Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин еліміздегі ең ірі жастар қозғалысының бірі «Дала Қырандары» өкілдерін арнайы қабылдады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қазір бұл ұйым Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі 27 қалада 1700-ден астам жалынды жастың басын біріктіріп отыр. Ұйым қызметінің өзегі азаматтық ұстанымды қалыптастыру, патриоттық сезімді ояту және жастардың ел өміріне белсене араласуына жағдай жасау. Ерлан Қарин жастардың бойындағы патриотизм мен азаматтық жауапкершілік мәселесіне ерекше тоқталды. Оның пікірінше, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың бастамалары бір-бірін толықтырып отыруы тиіс. «Мәселені көтеріп, сынаумен шектелу аздық етеді. Бізге дәл қазір мәселені шешуге ұмтылатын, нәтижелі ұсыныстар айтатын, іске бейім орта керек. Қоғамның дамуы үшін тек мемлекеттік қызметкердің ғана емес, белсенділер мен…
Автор: Самат Келдібай
Атыраулық белгілі құқық қорғаушы әрі қоғам белсендісі Әсел Нұрғазиева өмірден өтті деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қайғылы хабарды марқұмның туыстары мен әріптестері жеткізді. Әсел Нұрғазиева қоғамдық маңызы бар істерде белсенділік танытып, әсіресе 2011-2012 жылдары Жаңаөзен оқиғасы кезінде танымал болды. Сол уақытта ол зардап шеккендердің құқықтарын қорғап, ЕҚЫҰ атынан тәуелсіз бақылаушы ретінде қатысқан еді. Осы еңбегі арқылы оны тек Қазақстанда ғана емес, халықаралық қауымдастық та таныды. 2012 жылы Нұрғазиева Ақтау қаласында ұсталып, «қоғамдық тәртіпті бұзып, полицияға бағынбады» деген айыппен әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Соттың шешімімен оған 12 тәулікке қамау жазасы кесілді. Бұл шешім ел ішіндегі және халықаралық құқық қорғау ұйымдарының тарапынан сынға ұшырап, белсендіге…
Атырау облысының Индер ауданында колледж студенттерінің арасында төбелес шығып, бір студенттің соққыға жығылғаны туралы ақпарат әлемжеліде тарап жатыр деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жергілікті блогер Рүстем Баязиев Инстаграм парақшасында жариялаған мәліметке сүйенсек, оқиға 31 желтоқсан күні таңертең болған. Колледж студенттері арасында шыққан жанжалдың себепкері қарапайым дәптер екен. Жәбір көрген студенттің жақындары жасөспірімді өз қатарластары колледждің әжетханасында ұстап алып, беті мен кеудесінен бірнеше рет ұрғанын айтып отыр. Олар колледж басшылығының жағдайға салғырт қарағанына да наразы. Туыстарының айтуынша, соққы алған студент шамамен екі сағат бойы оқу орнында көмек сұрап жүрген, бірақ сол уақытта колледжде медициналық маман да, психолог та, тіпті куратор да болмаған көрінеді.…
Доналд Трамп Венесуела президенті Николас Мадуроны тақтан тайдырып, өтпелі кезеңде елдегі билікті өз қолына алатынын жариялады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Флорида штатында өткен баспасөз мәслихатында Дөкең АҚШ-тың Венесуеланы толық бақылауға алғанын, «қауіпсіз әрі ақылға қонымды билік транзиті жүзеге асқанша» елді өзі басқаратынын мәлімдеді. Оның айтуынша, Әмірика Венесуела халқын «бай, қауіпсіз әрі шын мәнінде тәуелсіз етуге» уәде береді. Трамп Николас Мадуроны «билікті заңсыз басып алған диктатор» деп атап, оны «Күн картелі» (Cartel de los Soles) дейтін есірткі ұйымын басқарды деп айыптады. Ақ үй қараша айында аталған ұйымды ресми түрде террористік топтың қатарына қосқан. Уашингтонның пікірінше, дәл осы ұйым ел аумағына үйіп-төгіп есірткі…
Қазақстанда жаңа Салық кодексі күшіне енді. Кәсіпкерлер үшін өтпелі кезең ақпанның соңына дейін жалғасады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Мемлекеттік кірістер комитетінің дерегінше, енді елде арнайы салық режимінің 3 түрі ғана қолданылады. Атап айтқанда, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған режим, жеңілдетілген декларация негізіндегі режим және шаруа немесе фермерлік қожалықтарға арналған режим. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнайы салық режимін жалдамалы жұмысшылары жоқ және жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген азаматтар қолдана алады. Осы санатқа такси қызметі, тамақ жеткізу, курьерлік қызмет, шаштараз сынды өз бетінше жұмыс істейтін мамандар кіреді. Бектенов үкіметі бекіткен тізімде осындай 40 түрлі қызмет түрі тайға таңба басқандай анық көрсетілген. 2025 жылы патентпен немесе…
Президент Тоқаев медицина қызметкерлеріне күш көрсеткендерге жауапкершілікті күшейтетін заңға қол қойды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Енді жұмыс бабындағы дәрігерлер мен жедел жәрдем жүргізушілерінің мәртебесі полиция, құтқарушы, қорықшы және билік өкілдерімен теңеседі. Депутат Асхат Аймағамбетов осы тұста жаңа заңның маңыздылығына тоқталған екен. Заң несімен маңызды? Айтуынша, бұрын дәрігерге жасалған шабуыл әдеттегі бұзақылық деп есептелсе, енді мұндай қылмысқа барғандар ерекше бап бойынша қатаң жазаланады. «Медицина қызметкерлеріне қауіп төнсе, салдары қарапайым тұрғындарға, ауыр науқастарға тиеді. Мәселен хирург ота барысында өзінің қауіпсіздігіне алаңдап отырса, әлбетте жұмысын да сапалы деңгейде жүргізе алмайды. Жаңа заңның нәтижесінде мұндай мамандар мыңдаған адамның өмірін құтқаратын күрделі операцияны алаңсыз жасай алады»,…
1 қаңтардан бастап Ресей Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына (ҰҚШҰ) төрағалық ету құқығына ие болды хабарлайды Ertenmedia.kz. Осыған орай Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров арнайы үндеу жариялап, ұйымның алдағы күнгі бағыт-бағдарын жіпке тізіп шықты. «ҰҚШҰ-ға мүше елдермен халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолында бірге әрекет етеміз. Ұйымның бас құжатында мемлекеттердің тыныш өмір сүруі, түйінді мәселені дипломатиялық жолмен тарқату және халықаралық құқық нормасын сақтау қағидасы анық бекітілген. Одақтастармен осы негізде жұмыс істеп, Еуразия құрлығында қауіпсіздіктің жаңа әрхитектурасын бірге қалыптастырамыз. Одақ елдері қауіпсіздік мәселесін сырт күштің араласуынсыз, өзі шешіп, құрлықтың болашағын өздері анықтауы тиіс», – дейді Лавров. Мәскеу Бішкектің шешіміне тұмсық тығатын тәрізді…
Украинаның Қазақстандағы елшісі Виктор Майко Каспий құбыр консорциумы (КТК) терминалына жасалған дрон шабуылына қатысты пікір білдірді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Ulysmedia басылымына берген сұхбатында елші Астананың Киев үшін әрдайым дос, серіктес әрі белгілі бір дәрежеде одақтас ел болып қала беретінін атап өтті. Виктор Майко шабуыл салдарынан терминалдың зақымдалғанына Украина тарапынан ешкімнің жауапкершілік алмағанын жеткізді. Ол бұл мәселені дипломатиялық деңгейде талқылаған жөн деп есептейді. «Киев Қазақстанға ешқашан әскери, саяси, экономикалық немесе басқа жолдармен зиян келтіргісі келген емес және мұндай ниеті де жоқ. Дәл қазір бұл мәселені дипломаттар өзара талқылап жатыр. Сол себепті бұл тақырыпты дипломаттарға қалдырайық», – деді елші. Басылым бас редакторының…
АҚШ билігі Венесуела президенті Николас Мадуро қылмыстық жауапкершілікке тартылып, сот алдында жауап береді деп мәлімдеді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Әмерикалық сенатор Майк Ли әлемжелідегі парақшасында АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубиомен сөйлескенін жазып, әскери операция кезінде қолға түскен Мадуро жақын арада сот алдында жауап беретінін қуана хабарлады. Сенатордың сөзіне қарағанда, Каракаска жасалған соққылардың басты мақсаты тұтқындау туралы ордерді (бұйрықты) орындаған америкалық әскерилерді қорғау болған. АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Кристофер Ландау да жағдайға қатысты мәлімдеме жасап, оқиғаны Венесуела тарихындағы «жаңа кезеңнің басталуы» деп сипаттады. Бұған дейін Дөкең, Доналд Трамп Венесуелаға қарсы ауқымды операция жүргізілгенін, оның нәтижесінде Николас Мадуро тұтқынға алынып, елден шығарылғанын мәлімдеген…
«Қазгидромет» мамандары 4-6 қаңтар аралығында елдегі үш ірі қалада қандай ауа райы күтілетінін жария етті деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Алдағы күндері Астанада аяз күшейіп, боран соқса, Алматы мен Шымкентте жауын-шашын мен көктайғақ күтілуде. Астанада 4 қаңтар күні күн райы бұлттанып, қар жауады. Төменнен соққан боран мен көктайғақ жол қозғалысын қиындатуы мүмкін. Түнде және таңертең тұман түседі. Желдің екпіні секундына 9-14 метрге дейін күшейеді, ауа температурасы күндіз де, түнде де -6-8 градус аралығында. 5 қаңтарда елордада қар жауып, боран күшейеді. Жел оңтүстік-батыстан соғып, жылдамдығы 20 м/с дейін жетеді. Түнгі уақытта аяз қатайып, температура -14 градусқа дейін төмендейді, ал күндізгі уақытта -7-9 градус…
