Қазгидромет синоптиктері 18-20 наурыз күндері Астана мен Алматы қаласындағы ауа райының қандай болатынын хабарлады деп жазады Ertenmedia.kz. Астанада 18 наурыз күні көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын күтілмейді. Түнгі және таңғы мезгілде тұман түсіп, жолда көктайғақ сақталады. Батыс, солтүстік-батыстан секундына 2-7 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде -7…-9 градус, күндіз +3…+5 градус. 19 наурызда да жауын-шашын болмайды, көшпелі бұлт күтіледі. Жел солтүстік-батыс, батыстан секундына 2-7 метр жылдамдықпен соғады. Түнде ауа температурасы -5…-7 градус болса, күндіз +3…+5 градус шамасында. 20 наурызда күн ашық, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз өтеді. Оңтүстік-батыстан секундына 0-5 метр жылдамдықпен жел соғады. Температура түнде -2…-4 градус, күндіз +5…+7 градусқа дейін…
Автор: Самал Жолжақсынова
Атырау облысының Жангелдин ауылында бір отбасын түгелдей өлтірді деген күдікке ілінген Сұлтан Сәрсемалиевке қосымша айып тағылды деп хабарлайды Ertenmedia.kz Tengrinews-ке сілтеп. Ішкі істер министрлігінің ресми жауабына сәйкес, күдікті енді екі бап бойынша тергелуде: Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігі – «Екі немесе одан да көп адамды өлтіру»; 188-баптың 2-бөлігі – «Алдын ала сөз байласу арқылы жасалған ұрлық». «Атырау облысы полиция департаменті адам өлтіру және олардың мүлкін ұрлау фактілері бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Күдікті ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды», – делінген министрліктің хабарламасында. Алайда ведомство күдіктінің әйелі Ақбаян Мұқанғалиеваның іске қатыстылығына әзірге құқықтық баға берген жоқ. Контекст Қайғылы оқиға 2025 жылдың желтоқсан…
Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформа тек саяси жүйені жаңартумен шектелмей, елдің ұзақ мерзімді дамуындағы негізгі ресурс ретінде адам капиталына ерекше көңіл бөледі деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Diplomatic World Institute жобаларының директоры Альберто Туркстра «Қазақстанның жаңа конституциялық моделі: орнықты әрі заманауи мемлекет жолында» атты халықаралық сараптамалық дөңгелек үстелде осындай пікір білдірді. Аталған шараны ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ) мен Maqsut Narikbayev University (MNU) ұйымдастырды. Халықаралық сарапшының айтуынша, ұсынылған конституциялық реформа – мемлекеттік басқару мен құқық жүйесін кешенді түрде жаңартуды көздеген бастама. Жоба елдегі экономикалық, әлеуметтік және саяси өзгерістерді толық қамтып, мемлекеттік институттардың тиімді жұмыс істеуіне жол ашады. «Реформаның…
Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованың жазасы бас бостандығын шектеуге ауыстырылды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Атырау қаласының №2 соты 16 наурыз күні пробация қызметінің өтінішін қарады. Осыдан үш жыл бұрын Хаменованың жазасын өтеу мерзімі кішкентай баласының болуына байланысты 10 наурыз 2026 жылға дейін кейінге шегерілген еді. Соттың хабарлауынша осы кезеңде Бақытгүл Хаменова қоғамдық тәртіпті бұзбаған, әкімшілік жауапкершілікке тартылмаған, бала тәрбиесі бойынша міндеттерін орындаған. Аталған жағдайларды ескеріп, сот пробация қызметінің өтінішін қанағаттандырды. Хаменованың өтелмеген жазасы 7 жылдық бас бостандығын шектеуге ауыстырылып, пробациялық бақылау мерзімі сол күйінде сақталды. Контекст Бұған дейін, 2022 жылдың 15 қарашасында дәл осы сот Бақытгүл Хаменованы Атырауда Абай…
Қазақстанда кальянды қоғамдық орындарда қолдануға қойылған қатаң тыйым қайта қаралуы мүмкін деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Елдегі антитемекі белсенділері мұндай шешімге түбегейлі қарсы шығып отыр. Олар жаңа ережелер шиша-барлар мен арнайы бөлмелердің жаппай ашылуына жол ашады деп санайды. «Темекі түтінінен азат Қазақстан үшін» коалициясының мәлімдеуінше, заңдағы өзгеріс кез келген кафе не ресторанның оңай жолмен кальян клубына айналуына мүмкіндік береді. Ол үшін арнайы мәртебе алынып, 500 АЕК мөлшерінде алым төлеу жеткілікті болмақ. Депутат не дейді? Мәжіліс депутаты Олжас Құспеков қазіргі заңнаманың нақты жұмыс істемей, кальян нарығының көлеңкеге кеткенін айтты. Депутаттың пікірінше, қазіргі тыйым формалды түрде ғана сақталып отыр, ал кальян әлі де қоғамдық…
Қазақстанда несие алаяқтығына қарсы жасалған арнайы механизм «Стоп-кредит» қызметін 5 миллионнан астам адам пайдаланып үлгерді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. «Бірінші несие бюросының» дерегіне сүйенсек, қазіргі таңда 5,1 млн азамат өз атына несие рәсімдеуге алдын ала тыйым салған. Осы арқылы банктік және микроқаржылық ұйымдардың рұқсатсыз займ беруін тоқтатуға болады. «Стоп-кредит» – мемлекеттік қызмет, ол eGov.kz порталы мен eGov Mobile қосымшасында қолжетімді. Бір ерекшелігі, қойылған тыйымды тек азаматтың өзі ғана алып тастай алады. Қызметтің басты артықшылығы салдармен күреспей, алаяқтықты алдын ала болдырмауында. Яғни, адамның атынан заңсыз рәсімделген несие үшін жауаптасудың орнына, ондай несиенің берілуін мүлде шектеуге мүмкіндік береді. Қызмет қосылғаннан кейін… Ақпарат несие…
Наурыз мерекесі қарсаңында Қазақстанда әуе қатынасы күшейеді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. 16-29 наурыз аралығында Air Astana мен FlyArystan әуе компаниялары жолаушылар сұранысы жоғары бағыттарда 146 қосымша рейсті іске қосады. Алматы–Астана бағытындағы рейстер саны бірден 80-ге артады. Қосымша әуе қатынасы Алматы, Астана, Ақтаудан Атырау, Ақтөбе, Шымкент, Түркістан, Қарағанды, Қостанай, Семей, Өскемен және Орал бағыттарына да жоспарланған. SCAT әуе компаниясы да мереке күндері рейстерін көбейтеді. 19-21 наурыз күндері Алматы–Астана бағытында бес, Шымкент–Ақтау бағытында бір қосымша рейс аттанады. Ал 23-26 наурыз аралығында Алматы–Астана бағытына тағы төрт, бұған қоса Шымкент–Астана және Ақтау–Астана бағыттарына бір-бірден қосымша рейс орындалады. Жалпы алғанда, мерекелік күндерде Қазақстан бойынша шамамен 160…
Республикалық бюджеттің негізгі кіріс көзі корпоративтік табыс салығы (КТС), қосылған құн салығы (ҚҚС) және пайдалы қазбаларды өндіру салығының төлеу тәртібі мен мерзімі түсіндірілді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Корпоративтік табыс салығы (КТС) аванстық төлем жасайтын салық төлеушілерден әр айдың 25-інен кешіктірілмей алынуы тиіс. Бұдан бөлек, 2026 жылдың наурыз-сәуір айларында 2025 жылдың қорытындысы бойынша қосымша КТС түсімдері де күтілуде. Ал аванстық төлем жасамайтын салық төлеушілер 2026 жылға тиесілі КТС-ті 2027 жылдың 10 сәуіріне дейін төлейді. Сондай-ақ, бюджетке резидент емес компаниялардан түсетін КТС төлемдері тұрақты негізде жүзеге асырылады. Қазақстан аумағында жүзеге асырылған операциялар бойынша қосылған құн салығының (ҚҚС) төлем мерзімдері былайша белгіленген: 25 ақпан…
Қазақстанда доллар бағамы бір жарым жыл бұрынғы көрсеткішке қайта оралды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. 17 наурыз күні Ұлттық банк доллардың ресми бағамын 486,2 теңге деңгейінде белгіледі. Алдыңғы күнмен салыстырғанда АҚШ ақшасы 5,09 теңгеге арзандады. Бірінші кредиттік бюроның сарапшылары мұндай деңгей соңғы рет 2024 жылдың 28 қазанында болғанын айтады. Наурыз айында теңгенің тұрақты нығаю үрдісі байқалды. Ай басынан бері ұлттық валюта долларға шаққанда 2,3 пайызға (11,36 теңгеге) қымбаттаса, жыл басынан бері нығаю деңгейі 3,8 пайызды (19,33 теңге) құраған. Сарапшылар теңгенің нығаюын әлемдік нарықтағы мұнай бағасының көтерілуімен байланыстырып отыр. Бұған Таяу Шығыстағы шиеленіс әсер етті. АҚШ пен Израиль Теғранның инфрақұрылымына соққы жасаған соң, Иран Ормуз…
Көлік министрлігі ақылы жолдарда төлем тәртібін жеңілдететін жаңа ережелерді бекітті деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Ақылы жол қалай төленеді? Енді жүргізушілер ақылы жолмен өткен күннен бастап бір ай ішінде ешқандай айыппұлсыз төлем жасай алады. Бұған дейін жеті күн ішінде ақысы төленбесе, сегізінші күннен бастап материалдар бірден көліктік бақылау органдарына жолданып, әкімшілік жауапқа тартылатын. Жаңа тәртіп бойынша, жеке тұлға жол ақысын 30 күн ішінде төлемесе ғана, 31-күні құжаттар құзырлы органдарға жіберіледі. Сонымен қатар, жаңа ереже жеке және заңды тұлғалар үшін бөлек тәртіп енгізеді. Заңды тұлғалар жол ақысын есепті айдан кейінгі айдың 20-сына дейін төлеуі тиіс. Уақытында төленбеген жағдайда келесі күні материалдар көліктік бақылауға…










