Астана қаласының мәслихаты жол қозғалысын ұйымдастырудың жаңа ережелерін бекітті. Бұл құжат көлік тұрағы, шлагбаум орнату және арнайы автотұрақтардың тәртібін реттейді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Ереженің бір бөлігі 20 сәуірден, қалған талаптар 12 шілдеден бастап күшіне енеді. Жаңа ереже бойынша арнайы белгіленген орындардан тыс жерлерге автокөліктерді қоюға тыйым салынады. Бұл салмағы 3,5 тоннадан асатын жүк көліктеріне (коммуналдық техниканы есептемегенде), электросамокат, электрвелосипед және шағын электр көліктеріне қатысты. Жеке автотұрақтардың иелері тұрақты қала дизайн-кодына сәйкестендіріп, тәулік бойы төтенше және коммуналдық қызметтердің кіруін қамтамасыз етуге міндетті. Сонымен қатар мүгедектігі бар азаматтарға арнайы орын қарастыруы тиіс. 2026 жылғы 12 шілдеден бастап коммуналдық көше тұрақтары ақылы болады.…
Автор: Самат Келдібай
Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Еркін Келесов ұсталды деген ақпарат тарады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Шенеунік өз кабинетінде шамамен 4 миллион теңге пара алып жатқан жерінен ұсталған болуы мүмкін. Әзірге құқық қорғау органдары мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті ресми түрде бұл ақпаратты растаған да, жоққа шығарған да жоқ. Жағдайға жақын дереккөздерден түскен мәлімет бойынша, лауазымды тұлғаны жұмыс орнынан арнайы қызмет өкілдері алып кеткен. Қазір оның кабинеті жабық, ал телефоны жауап бермейді. Әкімдік те осы оқиғаға байланысты тіс жармай отыр. Келесов туралы не белгілі? Еркін Келесов Тараз қаласының тумасы, мамандығы бойынша бұғалтыр. Шымкенттегі кәсіптік училищені, кейін Тараз…
Қазақстанда 2026 жылғы 1 шілдеден бастап ипотека беру тәртібі қатаяды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Банктер қарыз алушыны бұрынғыдан да мұқият сүзгіден өткізіп, мөлшерлемені әр адамға жеке есептей бастайды. Соның салдарынан табысы тұрақсыз, алғашқы жарнасы аз немесе қарызы көп азамат үшін баспана несиесіне қол жеткізу қиындай түсуі мүмкін. Ал ресми табысы жоғары, несие тарихы таза адамдарға анағұрлым тиімді шарт ұсынылуы ықтимал. Бұған дейін ипотеканың шекті мөлшерлемесін 25 пайыздан 20 пайызға дейін түсіру жайы айтылған еді. Алайда… Өзгеріс тек пайыздық межемен шектелмейді. Енді негізгі жаңалық несие бағасын есептеу тәсілінен көрінбек. Яғни банк енді бәріне ортақ бір шарт ұсынбайды, әр клиенттің қаржылық бейініне қарай…
Қазақстандықтардың жалақысының 80 пайыздан астамы міндетті төлемдер мен күнделікті қажеттілікке жұмсалып, өзіне тек бесінші бөлігі ғана қалады. Экономист Руслан Сұлтанов миллион теңге көлеміндегі табыстың нақты қалай бөлінетінін талдап, есептеп шықты деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Экономистің есебінше, айына 1 миллион теңге табыс тапқан адам жылына 12 миллион теңге алады. Оның ішінде салықтар мен міндетті төлемдер шамамен 2,3 миллион теңгені (19,5%) құрап, қолында 9,66 миллион теңге қалады. Демек, әр адам жылына екі ай жеті күнін тек мемлекетке салық төлеуге арнайды. Баспана мен коммуналдық төлемдерге де қомақты қаржы жұмсалады. Пәтер жалдау немесе ипотекаға айына шамамен 150 мың теңге, коммуналдық төлемдерге 40 мың теңге кеткенде…
Халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық блогер Қайсар Қамза Вьетнамның Камрань қаласында тұтқындалды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қазақстан мен Вьетнам құқық қорғау органдары бірлесіп, Интерпол желісі бойынша арнайы операция жүргізген. Ішкі істер министрлігінің дерегінше, блогер заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін халықаралық іздеуде болған. Тергеу мәліметіне сәйкес, Қамза әлеуметтік желілер арқылы онлайн-казиноны жарнамалап, аудиторияны құмар ойындарға жүйелі түрде тартқан. Осы заңсыз әрекеттен түскен табыс 100 млн теңгеден асып, криптовалюталық әмиянға аударылып отырған. Блогерге қатысты іздеу ісі 2026 жылдың 10 қаңтарында Қаржылық мониторинг агенттігінің бастамасымен қозғалған еді. Тергеу Қамзаның шамамен бес жыл бойы: Instagram-дағы 2,4 миллион жазылушысы бар аккаунт арқылы; «Қора энтертейнмэнт» атты 368 мың…
Мәжілісте «Тұтынушылар құқығын қорғау туралы» заң жобасы төңірегінде шатақ шықты. Депутат Марат Бәшімов әріптестерін ел мүддесі емес, олигархиялық топтарды қорғап отыр деп қатаң сынға алды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Дауға соңғы екі жыл бойы әзірленіп, қабылдануы сағыздай созылып кеткен тұтынушылар құқығын қорғау саласындағы заң жобасы түрткі болды. Заң саласында мол тәжірибесі бар депутат Марат Бәшімов қазіргі заңнаманың халық емес, атышулы Тимур Құлыбаев бастаған олигархтарға қызмет ететінін ашық айтты. Жұмыс тобының отырысында депутаттар арасындағы пікірталас тіпті шиеленісіп кетті. Бәшімов қапталындағы әріптестері Айдос Сарым мен Қанат Нұровты мәселені әдейі созып, тұтынушыларды қорғауға кедергі келтіріп отыр деп айыптады. «Бұл әңгімені доғару керек! Айдос мырза,…
13 сәуірден бастап ХҚКО-ларда еңбек мигранттарына жұмыс істеуге рұқсат беру және оны ұзарту қызметі тоқтатылады. Аталған қызмет енді тек онлайн форматта көрсетіледі деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Цифрлық даму және жасанды интеллект министрлігінің хабарлауынша, қызмет eGov.kz порталы және migration.enbek.kz сайты арқылы ғана қолжетімді болады. Енді шетел азаматтары үй шаруашылығында жұмыс істеу үшін рұқсатты рәсімдеуді және мерзімін ұзартуды тек онлайн жасай алады. Жаңа жүйенің артықшылығы кейбір құжаттарды жүктеу қажеттілігі жойылды. Мәселен, медициналық анықтама мен сақтандыру туралы деректер мемлекеттік ақпараттық жүйелерден автоматты түрде алынады. eGov порталы медициналық тексеруден өткен-өтпегенін, сақтандыру полисінің бар-жоғын және салық төлемдерін автоматты түрде тексереді. Цифрлық даму және жасанды интеллект бірінші…
Шымкентте шетелдіктерді заңсыз кіргізіп, оларға жалған құжаттар әзірлеумен айналысқан тұрақты қылмыстық топ ұсталды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, қылмыстық топ шетел азаматтарының Қазақстан аумағына заңсыз келуіне және осында тұрақтап қалуына көмектесіп, ақысын алып отырған. Заңсыз іс-әрекетке жалған құжаттар мен еңбек келісімшарттарын дайындау да кірген. Арнайы операция барысында полиция қызметкерлері 28 тінту жүргізіп, ондаған шетелдік паспорт, компьютерлік техника, байланыс құралдарын, бланкілер мен жалған құжаттарды тәркілеген. https://youtu.be/bpeAMN5M1z8 Сонымен қатар, қомақты қаражат пен тіркелмеген қару да анықталды. Қылмыстық топтың жетекшісі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Заңсыз әрекетке қатысы бар тағы 13 адам полиция бөліміне жеткізілген. Ұсталғандарға қатысты «заңсыз көші-қонды ұйымдастыру» бабы бойынша…
Қазақ қоғамындағы тілдік төңкеріс болжанғаннан он жылға ерте басталды, деп жазады Ertenmedia.kz. Белгілі PR маман Айбар Олжайдың айтуынша, қазақ халқы, соның ішінде жаңа буын жастар орыс тілінен саналы түрде, толықтай бас тартқан. Сарапшы бұл үрдіс 2035 жылға асықпай келеді деп болжаған екен. Алайда 2000-шы жылдан бері қарай өмірге келген буын осы межені мерзімінен бұрын еңсеріп, 10 жылға ерте орындап отыр. «Қазіргі қазақ жастарының ой-өрісі мен ұлтжандылығы бұған дейінгі ешбір буынға ұқсамайды. Осы буын ұлтымыздың сана-сезімін 180 градусқа бұрып, сана төңкерісін жасамақ. Менің осы айтқанымды есте сақтап алыңыз, бес жылдан кейін сіз мүлде басқа Қазақстанда өмір сүретін боласыз, бәрі өзгереді», –…
Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті сәуір айына белгіленген салық міндеттемелерін дер кезінде орындауға шақырды. Уақытында төленбеген салықтар үшін өсімпұл қосылатынын ескертті деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Салықтарды төлеудің негізгі мерзімдері: 1 сәуірге дейін: 2025 жылғы көлік салығы. 6 сәуірге дейін: Жеке практикамен айналысатын азаматтардың наурыз айы үшін жеке табыс салығы (ЖТС). 10 сәуірге дейін: Корпоративтік табыс салығы (КТС) – 2025 жыл үшін соңғы есеп айырысу; Төлем көзінен ұсталмайтын кірістер бойынша ЖТС – соңғы есеп; Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары (соның ішінде үстеме пайда салығы және балама салық); Жер және мүлік салығы – 2025 жыл үшін соңғы есеп айырысу; 2025 жылға арналған декларация…










