Көпшілік асыға күтетін дәстүрлі Kaspi Жұма науқаны жаздың ең ыстық кезеңінде қайта оралмақ. Ағымдағы жылдың 18-21 маусым аралығында өтетін төрт күндік сауда мерекесі әрбір сатып алушыға миллиондаған тауарды айрықша қолайлы шартпен иеленуге мүмкіндік береді деп жазады Ertenmedia.kz. Интернет-дүкен сөресінде жаздық жабдық, саяжай жиһазы, бассейн мен велосипед, құрылыс пен жөндеуге қажетті құрал-сайман, соңғы үлгідегі смартфон, тұрмыстық техника, киім-кешек пен аяқкиім үйлесімді бағамен ұсынылады. Тіпті шетелдік демалыс пен отандық шипажайға арналған тур мен жолдаманы да дәл осы науқан аясында рәсімдеу қарастырылған. Тұтынушылар үшін 50 пайызға дейінгі жеңілдік, көтеріңкі бонус және тиімді бөліп төлеу мүмкіндігі қолжетімді болмақ. Ауқымды шараға Adidas, Tommy Hilfiger, Calvin…
Автор: Самат Келдібай
Президент Тоқаев Абай облысының әкімі Берік Уәлиді қабылдап, аймақтың экономикалық тынысын саралады. Өңір басшысы өткен жылдың қорытындысы мен биылғы төрт айдың негізгі көрсеткішін алға тартты деп жазады Ertenmedia.kz. Былтыр облыстың жалпы өнімі 3,9 триллион теңгеге жетсе, биылғы қарқын да ширақ. Қаңтар-сәуір айында қысқа мерзімді экономикалық индикатор 103,8 пайызды көрсетіп, инвестиция ағыны 19,4 пайызға артқан. Өнеркәсіп, өңдеу секторы, ауыл шаруашылығы мен құрылыс саласында тұрақты өсім байқалады. «Әзір негізгі екпінді ірі капиталды тартуға қойып отырмыз. Нәтижесінде инвестициялық пул құрамындағы жоба саны 29-дан 112-ге дейін артып, күтілетін қаржы көлемі 4,4 триллион теңгеге жетті», — деді бұл тұста әкім Уәли. Ірі инфрақұрылымдық жобалардың ішінде…
Депутат Николай Арсютин көлікті мас күйде жүргізгендерге қолданылатын жазаны жұмсартуды тағы көтерді. Ол жүргізуші куәлігінен айыру мерзімін қазіргі 7 жылдан 4 жылға дейін қысқартуды ұсынып отыр, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Айтуынша, Қылмыстық-әкімшілік кодекстің 608-бабына қатысты халық тарапынан шағымдар көп түскен. Бап қоғамда да, Мәжіліс қабырғасында да қызу пікірталас тудырып отыр. «Мен осы бап бойынша толық рақымшылық жасауды ұсынып отырған жоқпын. Ең құрығанда жаза мерзімінің жартысын өтеген азаматтарға жүргізуші куәлігінен айыру мерзімін 4 жылға қысқартуды қарастырсақ дұрыс болар еді», – деді Николай Арсютин. Алайда Ішкі істер бұған үзілді-кесілді қарсы шықты. Сәденовтың орынбасары Санжар Әділов ведомство ұстанымының өзгермейтінін мәлімдеді. «Жаза мерзімін жұмсарту туралы…
Жазғы демалыс маусымы басталғанда валютаға деген сұраныс күрт артады. Қазақстандықтар Түркияға, Малайзияға, Дубайға, енді бірі АҚШ-қа жол тартады. Мұндай кезде билет пен қонақүйден бөлек, сапар бюджетіне тікелей әсер ететін тағы бір мәселе бар. Ол валютаны қай кезде және қандай бағаммен айырбастау, деп жазады Ertenmedia.kz. 3 маусым күні сағат 10:00-дегі жағдай бойынша ForteForex-те долларды сатып алу бағамы 491,04 теңге, сату бағамы 491,20 теңге болды. Сатып алу мен сату арасындағы спред 0,16 теңгені құрады. Ал Астана қаласындағы айырбастау пункттерінде сол күні таңертең сағат 10:02 шамасында долларды сатып алу бағамы 488 теңге, сату бағамы 495 теңге болды. Яғни айырбастау пункттеріндегі спред 7 теңгені…
Қазақстандықтар болашақта лайықты зейнетақы алу үшін тұрақты жұмыс істеп, еңбекақыдан үздіксіз аударым жасап отыруы тиіс. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев осылай мәлімдеді деп жазады Ertenmedia.kz. Министрдің айтуынша, зейнетақы жүйесі ұзақмерзімді жинақ принципімен жұмыс істейді. Сондықтан жинақтағы қаражатты зейнетке шықпай тұрып пайдалануға әуес болмаған жөн. «Жас азамат 20 жасынан бастап ресми жұмыс істесе, тұрақты түрде жалақы алса, соның есебінен зейнетақы қорына үздіксіз аударым жасайды. Бұл үзіліссіз жұмыс істеп, кәсіби деңгейін көтеріп, кірісін арттырған жағдайда болашақ зейнетақыны толық қамтамасыз етуге жетеді. Ерекше жоғары жалақы іздеудің немесе түрлі схемаларға сенудің қажеті жоқ», – дейді Ертаев. Министр пандемиядан кейін бірқатар елдер…
Депутат Ринат Зайытов балабақшалардағы ұлттық тәрбие мәселесін көтеріп, білім саласына жауапты министрлікті өткір сынға алды. Депутаттың айтуынша, қазіргі балабақшаларда ұлттық тәрбиеден гөрі жат мәдениеттің ықпалы байқалады деп жазады Ertenmedia.kz. Мәжілісмен бірінші кезекте мемтапсырыс бойынша жасалған мультфильмдердің нақты тізімін сұрады. Оның сөзінше, мұндай туындылар балаларға ұлттық құндылықтарды сіңіруге бағытталғаны аса маңызды. «Бұлай деуіме өте-мөте маңызды себеп бар. Балабақшалардағы ойыншықтар арасында бөтен белгілерді, соның ішінде ЛГБТ символикаларын байқап жүрмін. Бұл ма, бұл аса қауіпті үрдіс», – деп ескертті депутат. Ол балабақшаларда көбінесе ресейлік «Маша мен аю», «Фиксики» сияқты мультфильмдер көрсетілетінін де сынға алды. Депутаттың ойынша, көршіден келетін контент ұлттық тәрбиеге мүлде жат.…
Қазақстанда алғаш рет шетелдік донорлардан қаражат алған ұйымдар мен жеке тұлғалардың егжей-тегжейлі тізімі жарияланды. Мемлекеттік кірістер комитеті ел тарихында тұңғыш рет шетелден түскен қаржының көлемін ғана емес, ақшаның кімнің қолына тигенін де ашық көрсетті деп жазады Ertenmedia.kz. 2025 жылдың екінші жартысында сырттан келген ақшаның жалпы сомасы 12 млрд теңгеден асқан. Шешім Салық кодексі мен «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» заңның талаптарына сәйкес қабылданып отыр. Мұндағы мақсат қаржы көздерінің ашықтығын қамтамасыз ету және шетелден түскен ақшаның мақсатты жұмсалуын бақылау. Шетелдік қаржының негізгі алушыларының арасында құқық қорғаушылар, медиаұйымдар, зерттеу орталықтары мен қоғамдық қорлар бар. Қаржы негізінен халықаралық қорлар, шетелдік үкіметтік ұйымдар мен елшіліктер…
Қазақстан қаржы нарығында теңгенің нығаюына байланысты көңіл-күй айтарлықтай жақсарды. Бұл туралы Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы (АФК) жүргізген сауалнама нәтижесінде белгілі болды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Алдағы айға арналған болжамда доллар бағамы бұған дейінгі болжаммен салыстырғанда төмендеп, орташа есеппен 471,3 теңгені құрауы мүмкін. Мамырда теңгеге негізгі қолдауды салық төлемдері, Ұлттық банктің валюталық операциялары аясында шетел валютасын сатуды арттыру (шамамен 1,2 млрд доллар), сыртқы инвесторлар тарапынан қаражаттың тұрақты келуі мен Ұлттық банктің қатаң ақша-несие саясаты қамтамасыз етпек. Ал бір жылдан кейінгі болжам бойынша доллар бағамы 513,4 теңге деңгейінде тұрақтайды деп күтілуде. Бұған мұнай нарығындағы геосаяси факторлар мен ішкі нарықта шетел валютасы ұсынысының артуы негізгі…
Атырау облысында бүтін бір отбасыны өлтірді деп айыпталған Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты сот процесі жалғасуда. Сотта прокурор Мирас Бауржанов күдіктінің қылмысты қалай жасағаны жайлы тың деректерді жария етті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Алғашқы құрбан Наурыз Мұқанғалиев. Прокурордың айтуынша, күдікті оны өлтіргеннен кейін марқұмның атына мобильді қосымша арқылы 4 миллион теңге несие рәсімдеген. Артынша Наурыздың телефонынан WhatsApp арқылы Нәсіп Өтешқалиеваға хабарлама жазып, 350 мың теңге сұратқан. Ақшаны аудан мен Атырау арасында такси қызметін көрсететін азамат арқылы алдырып, кейін терминалмен марқұмның нөміріне салдырған. Қараша айында Сәрсемәлиев әйелі және бір қызымен Жангелдин ауылына қонаққа барған. Туыстар арасында ұрыс-керіс өрши түскен. Прокуратураның мәлімдеуінше, күдікті аулада үй…
Атырау облысында төрт адамның өліміне басты күдікті ретінде айыпталған Сұлтан Сәрсемәлиев сотта қылмысқа бару себебін егжей-тегжейлі баяндады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Өткен жылдың желтоқсанында Жангелдин ауылының тұрғындары Қарабалин әулетінің түгелдей жоғалып кеткенін хабарлаған болатын. Марқұмдардың туысының айтуынша, оның ағасы, жеңгесі және олардың екі ересек баласы қараша айынан бері хабар-ошарсыз кеткен. Жедел іздестіру барысында күдікті ретінде отбасының күйеубаласы Сұлтан Сәрсемәлиев анықталған. Ол әйелі Ақбаян Мұқанғалиевамен бірге 24 ақпан күні Индонезия аумағында ұсталған-ды. Сот отырысында Сәрсемәлиев кінәсін толық мойындап, жазаның ең ауырына да дайын екенін мәлімдеді. «Тергеу таққан айыпты толығымен мойындаймын. Ешқайда қашқым жоқ, ең ауыр жазаға да дайынмын», – деді сотталушы. Қылмысқа…










