Автор: Самал Жолжақсынова

Эстония елшісі

Қазақстанға ресми сапармен келген Эстон президенті Алар Кариске Ресей туралы мәлімдемесін жұмсартуды ұсынған елші Яап Ора айғай-шумен орнын босатты, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. ERR порталының дерегінше өткен жылдың қарашасында Астанаға ат басын бұрған Кәрис президент Тоқаевпен кездеспей тұра осындағы елшімен ақылдасып алған. Яап Ора президентке Ресей шапқыншылығына қатысты арнайы әзірлеп әкелген баяндамасын жұмсартуды ұсынған екен. Бұған құлақ асқан Карис Ақордадағы кешкі ас кезінде Киевке қолдау білдіріп, Украина мәселесіне қатысты өткір мәлімдеме жасаудан тартынып қалған. Мәтін қайта қаралып, ондағы Кремльге қатысты қатаң сыни тезистерді сылып алып тасталған. Эстон басшысының Мәскеуге қатысты позициясы әлсіреп, артынша әлгі оқиғаны елдің Сыртқы істер министрі естіген көрінеді.…

Толық оқу
ресей көліктері

Үкімет Ресей мен Беларусьтен келетін көліктердің утиль алымын еселеп өсірмек. Егер ұсынылған өзгеріс күшіне енсе, Қазақстанда сатылатын Lada маркалы көліктің бағасы бірнеше есеге қымбаттап, тіпті саудадан толық шығуы мүмкін деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Министрліктің бастамасы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер арасындағы сауда балансын реттеуге бағытталған. Әсіресе, Ресей мен Беларусь үшін қолданылатын коэффициент күрт артпақ. Қазір Қазақстанға Ресейден келген жеңіл көліктің утильалымы 757 мың теңгені құраса, жаңа ереже күшіне енген жағдайда, салық сомасы 29 млн 410 мың теңгеге дейін көтеріледі. Өзгеріс әсіресе қозғалтқыш көлемі 1-2 литр болатын автокөліктерге ауыр тиеді. Осы санаттағы Lada Granta, Vesta, Largus сияқты модельдерге қосымша 4,6 млн рубль…

Толық оқу
иглесиас билеттер

Испанияның әйгілі әншісі Энрике Иглесиастың Қазақстандағы концерттеріне билет бағасы жарияланды деп хабарлайды Ertenmedia.kz Freedom Ticketon платформасына сілтеме жасап. Алматыда Энрике жанкүйерлерімен Орталық стадионда жолықпақ. Мұнда ең арзан билет солтүстік трибунадан орын алатындарға 45 мың теңге. Ал әншіні сахна түбінен тамашалағысы келетін VIP-қонақтар үшін билет құны 190 мың теңгеге жетеді. Астанадағы концерт Astana Arena стадионында өтеді. Мұнда да ең төмен баға 45 мың теңге шығыс және батыс трибуналар мен Free Zone аймағына арналған. Ал әншіге барынша жақын тұрып, «жұлдызды атмосфераны» сезінуді қалайтындарға VIP Standing билеті 180 мың теңгеден ұсынылып отыр. Энрике Иглесиас Қазақстанға әлемге танымал стадиондық шоуын әкеледі. Астанада концерт 3…

Толық оқу
өнер жұлдыздары

Қазақстанның танымал мәдениет және өнер қайраткерлері елдің жаңа Конституциясына арналған «Халықтың Ата Заңы» атты ерекше ән жазды. Бұл туынды қоғамдағы бірлік пен саяси реформаларға көрсетілген кең қолдаудың символына айналды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жобаға отандық сахнаның жарқын жұлдыздары – Қайрат Баекенов, Мәдина Сәдуақасова, Заттыбек Көпбосынұлы, Бауыржан Исаев, Еркеш Хасен, Маржан Арапбаева, Әлішер Кәрімов, Сүндет Байғожин, Анна Уварова, Әділбек Байтанат және қазақ эстрадасының аңызына айналған Роза Рымбаева қатысты. Әннің шарықтау шегі – барлық әншінің дауысы бір арнаға тоғысып, қуатты хорға айналады. Әнге арнайы түсірілген бейнеролик еліміздің жетістіктерін кеңінен қамтыған. Видеода қазақстандық спортшылардың әлемдік ареналардағы жарқын жеңістері, ғылымдағы озық жетістіктер, робототехника мен медицина…

Толық оқу
иран ақш соғысы

Испания премьер-министрі Педро Санчес Иранға қарсы кез келген әскери әрекетті заңсыз әрі өрескел қателік деп атады және мұндай қадамның зардабы ауыр болатынын ескертті деп хабарлайды Ertenmedia.kz. «Испания үкіметі әскери базаларын Иранға қарсы бағытталған операциялар үшін пайдалануға үзілді-кесілді қарсы. Қақтығысты одан әрі ушықтыру ешкімге жақсылық әкелмейді», – деп мәлімдеді Санчес. Оның айтуынша, Иранға қарсы соғыс халықаралық құқықты ашық бұзу және әлемдегі тұрақтылықты сақтаудың басты шарты халықаралық тәртіпке қауіп төндіреді. «Біздің ұстанымымыз тек бейбітшілік. Соғыс арқылы мәселе шешілмейді. Сондықтан Испания еуропалық серіктестерімен және аймақтағы елдермен бірлесіп, дипломатиялық арналарды қайта ашу үшін жұмыс істеп жатыр», – деп түсіндірді ол. Премьер-министр Испанияның басты мақсаты…

Толық оқу
көлік салығын есептеу

Қазақстандықтар 2025 жыл үшін көлік салығын биылғы 1 сәуірге дейін төлеуі тиіс деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Салық мөлшері әр көлік құралы үшін жеке есептеледі. Сомасы қозғалтқыш көлеміне байланысты, әрі айлық есептік көрсеткіш (АЕК) негізінде анықталады. 2025 жыл үшін төленетін салық сомасы былтырғы, яғни 2025 жылғы АЕК мөлшеріне сай – 3692 теңге көлемінде есептеледі. Биылғы жылы оның мөлшері – 4325 теңге. Нақты соманы Мемлекеттік кірістер комитетінің арнайы онлайн-калькуляторынан анықтауға болады. Ол үшін жылды, көлік құралын иеленген айлар санын, көлік түрі мен қозғалтқыштың көлемін көрсету керек. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық кодексіне сай бірқатар өзгеріс күшіне енеді. Атап айтқанда, ескі көліктерге…

Толық оқу
цон жұмыс уақыты

Наурыз айындағы мерекелерге байланысты халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесі белгілі болды деп хабарлайды Ertenmedia.kz «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясына сілтеме жасап. Осы айда еліміздегі барлық ХҚКО (ЦОН) мен мамандандырылған орталықтар алты күн бойы жұмыс істемейді. 8 және 9 наурыз күндері Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай орталықтар толық жабылады. Наурыз мейрамы кезінде де ХҚКО-лардың есігі төрт күн бойы – 21-24 наурыз аралығында жабық болады. Тек 25 наурыз күні кезекші бөлімшелер таңғы сағат 9:00-ден түскі 13:00-ге дейін қысқартылған режимде қызмет көрсетеді. Қалған күндері орталықтар әдеттегі кесте бойынша жұмысын жалғастырады. Айтқандай алдағы мереке күндері Қазақстан аумағында ауа райы күрт құбылып, көктем тосын мінез…

Толық оқу
наурыз ауа райы

Алдағы мереке күндері Қазақстан аумағында ауа райы күрт құбылып, көктем тосын мінез көрсетеді деп хабарлайды Ertenmedia.kz «Қазгидрометке» сілтеме жасап. Елдің басым бөлігінде циклондар мен атмосфералық фронттардың ықпалымен жауын-шашын күшейеді. Әсіресе солтүстік пен солтүстік-батыста қалың қар мен жаңбыр күтілсе, оңтүстікте нөсер жаңбыр жауып, күн күркіреуі мүмкін. Жел екпіні күшейіп, солтүстік аймақтарда боран соғып, көктайғақ болады. Оңтүстікте найзағай жарқырайды деп болжанып отыр. Температураның соңғы күндердегі жоғары көрсеткіштері күрт төмендейді. Елдің батыс өңірінде түнгі уақытта аяз 5-15 градусқа дейін күшейеді. Ал солтүстік-батыс пен солтүстікте температура -15…-25 градусқа дейін төмендеп, аймақты нағыз арктикалық суық басады. Дегенмен, оңтүстік пен шығыс аймақтарда күн жылып, нағыз көктемнің…

Толық оқу
қазақстан уран

Қазақстанда уран барлаумен айналысқан санаулы батыс компанияларының бірі – канадалық Laramide Resources күтпеген жерден елден кетті. Шешімнің астарында шетелдік компанияларға шектеуді күшейткен жаңа заңнамалық өзгерістер тұр деп хабарлайды Ertenmedia.kz. 2024 жылы Laramide оңтүстіктегі Шу-Сарысу бассейніндегі 5500 шаршы шақырым аумақта геологиялық барлау жүргізу үшін Aral Resources компаниясымен үш жылдық келісім жасасқан еді. Аталған алаң атақты Инкай кенішіне жақын орналасқан, әрі оның болашағынан компания үлкен үміт күткен. Жобаға қажетті барлық рұқсат құжаттары желтоқсанның соңында берілгенімен, екі күннен кейін президент  Тоқаев жер қойнауын пайдалану туралы жаңа кодекске қол қойып, жағдайды күрт өзгертті. Жаңа кодекске сәйкес… Қазақстанда стратегиялық кен орындарын барлауға арналған лицензиялар ең…

Толық оқу
қашаған жобасы

Қазақстан үкіметімен құқықтық дау-дамайдың ортасында қалған британдық Shell компаниясы күтпеген жерден жаңа барлау жобасына қол қойды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. 5 наурыз күні Энергі министрінің орынбасары Ерлан Ақбаров пен Shell-дің Қазақстандағы өкілі Сиюзан Куган Ақтөбе облысындағы «Жанатұрмыс» алаңын геологиялық барлау туралы келісімге келді. 1377 шаршы шақырым аумақты қамтитын жобаға сәйкес компания аймақта сейсмикалық зерттеулер жүргізіп, деректер жинап, техникалық сараптама жасамақ. Shell-дің әрекеті осыған дейінгі ұстанымына толық қайшы Ақпан айында ғана компания басшысы Уаел Сауан Қазақстандағы инвестицияны уақытша тоқтататынын жариялаған еді. Ел үкіметінің миллиардтаған долларлық талап-арыздары британдық компанияның жұмыс істеуге деген ынтасын күрт төмендеткен. «Қазақстанда инвестиция жалғастыруға мүмкіндік көп болғанымен, алдымен құқықтық…

Толық оқу