Автор: Самат Келдібай

Avatar photo

Самат Келдібай Ertenmedia.kz редакциясында қоғам, әлеуметтік ахуал, құқықтық тәртіп, резонанс оқиғалар және даулы мәселелер тақырыбын жазады. Оның материалдарында күн тәртібіндегі күрделі оқиғалар оқырманға түсінікті тілмен беріліп, шешім қабылдайтын органдардың ұстанымы мен қоғам реакциясы қатар қамтылады.

әскерге шақыру 2026

Қазақстанда көктемгі әскерге шақыру науқаны жүріп жатыр, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Биыл көктемде 21 мыңнан астам азамат мерзімді әскери қызметке алынады. Ең назар аударарлық тұсы енді шақырту қағазы бұрынғыдай тек қолмен тапсырылмайды, азаматтың телефонына SMS болып немесе eGov арқылы келеді. Қорғаныс министрінің орынбасары Асқар Мұстабековтің айтуынша, шақырылатын 21 мың адамның 11 мыңнан астамы Қарулы күштер қатарына барады. Қалғаны өзге әскерлер мен әскери құрылымдарға жіберіледі. Шақырту енді қалай келеді Қорғаныс министрлігі түсіндіргендей, ықтимал әскерге шақырылушыларға хабарлама кемінде үш күн бұрын жолданады. Ол SMS түрінде де, eGov порталындағы ескерту ретінде де келуі мүмкін. Осындай хабарлама ресми шақырту болып есептеледі. Оны алған азамат әскери…

Толық оқу
жастар баспана

Қазақстанда жетім балаларды баспанамен қамтамасыз ету мәселесі жылдар бойы шешімін таппай келеді. Сенатор Андрей Лукиннің айтуынша, елімізде осы күні 61 мыңға жуық жетім бала баспана кезегінде тұрса, оның 43 мыңнан астамы кәмелет жасына жеткен деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Депутат кезектің алдағы уақытта да қысқара қоюы неғайбыл екенін жеткізді. Ең көп жетімдер кезегі Алматы облысында (7200 адам), Шығыс Қазақстанда (6400 адам), Қарағанды облысында (5900 адам), Қостанай облысында (5700 адам) және Ақтөбе облысында (3 мың адам). Басқа өңірлерде де жағдай мәз емес. Қазақстан бойынша берілген 60 мың пәтердің ішінде жетімдерге бөлінгені бар болғаны 7 мың ғана. Депутаттың сөзінше, жетімдер кезегі бойынша пәтер үлестіруде…

Толық оқу
аймағамбетов мектептер

Мәжілісте жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңға енгізілетін түзету жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бірақ талқылау кезінде депутат Асхат Аймағамбетов мектептерді қайтадан аудан әкімдеріне бағындыруға үзілді-кесілді қарсы шықты. Аймағамбетов нені қауіпті деп отыр Депутаттың айтуынша, қазір Қазақстан мектептерінде 4 миллион бала оқып жүр. Олар Мәжіліс мінберіне шығып, заң жобасына қарсы дау айта алмайды. Бірақ залда қабылданатын әр шешім солардың ертеңіне тікелей әсер етеді. «Қазір біздің мектептерде 4 миллион бала оқиды. Шынын айтсақ, олар мұнда қандай заң қабылданып жатқанын білмейді. Олар осы түзетуге қарсы шыға алмайды. Бірақ осы залда қабылданатын заң әрқайсысының тағдырына тікелей әсер етеді. Мәселе…

Толық оқу
Қазақстанда коллекторлардың схемасы әшкереленді

Мемлекеттік кірістер комитеті коллектор агенттіктері табысын жасырып, қосылған құн салығынан жалтарған схеманы анықтады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Алғашқы тексерістің өзінде салықшылар жеті компанияның кірісті 11,8 млрд теңгеге кем көрсеткенін тапқан. Схема қалай жүрген Комитет мәліметінше, коллекторлар банктен қарызды номинал құнынан арзанға сатып алған. Кейін борышкерден толық соманы өндіріп отырған. Негізгі табыс осы арадағы айырмадан түскен. Алайда агенттіктер мұны табыс ретінде емес, «қарызды қайтару» ретінде рәсімдеп келген. Ал мұндай операцияға ҚҚС салынбайды. Салық органы дәл осы тәсіл арқылы салықтан жалтару жүргенін айтып отыр. Қанша сома анықталды Тексерілген жеті компания бойынша 128 млн теңге көлемінде төленбеген ҚҚС шыққан. Оған қоса, коллектор агенттіктері ҚҚС…

Толық оқу
тім емдету

Қазақстанда тіс емдету мен оны қалпына келтіру қызметі биыл едәуір қымбаттады. Ұлттық статистика бюросы таратқан мәліметке сүйенсек, 2026 жылдың алғашқы үш айында протездеу құны 13 пайызға, ал имплантация 10 пайызға артқан деп жазады Ertenmedia.kz. Аталған көрсеткіш Ranking зерттеуінде де көрініс тауып, халықтың қалтасына салмақ сала бастағаны белгілі болды. Стоматологиялық қызметтің ішінде әсіресе тіс жегісін емдеу 17,7 пайызға, тіс жұлу 14,7 пайызға жоғарылаған. Тіпті, қарапайым кәсіби тазалау қызметінің өзі 12 пайыздық өсім көрсетті. Сарапшы Дәулет Исмаиловтың пікірінше, елімізде тіс имплантациясы уақыт озған сайын қарапайым жұрт үшін қолжетімсіз салтанатқа айналып барады. Алматы мен Астана қаласындағы клиникаларға жасалған талдау бағаның тым алшақ екенін…

Толық оқу
маңғыстау облысын мал қырылып жатыр

Маңғыстау облысында тоқтамай жауған жаңбырдан кейін Маңғыстау ауданының Ақшымырау ауылы маңында жаппай жылқы қырылды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Lada-ның дерегінше толассыз жаңбыр салдарынан далалықтағы мал сор батпаққа батып, көпшілігі өлген. Әлеуметтік желілерде ауыл тұрғындары мал шығынының өте көп екенін айтып, дабыл қағуда. Олардың сөзінше, әрбір аула бірнеше бас малдан айырылған. «Жаңбыр суы тасып, малды Ақшымырау ауылы маңындағы сорға айдап кеткен. Жылқылар тұзды балшыққа батып қырылып жатыр, кейбіреуі әлі шыға алмай тұр. Егер төтенше жағдай қызметі мен жергілікті билік көмек көрсетпесе, жағдай ушыға түседі», – дейді ауыл тұрғындары. Жергілікті халық депутаттар мен жануарлар құқығын қорғаушыларды жағдайға араласуға шақырды. Нені білу маңызды? Маңғыстау…

Толық оқу
аманат партиясы

AMANAT фракциясының депутаттары үкіметке так называемые қоғамдық марапаттарды реттеу туралы депутаттық сауал жолдады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Мәжіліс өкілдерінің пайымынша, ел ішінде күмәнді медаль, атақ пен төсбелгі тарату белең алып, шынайы еңбектің салмағын жеңілдетіп барады. Депутат Ерболат Сатыбалдының айтуынша, той-томалақта да, іскерлік ортада да әркімге үлестірілетін дабырасы көп, салмағы аз «марапат» қаптап кеткен. Әңгіме «ең үздік құда», «құрметті азамат», «батыр» секілді атақтар мен белгілер туралы болып отыр. Оның сөзінше, мұндай үрдіс нағыз жетістік пен шынайы беделдің құнын түсіреді. Мәжілісменнің мәлімдеуінше… Пайда қуған пысықайлар «Алтын адам», «Ғасыр адамы» тәрізді энциклопедия шығарып, 300 мың теңгеге кез келген адамды «таңдаулылар» қатарына қоса салуға дайын. Тіпті…

Толық оқу
телефон қолдану

12 наурыздан бері Қазақстан жолдарындағы камералар жаңа сипаттағы бірқатар заңбұзушылықты тіркей бастады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Алғашқы бір айдың қорытындысы жүйенің ауқымы күткеннен де кең екенін көрсетті. Ішкі істер министрлігінің мәліметіне қарағанда, мемлекеттік дерекқормен ықпалдастырылған жүйе іске қосылғалы бері 5 мыңнан астам сақтандыру полисі жоқ дерек анықталған. Оған қоса, 5,5 мыңнан астам көлік техникалық байқаудан өтпеген болып шыққан. Сонымен бірге қауіпсіздік белдігін тақпауға қатысты шамамен 700 заңбұзушылық тіркелген. Ал рөлде отырып телефон пайдаланудың 6 дерегі анықталған. Ведомство өкілдері жүйенің мақсаты жазалау емес, ең алдымен құқықбұзушылықтың алдын алу және азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау екенін атап өтті. Осыған байланысты жүргізушілерге сақтандыру полисінің…

Толық оқу
бірыңғай QR-код

Қазақстанда барлық банкке ортақ бірыңғай QR-кодты енгізу белгіленген мерзімнен де ертерек аяқталуы ықтимал деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Мұндай мәлімдемені Мәжіліс кулуарында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова жасады. Агенттік басшысының айтуынша, мәселенің негізгі бөлігі Ұлттық банктің құзыретінде тұр. Өйткені ұлттық төлем жүйесін қалыптастыру мен іске қосу міндеті дәл осы қаржы институтына жүктелген. Мәдина Әбілқасымова қазір басты түйткіл банктерді жүйеге қосу кезеңіне тіреліп отырғанын айтты. Оның сөзінше, заң деңгейінде барлық банк үшін бірыңғай QR-ға қосылу және оны енгізу міндеті қарастырылған. Аталған норма биыл шілде айында күшіне енеді. Сонымен қатар агенттікке жеткен мәліметке сүйенсек, Ұлттық банк сол мерзімді күтпей-ақ, банктерді…

Толық оқу
Алматы

Алматыда төтенше жағдай кезінде халықтың қайда жиналатыны әлі күнге белгісіз. Жер сілкінісі қаупі жоғары қалада эвакуация жүйесі мүлде ойластырылмаған деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова Алматының бас жоспарын зерттей келе, төтенше жағдайлар кезінде тұрғындарды жинау және эвакуациялау үшін қоғамдық орындар мен қауіпсіз алаңдардың қарастырылмағанын анықтаған. «Мысал ретінде №131 мектеп-лицейді айтуға болады. Аталған мектеп №289 эвакуациялық жиналу пункті ретінде белгіленген. Алайда оның аумағында №115 балабақша салынған, тағы бір ғимарат салу жоспарланып отыр. Осылайша эвакуациялық орынның аумағы тарылып кеткен», – деді депутат өз сауалында. Смирнова Алматыда мұндай орындардың жоқтығын сынға алып, қала бойынша қоғамдық орындар мен саябақтардың жаппай құрылысқа беріліп жатқанын…

Толық оқу