Қазақстанда кәсіпкерлер үшін қолайлы салық режимін өзгертуге берілген өтпелі кезең ресми түрде аяқталды. Мемлекеттік кірістер комитеті ауқымды реформаның қорытындысын шығарды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жеңілдетілген салық режимі кәсіпкерлер арасында ең танымал бағыт болып қалды. 1,2 миллионнан астам бизнес субъектісі жаңартылған оңайлатылған декларацияны таңдады. Жаңа режим бойынша жылдық табысы 600 мың АЕК-ке дейін (шамамен 2,6 млрд теңге) шағын және орта бизнес субъектілері жұмыс істей алады. Бұл жүйенің басты ерекшелігі жалдамалы қызметкерлер саны бойынша ешқандай шектеу жоқ. Салық жүктемесі де айтарлықтай төмендеді Корпоративтік және жеке табыс салығының бірыңғай ставкасы небәрі 4%-ды құрайды (мәслихаттар бұл көрсеткішті екі есе төмендетуге құқылы). Бұған қоса, бизнестің осы…
Автор: Самал Жолжақсынова
Үкіметте өткен арнайы брифингте Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев пен Сыртқы істер вице-министрі Әлібек Бақаев Таяу Шығыстағы қазақстандықтарды елге қайтарудың егжей-тегжейін баяндады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Сауранбаевтың айтуынша, қазір қазақстандықтарды елге әкелудің екі негізгі бағыты пысықталған. «Қазіргі рейстер жекелеген сипатта жүзеге асырылуда. Бірінші бағыт Сауд Арабиясы мен Египет арқылы өтсе, екінші бағыт Түркия арқылы жоспарланып отыр. Егер әуе дәлізі қайта ашылса, Air Astana және SCAT Airlines компанияларының алты ұшағы дайын тұр. Жалпы, эвакуациялануы тиіс азаматтардың саны шамамен 5 мың адам», – деді министр. Вице-министр Әлібек Бақаев кеше Flydubai әуе компаниясының алғашқы рейсі қазақстандық жолаушыларды елге әкелгенін, бірақ оның тек бұрын билет алып…
Қазақстанның Сыртқы істері Таяу Шығыстағы әскери шиеленіс аймағында қалып қойған азаматтарды елге әкелу жұмысы басталғанын мәлімдеді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. СІМ вице-министрі Әлібек Бақаев Үкіметтегі брифингте эвакуацияның алғашқы кезеңінде қай азаматтардың бірінші кезекте елге жеткізілетінін түсіндірді. «Бүгін біз Оман сұлтанатының астанасы Маскаттан 467 азаматымызды елге әкелуді жоспарлап отырмыз. Ертең Джидда қаласынан 343 отандасымыз эвакуацияланады. Мұндай үлкен көлемдегі адамды бір мезетте әкелу мүмкін емес. Сондықтан бірінші кезекте әйелдер мен кәмелетке толмаған балалары бар отбасылар, 60 жастан асқан қариялар және денсаулығында кінәрат бар азаматтар іріктеледі», – деді Әлібек Бақаев. Қазір Қазақстан азаматтары Маскат пен Джидда қалаларында жинақталып, елге аттану үшін дайын отыр. Эвакуациялық…
Қазақстан Ирандағы әскери жанжалға байланысты бейтарап ұстанымда қала береді және тараптардың ешқайсысын қолдамайды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Үкіметтегі брифингте Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаевқа Таяу Шығыстағы шиеленіс кезінде Ақорданың неге Ираннан гөрі Катар, Кувейт, БАӘ, Бахрейін және Сауд Арабиясына жақындық танытып отырғаны туралы сұрақ қойылды. «Қазақстан ешбір елдің ішкі ісіне араласпайды. Жанжалға қатысты біздің ұстанымымыз бейтарап. Ешкімнің жағына шықпаймыз. Иранның да, шабуылға ұшыраған мемлекеттердің де сөзін сөйлемейміз», – деп жауап берді Әлібек Бақаев. Оның айтуынша, Қазақстан әскери қақтығыстарға қарсы және мұндай жағдай тек дипломатиялық жолмен, БҰҰ Жарғысы мен халықаралық құқық талаптарына сай реттелуі керек деп есептейді. «Осындай жанжалдардың дипломатиялық келіссөз…
Премьер-министр Олжас Бектенов Egemen Qazaqstan газетінде көлемді мақала жариялап, президент Тоқаевтың жеті жылына баға берді деп жазады Ertenmedia.kz. Айтуынша, осы уақытта Қазақстан ауыр сынақтар, күрделі өзгерістермен бетпе-бет келген. Әлемдік пандемия, геосаяси шиеленістер, экономикалық тұрақсыздық жағдайында Мемлекет басшысы «уақытша жеңістер» мен популистік қадамдардан бас тартқан. «Осы кезеңде Қазақстанның ішкі жалпы өнімі екі есе ұлғайып, 305,9 млрд долларға жетті. Экономика тек шикізатқа тәуелді болудан арылып, өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, көлік, сауда және қызмет көрсету секторлары қарқынды дамыды. Өңдеу өнеркәсібінің көлемі 2,5 есе өсіп, 30,63 трлн теңгеге жетті. Жаңа экономикалық саясаттың нәтижесінде еліміздегі номиналды ЖІӨ жан басына шаққанда 15 мың долларға көтерілді. Қостанай, Қарағанды, Павлодар,…
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Айнұр Серғазиева қызметінен босатылып, оның орнына Ұлан Бекіш тағайындалды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Серғазиеваның 2022 жылы осы лауазымға тағайындалуы әлемжеліде дау туғызған еді. Шендінің желідегі парақшасы шетелдегі саяхаттың суреттеріне тұнып тұрған. Тайланд, Франция, БАӘ, Грузия, Әзербайжан, Украина, Түркия, Ресей және Эстонияны армансыз аралаған Серғазиева Louis Vuitton, Victoria’s Secret брендінің сөмкесімен, Tiffany & Co зергерлік бұйымдарымен түскен фотосын да жарыса бөліскен-тін. Әсіресе, Рас-әл-Хаймадағы Louis Vuitton пакеттері және құны 1,8 млн теңге тұратын сәнді сөмкесімен түскен суреті қызу талқыланған. Желідегі қауым шендінің мұншама байлыққа қалай кенелгеніне жауап іздеген болатын. Серғазиеваның Дубайда түсірілген «ақша шашып, күліп жүретін көңіл-күйдемін»…
Президент Трамп Иранға қарсы әскери соққыны соңғы сәтке дейін құпия ұстап келген. Алайда оның шешіміне Израиль премьері Биниямин Нетаняхудың ықпалы зор болды деп хабарлайды Ertenmedia.kz New York Times-тың деректеріне сүйеніп. 11 ақпан күні таңертең Трамп пен Нетаньяху Ақ үйдің Сопақ кабинетінде Иран мәселесін үш сағат бойы талқылаған. Президент уәзірлері сол тұста Тегеранмен дипломатиялық келіссөз жүргізуді бастағанымен, Израиль басшысы соғыс жоспарының өзгермеуін талап еткен. Трамп көпшілік алдында қарама-қайшы мәлімдеме жасағанымен, шын мәнінде соғысқа дайындық қызу жүріп жатқан. Тіпті Ақ үй әкімшілігі мен Пентағон Конгресс мүшелерінен де операцияның шынайы мақсатын жасырып, аятолланы ауыстыру туралы жоспарды жария етпеген. Ақпан айының соңында Трамп Иранның…
2025 жылғы химия саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты, Калифорния университетінің профессоры Омар Яги ауадан тәулігіне мың литрге дейін таза ауыз су алатын инновациялық құрылғысын көпшілікке ұсынды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Interesting Engineering дерегінше жаңадан жасалған технология тіпті ылғалдылығы небәрі 20%-дан төмен шөл ауасынан да су жинай алады. Құрылғы сырттан қуат көзін қажет етпейді, толығымен автономды жұмыс істейді және күн мен желдің қуатын пайдаланып, құрғақ ауадан таза ауыз су өндіреді. Яги жаңалығын коммерцияландыру мақсатында Atoco компаниясын құрған. Құрылғының жұмыс істеу қағидасы «ретикулярлық химияға», яғни метал-органикалық қаңқаларға (Metal-Organic Frameworks немесе MOF) негізделген. MOF – молекулалық деңгейде синтезделген кеуекті материал. Оның небәрі бірнеше грамының өзінде…
Коммерциялық спутник АҚШ пен Израильдің бірлескен операциясы басталғалы бері алғаш рет Иранның ядролық нысанына соққы жасалғанын көрсетті деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Халықаралық ғылым және қауіпсіздік институтының хабарлауынша, Колорадо штатында орналасқан Vantor компаниясының түсірген суреттерінен Натанздағы жерасты уран байыту кешенінің екі кіреберісіне соққы жасалғаны белгілі болды. Бұл туралы алғаш болып Израильдік геоаналитик Бен Цион Макалес мәлімдеген. БҰҰ-ның бұрынғы ядролық инспекторы және аталған институттың негізін қалаушы Дэвид Олбрайт шабуылдардың жергілікті уақыт бойынша жексенбі түстен кейін және дүйсенбі таңертең аралығында жасалғанын айтты. Дегенмен, ол соққыны АҚШ немесе Израильдің қайсысы жасағанын нақтыламады. Сенбі күні таңертең АҚШ пен Израиль Иранға қарсы ауқымды әуе операциясын бастаған еді.…
Владимир Зеленский Таяу Шығыстағы шиеленістің АҚШ тарапынан Украинаға қару-жарақ және зымыран жеткізуге кері әсер етпегенін мәлімдеді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бұл туралы Зеленский журналистермен кездесу барысында айтты. Сөзінше, Patriot кешеніне қажетті сирек кездесетін PAC-3 зымырандарына қатысты еуропалық немесе америкалық серіктестерден қиындық туралы ешқандай хабарлама түспеген. «Украина үшін қару-жарақ біздің тіршілігіміз. Әзірге ПУРЛ бағдарламасы өз қалпында жұмыс істеп тұр. Мен еуропалық серіктестерімізбен транштарды қамтамасыз ету үшін тығыз жұмыс істеудемін. Қазірше бәрі жоспар бойынша жүзеге асып жатыр», – деді Зеленский. Президент Германия канцлері Фридрих Мерцпен телефон арқылы сөйлесіп, осы мәселені талқылағанын да атап өтті. Дегенмен Зеленский Таяу Шығыстағы қақтығыс ұзаққа созылса, Украинаға келетін әуе…










