынша, кикілжің жеке бастың өкпе-ренішінен емес, облыста ықпалы жүріп тұрған белгісіз топтың астыртын әрекетінен туындаған. «Өңірдегі кейбір ықпалды азаматтар менің сыртымнан спорт мекемелерінің басшыларын заңсыз ауыстырмақ болған. Бұл әрекетті дер кезінде байқап қалып, мәселені бейбіт жолмен шешуге тырыстым», – деді Сәпиев әлеуметтік желіде. Олимпиада чемпионы осындай қысымға қарамастан, Президент тапсырған спорт саласындағы жүйелі реформаларды соңына дейін жеткізуге бекінгенін мәлімдеді. Бұған дейін, 23 қаңтарда Қарағандыда Серік Сәпиев пен орынбасары Дәурен Есімханов арасында төбелес болды деген ақпарат тараған. Осыған байланысты полиция «дене жарақатын салу» бабымен іс қозғады. Оқиғаның мән-жайы…

Толық оқу
Қазақстан армиясында тағы да қаза

Қазақстан армиясында тағы да қаза. Елдің шығысындағы әскери бөлімде мерзімді қызметін өтеп жүрген сарбаз өзіне бекітілген қарудан оқ атып, көз жұмды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қайғылы оқиға 23 қаңтар күні Өскемен гарнизонында болған. Құрлық әскерлері бас қолбасшысының тәрбие және идеология жөніндегі орынбасары Арынғали Әкішевтің айтуынша, сарбаз былтыр сәуір айында әскер қатарына шақырылған. Қазір осы дерек бойынша Шығыс өңірлік әскери-тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғап, мән-жайды анықтап жатыр. Істің барысы Өскемен гарнизонының әскери прокуратурасының қатаң бақылауында. Оқиғаның нақты себебін жан-жақты әрі әділ анықтау үшін Қорғаныс министрінің тапсырмасымен арнайы комиссия құрылған. Оны қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-майор Асқар Мұстабеков басқарады. Қорғаныс министрлігі марқұм сарбаздың отбасына…

Толық оқу
Мадуроны алып қашу

АҚШ президенті Дональд Трамп атышулы Мадуроны алып қашу кезінде әмірикалық әскерилер қолданған аса құпия қарудың атын абайсызда айтып қойды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Дөкең New York Post басылымына берген сұхбатында құпия қаруды «дискомбобулятор» деп атаған. «Маған негізі бұл туралы айтуға болмайды. Венесуела әскерінің қолында ресейлік және қытайлық рәкеталар болды. Олар бізді күтіп отырды. Бірақ түймені басқанда бірде-бір ракета атылмады. Біз жақындап қалдық, олар қаруын іске қоса алмады», – деп баяндады ол. «Дискомбобулятор» ағылшын тілінде discombobulate, яғни «есінен тандыру», «бағыт-бағдарды жою» деген мағынаға саяды. Осыған дейін New York Post аты-жөнін жасырған венесуелалық әскеридің сөзіне сүйеніп, АҚШ сарбаздарының белгісіз қаруды пайдаланғанын хабарлаған еді.…

Толық оқу
Ресей мен Украина

Ресей мен Украина арасында соғысты тоқтату жөніндегі келіссөздер 1 ақпанда Әбу-Дабиде өтеді. Тараптарға АҚШ арағайындық етпек деп хабарлайды Ertenmedia.kz. 23–24 қаңтарда Әбу-Дабиде өткен келіссөздердің алғашқы раунды көптен күткен бетбұрыс ретінде сипатталды. АҚШ өкілінің айтуынша, тараптар өзара сыйластық танытып, күрделі мәселелерді бүкпесіз талқылаған. «Келіссөз атмосферасы өте жайлы болды, тараптардың соғысты тоқтатуға шынайы ықыласын көрдік. Өте маңызды мәселелер жан-жақты талқыланды. Алдағы аптада келісімді соңғы нүктеге дейін жеткізуге тырысамыз», – деді атын жасырған америкалық ресми өкіл. Президент Трамптың арнайы өкілі Стибен Уиткофф та келіссөздің оң нәтижемен өткенін, талқылаудың келесі аптада жалғасатынын атап өтті. Осы келіссөзге дейін, 22 қаңтарда Мәскеуде Путин АҚШ президентінің күйеу…

Толық оқу
Заңгер Жангелді Сүлейманов

Заңгер Жангелді Сүлейманов салық кодексін жетілдіру бойынша ұсыныстардың бюрократияға ұшырап, Президент тапсырмасы орындалмай отырғанын ашық айтты деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Заңгердің айтуынша, Мемлекет басшысы салық кодексіне өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстарды тікелей әрі ашық талқылау үшін арнайы жобалық кеңсе құруды тапсырған. Әлгі міндет вице-премьер әрі Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғаринге жүктелген еді. Алайда министрлік заңгердің 5 бірдей нақты ұсынысын талқылаудың орнына, бұрынғы ескі сүрлеумен Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеп жіберген. «Президент Тоқаев Жұманғаринге нақты тапсырма берді. Ұсыныстар арнайы құрылған жобалық кеңседе қаралуы керек еді. Мен кеше Ұлттық экономика министрлігіне бес бірдей мазмұнды ұсыныс жолдадым. Министрлік бұларды стандартты бюрократиялық тізбекпен Мемлекеттік кірістер комитетіне бағыттап…

Толық оқу
Давостағы дипломатия

Доналд Трамптың «Бейбітшілік кеңесіне» Путин де шақырту алды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Кремль көсемі бірден бас шұлғи салмай, алдымен «стратегиялық серіктестерімен» кеңесетінін жеткізген екен. Сарапшылардың пікірінше, Мәскеу осындай сәтте ең алдымен Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірін білуге тырысады. Дөкең, Доналд Трамп Давоста ұсынған жаңа ұйымға Қазақстанмен қатар Аргентина, Косово, Марокко, Венгрия, Индонезия мен Иордания қол қойып үлгерді. Алғашында әрі кетсе Ғаза секторындағы қақтығысты шешуге бағытталған ұйым әлдеқайда ауқымды геосаяси ойыншыға айналуы мүмкін. Трамптың өзі су жаңа ұйымның БҰҰ-ны алмастыратын әлеуеті бар екенін айтып, масаттанып отыр. «Бейтбішілік кеңесіне» Мәскеуді қосуға мүдделі боп отырған Ақ үй басшысының арғы мақсаты әзір белгісіз. «Кремль қожайыны мұндай…

Толық оқу
Тоқаев құрылтай

Түркі дүниесіне тән, елдік пен бірліктің алтын арқауына айналған Құрылтай ұғымы тарихымызда ерекше маңызға ие. Оның түп тамыры тереңде, бабаларымыздың бағзыдан келе жатқан салт-дәстүрімен, мемлекеттік басқару мәдениетімен астасып жатыр деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Белгілі ғалым, фольклортанушы әрі Түркі академиясының сарапшысы Ақеділ Тойшанұлының айтуынша, Құрылтай түркілер заманынан бері жалғасқан, Шыңғыс хан мен Алтын Орда дәуірінде шарықтау шегіне жеткен, халық пен биліктің арасын берік жалғаған, тарихи санамызда мықтап орныққан ерекше институт. «Ел билеген хан мемлекет тағдырын таразыға салар кезде төрт тараптан халқымен ақылдасқан. Бектер мен билер, нояндар мен қолбасылар жиналып, ұлыстың тағдыры үшін бір шешімге келген. Заң қабылдап, жарғы бекітіп, маңызды мәселелерді талқыға…

Толық оқу
Серік Сәпиев Қарағанды

Қарағандыдағы спорт шенділерінің төбелесі камераға түсіп қалды. Облыстық спорт басқармасының жетекшісі, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев пен орынбасары Дәурен Есімханов арасындағы жанжалдың тың дерекпен толығуда деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Оқиға орнында орнатылған бақылау камерасының кадрынан қолына папкі ұстаған Сәпиевке ұқсас адамның кабинетке кіргенін көруге болады. Арада аз уақыт өткен соң, әлгі адам бөлмеден асығыс-үсігіс атып шығады. Бұл жолы оның үстінде костюмі жоқ, ақ жейдемен ғана қалған. Бұған дейін облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде Сәпиев пен Есімхановтың жаға жыртысып, Олимпиада чемпионының жарақат алғанын хабарлаған едік. Қарағанды облыстық полиция департаменті 42 жастағы тұрғынның шағымы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын растап отыр. Оқиғаның толық мән-жайын анықталу үстінде. Кейбір…

Толық оқу
Қанат Шарлапаев Атамекен

«Атамекеннің» төріне жаңа төраға келді. Бұған дейін Президенттің уәзірі қызметін атқарған Қанат Шарлапаев кәсіпкерлер палатасына басшы болып сайланды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Осы күнге дейін Райымбек Баталов басқарған ұйымның жаңа жетекшісі XIII съезде ресми түрде бекітілді. Қанат Шарлапаевтың еңбек жолы қаржы саласымен тығыз байланысты. Ресейдің Саратов қаласында дүниеге келген ол Ұлыбританияның беделді Cranfield менеджмент мектебінде білім алып, қаржы мен басқарудың қыр-сырын меңгерген. «Сити» инвестициялық банкінде басшылық қызмет атқарып, Чехия мен Ұлыбританиядан бөлек, Таяу Шығыс пен Африка нарығын да шарлап шыққан. Қазақстанға оралғаннан кейін де осы деңгейден түскен жоқ. «Бәйтерек» ұлттық холдингін басқарды, кейін Президенттің экономика жөніндегі көмекшісі атанды. Өнеркәсіп және құрылыс…

Толық оқу