Қазақстанда 2026 жылы әлеуметтік сала, сақтандыру жүйесі және бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты жаңа заң жобалары әзірленеді. Бұл туралы Үкімет отырысында Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев мәлім етті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Министрдің айтуынша, келесі жылға 12 заң жобасы жоспарланып отыр. Олардың ішіндегі ең маңыздысы – тұрғын үйлерді табиғи апаттардан міндетті сақтандыру мәселесін реттейтін заң жобасы. «Парламентке бірінші жартыжылдықта 5, екінші жартыжылдықта 7 заң жобасы ұсынылады. Әсіресе Президент тапсырмаларын сапалы орындауға басымдық беріледі. Әлеуметтік қорғау мен цифрлық даму мәселелері – басты назарда», – деді Ерлан Сәрсембаев. Сонымен қатар, министр мемлекеттік мүлікке қатысты заңдарға, онлайн-платформалар мен БАҚ саласын реттеуге бағытталған түзетулер енгізілетінін айтты. Өнеркәсіп…
Автор: Самат Келдібай
Саясаттанушы Ғазиз Әбішев Қазақстандағы қазіргі экономикалық ахуалға қатысты пікір білдірді. Бұған премьер Бектеновтің президент Тоқаевқа берген есебі себеп болған, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Әбішевтің пайымынша, қазіргі министрлер кабинеті соңғы жылдардағы ең ауыр әрі күрделі шешімдерді қабылдауға мәжбүр. «Соңғы жиырма жылда Қазақстан экономикасы мұнайдан түскен қаржыға әбден масайрап алды. Қандай да бір қиындық туындаса, дереу ақшаға көміп, бюджетті оңды-солды шашып келген едік. Қаржының біразы әлеуметтік қолдауға, тағы бір бөлігі популистік әрі жемқорлыққа бейім жобаларға кетті», – дейді саясаттанушы. Сарапшының сөзінше, дәл қазір осы модель тығырыққа тірелген. Мұнайдан түскен табыстың маңызы әлсіреп, сыртқы және ішкі қысым артқан. Бүгінде мұнайдың 60 доллар шамасындағы бағасы…
Фукуок – Алматы бағытында ұшқан Air Astana ұшағы техникалық ақауға байланысты әуеге көтерілген әуежайына қайта оралды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Әуе компаниясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 26 желтоқсанда КС 162 рейсі бойынша сапарға шыққан ұшақтың барлық әжетханасы істен шыққан. Ұшақ Фукуоктан жергілікті уақытпен сағат 10:04-те (Астана уақытымен 08:04) әуеге көтерілген. Ақау анықталған соң, кері қайтуға шешім қабылданып, жергілікті уақыт бойынша 14:14-те (Астана уақытымен 12:14) аман-есен қонған. Қазіргі уақытта ұшақтағы ақауды жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Рейс 27 желтоқсан күні жергілікті уақытпен таңғы сағат 04:00-ке шегерілген. Жолаушылар ыстық тамақпен және сусынмен қамтамасыз етілді. Әуе компаниясы жолаушыларды қонақүйге орналастыру және трансфер ұйымдастыру мәселесін шешіп жатыр.…
Атышулы Айка дейтін блогер алғаш рет көпшілік алдына шығып, мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бұған дейін 2024 жылы 6,5 жылға бас бостандығынан айырылған Айканың жазасын өтеу мерзімі екі жылға кейінге қалдырылған болатын. Оның сынақ мерзіміне жіберілуіне кішкентай баласының болуы себеп болған. Бостандыққа шыққаннан кейін блогер қоғам мен БАҚ алдында жеке мәлімдеме жасады. Айканың айтуынша, осыған дейін жағдайға қатысты пікір білдіруге мүмкіндігі болмаған. «Сәлеметсіздер ме, менің есімім Айка, жасым 27-де. Ұзақ уақыттан кейін алғаш рет жұртшылық алдына шығып отырмын. Өмірімнің соңғы кезеңі өте ауыр өтті, ол кезде өз пікірімді білдіруге заңдық тұрғыда мүмкіндік болмады. Қазір сынақ мерзімінде жүрмін, заң аясында әрекет…
Қазақстанда қараша айында долларды қолма-қол сатып алу көлемі айтарлықтай жоғары деңгейде сақталып қалды. Әсіресе алматылықтардың шетел валютасына сұранысы ерекше артты, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бірінші кредиттік бюро мәліметінше, өткен айда елдегі айырбас пункттерінде доллардың таза сатылымы 234,7 млрд теңгеге жеткен. Бұл көрсеткіш, қазан айымен салыстырғанда, 1 пайызға ғана жоғары, бірақ сарапшылардың пікірінше, былтырғы күзден басталған валюталық дүрлікпе әлі басылмағанын көрсетеді. Ең қызығы, үш ірі қаланың екеуінде шетел валютасына сұраныс төмендеген: Шымкентте сәл ғана азайса, Астанада бірден үштен бір бөлікке қысқарған. Ал Алматыда жағдай мүлде бөлек: доллар сатып алу көлемі бірден 12 пайызға өсіп, таза сатылым сомасы 103,1 млрд теңгеге жеткен. Бұл…
Ақтөбеде әкімдіктің бұрынғы қызметкері Жандос Әлімов сот алдында жауап беруде. Оған мемлекет тұрғын үйін заңсыз үлестіріп, қызмет өкілетін асыра пайдаланды деген айып тағылған, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Диапазон дерегінше 2021 жылдың қыркүйегі мен 2024 жылдың қаңтары аралығында Жандос Әлімов қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімін басқарған. Тергеу дерегінше, ол пәтерлерді өзінің туыстарына, жерлестері мен бөлім қызметкерлеріне заңсыз жекешелендіруге жол ашып берген. Айыптау тарапының тұжырымы бойынша, Әлімов комиссия құрамына әкімдік аппаратының заңгерін әдейі қоспаған. Себебі заңгер заңсыз шешімдерге қарсы шығып, кедергі келтіруі мүмкін еді. Бастапқыда тұрғын үйлер шын мұқтаждарға әділ үлестірілгендіктен, бөлім басшысы комиссия мүшелерінің сеніміне ие болған. Кейін бұл тәртіп бұзылып, күмәнді…
Әміриканың ішкі қауіпсіздік министрлігі қоғамға қауіп төндіретін шетелдік қылмыскерлердің тізімін жариялады. Тізімде Қазақстанның үш азаматы жүр, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Құжат АҚШ көші-қон және кедендік бақылау қызметінің деректері негізінде дайындалған. Мұнда ел ішіндегі қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікке айтарлықтай қатер төндіретін шетел азаматтарының аты-жөні жинақталған. Құқық қорғау органдары дерекқорды қылмыскерлерді жылдам ұстау әрі шұғыл депортациялау үшін пайдаланады. Әмірикалық ведомство дерегінше, Алабаманың Бруквуд қаласында қолға түскен қазақстандық азамат шабуыл жасау және ұрланған заттарды иемденгені үшін сотты болған. Тағы бір отандасымыз Флорида штатында ұрлыққа қатысты күдікпен ұсталған. Ал үшіншісі Орегон штатында қарулы шабуыл жасады деген айыппен қамауға алынған. Министрліктің түсіндіруінше, «ең қауіптілер» санатына ауыр…
Цифрлық даму министрлігінің бірқатар өкілеттігі Ұлттық қауіпсіздік комитетіне берілді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Енді елдегі банк саласы, байланыс жүйесі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, медицина мен электронды үкіметтің ақпараттық қауіпсіздігін бақылауды ҰҚК атқарады. Президент Тоқаев қол қойған жарлықтың маңызы бөлек. Бұдан былай аса маңызды ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым нысандарының қауіпсіздігін бақылау қызметі Цифрлық даму министрлігінен Ұлттық қауіпсіздік комитетіне өтеді. Құжатта ҰҚК аталған міндеттер бойынша министрліктің құқықтары мен міндеттемелерінің де ресми құқықтық мұрагері болатыны жазылған. Үкімет пен Ұлттық қауіпсіздік комитеті өзгерістерге сәйкес заңнамаға қажетті толықтырулар енгізіп, комитет өз қызметі туралы ережеге тиісті түзетулерді әзірлеп, Президентке ұсынуы тиіс. Аса маңызды ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым санатына жұмысы тоқтап қалса, азаматтардың…
Шымбұлақтағы Gusto мейрамханасында тілге байланысты тұтанған жанжал бойынша тараптардың әрқайсысы 20 АЕК көлемінде айыппұл арқалады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Әлемжеліде тараған видеода Елена дейтін мейрамхана қызметкері қазақша қызмет көрсетуден үзілді-кесілді бас тартқан. Әлгі жерге түстенуге келген клиенттің мемлекеттік тілде қызмет көрсетілуі керек деген талабына құлақ аспай, мен «КСРО-дан туғанмын» деген түсініксіз уәжді алға тартқан болатын. Қазақша сөйлеуге ешкім міндеттей алмайтынын айтқан Елена ақыр соңы клиенттің кеудесінен кері итеріп, мейрамханадан қуып шыққан еді. «Пашел вон отсюда…» деген дөрекі сөз бергі жағы, басқа да балағат айтқан мейрамхана қызметкерінің әрекеті күллі қазақтілді аудиторияның шамына тиген. Оқиға әп-сәтт күллі елге тарап Шымбұлаққа шығып алған Gusto…
Президент Тоқаев даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлына «Халық қаһарманы» атағын берді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Мұндай шешім батырдың 115 жылдық мерейтойында тарихи әділеттілікті қалпына келтіру мақсатында қабылданған. Президент Жамбыл облысына барған сапарында осы туралы жария етті. Мемлекет басшысының айтуынша, қоғам, зиялы қауым және жастардың көп жылдан бергі өтініштері ескерілген. «Бауыржан Момышұлының батырлығы тарихи деректермен расталып, майдандастарымен мойындалған ерлік. Оның есімі ел есінде мәңгі патриотизм мен ержүректіліктің символы ретінде қалады», – деді Тоқаев. Жақында Астанадағы «Астана Арена» стадионында Момышұлының алып фотомозаикасы жасалған болатын. 2736 шаршы метрлік портретті 570 оқушының суреттерінен құрастырды. Бұл жоба Жеңістің 80 жылдығы мен батырдың 115 жылдық мерейтойына арналды және…
