АҚШ Венесуелаға түн ортасында әскери соққы беріп, елді 2013 жылдан бері басқарып келген президент Николас Мадуроны қолға түсірді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бұл туралы бүгін таңертең Дональд Трамп өзі басқаратын Truth Social әлеуметтік желісінде мәлім етті. Бұған дейін Уашиңгтон Мадуроны есірткі саудасы мен заңсыз билікті иемденді деп бірнеше ай бойы айыптап келген еді. «Әмірика Құрама Штаттары Венесуелаға кең ауқымды әскери операцияны сәтті аяқтады. Елдің президенті Николас Мадуро әйелімен бірге тұтқындалып, ел аумағынан тыс жерге әкетілді», – деп жазды Трамп. Әмірикалық тарап Мадуро билігін «есірткі мемлекеті» деп айыптап, былтырғы президенттік сайлауда нәтижелердің бұрмаланғанын алға тартып отыр. Оппозиция да сайлауда Мадуроның шынайы қолдауға…
Автор: Самат Келдібай
Президент Тоқаевтың өкімімен Бас прокуратураның активтерді қайтару комитетінің төрағасы Нұрдәулет Сүйіндіков қызметінен босады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Нұрдәулет Сүйіндіков 1980 жылы 26 маусымда Түркістан облысында туған. Әділет аға кеңесшісі. Прокуратура органдарындағы еңбек жолын 2001 жылы бастаған. Бас прокуратураның активтерді қайтару комитетіне 2023 жылдың қазанынан бастап жетекшілік етті. Аталған комитет Мемлекет басшысының жарлығымен 2023 жылдың 5 қазанында құрылған. Оның басты міндеті заңсыз шығарылған активтерді елге қайтару, оларды іздестіру бойынша халықаралық құқықтық ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына жол ашқан себептерді анықтап, жою. Бұған қоса комитет премьер-министр төрағалық ететін арнайы комиссияның жұмысшы органы қызметін атқарады. Контекст Бұған дейін Тоқаевқа есепке берген Бас…
Президент Тоқаев Путинмен сөйлесіп, Новгород облысындағы президент резиденциясына жасалған шабуылды сынға алды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Әзірге Ресей Сыртқы істері Сергей Лавров 29 желтоқсанға қараған түні Киев Путиннің Новгородтағы резиденциясына дронмен шабуыл ұйымдастырғанын мәлімдеген еді. Зеленский ақпаратты жоққа шығарып, оны келіссөздер процесін тұйыққа тіреуге арналған жалған мәлімет деп атады. Айтуынша, Ресей осы арқылы Украинаға соққы жасауға сылтау іздеп отыр. Тоқаев әлгі әрекетті айыптай келе, мұндай қадам екі ел арасындағы мәселені бейбіт жолмен шешуге септеспейтінін атап өтті. Сонымен қатар, Дональд Трамптың араласуымен Украина мен Ресей арасындағы келіссөзде ілгерілеу байқалғанын оң бағалады. Айта кетейік, осыған дейін Владимир Зеленский Украинадағы жағдайды талқылау үшін Флоридада…
Ұшақта шу шығарған жолаушы әйел қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Астана соты әуеде бортсеріктерге шабуыл жасаған жолаушыға үкім шығарды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, оқиға ұшу кезінде болған. Қызмет сапасына көңілі толмаған әйел екі бортсерікке күш көрсеткен. Абырой болғанда, ешкім зардап шекпеген. Десе де, сот мұны қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу деп бағалады. Айыпталушы кінәсін толық мойындады. Оның әрекетін зардап шеккен қызметкерлер де растады. Мемлекеттік айыптаушы әйелді үш жылға бас бостандығынан айыруды талап етті. Жәбірленушілер прокурордың талабын қолдап, жазаны соттың қалауына қалдырған. Айыпталушы өз кінәсін мойындап, кешірім сұрап, бостандығынан айырмауды өтінді. Сот айыпталушының бұрын сотты болмағанын және қылмыстық жауапқа алғаш рет…
Алматыда ауаның ластануын кезең-кезеңімен азайтуға бағытталған жаңа ережелер қабылданды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қала мәслихаты мақұлдаған құжат Экологиялық кодекс аясында әзірленген. Алматы әкімдігі былтырғы көрсеткіштер қаладағы ауаны қорғау саясатын қайта қарау қажет екенін көрсетті дейді. Былтыр агломерация аумағынан ауаға тараған зиянды қалдықтың жалпы көлемі 225 мың тоннадан асқан. Ластанудың негізгі көзі ретінде көлік қозғалысы, өндірістік және қоғамдық нысандар, монша, тамақтану орындары мен құрылыс объектілері, сондай-ақ жеке тұрғын үйлер аталды. Жаңа ережеге ең алдымен мәшінелер бағынышты болмақ Автопарктердің жұмысына талап күшейеді: қозғалтқышты бос жүрісте қосып қоюға тыйым салынады, міндетті тазарту құрылғылары орнатылады, экологиялық тексеріс жиілейді. Сонымен қатар, техника кезең-кезеңімен жаңарып, көліктерден шығатын…
Қазақстанда балалардың денсаулығы мен дамуына зиянды ақпарат таратуға тыйым салынды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осы мәселені реттейтін заңға қол қойды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жаңа заң талаптары бойынша, БАҚ, интернет желілері мен басқа да ашық ресурстарда педофилия мен дәстүрлі емес жыныстық қатынасты (атышулы ЛҒБТ, ред.) насихаттайтын ақпарат таратуға шектеу қойылады. Бастама балалардың денсаулығы мен психологиялық дамуына кері әсер ететін контентті азайтуды көздейді. Айта кету керек, Сенат заң жобасын осы айдың басында екі оқылымда мақұлдаған еді. Қоғамның бір бөлігі мен халықаралық ұйымдар құжатты өткір сынға алды. Ақпарат министрлігі заң жобасының былтырғы петициядан кейін қолға алынғанын және талқылауға ҮЕҰ мен халықаралық сарапшылар тартылғанын хабарлады.…
Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай 2025 жылды қорытындылап, биылғы басты оқиғалар мен жетістіктерді жария етті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Өткен жыл елдің даму қарқыны мен ауқымды реформаларымен ерекшеленді. Экономика өсімі соңғы онжылдықтағы ең жоғары көрсеткішке жетіп, 6 пайыздан асты. Қазақстанның жалпы ішкі өнімі алғаш рет 300 миллиард доллардан асты, ал жан басына шаққанда бұл көрсеткіш 15 мың долларды құрады. Өндіріс және инфрақұрылым: ауқымды жобалар Жалпы сомасы 1,47 триллион теңге болатын 185 жаңа жоба іске қосылып, 22,8 мың тұрақты жұмыс орны ашылды. Толық қуатына көшкен кезде бұл кәсіпорындардан 2,3 триллион теңгенің өнімі күтіліп отыр. Атап айтқанда, Достық – Мойынты теміржолының екінші желісі…
Билік алдағы жылы қандастар мен қоныс аударушыларға бөлінетін өңірлік квота көлемін бекітті. Нәтижесінде еліміздегі бірнеше облысқа 8 мыңнан астам адам қоныстанады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Квота шеңберінде қандастардың басым бөлігі Павлодар облысына жіберіледі. Мұнда 977 адам қабылданбақ. Одан кейінгі орындарда Ақмола (285 адам), Абай (264 адам), Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Қостанай (әр облысқа 200 адамнан), Атырау (125 адам), Батыс Қазақстан (30 адам) облыстары тұр. Қоныс аударушыларға да солтүстік аймақтарға басымдық берілген. Солтүстік Қазақстанға 2820, Павлодар облысына 1655, Шығыс Қазақстанға 600, Қостанай облысына 485, Абай облысына 275, Ұлытау облысына 125, Қарағанды облысына 37 адам келеді. «Мемлекет тарапынан көшіп келген азаматтарға қолдау…
Билік еліміздегі казино санын арттыруды көздеп отыр. Бұл туралы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәлімдеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Жақында қолданысқа енетін «Туристік қызмет туралы» заңға енгізілетін өзгеріске сәйкес, бұдан былай казинолар тек Бурабай мен Қапшағайда ғана емес, басқа бірнеше өңірде де ашылуы мүмкін. Министрдің айтуынша, жаңа ойын аймақтары Маңғыстау облысындағы Каспий жағалауында, Жетісу облысындағы Алакөл жағасында, Алматы облысының Талғар ауданында, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысындағы Марқакөл мен Зайсан ауданында ашылады деп жоспарланған. Жергілікті тұрғындар казиноның елдімекендерге жақын орналасуынан және құмар ойынға тәуелді азаматтар санының өсуінен қауіптенеді. Министр осы мәселеге қатысты түсініктеме берді. «Үкімет ойын аймақтарының орналасатын өңірін ғана белгілейді, ал…
Желтоқсанда Қазақстанның мұнай өндірісі шамамен 6 пайызға төмендеген. Бұған Киевтің Каспий құбыры (КҚК) терминалына жасаған дрон шабуылы тікелей әсер еткен, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Reuters дерегінше, 1–28 желтоқсан аралығында Қазақстанның мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі қарашадағы көрсеткішпен салыстырғанда тәулігіне 1,93 млн баррельге дейін төмендеген. Өндіріс көлемінің қысқаруына негізінен елдегі ең ірі мұнай кен орны Теңіз әсер еткен. Теңіз кен орнында өндірілген мұнай көлемі бірден 10 пайызға қысқарып, тәулігіне 719,8 мың баррельді құрады. Себебі дәл осы кен орнының негізгі экспорты КҚК құбыры арқылы жүзеге асады. Агенттіктің дереккөзі экспортқа шектеу қойылған соң, кен орны жоспарлы қуатына шыға алмай отырғанын атап өтті. 29…
