Автор: Самат Келдібай

Avatar photo

Самат Келдібай Ertenmedia.kz редакциясында қоғам, әлеуметтік ахуал, құқықтық тәртіп, резонанс оқиғалар және даулы мәселелер тақырыбын жазады. Оның материалдарында күн тәртібіндегі күрделі оқиғалар оқырманға түсінікті тілмен беріліп, шешім қабылдайтын органдардың ұстанымы мен қоғам реакциясы қатар қамтылады.

мобильді аударымдар 2026

Қазақстанда шағын бизнестің мобильді аударымдар арқылы табыс табатын дәуірі ресми түрде аяқталды. 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалпыға бірдей декларациялаудың соңғы кезеңі күшіне енді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Осы уақытқа дейін мемлекеттік органдар тек ірі кәсіпкерлердің айналымын бақылап келген болса, енді барлық шағын бизнес өкілдері мен фрилансерлер толықтай цифрлық бақылауға көшті. Сарапшылардың айтуынша, қоғамда дүрбелең тудырған басты себеп – кәсіпкерлердің салық жүйесінің автоматтандырылған алгоритмін толық түсінбеуі. «Көпшілігі салық инспекторлары әркімнің банк шотын қолмен тексереді деп ойлайды. Шын мәнінде тексерісті банк жүйесіндегі жасанды интеллект алгоритмдері автоматты түрде жүргізеді. Қаржы органдарына дайын деректер жіберіледі. №698 бұйрыққа сәйкес, егер сіздің шотыңызға үш ай қатарынан…

Толық оқу
ипотека в Казахстане

Қазақстанда екінші нарықтағы тұрғын үй бағасы наурыз айында бірден 1,5 пайызға арзандады. Мұндай жағдай былтырдан бері алғаш рет байқалып отыр деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, ақпан айында баға керісінше, 1,5 пайызға өскен еді. Наурызда ел бойынша зерттелген ірі қалалардың 12-сінде пәтер құны арзандаса, бес қалада өзгеріс болмаған. Баға тек Қызылордада (1%), Өскеменде (1,1%) және Семейде (0,5%) ғана өскен. Баға арзандауы бойынша көш басында Алматы қаласы, мұнда пәтерлер бір айда 2,6 пайызға төмендеген. Астанада баға 0,9 пайызға арзандаса, Шымкентте өзгеріс жоқ. Жалпы алғанда, биыл бірінші тоқсанда екінші нарықтағы пәтерлердің бағасы былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 12,9 пайызға қымбаттаған. Сондай-ақ…

Толық оқу
Отбасы банк

Қазақстанда көпшілік асыға күткен «Ұмай» әйелдер ипотекасы мен «Жасыл ипотека» бағдарламасы қайта іске қосылады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Отбасы банк пен Азия даму банкі жалпы сомасы 90 млрд теңгелік несие келісіміне қол қойды. Бұл қаражат алғашқы кезеңде екі мыңнан астам заемшыға баспана алуға мүмкіндік береді. Бағдарламалар нақты қашан іске қосылары әзірге белгісіз. Банктің хабарлауынша, ипотекалардың басталу мерзімі мен пайыздық мөлшерлемелері екінші жартыжылдықта анықталады. Бұған дейін пайыздық мөлшерлеме 14-15%-дан басталып, уақыт өте келе азаятын еді. Осындай жүйе сақталмақ. Жаңарған «Ұмай» бағдарламасы бойынша айтарлықтай өзгеріс бар. Бұрын қатысушы әйелдің жеке табысы ғана есептеліп, шегі 640 мың теңгеден аспауы тиіс болса, енді бүкіл отбасының…

Толық оқу
арест шешу

Әділет министрлігі мен Республикалық жеке сот орындаушылар палатасы арнайы акция аясында азаматтардың әлеуметтік және еңбек төлемі түсетін шотынан бұғатты шешеді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Акция мерзімі 2026 жылғы 6 сәуірден 30 сәуірге дейін. Бұғат мына төлемдер түсетін шоттардан алынады: еңбек ақысы; алимент; зейнетақы; мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар. Шоттарынан бұғатты алдыру үшін азаматтар мына әрекеттерді орындауы тиіс: Adilet.gov мобильді қосымшасына тіркелу; қосымша арқылы жеке сот орындаушысына өтініш беру; тиісті құжаттарды жүктеу. Қажетті құжаттар тізімі: жұмыс орнынан жалақы шоты көрсетілген анықтама; Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан алынатын зейнетақы шоты туралы анықтама; төлем түріне қарай басқа растайтын құжаттар. Министрлік өкілдері бұғаттың алынуы азаматты атқару құжаттары бойынша…

Толық оқу
Дмитрий Сомов

Шығыс Қазақстанда «Востоквзрывпром» ЖШС-ы Алматы – Өскемен – Шемонаиха – Ресей шекарасы бағытындағы республикалық автожолды жөндеу кезінде жіберген ақауларын толық жөндеуге міндеттелді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Экономикалық соттың мәліметінше, жалпы құны 1,4 млрд теңгеден асатын жоба бойынша мердігердің кемшіліктері шаш-етектен. Жолдың 30-дан астам бөлігінде жарықтар мен ойықтар анықталған. Ақаулар жайылған аумақтың көлемі 45 мың шаршы метрден асып түседі. Сонымен бірге «Востоквзрывпромнан» «ҚазАвтоЖол» ҰК пайдасына 26,9 млн теңге көлемінде айыппұл өндірілмек. Қазірше сот шешімі заңды күшіне енбеген. Мемлекеттік сатып алулар порталының дерегіне сәйкес, келісімшарт 2024 жылдың тамызында жасалып, жолды жөндеу жұмыстары төрт айда аяқталуы керек еді. Жоба Жетісу облысының Кербұлақ ауданы аумағындағы…

Толық оқу
ҚазҰУ

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде студенттердің жеке мәліметтері тағы да әлеуметтік желіге таралып кетті деп хабарлайды Ertenmedia.kz. КТК-ның дерегінше ашық қолданысқа шыққан құжаттарда студенттердің аты-жөні, факультеттері, тәртіп бұзғандығы туралы мәліметтер, тіпті медициналық диагноздары бар. Студенттердің жеке деректері мен медициналық анықтамалары алдымен университеттің чаттарына, одан әрі әлеуметтік желіге тараған. Олардың кім арқылы және қандай мақсатпен таралғаны әзірге белгісіз. «Бұл жағдай бірінші рет емес, бұған дейін де қайталанған. Университет қабырғасында мұндай ақпараттың сыртқа таралуы студенттің жеке өміріне қол сұғу деп есептеймін. Біз жаспыз, қателік жасаған болармыз, бірақ оны бүкіл елге жайып салу дұрыс емес», – дейді студенттердің бірі. Тағы бір студент: «Жеке…

Толық оқу
Нацбанк

Ұлттық банк теңге бағамына қолдау көрсету үшін валюталық интервенция жасауды қажет деп санамайды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Реттеушінің мәліметінше, биыл бірінші тоқсанда халық пен бизнес тарапынан шетел валютасына сұраныс төмендеген, ал мұнай бағасының өсуі теңгенің шамамен 5%-ға нығаюына септігін тигізген. Сонымен қатар, «айна-қатесіз» сату механизмі аясында валюта нарығында шамамен 2,1 млрд доллар сатылған. Шетелдік инвесторлардың мемлекеттік бағалы қағаздарға салған қаражаты 375 млрд теңгеге артып, жалпы көлемі 2,2 трлн теңгеге жеткен. Ұлттық банк қазіргі нарықтық ахуал іргелі экономикалық көрсеткіштер шеңберінде қалыптасқанын, сондықтан реттеушінің араласуын қажет етпейтінін мәлімдеді.

Толық оқу
Қаржы министрі Мәди Тәкиев

Қазақстанда қан донорларына берілетін өтемақыны арттыру туралы ұсыныс жақын жылдары қолдау таппайды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Мәжіліс депутаттары донорлыққа төленетін қазіргі 983 теңгені (0,25 АЕК) 1–1,25 АЕК-ке дейін көтеріп, «Құрметті донор» мәртебесін қайтаруды ұсынған болатын. Бірақ Қаржы министрі Мәди Тәкиев бастаманы орындауға қаражат жоқ екенін ашық мәлімдеді. «Мұндай әлеуметтік бастамалар қосымша шығындарды талап етеді. Ал қазіргі кезде, 2028 жылдың соңына дейін, қосымша қаржыландыруды қажет ететін жаңа әлеуметтік шараларға мораторий енгізілген. Сондықтан донорларға қаржылай емес, басқа да ынталандыру жолдарын қарастыру қажет», – деді министр. Бұған дейін премьер-министр Олжас Бектенов 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті әзірлеу кезінде донорларға төленетін өтемақыны ұлғайту мүмкіндігін қарастыруға уәде…

Толық оқу
швед үстелі

Қорғаныс министрінің орынбасары Алмаз Жұмакеев Батыс Қазақстандағы әскери гарнизондардың инфрақұрылымы мен тұрмыс жағдайын тексерді. Бұдан бөлек жаңа тамақтандыру жүйесінің қалай іске асырылып жатқанын бақылап қайтты деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Ақтөбе облысында Алмаз Жұмакеев аймақ басшысы Асхат Шахаровпен бірге Мұғалжар ауданының Жем қаласындағы инфрақұрылымды дамыту мәселелерін талқылады. Әуе қорғанысы күштері әскери институтының жатақханаларын жөндеу жұмыстары қаралды. Қаладағы амбулатория, мектеп және балабақша ғимараттарының жергілікті биліктің қолдауымен қалпына келтірілу барысы тексерілді. Сонымен қатар, әскери госпитальдің медициналық жабдықтармен және дәрі-дәрмекпен қамтылуы да назардан тыс қалмады. Сапар барысында генерал-майор әскери бөлімді инженерлік желілерге қосу мәселесін ерекше бақылауға алып, жұмысты жеделдету бойынша нақты тапсырмалар берді. Ақтаудағы әскери…

Толық оқу
айжан балакешова

Қазақстанда салық органдарының жаңа цифрлық жүйесі мыңдаған бизнес өкілін аяқ астынан есепшотсыз қалдырды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. 9 сәуір күні еліміз бойынша мыңдаған кәсіпкердің банктегі шоттары еш себепсіз бұғатталып, кейбірінің қаражаты ешбір ескертусіз алынған. Танымал заңгер әрі қаржы сарапшысы Айжан Балакешова мұны «цифрлық бассыздық» деп атап, Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Жандос Дүйсембиевке қатаң үндеу жолдады. Сарапшының айтуынша, кәсіпкерлердің жұмысын жеңілдетуі тиіс болған ISNA ақпараттық жүйесі керісінше бизнестің тіршілігін толықтай тоқтатқан. Жағдайдың ушыққаны сонша, кәсіпкерлердің есепшотынан қаражат қарызы болмаса да алына бастаған. «9 сәуірде салық төлеушілердің шоттары жаппай бұғатталды. Кейбіреулерге «0 теңге» қарыз деп көрсетілген бұйрық шыққан. Бірақ соған қарамастан, шоттары бұғатталып…

Толық оқу