Автор: Самат Келдібай

Avatar photo

Самат Келдібай Ertenmedia.kz редакциясында қоғам, әлеуметтік ахуал, құқықтық тәртіп, резонанс оқиғалар және даулы мәселелер тақырыбын жазады. Оның материалдарында күн тәртібіндегі күрделі оқиғалар оқырманға түсінікті тілмен беріліп, шешім қабылдайтын органдардың ұстанымы мен қоғам реакциясы қатар қамтылады.

АҚШ НЛО Пентагон мәлімдемесі

Пентагон ұзақ жылдар бойы жасырған тылсым құбылыстарға қатысты құпия құжаттардың алғашқы бөлігін жариялады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Алғашқы лекпен ашылған 162 құжаттың арасында әскери ұшақ камерасына түсіп қалған видеолар, бұрынғы құпия баяндамалар, ФБР-дің жасырын деректері, АҚШ Мемдепартаментінің дипломатиялық телеграммалары мен NASA-ның ұшу хаттамалары бар. Материалдардың бір бөлігі сонаау 1940 жылдардан басталса, қалғандары Сирия, Ирак, Жапония, Солтүстік Америка және Шығыс Қытай теңізінде кейінгі жылдары ғана тіркелген. АҚШ Қорғаныс министрі Пит Хегсет бертінге дейін аса құпия саналып келген деректерді ашып, қоғамның көкейіндегі сұрақтарға жауап қататын уақыт жетті деп отыр. «Ұзақ уақыт бойы «құпия» белгісімен жасырылып келген материалдар көпшіліктің санасында күдік тудырып, талайды үрейлендіріп…

Толық оқу
амнистия 2026

Қазақстанда қылмыстық және әкімшілік амнистия қатар әзірленіп жатыр. Алдын ала есеп бойынша қылмыстық амнистия шамамен 17 мың адамға әсер етуі мүмкін, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Президент Тоқаев бұған дейін азаматтар мен мемлекет қауіпсіздігіне қатер төндірмейтін бірқатар қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылық бойынша қосымша амнистия жасауға болатынын айтқан. Мемлекет басшысы әкімшілік істер бойынша рақымшылық ел тарихында алғаш рет жүргізілетінін мәлімдеді. Парламент тиісті заңды қазіргі сессия аяқталғанға дейін қабылдауы керек. Қылмыстық амнистия кімдерге жүреді? Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділовтің айтуынша, жұмыс тобы қылмыстық амнистия бойынша алдын ала тәсілдерді әзірлеген. Алғашқы кезекте тергеу сатысында жүрген мына адамдар қылмыстық жауапкершіліктен босатылуы мүмкін: қылмыстық теріс қылық…

Толық оқу
Скляр ERG

Қазақстандағы ең ірі кен өндіруші, атышулы ERG-де ауқымды кадрлық өзгеріс болуы мүмкін. Бұған дейін Президент әкімшілігіне ауысқан Роман Скляр енді ERG-дің бас директоры қызметіне ұсынылып отыр. Бұл туралы компанияның ішкі құжаттарын ақтарған Financial Times жазды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Әні-міні өтетін директорлар кеңесінің отырысында компания басшылығы түгел дерлік жаңартылуы мүмкін. Бас директордан бөлек, қаржы директоры, маркетинг бөлімінің басшысы және бас заңгер қызметінен қуылып, олардың орнына жаңа басшылар тағайындалмақ. Өзгерістің негізгі фигурасы ретінде Роман Скляр аталып отыр екен. Басылымның хабарлауынша ұсынысты Склярдың өзі мен Қаржымин Мәди Тәкиев жасаған. Екеуі де директорлар кеңесінің мүшесі, үкімет өкілі ретінде компаниядағы 40% мемлекеттік үлесті басқарады. Өзге үлесті…

Толық оқу
Zeekr жол апаты

Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында 21 наурыз күні болған жантүршігерлік жол апаты қала жұртын қатты алаңдатты. Жол апатынан Mercedes-Benz көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы қаза тапқан болатын. Осы оқиғадан кейін тұрғындар ePetition.kz порталында арнайы петиция жариялап, биліктен даңғыл бойына қауіпсіздік үшін арнайы барьерлік қоршаулар орнатуды талап етуде деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Петиция авторының сөзінше, Әл-Фараби даңғылы қаланың негізгі қан тамыры. Мұнда сегіз жолақты қозғалыс жолында көлік ағыны өте қарқынды, ал рұқсат етілген жылдамдық 80 км/сағ. Осындай маңызды жолда барьерлік қоршаудың болмауы көліктердің қарама-қарсы жолаққа шығып кетуіне жол ашып, қайғылы оқиғалардың артуына себеп болып отыр. «Осы петиция арқылы мен Алматы қаласының тұрғыны ретінде баршаға…

Толық оқу
ардақ назаров

Құрылтай депутаттарына қатысты жаңа этика ережесі олардың дауыс беріп, заң қабылдауын ғана емес, қалай сөйлеп, қалай пікір таластыратынын да қатаң реттемек деп хабарлайды Ertenmedia.kz. «Құрылтай және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңда депутаттық этикаға арнайы тарау арналған. Құжатта депутат мінез-құлқы ресми отырыста ғана емес, жұмыс бабындағы кез келген әрекетте саяси мәдениет пен заң талабына сай болуы керек екені көрсетілген. Жоба бойынша, депутатқа Құрылтайда, комитетте, комиссияда және өзге де жұмыс форматында жеке мәселесін көтеруге тыйым салынады. Ол басқа әріптесінің сөзін бөлуге, орынсыз айып тағуға, дөрекі сөйлеуге, ар-намысқа тиетін сөз қолдануға, балағат пен қорлауға жол бермеуі тиіс. Ең назар аударатын тұс -…

Толық оқу
құрылтай депутаты

Құрылтай депутатының өкілеті тек сайлау мерзімі біткенде ғана емес, заңда көрсетілген нақты жағдайларда да тоқтатылуы мүмкін деп хабарлайды Ertenmedia.kz. «Құрылтай және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заң жобасында депутат мандатын тоқтатудың бірнеше шарты жазылған. Құжатқа қарағанда, депутаттың өкілеті мерзімінен бұрын өз өтініші бойынша, отставкаға шыққанда немесе өз міндетін атқара алмайтын жағдайға жеткенде тоқтайды. Ең қатаң негіздердің бірі сот үкімі. Егер депутатқа қатысты айыптау үкімі заңды күшіне енсе, ол Құрылтайдағы орнын сақтап қала алмайды. Заң жобасы депутат мәртебесін саяси қалқанға айналдырмауды көздейді. Тағы бір маңызды талап… азаматтыққа қатысты. Депутат Қазақстан азаматтығынан айырылса, елден тыс жерге тұрақты тұруға кетсе немесе өзге мемлекеттің…

Толық оқу
мамыр ауа райы

Қазақстанда мамыр айы әдеттегіден жылырақ өтуі мүмкін, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. «Қазгидромет» синоптиктері ұсынған болжамға сай, ел аумағында ауа температурасы климаттық нормадан 1–2 градус жоғары қалыптасады. Мамыр, әдетте, көктемнің аяқталып, жазға ауысатын шағы саналады. Дәл осы кезеңге құбылмалы ауа райы, жылудың біркелкі жиналмауы және ұзақ жылы күндерден кейін салқынның қайта оралуы тән. Синоптиктердің есебінше, биыл айлық орташа ауа температурасы Қазақстанның басым бөлігінде +14…+19 градус аралығында болады. Елдің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде және қиыр оңтүстік-шығысында +20…+24 градус шамасы күтіледі. Ал оңтүстік-шығыс пен шығыстағы таулы өңірлерде орташа температура +12…+14 градус деңгейінде қалыптасады. Сонымен қатар оңтүстік аймақтарда аптап айқын сезілуі ықтимал. Кей тұста ауа температурасы 44…

Толық оқу
тасмағамбетов ОДКБ

1 қаңтардан бастап Ресей Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына (ҰҚШҰ) төрағалық ету құқығына ие болды хабарлайды Ertenmedia.kz. Осыған орай Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров арнайы үндеу жариялап, ұйымның алдағы күнгі бағыт-бағдарын жіпке тізіп шықты. «ҰҚШҰ-ға мүше елдермен халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолында бірге әрекет етеміз. Ұйымның бас құжатында мемлекеттердің тыныш өмір сүруі, түйінді мәселені дипломатиялық жолмен тарқату және халықаралық құқық нормасын сақтау қағидасы анық бекітілген. Одақтастармен осы негізде жұмыс істеп, Еуразия құрлығында қауіпсіздіктің жаңа әрхитектурасын бірге қалыптастырамыз. Одақ елдері қауіпсіздік мәселесін сырт күштің араласуынсыз, өзі шешіп, құрлықтың болашағын өздері анықтауы тиіс», – дейді Лавров. Мәскеу Бішкектің шешіміне тұмсық тығатын тәрізді…

Толық оқу
мұрат әбенов

Қазақстан алдағы он жылда білікті кадр тапшылығының терең құрдымына түсуі мүмкін. Тәжірибелі мамандар зейнетке шыққанда, олардың орнын басатын жастар жеткіліксіз болады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов осы қатердің алдын алу үшін мемлекеттік гранттарды қайта қарауды және бұрын жемқорлықпен күрес деген себеппен жабылған оқу формаларын жандандыруды ұсынды. Оның айтуынша, қазіргі білім жүйесі тек жастарға бағытталып, еңбекке жарамды, бірақ мамандығы қажетсіз болып қалған ересектерді ұмыт қалдырып отыр. «Алдағы он жылда тәжірибелі мамандардың үлкен бөлігі еңбек нарығынан кетеді. Сол кезде жұмыс істейтін адам таппай қалуымыз әбден мүмкін. Қазір 30-40 жас аралығындағы азаматтарды қайта оқыту мәселесін қарастыру керек. Бұрынғы мамандығы қажетсіз болып…

Толық оқу
Жұлдыз Сүлейменова жекеменшік мектептер

Оқу-ағарту министрлігі кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық, әлімжеттік пен қысым деректерін анықтаған сәтте әрекет етуге арналған ведомствоаралық алгоритмді бекітті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жаңа тәртіп мектеп, полиция, медицина және қамқоршылық органдары арасындағы нақты үйлесімді күшейтуді көздейді. Енді бала құқығы бұзылды деген кез келген ақпарат міндетті түрде тіркеліп, белгіленген мерзім ішінде қаралады. Ақпарат түскен бойда ол бірден тиісті органдарға жолданады. Бір сағат ішінде бала құқығын қорғау құрылымдарына жеткізіледі. Бір жұмыс күні ішінде арнайы маман тағайындалып, баланың тұрмыс жағдайы тексеріледі. Үш күн ішінде материалдар кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияға жіберіледі. Жаңа жүйеде алғаш рет кейс-менеджер институты енгізілді. Мұндай маман бала толық қорғалғанға дейін барлық…

Толық оқу