Автор: Самал Жолжақсынова

Тимур Сүлейменов

Ұлттық банктің базалық мөлшерлемені 18 пайыз деңгейінде ұстап тұру туралы шешімі ел экономикасындағы тұрақсыздықтың әлі де сейілмегенін аңғартады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Ақша-несие саясаты комитетінің осы жолғы шешімін бас банкир Тимур Сүлейменов елдегі инфляциялық ахуалмен байланыстырды. Ақпан айында жылдық инфляция 11,7 пайызға баяулады. Әсіресе қызмет көрсету саласындағы инфляцияның 12 пайыздан 10,8 пайызға дейін түскені ерекше байқалған. Ал азық-түлік тауарларында көрсеткіш екінші ай қатарынан төмендегенімен (12,7 пайыз), қымбатшылық халықтың инфляциялық күтімін әлі де жоғары деңгейде ұстап тұр. «Бағаның тұрақталуына қазіргі мөлшерлеме саясатының, тұтынушылық несиелендіру қарқынының баяулау және валюта бағамындағы тұрақтылықтың ықпалы зор болды. Коммуналдық қызмет мен жанармай бағасына қойылған мораторий де инфляцияны…

Толық оқу
президент тоқаев конституция

Жаңа Конституцияны қабылдау заман талабы әрі ел тағдыры үшін кезек күттірмейтін маңызды қадам. Президент Тоқаев бүгін осындай пікір білдірді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Президенттің айтуынша, жаңа Конституция жобасы елдің тұрақты дамуына қажетті құқықтық әрі институционалдық іргетасты нығайтып, Қазақстанды әділетті, бәсекеге қабілетті әрі қуатты экономикасы бар мемлекетке айналдыруды көздейді. Тоқаев қазіргі Конституцияның Қазақстанның енді-енді тәуелсіздігін нығайтып, тұрақтылығын сақтап, мемлекеттік институттарын қалыптастыра бастаған тұста қабылданғанын еске салды. Сол кезеңде тәуелсіздікті сақтап, ел ішіндегі тұрақтылықты қамтамасыз ету ең басты мақсат болған еді. «Еліміздің барлық жетістіктерінің негізінде қазіргі Конституциямыз тұр. Оған алғашқы Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі зор», – деді Тоқаев. Дегенмен… Қазір Қазақстан қуатты, халықаралық…

Толық оқу
Нұрсұлтан Жақсыген

Актер Нұрсұлтан Жақсыгеннің үстінен екі бірдей қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы оның бұрынғы әйелі Фариза Алмазқызы мәлімдеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Фаризаның айтуынша, актерге қатысты іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің екі бабы бойынша қозғалған. Атап айтқанда, «Сталкинг» – 115-1 бап және «Көрінеу жалған ақпарат тарату» – 274-баптың 2-бөлігі, 3-тармағы бойынша тергеу басталған. «Қазір Жақсыгенге қатысты екі іс тіркелді. Біз адвокатпен бірге істің соңына дейін барып, сотта әділ шешім қабылданғанша тоқтамаймыз. Оның жасаған әрбір әрекеті заң алдында тиісті бағасын алады», – дейді Фариза Алмазқызы. Осыған дейін Нұрсұлтан мен Фаризаның арасындағы дау әлеуметтік желіде көпшіліктің назарын аударып, қызу талқыланған еді. Фариза бұрынғы жұбайының…

Толық оқу
Иранда не болып жатыр

Иранның ең жұмбақ қолбасшысы Исмаил Қаанидің есімі тағы да әлем назарында. Ислам революциясы сақшылары корпусының (IRGC) «Құдс» күштерінің жетекшісі соңғы екі жылда талай рет өлім аузынан аман қалғанымен ғана емес, қазір «Израильдің тыңшысы» деген күдікпен ұсталғаны, тіпті өлім жазасына кесілгені туралы сыбыс таралуымен де ерекшеленіп тұр, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Әлемжеліде тараған расталмаған ақпаратқа сенсек, Қаани IRGC тарапынан тұтқынға алынып, тіпті дарға асылған. «Қаани Моссадтың адамы болуы мүмкін» деген болжамды бірқатар аккаунттар қызу талқылауда. 67 жастағы Исмаил Қаани 2020 жылдың қаңтарында Бағдатта америкалықтар өлтірген генерал Қасем Сүлейманидің орнын басқан еді. Содан бері Қаанидің айналасында адам өлімі жиіледі. Соңғы екі жылда Ливан…

Толық оқу
Бақытжан Базарбек

Қазақстанда таза ауыз судың стратегиялық жүйелері олигархтардың қалтасын толтыру көзіне айналып кеткен. Бұл туралы депутат Бақытжан Базарбек премьер Бектенов пен Бас прокурор Асыловқа жолдаған өткір сауалында мәлімдеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Депутаттың сөзінше, елдің 10 аймағында тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ететін стратегиялық маңызы бар су желілері жеке компаниялар мен тұлғалардың қолына өтіп кеткен. Нәтижесінде олар су жеткізу ісінде абсолютті монополист болып, коммуналдық тарифтерді қымбаттатып, бәсекелестікті жойып, халықтың есебінен қалтасын қалыңдатуда. Мысалы… Павлодардағы су желілерін «Павлодар-Водоканал» ЖШС иеленсе, Теміртауда «Аква Трейдинг», Алматы облысының Қаскелең қаласында «Каскелен Ж», Шығыс Қазақстанда «Восток Энерго», Қарағанды облысының Шахтинск қаласында «Шахтинск Водоканал», «Водоканал Новодолинский», Солтүстік Қазақстанда «Булаев…

Толық оқу
Тоқаев қауіпсіздік

Президент Тоқаев елдегі стратегиялық маңызы бар инфрақұрылым нысандарының қауіпсіздігін барынша нығайтуды тапсырды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Президент тапсырмасы Үкімет басшысына, құқық қорғау органдарының жетекшілеріне, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басшысына, ұлттық компаниялардың төрағалары мен барлық өңір әкімдеріне жолданған. Мемлекет басшысы өмірлік маңызды инфрақұрылым, соның ішінде әуежайлар, теңіз және өзен порттары, энергетикалық және коммуналдық нысандардың қорғаныс деңгейін көтеруге ерекше назар аударуды міндеттеді. Президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров міндеттердің орындалуын үйлестіру мен бақылау Қауіпсіздік кеңесінің хатшысына жүктелгенін мәлімдеді. Осылайша, еліміздің басты стратегиялық объектілерінің қауіпсіздігі мен тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында билік барлық қажетті шараларды қабылдамақ. Бұл ма, бұл бекер емес. Соңғы күндері Таяу Шығыстағы…

Толық оқу
Дубай эвакуация

Сыртқы істер Таяу Шығыстағы қазақстандықтарды эвакуациялау жұмыстарының аралық қорытындысын жариялады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. СІМ ресми өкілі Ерлан Жетібаевтың айтуынша, қазіргі уақытта қазақстандықтар арасында зардап шеккендер немесе қаза тапқандар туралы ақпарат тіркелмеген. Таяу Шығыс елдерінде әлі де Қазақстанның мыңдаған азаматы қалып отыр: Иранда – 47 адам; Израильде – 163 адам; Катарда – 3 мыңнан астам адам; БАӘ-де – 4 мыңнан астам адам; Сауд Арабиясында – 1800 адам. Бүгінге дейін Таяу Шығыстағы қазақстандықтардың 946-сы елге қайтарылды. Бүгін Маскаттан (Оман) Алматыға 314 азаматымызды жеткізетін арнайы рейс қонады. Сол жерден екінші рейспен тағы 230 адам эвакуацияланады. Жалпы, Омандағы 500-ден астам қазақстандық бүгін елге оралмақ.…

Толық оқу
Тоқаев Трамп

Қазақстанның Уашиңтонда құрылған Бейбітшілік кеңесіне қосылуы миллиардтаған шығынды талап етпейді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев мәлімдеді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жетібаевтың айтуынша, Қазақстанның жаңа халықаралық ұйымға мүше болуы елдің ұлттық мүддесіне сай және сыртқы саясатындағы көпжақты әріптестік пен халықаралық тұрақтылықты қолдау бағытына толық сәйкес келеді. Қаржыландыру мәселесіне жеке тоқталған өкіл, Қазақстан Кеңес құрамына қандай да бір міндетті қаржылық жарнасыз кіргенін атап өтті. «Қаржылық мәселеге қатысты Қазақстан бұл ұйымға ешқандай міндетті жарнасыз кірді. Жарғыда көрсетілген 1 миллиард доллар көлеміндегі ерікті жарна мүше болудың шарты емес. Бұл әр қатысушының жеке еркіне берілген мәселе. БАҚ-та жиі талқыланған әскери контингент жіберу…

Толық оқу
Дубай ескі Қазақстан

1 наурызда Дубайдағы танымал Fairmont The Palm тұрғын үй кешеніне зымыран түсіп, артынан алапат өрт шыққан болатын. Осы оқиғадан кейін әлемжеліде аталған кешенде пәтері бар қазақстандық бай-бағландар мен экс-шенеуніктердің мүлкі зардап шекті ме деген мәселе қызу талқыға түсті деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Журналистік зерттеулерге сенсек, әлгі тұрғын үй кешеніндегі 97 пәтердің иесі қазақтар. Олардың қатарында бұрынғы Сенат төрағасы Қайрат Мәмидің ұлы, Алматы облысының экс-әкімі Амандық Баталовтың жұбайы Бағдат Баталова, Ахметжан Есімовтың күйеубаласы және тағы да басқа белгілі тұлғалардың есімі аталады. Бізге жеткен мәлімет бойынша Иран зымыраны кешеннің дәл түбінен ұрған түні «ескі Қазақстанның» басым көпшілігі Дубайда болған. Ілгеріде аты аталған қалталы…

Толық оқу
Серік Жұманғарин

Қазақстандағы азық-түліктің күрт қымбаттауын қосымша құн салығының өсуімен байланыстыру мәселенің бетін ғана қалқу. Премьердің орынбасары Серік Жұманғарин пікірінше, баға шарықтауының астарында бірнеше күрделі себеп жатыр, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жұманғариннің атап өткеніндей, ел ішіндегі азық-түлік нарығына ықпал ететін басты фактор импортқа тәуелділік. Қазақстанның әлеуметтік маңызы жоғары азық-түлік өнімдері бойынша өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейі 70–90 пайыз болғанымен, әлі де сырттан тасымалданатын тауарлар көп. «Халық тек әлеуметтік маңызды өнімдерді тұтынбайды. Олар таңдаған тауарлардың көбі импорт. Қазір әлемде баға жаппай көтеріліп жатыр. Мысалы, ет пен сүттің әлемдік бағасы күрт қымбаттады. Соның әсерінен қазақстандық фермерлер өнімін сыртқа сатуға қызығып отыр. Өйткені экспорттан түсетін пайда әлдеқайда…

Толық оқу