Жетісу облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында үш ауданның орталық саябақтары жөнделіп жатыр. Жансүгіров ауылындағы саябақ күрделі жөндеуден өтіп, оның бір бөлігінде заманауи стадион салынбақ.
Автор: Самал Жолжаксын
Павлодар облысына Тримифунттық әулие Спиридонның шірімей сақталған сүйегі жеткізілді. Өңір әкімі Асайын Байханов діни делегация өкілдерімен кездесу өткізді.
Жамбыл облысының Меркі ауданына қарасты төрт ауыл жоғары жылдамдықты талшықты-оптикалық интернетке қосылып, цифрлық сервистерге қол жеткізді.
MIT мен RIKEN инженерлері деформацияға төзімді, пішінін 3D форматында дәл көрсететін жұмсақ сенсор ойлап тапты. Құрылғы медицина мен робототехникада қолданылады.
Саят Исанов Қарулы күштердің Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды. Ол бұған дейін қолбасшының орынбасары қызметін атқарған.
Премьер-министр Олжас Бектенов жол сапасына қатысты жергілікті әкімдіктер мен министрлікке жұмысты күшейтуді тапсырды.
Жамбыл облысының Гвардейский кентінде әскерилерге арналған 240 пәтерлік екі үйдің бес жылдан бері бос тұруына Қорғаныс министрлігі ресми түсініктеме берді.
Шығыс Қазақстан облыстық онкология орталығында заманауи екінші желілік үдеткіш іске қосылды. Жаңа аппарат онкологиялық науқастарды емдеу тиімділігін едәуір арттырады.
Қазақстанда қайтыс болған соң ағзасын беруге келіскендер саны бір жылда 67,7%-ға артты. Алайда трансплантация кезегінде әлі 4 800-ден астам науқас тұр.
Спорт журналисі Аслан Қаженов қысымға ұшырағанын мәлімдеп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа араша сұрап ашық үндеу жолдады.










