Астана полициясы Каспий құбыр желісіне жасалған шабуылды жақтап пікір жазған желі қолданушыларына қатысты тергеу амалын бастады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бұған депутат Айдос Сарымның Бас прокуратураға жолдаған сауалы себеп болған. Мәлім болғандай, тергеу желтоқсанның 17-сінен бері жүріп жатыр. Қазір тергеушілер арандатушы жазбалардың авторы мен пікір қалдырған азаматтарды анықтап, нақты дәлел жинауда. Айыпталушыларға «ұлтаралық араздықты қоздырды» деген айып тағылуы мүмкін. Бас прокурор Берік Асылов желідегі жауапсыз жазбалар бұған дейін де құзырлы органдардың назарында болғанын еске салып, ел ішінде жалған ақпарат пен заңсыз контент таратудың салдары ауыр болатынын ескертті. Бұған дейін депутат Сарым Новороссийскідегі КТК терминалына шабуылды құптаған қауымды «мемлекетке опасыздық жасағандармен» теңестіруді…
Автор: Самат Келдібай
Мәжіліс депутаттары Алтай қаласындағы су құбыры желісін қайта жаңғырту жұмысын тексеріп, жобаның аяқталуына кедергі келтірген негізгі мәселелерді талқылады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында іске асырылып жатқан ауқымды жоба қазір 95 пайызға орындалған. Жаңа желі іске қосылса, Алтай қаласындағы 9420 абонент таза ауызсумен қамтамасыз етілмек. Жоба құны 2,6 миллиард теңге. Осы қаржыға жалпы ұзындығы 110,5 шақырым су құбыры желісі тартылған. Бірақ толыққанды іске қосуға ескі су құбырларының тозығы жеткен учаскелері кедергі болып тұр. Алтай ауданы әкімінің орынбасары Заңғар Шаухиннің айтуынша, өткен ғасырдың 60-жылдары салынған шойын құбырлардың жарамсыз бөліктерін толық ауыстыру үшін қосымша 2 миллиард теңгеге жуық қаржы қажет.…
2026 жыл шылым шегетіндер үшін жағымсыз жаңалықпен басталды. Биылдан бастап темекінің бағасы көтеріліп, қалтаға түсетін салмақ біршама арта түспек деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қаржы министрлігінің бұйрығына сәйкес, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап темекінің кез келген түрі фильтрі бар не жоқ темекі, папирос, сигарилла, сондай-ақ қыздырылатын табак өнімдерінің ең төменгі бөлшек сауда бағасы 970 теңгеден кем болмауы тиіс. 2025 жылдың екінші жартысында, яғни шілде мен желтоқсан айлары арасында дәл осындай өнімдердің минималды бағасы 920 теңге болған еді. Демек, темекі тартатындар жаңа жылдан бастап әр қорап үшін қосымша 50 теңге артық төлейтін болады. Еске сала кетейік, аталған өзгерістер өткен жылдың шілде айында бекітілген.…
Қазақ журналистикасында сұқбат алу бақыты бұйырған санаулы тұлғалар болады. Солардың бірі академик Асқар Жұмаділдаев. Оның әр әңгімесі оқырманның интеллектуалдық сұранысын толық өтейтін құнды қазына. Әлемдік деңгейде мойындалған ғалыммен сұқбаттасу журналист үшін ғана емес, басылым үшін де джек-пот ұтқанмен бірдей. Мұндай сұқбат басылым беделін еселеп көтеріп, оқырманды магнитше тартады. Белгілі журналист Кәмшат Сәтиева академикпен болған сұқбатының әсерімен бөлісіп, осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. «Асқар ағамен төрт мәрте сұқбат құрдым. Бәрінде де жаңа нәрсе үйреніп, әр сөзінен шабыт алдым. Біріншіден, ол кісіде бүгінгі заманның ритміне сай өзіне тән сөйлеу стилі бар. Ұзын-сонар кіріспе мен қорытындыдан қашады. Бірден мәселеге көшіп, қысқа-нұсқа әрі…
Экс-президент Назарбаевтың Владимир Путинмен және басқа да көшбасшылармен ұдайы байланыста болуы Тоқаевтың әлсіздігі емес, қайта Қазақстанның ұзақмерзімді стратегиялық мүддесіне сай келетін қадам. Белгілі саясаттанушы Уәлихан Төлешов осындай пікір білдіріпті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Төлешовтің айтуынша, Назарбаев қазір биліктің формальды құрылымынан алыстағанымен, Кремль үшін Орталық Азиядағы соңғы «өз адамы». Оған себеп Назарбаевтың аймақтағы түркілік бірегейлікке де, Ресейден кейінгі жаңа өңірлік тәртіпке де қатысты болмауы. Оның Мәскеу алдындағы мәртебесі қайталанбайтын, мұраға қалмайтын ерекше құбылыс. Нұрекең Кремльдің психологиялық сенім буфері ретінде қызмет атқарады. Сарапшының пікірінше, Тоқаев үшін Назарбаевтың осы рөлі өте ыңғайлы. Экс-елбасы Кремльмен «протоколсыз», жауапкершіліксіз диалог орнатуға мүмкіндік беретін арна. Бұл Астанаға Мәскеу…
Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылында тұтас бір отбасының жоғалып кетуіне байланысты тың деректер шығып жатыр деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Әлемжеліде тараған жаңа ақпарат ауыл тұрғындарының алаңдаушылығын одан әрі күшейтіп отыр. Өзін Атыраулық IT-маман ретінде таныстырған азаматтың сөзінше, жоғалған отбасының мүшесі Наурыздың атына тіркелген сим-карталар әлі күнге дейін белсенді пайдаланылуда. Оның айтуынша, карта иесінің геолокациясы Өзбекстан аумағында тіркеліп, WhatsApp мессенджеріне күніне бірнеше рет кіргені байқалған. Сондай-ақ отбасының туыстары жоғалғаннан кейін қараша және желтоқсан айына тиесілі зейнетақы төлемдерін біреулердің шешіп алғанын хабарлады. Тіпті үйдегі мал да WhatsApp арқылы жүргізілген хат алмасу арқылы сатылып кеткен. Хабарламалар жоғалған отбасының ұлы атынан жіберілген деседі.…
Елімізде көлік салығын есептеудің жаңа тәртібі күшіне енді. Әсіресе ескі көліктер үшін салық жүктемесі біршама жеңілдеп отыр, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жаңа ережеге сәйкес, енді шыққанына 10 жылдан асқан жеңіл көліктердің салығы төмендетілген коэффициентпен есептеледі. Нақтырақ айтқанда, қолданыс мерзімі 10-нан 20 жылға дейінгі автокөліктердің салығы 0,7 коэффициентімен, ал 20 жылдан асқан көліктер үшін 0,5 коэффициентімен есептелмек. Сондай-ақ, биылдан бастап көлік иелері үшін салық төлеу тәртібі де жеңілдетілді. Енді жүргізушілерге жыл ішінде бірнеше рет есеп тапсырудың қажеті жоқ. Жыл соңында бір рет декларация тапсырып, келесі жылы салығын толық төлеу жеткілікті. Тағы бір жаңалық 2013 жылдан кейін шыққан немесе елге әкелінген қозғалтқыш көлемі…
Президент Тоқаев Turkistan газетіне берген сұхбатында әскердегі сарбаз өлімі мәселесіне ерекше тоқталды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Президент бейбіт уақытта әскер қатарында жүрген сарбаздардың қаза болуы өте ауыр әрі еш ақтап алуға болмайтын жағдай екенін қадап айтты. «Жақында барлық күштік құрылым басшыларын жинаған жиында осы мәселені арнайы көтеріп, Қорғаныс министрлігі басшылығына қатаң сын айттым. Әскери тәртіп пен тәрбиелік жұмысқа лайықты көңіл бөлінбеген. Әскер жастарды шыңдайтын, өмірлік ұстанымы мен азаматтық қасиетін қалыптастыратын мектеп. Офицерлер мен командирлер сарбаздарға әр ісімен үлгі болуы керек. Әскерде әлімжеттікке, бұзақылыққа, рушылдық пен жершілдікке мүлде орын жоқ. Бұған жеке өзім бақылау жасаймын. Жағдайды түзеу үшін жедел шаралар қабылдауға тапсырма берілді»,…
Президент Тоқаев Turkistan газетіне берген сұхбатында Назарбаев пен Путин арасындағы жиі өтіп жүрген кездесулерге қатысты пікір білдірді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Мемлекет басшысының айтуынша, кездесулердің бейресми сипатқа ие екенін Ресей президентінің өзі атап өткен. «Жуырда Петерборда Путинмен кездесу барысында ол Назарбаевты өзінің жеке өтініші бойынша қабылдайтынын айтты. Жалпы, Ресей президенті өзінің бұрынғы әріптестері мен достарына ерекше ықыласпен қарайды. Сенбі күні болса да, жұмысбастылығына қарамастан Владимир Путин Қазақстанның тұңғыш президентімен асықпай отырып әңгімелесуге уақыт тапқан. Ол Назарбаевты еуразиялық интеграцияның бастауында тұрған тәжірибелі саясаткер ретінде құрметтейді», – деді Тоқаев. Президент осчнау кездесулер Кремль көсемінің адами қасиетінен хабар беретінін жеткізді. «Шынымды айтсам, бұл әңгімелердің…
Президент Тоқаев Turkistan газетіне берген сұхбатында Қаңтар оқиғасына қатысты маңызды мәлімдеме жасады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Президенттің айтуынша, Қаңтардағы трагедияның негізгі картинасын қалпына келтіру жұмыстары аяқталуға жақын. Ол осы іске қатысты тергеудің ашық әрі объективті жүруі үшін құқық қорғау органдары азаматтық қоғам өкілдерімен тығыз байланыста жұмыс істегенін атап өтті. «Танымал құқық қорғаушылар басшылық еткен бірнеше қоғамдық комиссия құрылды. Соның арқасында әрбір эпизод жан-жақты әрі әділ зерделенді. Осы орайда, өз тарапымнан белсенділік танытқан азаматтарға, құқық қорғаушыларға кәсіби шеберлігі мен азаматтық ұстанымы үшін ризашылығымды білдіремін. 2022 жылдың наурыз айында Парламентте арнайы қоғамдық тыңдаулар өткізіліп, конституциялық құрылымды күйретпек болған қылмыскерлердің түпкі мақсаты ашық айтылды»,…
