Автор: Самат Келдібай

Avatar photo

Самат Келдібай Ertenmedia.kz редакциясында қоғам, әлеуметтік ахуал, құқықтық тәртіп, резонанс оқиғалар және даулы мәселелер тақырыбын жазады. Оның материалдарында күн тәртібіндегі күрделі оқиғалар оқырманға түсінікті тілмен беріліп, шешім қабылдайтын органдардың ұстанымы мен қоғам реакциясы қатар қамтылады.

марат шибұтов

«Әділет» партиясы алдағы додада парламенттегі мандаттың басым бөлігін иеленіп қалуды көздеп отыр, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Партияның саяси кеңес мүшесі Марат Шибұтовтың мәлімдеуінше, «Аманатпен» біріккен жаңа құрылым Құрылтайдағы 100-ден 120-ға дейінгі депутаттық орынды жұлып алмақ. Сарапшының пайымдауынша, қос тараптың бір-біріне ұсынары бар. «Әділеттіктер» әлі былғана қоймаған беделі мен әдемі атауын бұлдаса, экс-аманаттықтар дайын аймақтық филиал мен мәслихаттағы ықпалын кеңінен пайдаланбақ. «Су жаңа партия Amanat-тың дайын электорына ортақтасып отыр деген пікір қисынсыз. «Әділеттің» сапында бұрын ешбір саяси ұйымның қатарында болмаған жаңа адамдар жетіп артылады. Бізде ме, бізде бренд бар, танымалдық бар, ресурс бар. Amanat біздің арқамызда «Нұр Отан» деген ауыр жүктен арылып,…

Толық оқу
айранколь тимур кулибаев

Ақордаға Атыраудың астындағы қара алтынды олигархиялық уыстан шығарып, қазынаға қайтару туралы талап жолданды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Атырау облыстық мәслихатының депутаты Сырымбек Сәрсембаев Президент әкімшілігіне ресми сауал жолдап, «Айранкөл» мұнай кен орнын мемлекет меншігіне алуды сұрапты. Қазіргі таңда стратегиялық нысан экс-президенттің күйеубаласы Тимур Құлыбаевқа тиесілі «Joint Resources» компаниясы арқылы «Каспий мұнай» акционерлік қоғамының иелігінде отыр. Тек өткен 2025 жылдың өзінде кәсіпорын 56,8 миллиард теңге таза пайда тапқан. Депутат өндіріс ошағын мемлекеттік «Ембімұнайгаз» құрамына қайта қосу керек деген ұстанымда. «Кезінде осы «Айранкөл» тікелей «Ембімұнайгаздың» құрамдас бөлігі «Құлсарымұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының есебінде тұрған-ды. Алайда, Назарбаевтың тұсында күмәнді әрі бүркемеленген жағдайда жекеменшік секторға, соның…

Толық оқу
әділет партиясы

Ширек ғасырлық тарихы бар, талай сайлауда топжарған «Аманат» туғанына ай толмаған «Әділеттің» етегінен ұстап кете барды. Ertenmedia.kz күні бұрын болжаған саяси сахнадағы «ребрендинг» (бәлкім, рестайлинг) апай-топай, апыл-ғұпыл өткендей әсер қалдырды. Алдымен Астанадағы съезде Ерлан Қошанов өзі басқаратын партияға қатысты жағымсыз ассоциация барын айтып, халықтың өкпе-назынан шаршаған алып құрылым «күнәдан тазару» ритуалынан өтуі керектігін меңзеді. Қош, сонымен кім-кімді жұтты өзі? Формалды түрде «Әділет» «Аманатты» өзіне серік қылды. Ал іс жүзінде Назарбаев дәуірінің сарқыншағы іспетті алып машина жаңа брендтің ішіне емін-еркін жайғасты. Алдағы бес-алты айда партияның бүкіл аппараты «Әділеттің» қойны-қонышына еніп, тегіс көшіп келеді. Ашығын айтқанда, есіктен шыққан «Аманат» терезеден қайта кіріп…

Толық оқу
Айбек Дәдебай

«Әділет» делегаттары «AMANAT» партиясын өз қатарына қосу туралы шешімді бірауыздан қолдап, дауыс берді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жиын барысында тіркелген 613 қатысушының барлығы бастаманы бірауыздан мақұлдап, қарсылық танытқандар немесе қалыс қалғандар болған жоқ. Құрылтай мінберінен сөз сөйлеген «Әділет» жетекшісі Айбек Дәдебай жиналғандарды осы тарихи таңдауды қолдауға шақырып, өз мәлімдемесін жасады. «Әділет» партиясының «AMANAT» партиясына қосылуы тар шеңбердегі партиялық мүддеден жоғары тұратын, ұлттық жауапкершіліктен туындаған дана шешім. Бұл қоғамның жоғары мүддесі жолында бірігу қабілетінің шынайы дәлелі», — деді саяси ұйым басшысы. Оның пайымдауынша, мұндай қадам қоғам мен болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілікті сезінетін билік бірлігіне бастайды. Сонымен қатар әлгі шешім екі тараптың жинақтаған…

Толық оқу
пенсия в Казахстане 2026

Қазақстанда зейнетақы тағайындау ережесі өзгереді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі төлем рәсімінің бір бөлігін цифрлық форматқа көшіріп жатыр, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жаңа тәртіп бойынша мамандар қажет деректі мемлекеттік жүйелерден өздері сұратады. Яғни зейнетақы рәсімдейтін адам бұрынғыдай анықтама жинап, әр мекеменің табалдырығын тоздырып жүрмеуі керек. Зейнетақыға өтінішті қағаз түрінде де, онлайн форматта да беруге болады. Бірақ мемлекеттік базада қажет мәлімет табылмаса, құжатты азаматтың өзі әкеледі. Оған 25 жұмыс күні беріледі. Тағы бір өзгеріс қолданыстағы зейнетақы ісіне қатысты. Бұрын қағаз түрінде жүргізілген істер архивке жіберіледі. Ал электронды нұсқасы жүйеде мерзімсіз сақталады. Негізгі өзгерістер 12 шілдеден бастап күшіне енеді. Жекелеген нормалар 13…

Толық оқу
банки Казахстана

Қазақстанда жүйе үшін маңызды банктерді құтқарудың жаңа тәртібі жазылды. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі дағдарысқа түскен ірі банктің акциясын мемлекетке немесе «Бәйтерек» холдингіне беру, кейін оны жеке инвесторға сату ережесін жариялады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Ереже банкті құтқару кезінде мемлекет қалай кіретінін, қай жерге дейін араласатынын және кейін оның капиталынан қалай шығатынын анықтайды. Ең өткір тұсы қаржылық тұрақтылық үшін мемлекет кей жағдайда банкке жұмсаған ақшасын толық қайтарудан бас тарта алады. Құжатқа сәйкес, жүйе үшін маңызды банкке қатысты арнайы реттеу режимін қолдану туралы шешім қабылданса, агенттік, Ұлттық банк және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган үкіметке бірлескен акт жолдауы керек. Онда банкті…

Толық оқу
дана еспаева

«Ақ жол» демократиялық партиясының Астанада өткен кезектен тыс құрылтайында саяси ұйымның жаңа төрағасы сайланды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Делегаттардың басым көпшілігі партия төрағасының орынбасары әрі Мәжіліс вице-спикері Дания Еспаеваның кандидатурасын қолдап, дауыс берді. Ол осыған дейін басшылықты жаңарту және билік сабақтастығы қағидатын алға тартып, өз өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдаған Азат Перуашевтің орнына келді. Жиында Дания Еспаеваның кандидатурасын бұрынғы төрағаның өзі ұсынып, оның ел тарихындағы тұңғыш әйел президенттікке кандидат атанғанын, парламенттік оппозиция, заңсыз активтерді қайтару, жеке тұлғалардың банкроттығы сияқты маңызды заң жобаларының авторы екенін ерекше атап өтті. Құрылтай барысында Қарағанды облыстық филиалының басшысы Ермек Әбілдиннің де есімі балама үміткер ретінде аталғанымен,…

Толық оқу
bereke bank

Bereke Bank топ-менеджментке төленген сыйақы көлемін жариялады. Қазақстан қор биржасының сайтында шыққан құжатқа қарағанда, банк басқарушылары 2025 жылы 923,4 млн теңге алған, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Bereke Bank айналасындағы қаржы көрсеткіштері кейінгі уақытта жиі назарға ілігуде. 2024 жылы катарлық инвестор қазақстандық банкті 65 млрд теңгеге сатып алған еді. Сол жылғы аудиторлық есептен кейін таза пайданың 44,1 пайызға төмендегені белгілі болды. Алайда кейінгі есептегі сандар мүлде басқа картинаны көрсетіп тұр. Құжатта Bereke Bank-тің таза табысы 63,1 млрд теңге болғаны жазылған. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда бес есе көп көрсеткіш. Бір жыл ішінде банктің активі 2,8 трлн теңгеге дейін өскен. Капиталы 238 млрд теңгеге…

Толық оқу
азат перуашев

«Ақ жол» демократиялық партиясын 15 жыл бойы басқарған Азат Перуашев күтпеген жерден төрағалықтан кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Ол шешімін 13 маусым, сенбі күні өткен партия съезінде жариялады. Мінберге шыққан Перуашев ұзақ жыл отырған орнын босататынын айтып, делегаттарға жаңа төраға ретінде Мәжіліс вице-спикері Дания Еспаеваның кандидатурасын ұсынды. Перуашевтің баяндамасы партия ішіндегі кезекті хаттамалық ауыс-түйіс емес, тұтас кезеңнің аяқталғанын аңғартқандай болды. Ол саяси ұйымдарда басшылықтың ауысып тұруы қажет екенін айтып, өзіне де, партияға да тоқырауға жол бермеу керегін меңзеді. «Біз өзгерістің алдында тұрған жоқпыз, сол өзгерістің ішінде жүрміз. Бүгінгі шындықты өзгертетін оқиғалар ағыны ақырындап басталып кетті. Бірақ монополия соған кедергі келтіруі…

Толық оқу
тенге доллар курс валюты

Ұлттық валютаға қысым күннен күнге күшейіп барады. Ұлттық банк бекіткен ресми бағам мен ірі қалалардағы валюта сатылымы арасында әжептәуір айырма бар деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Ұлттық банктің ресми мәліметі бойынша, бүгінгі валюта бағамы былай бекітілген: АҚШ доллары – 490,21 теңге; Еуро – 566,93 теңге; Ресей рублі – 6,81 теңге. Ал елдегі ірі 3 мегаполистегі айырбас орындарындағы ахуал мүлде басқа: Астана Елорданың айырбас нүктелерінде долларды сату бағасы мен сатып алу бағасының арасындағы алшақтық өте жоғары болып отыр. Еуро бағамы да жаңа шекке көтерілген: Доллар: сатып алу – 485,00 теңге, сату – 491,99 теңге; Еуро: сатып алу – 562,00 теңге, сату – 573,43…

Толық оқу