Қазақстанда биыл 1-сыныпқа құжат қабылдаудың жаңа пилоттық жобасы іске қосылмақ. 27 мамыр мен 31 тамыз аралығында өтетін сынақ жобасының басты мақсаты ата-аналарға құжат тапсыруды жеңілдетіп, балалардың мектепке қабылдануын толық цифрландыру, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жаңа тәртіп бойынша басты жаңалық мектепалды даярлық сыныбын (нөлінші сынып) оқыған бала сол мектептің 1-сыныбына автоматты түрде қабылдана алады. Ол үшін ата-ана тек электронды өтініш берсе болғаны, басқа құжат жинаудың қажеті болмайды. Егер ата-ана баласын басқа мектепке ауыстырғысы келсе, құжаттарды жалпы тәртіп бойынша тапсырады. Құжат тапсыру процесі түгелдей цифрлық форматқа көшіріліп, «OQU» ұлттық білім платформасы арқылы іске асырылмақ. Платформа мемлекеттік дерекқорлармен интеграцияланып, қызметті жеңіл әрі жылдам алуға…
Автор: Самат Келдібай
Атырауда бүтін бір отбасыны қырып салды деп айыпталған Сұлтан Сәрсемәлиевтің ісі бойынша сот процесі басталды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Тергеу мәліметінше, күдікті жоспарын бірнеше кезеңге бөліп жүзеге асырған. Алдымен әйелінің туған бауыры Наурыздың өмірін қиған. Ал жарты жылдан соң ата-енесі мен қайын әпкесін өлтірген. Әулеттің ет жақындары соттың басталуын сарыла күткенін айтады. Олар соттан тек әділ шешім талап етіп отыр. «Бізге керегі? Бізге керегі әділдік. Осы күнді өте ұзақ күттік. Ол (Сәрсемәлиев, ред.) кінәсін толық мойындады. Бәрі әділ әрі таза өтсе екен», – дейді қаза тапқан Мақсұт Мұқанғалиевтің әпкесі Әсила Мұқанғалиева. Ағайын-туыстарының айтуынша, әлгі оқиғадан кейін «күйеубаланың» отбасы олармен байланысқа шықпаған, алдына…
Ақтауда алғаш рет «Кітап керуен – Ақтау» республикалық жәрмеңкесі ұйымдастырылып, шара қазақтың біртуар жазушысы, қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың ескерткішіне тағзым етуден басталды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Салтанатты рәсімде Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов пен Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, жазушы-драматург Роза Мұқанова шараның символдық лентасын қиды. «Кітап адамның рухани қазынасы. Кітап оқитын ұлттың ғана келешегі жарқын болады. Бүгінгі шара жай ғана жәрмеңке емес, бұл рухани серпіліс, ұлттық мәдениетімізге деген үлкен құрметтің белгісі», – деді қала әкімі Әбілқайыр Байпақов. Жәрмеңке облыстық Қабиболла Сыдиықұлы атындағы әмбебап кітапханада өтіп жатыр. Шараға еліміздің түкпір-түкпірінен әдебиеттің белгілі тұлғалары келді. Атап айтқанда, жазушы-драматург Роза Мұқанова, ақын Оңайгүл Тұржан, ҚР Жазушылар…
Депутат Бақытжан Базарбек қолға алатын жалақысы күнкөріске жетпейтінін айтып, жұбайынан да жұмысқа шығуды сұрағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Журналистер депутаттан Мәжілістегі қазіргі жалақы жеткілікті ме деп сұраған екен. Базарбек бұған бұлтақтамай тура жауап қатыпты. Сөзінше, 500, 700 немесе 800 мың теңге табыс көпбалалы отбасы үшін жеткіліксіз. «Қазіргі жалақыны бір айға жеткізу мүмкін емес. Өзіңіз қараңызшы, 500, 700, 800 мың теңге кімге жетеді? Әсіресе отбасында 5-6 бала болса. Біздің депутаттардың арасында да 5-6 бала-шағасы бар, ақарлы-шақарлы азаматтар жетіп артылады», — деді мәжілісмен. Базарбек табысының басым бөлігін балаларға жұмсайтынын айтып отыр. Балабақша, үйірме, киім-кешек, аяқкиім секілді күнделікті шығын ай сайын отбасы бюджетіне…
Сенат қарапайым қызметтегі азаматтардың мүддесін қорғайтын маңызды заң жобасын мақұлдады. Құжаттың мақсатын заң авторы, депутат Асхат Аймағамбетов егжей-тегжейлі тарқатып берді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Заңдағы жаңа талап жұмысшылардың, қызметкерлердің күнделікті өмірінде жылдар бойы кездесіп келген нақты қиындықтарды шешуге бағытталған. «Жұмыс беруші енді сізді медициналық тексерістен өтуге міндетті түрде жібереді және орташа жалақыңызды, жұмыс орныңызды сақтауға тиіс. Денсаулық сақтау министрлігі eGov арқылы сізге тексеруден өтуге шақырып, SMS немесе push-хабарлама жібереді. Кадр бөлімі сізді тексеруге жіберуге міндетті. «Естімедім», «жібермеді» деген сылтау енді жүрмейді», — дейді Аймағамбетов. Өндіріс пен көлік қызметкерлері ауысым алдындағы медициналық тексеріске уақытын жоғалтатын. Бұл бұрын жұмыс уақытына жатпайтын, енді заң…
15-16 мамыр күндері Ақтауда тұңғыш рет республикалық деңгейдегі «Кітап керуен – Ақтау» кітап жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Шараны Ақтау қаласы әкімдігінің қолдауымен «Стратегиялық зерттеулер орталығы GUMOL» мекемесі ұйымдастырады. Екі күн бойы кітапсүйер қауым Маңғыстау облыстық Қабиболла Сыдиықұлы атындағы әмбебап кітапханасында бас қосады. Жәрмеңкеге еліміздің танымал баспалары қатысып, ең таңдаулы кітаптарын ұсынады. Қатысушылар қатарында Qasym kitap, Steppe&World, «Абай», «Арман-ПВ», ZIYAT, SANA, MAZMUNDAMA, Marfu, «Отбасы Хрестоматиясы» және WIK HOUSE сияқты беделді баспалар бар. Сондай-ақ жәрмеңке аясында танымал ақын-жазушылармен, қоғам қайраткерлерімен кездесу ұйымдастырылады. Олардың ішінде белгілі жазушылар Роза Мұқанова, Оңайгүл Тұржан, Светқали Нұржан, Зира Наурызбай, Бақытгүл Сармекова секілді қаламгерлер қатысып, оқырмандармен жүздеседі.…
Қазақстанда доллардың ресми бағамы 467,63 теңгеге көтерілді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Ұлттық банктің 14 мамырға арналған ресми бағамына сәйкес, 1 АҚШ доллары 467,63 теңге болды. Еуро 547,69 теңге, ресей рублі 6,36 теңге, қытай юані 68,86 теңге болып белгіленді. Валюта нарығындағы қозғалыс бір күн бұрынғы биржа саудасында-ақ байқалды. KASE дерегіне қарағанда, 13 мамырдағы саудада USDKZT_TOM бағамы 467,86 теңгеге жеткен. Бір күндік өсім 3,67 теңге болды деген сөз. Саудадағы ең жоғары баға 470,70 теңгеге дейін барған. Айырбастау пункттері де долларды жоғары ұстап тұр. Таңғы деректерде Алматыда доллар шамамен 465–468 теңге аралығында, Астанада 465–472 теңге аралығында саудаланғаны көрсетілді. Соңғы күндегі күрт өзгеріс теңгенің сәуір…
Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында үш адамның өмірін жұтқан жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық істің тергеуі толық аяқталды. Бұл туралы Алматы полиция департаменті хабарлады, деп жазады Ertenmedia.kz. Қазіргі уақытта тараптар тергеу материалымен танысып жатыр екен. Осы процесс аяқталған соң іс бірден сотқа жолданады. Қайғылы оқиға 21 наурызға қараған түні сағат 03:30 шамасында Әл-Фараби мен Мендіқұлов көшесінің қиылысында болған еді. Тергеу мәліметі бойынша, Zeekr автокөлігі қарсы бағытқа шығып кетіп, Mercedes көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Салдарынан Mercedes-тің 29 жастағы жүргізушісі мен 20 және 22 жастағы екі жолаушы қыз оқиға орнында тіл тартпай кетті. Ішкі істер министрлігінің дерегіне сүйенсек, Zeekr автокөлігінің жүргізушісі жеңіл дәрежедегі масаң күйде болған.…
Тартылған қаражат экономиканың нақты секторын кредиттеуді кеңейтуге және шағын және орта бизнесті қаржыландыру бағдарламаларын дамытуға бағытталады деп жазады Ertenmedia.kz. «ForteBank» АҚ 2026 жылғы 12 мамырда Банктің Директорлар кеңесі жарияланған акциялар саны шегінде 4 168 359 147 жай акцияны орналастыру туралы шешім қабылдағанын хабарлайды. Бұл шешім Банктің бизнесті әрі қарай дамытуға, қызмет ауқымын кеңейту мен капиталдық базаны нығайтуға бағытталған. Капиталды ұлғайту бизнеске кредит беруді арттыруға мүмкіндік береді, ал бұл бағыт Қазақстан экономикасының тұрақты өсімінің негізін қалыптастырады. Басымдықпен сатып алу құқығы бар акционерлер тізімі Директорлар кеңесінің шешімі қабылданған күні, яғни 2026 жылғы 12 мамырда «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ арқылы жасақталды. Акционерлер орналастыру туралы хабарланған…
Депутат Болатбек Әлиев Қазақстан арзан дизель арқылы көрші елдердің экономикасын субсидиялап отыр деп мәлімдеді. Пікірінше, әлеуметтік қолдау деп халыққа арналған арзандатылған жанармайды бүгінде шетелдік тасымалдаушылар, контрабандистер мен «сұр нарық» түгелдей иемденіп алған, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бұған дейін депутат ел ішіндегі арзан дизельді шетелдік жүк көліктері жаппай пайдаланып жатқанын көтерген-тін. Әлемжеліде жарияланған әлгі мәселе көпшіліктің қолдауына ие болған еді. Мәжілісменнің сөзіне қарағанда, оған елдің түкпір-түкпірінен қарапайым азаматтар қоңырау шалып, жағдайдың шын мәнінде бұдан да күрделі екенін айтқан. «Бүгінгі күні Қазақстандағы дизель бағасы көрші елдермен салыстырғанда әлдеқайда төмен. Салдарынан біздің ел шетелдік тасымалдаушыларға арзан дизель ұсынатын алып жанармай стансасына айналды. Шетелдік жүк…










