Автор: Самат Келдібай

Avatar photo

Самат Келдібай Ertenmedia.kz редакциясында қоғам, әлеуметтік ахуал, құқықтық тәртіп, резонанс оқиғалар және даулы мәселелер тақырыбын жазады. Оның материалдарында күн тәртібіндегі күрделі оқиғалар оқырманға түсінікті тілмен беріліп, шешім қабылдайтын органдардың ұстанымы мен қоғам реакциясы қатар қамтылады.

ораза айт 2026

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ораза айттың алғашқы күні, яғни 20 наурызға арналған айт намазының нақты уақытын жариялады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Намаз уақыты өңірлер бойынша күннің шығуына қарай әртүрлі белгіленген. Жарияланған кестеге сай, Алматы мен Абай облысында айт намазы таңғы 07:00-де басталады. Астана, Шымкент және өзге бірқатар аймақта жамағат 07:15-те сапқа тұрады. Қостанай, Қызылорда және Ұлытау облыстарында уақыт 07:30 болып бекітілген. Батыс өңірлерде айт намазы сәл кешірек оқылады. Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Ақтөбе облыстарында жамағат мешітке 08:30-да жиналады. Мүфтият өкілдері тұрғындарға мешітке ертерек келіп, алдын ала дайындалуға кеңес берді. Сонымен қатар мереке күні қоғамдық тәртіпті сақтау, тазалыққа мән беру және…

Толық оқу
президент тоқаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституцияны іске асыру мәселесіне арналған жұмыс кеңесін өткізді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жиын 15 наурыздағы республикалық референдумда қабылданған Конституция нормаларын нақты тетіктерге көшіру барысына арналды. Кеңеске Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев, Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов, Премьер-министр Олжас Бектенов, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, Президент Әкімшілігінің жетекшісі Айбек Дәдебай, Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаев және әділет министрі Ерлан Сәрсембаев қатысты. Мемлекет басшысы осы күні 2026 жылғы 15 наурызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын жүзеге асыру шаралары туралы Жарлыққа қол қойылғанын айтты. Жаңа конституция туралы пікірлер? Оның сөзінше, енді заңдар мен өзге де нормативтік-құқықтық актілерді жаңа Конституция талаптарына сәйкестендіру үшін…

Толық оқу
әскерилер

Қазақстанда 17 наурыздан бастап азаматтарды мерзімді әскери қызметке көктемгі шақыру науқаны басталды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Енді қала және аудан әкімдерінің орынбасарлары төрағалық ететін шақыру комиссиялары 18 бен 27 жас аралығындағы азаматтарды 30 маусымға дейін әскер қатарына жіберумен айналысады. Қарулы күштер Бас штабының ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің басшысы Алмас Исабековтің сөзінше, көктемгі кезеңде ел бойынша 21 мың адамды әскерге алу жоспарланған. Соның ішінде 11 мыңнан астам азамат Қарулы күштерге, 7 мыңнан астамы Ұлттық ұланға, 2 мыңы ҰҚК Шекара қызметіне, 400 адам Төтенше жағдайлар министрлігіне, тағы 300 адам Мемлекеттік күзет қызметіне жіберіледі. Әскерге шақыру қағазы енді азаматтарға SMS-хабарлама және eGov порталы арқылы жолданады.…

Толық оқу
туркия казахстан

Түркия Қазақстанда өткен конституциялық референдумның бейбіт әрі ұйымдасқан жағдайда өткенін жоғары бағалады, деп жазады Ertenmedia.kz. Анкараның ресми ұстанымы Қазақстандағы саяси реформаларға халықаралық қауымдастықтың назар аударып отырғанын көрсетті. Түркия тарапы дауыс беру процесінің тыныш өткенін атап өтіп, референдум нәтижесінде қабылданған өзгерістер елдің алдағы дамуына оң ықпал етеді деген сенім білдірді. Ресми мәлімдемеде Қазақстандағы конституциялық референдумның бейбіт жағдайда өткені Түркия үшін қуанышты жайт екені айтылған. Дауыс беру барысын Түркиядан барған халықаралық байқаушылар да бақылаған. Анкара референдум арқылы қабылданған өзгерістер Қазақстанның болашақ саяси және институционалдық дамуына қолайлы негіз қалыптастырады деп есептейді. Сарапшылардың пікірінше, Түркияның мұндай бағасы Қазақстандағы конституциялық реформалардың сыртқы әріптестер тарапынан оң…

Толық оқу
кытай

Қытай Қазақстандағы Конституция референдумының сәтті өтуімен құттықтап, ел болашағына сенім білдірді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. 16 наурызда Қытай Сыртқы істерінің ресми өкілі Линь Цзянь Қазақстанда өткен жаңа Конституция жөніндегі жалпыхалықтық референдумға қатысты пікір білдірді. «Қазақстан жаңа Конституция бойынша жалпыұлттық референдумды сәтті өткізді. Қытай тарапы көрші әрі мәңгілік стратегиялық серіктес ретінде Қазақстанның тұрақты дамып, әлеуметтік гүлдену жолын ұстанғанын қуанышпен қолдайды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен Қазақстанның мемлекеттік құрылыс саласында жаңа әрі биік жетістіктерге жететініне және «Әділетті Қазақстан» құру жөніндегі ауқымды мақсаттардың орындалатынына сенімдіміз», – деді Линь Цзянь. Оның айтуынша, Қытай Қазақстанмен екіжақты қатынастарға зор мән береді және президенттер деңгейінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іс…

Толық оқу
ипотека в Казахстане

Қазақстандағы тұрғын үй нарығында сұраныс баяуласа да, бағаның өсуі жалғасады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Halyk Finance сарапшылары баспана құнының көтерілуін ҚҚС реформасымен, жоғары инфляциямен және былтырғы жылдың төменгі базасымен байланыстырып отыр. Ұлттық статистика бюросының дерегінше ақпан айында екінші нарықтағы баспананың шаршы метрі былтырмен салыстырғанда 14,3 пайызға, ал жаңа тұрғын үй бағасы 16,1 пайызға қымбаттаған. Пәтер жалдау ақысы да 11,7 пайызға өсіп, жылдық инфляция деңгейімен теңесті. Сарапшылар сұраныстың төмендеуіне бірқатар фактор әсер етеді дейді. Олардың қатарында жылжымайтын мүлік нарығына салынатын ҚҚС-тың енгізілуі, ипотека шарттарының қатаңдауы («7-20-25» бағдарламасындағы өзгерістер, алғашқы жарна мен несиелеу мерзіміне байланысты сыйақы мөлшерлемесінің өзгеруі, үлескерлік құрылыс талаптарының күшеюі), сондай-ақ…

Толық оқу
Бектенов

Премьер-министр Олжас Бектенов қазақстандықтарды жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Үкімет басшысы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жетекшілігімен ел дамуының жаңа кезеңіне қадам басқанын атап өтті. «Кеше жалпыұлттық референдумда азаматтарымыз белсенділік танытып, нағыз патриотизм үлгісін көрсетті. Халық мемлекет басшысының ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларына қолдау білдірді. Барлығымыз тарихи маңызы зор оқиғаның тікелей қатысушысына айналдық. Президент айтқандай, қазақстандықтар елді әрі қарай жаңғыртуға дауыс беріп, мемлекеттілігімізді нығайтуға үлес қосты», – деді премьер-министр. Олжас Бектеновтың айтуынша, әділетті және прогрессивті Қазақстанның жаңа тарихы демократиялық құндылықтармен қатар ұлттық дәстүріміз бен мәдениетімізге деген құрметке негізделеді. «Барша қазақстандықтарды ел бірлігі мен тәуелсіздігінің, егемендігінің айғағы болған жаңа Конституцияның қабылдануымен…

Толық оқу
ауа райы болжамы

«Қазгидромет» 15 наурызға арналған дауылды ескерту жариялап, Астана, Шымкент пен еліміздің 16 облысында ауа райы күрт бұзылатынын ескертті деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Астанада көктайғақ пен тұман күтіледі. Алматы облысының солтүстігі мен оңтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі, шығысында күндіз жел 15-20 м/с-ке күшейеді. Ақмола облысының солтүстігі мен шығысында түнде қар, бұрқасын, көктайғақ, күндіз де осы аумақтарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде тұман күтіледі. Көкшетауда түнде қар, күндіз жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Қызылорда облысының орталығы мен шығысында күндіз жел екпіні 15-20 м/с-ке жетеді, Қызылорда қаласында да жел 15 м/с-ке күшейеді. Ұлытау облысының солтүстігі, орталығы мен оңтүстігінде, Жезқазғанда…

Толық оқу
АҚШ пен Иран соғысы

АҚШ мемлекеттік департаменті Иранның жаңа жоғарғы көсемі Моджтаба Хаменеидің басына 10 миллион доллар тікті деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Мемдепартаменттің «Әділдік үшін сыйақы» бағдарламасы аясында жарияланған тізімге Иран Ислам революциясы сақшылар корпусының (КСИР) негізгі өкілдері мен жоғары лауазымды тұлғалары енген. Тізімнің басында Иранның жоғарғы көсемі Моджтаба Хаменеи тұр. Хаменеиден бөлек, АҚШ билігі тағы тоғыз адамның деректеріне қызығушылық танытып отыр. Олардың қатарында жоғарғы көсемнің әкімшілігінің басшысы Әли Асгар Хеджази, Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әли Лариджани, жоғарғы көсемнің аға әскери кеңесшісі Яхья Рахим Сафави, ішкі істер министрі Эскандар Момени және барлау министрі Исмаил Хатиб бар. Сонымен қатар тізімде нақты есімдері аталмаған, тек лауазымдары көрсетілген…

Толық оқу
асқар мамин лондон

Атышулы экс-премьер Асқар Мәминнің немере інілері Ернар мен Әлібек Мәминнің Лондындағы екі пәтерінің құны 15,7 миллион фунт стерлингтен (10,4 млрд теңге) асады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. «Выход к морю» Telegram-арнасының зерттеуінше, қымбат пәтерлер Лондонның беделді ауданында, Кенсиңтон бақтары мен Гайд-паркке жақын Бэйсуотерде орналасқан. Бұл аумақ бұрынғы посткеңестік елдердің жоғары лауазымды тұлғалары арасында танымал саналады. Құжат бойынша жылжымайтын мүлік ресми түрде Ернар мен Әлібекке тиесілі болғанымен, оны толық бақылау құқығы әкелері бұрынғы премьер-министрдің туған інісі Марат Мәминде қалған. Әкесінің рұқсатынсыз інілері пәтерлерді сатуға да, жалға беруге де құқығы жоқ. Мәминдер отбасы Lancaster Gate тұрғын үй кешенінен екі бірдей апартамент сатып алған: Бірінші…

Толық оқу