Автор: Самат Келдібай

Қазақтардың басым бөлігі орта тапқа тән қарапайым игілікке қол жеткізе алмай отыр. Көпшілік үшін саяхаттау, театрға бару немесе сапалы тамақтану күнделікті өмірдің бөлшегі емес, қол жетпейтін арман. Экономист Қуат Әкіжанов әлеуметтік теңсіздікті жоюдың және ел экономикасын қайта индустрияландырудың тиімді жолы әрбір қазаққа 200–300 мың теңге көлемінде кепілденген базалық табыс (КБТ) тағайындау деп есептейді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Digitalbusiness-пен сауалдасқан сарапшының айтуынша, қазір халыққа берілетін мемлекеттік қолдаудың көбі жартыкеш, нәтижесіз жобаларға айналған. Бұған мысал ретінде «Келешек» бағдарламасын алға тартты. Бағдарлама бойынша баланың есепшотына жиналатын ақша, есейгенде сапалы білім алуға жетпейді. Осылайша жақсы идеяның түбі шикі болып шығады. «Базалық табыстың шынайы пайда әкелуі…

Толық оқу

Депутат Темір Қырықбаев тұрақтандыру қорларының жұмысы мүлдем тиімсіз екенін айтып, қатаң сынға алды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Кеше бас аудитор Әлихан Смайыловтың бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары туралы есебі тыңдалған. Осы талқылау кезінде депутат Темір Қырықбаев тұрақтандыру қорлары бастапқы мақсатын мүлдем ұмытып кеткенін, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын реттеу міндеті орындалмай отырғанын айтты. Депутаттың пікірінше, 2011–2012 жылдары құрылған қорлардың негізгі міндеті нарықта баға құбылған сәтте халыққа арзан әрі сапалы өнімді ұсыну болатын. «Қазір бұл жүйе өз миссиясынан алшақтап, кері жұмыс істеп жатыр», – деді Қырықбаев. Оның айтуынша, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларының бағаны тұрақтандыру жұмыстары тиімсіз. Бұған нақты дәлел бар Мысалы, соңғы бір жылда картоптың…

Толық оқу

Санкт-Петербургте Екатерина Биволға қатысты әкімшілік іс қозғалды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бұған әлеуметтік желідегі жазбасы себеп болған. Ленин аудандық соты оны өзге ұлт өкілдеріне қатысты кемсітіп, жеккөрушілікті қоздырды деп айыптауда. Бұған дейін Бивол әлеуметтік желіде қазақ және қырғыз халықтарының атына дөрекі әрі қорлаушы сөздер айтқан видео жариялаған. Сарапшылар жүргізген лингвистикалық талдау оның сөзінен ұлтаралық араздық пен бір топтың екіншісінен «артық» екендігін дәріптейтін элементтерді тапқан. Бұл істі Ресейдің ішкі істер министрлігіне қарасты экстремизмге қарсы орталық (орталық «Э») қызметкерлері Telegram-арналарды тексеру кезінде анықтап, іске асырған. Сот отырысы 2026 жылдың 29 қаңтарына белгіленген. РФ әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 20.3.1 бабы бойынша Екатерина Бивол 20…

Толық оқу

Қазақстан билігі сәбіздің экспортына уақытша шектеу қоймақшы, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Шектеудің астарында елдің азық-түлік қауіпсіздігін сақтау мақсаты тұр. Ауыл шаруашылығы министрлігі бұл мәселені қоғамдық талқыға шығарып, сәбіздің жаңа және салқындатылған түрін елден шығаруға үш айға тыйым салуды ұсынды. Экспортқа қойылатын уақытша шектеу Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдеріне де қатысты болады. Транзиттік тасымалдарға бұл тыйымның қатысы жоқ. Жоба «Ашық НҚА» порталында жарияланып, оны талқылау 29 желтоқсанға дейін жалғасады. Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан желтоқсан айынан бастап үшінші мемлекеттер мен ЕАЭО елдерінен тауық жұмыртқасын әкелуге уақытша тыйым енгізген. Мұндағы мақсат жергілікті өндірушілерді қолдау болатын. Бұған дейін 4-ші қаңтардан бастап «бағаны бұғаттау операциясы»…

Толық оқу

Астанада Дәулет пен Толқын Тотақановтарға қатысты сот отырысында тараптар жарыссөзі басталды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Ерлі-зайыпты Тотақановтар ауыр науқасқа шалдыққан ұлдарының еміне қаржы жинаймыз деген желеумен әлеуметтік желілер арқылы 1,5 млрд теңге жымқырды деп айыпталуда. Прокурор Ақтөре Берікұлы айыптаушылардың кінәсі толық дәлелденгенін алға тартып, соттан оларға бас бостандығынан айыру жазасын кесуді сұрады. Тергеу қорытындысына сәйкес, ерлі-зайыптылар ұлдары Әлішердің атымен желіде парақша ашып, Түркиядағы ем-домға деп халықтан көмек сұраған. Алғашқыда қажетті қаржы 50 миллион теңге деп көрсетілгенімен, төрт жыл ішінде түскен қаражат көлемі 1,5 миллиард теңгеге жеткен. Тергеу материалдарында айыпталушылар бұл қаражаттың 481 миллионын әлеуметтік желідегі жарнама мен видеороликтерді ілгерілетуге жұмсағаны айтылған.…

Толық оқу

Украинадағы соғыстың көлеңкесі КТК құбырына түсіп, Қазақстанның мұнай экспорты тығырыққа тірелді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.  Желтоқсан айында CPC Blend маркалы қазақ мұнайының экспорты жоспарланған көлемнен үштен бірге қысқарған. Соңғы мәлімет бойынша тәулігіне 1,7 миллион баррельден 1,14 миллион баррельге дейін төмендеген. Reuters-тың хабарлауынша, қараша айының соңында Новороссийск портындағы Каспий құбыр консорциумы терминалына (КТК) жасалған шабуылдан кейін үш қондырғының біреуі ғана жұмыс істеп тұр. Қолайсыз ауа райы да жөндеу жұмыстарын қиындатып, экспортқа шығатын бірнеше мұнай партиясының жеткізілімі кейінге қалдырылды. Kpler талдау компаниясының мәліметінше, 1–23 желтоқсан аралығында терминал арқылы небәрі 3,28 миллион тонна мұнай тиелген. Консорциум өкілдері жөндеу жұмыстарының барысы туралы пікір беруден бас…

Толық оқу

Келер жылдан бастап көпбалалы отбасылар мен марапатталған аналарға берілетін жәрдемақы 10 пайызға артады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметіне қарағанда, 2025 жылдың басынан бері елімізде 848 мыңға жуық көпбалалы отбасы мен марапатталған аналарға жалпы сомасы 555 миллиард теңгеден астам жәрдемақы төленген. Биыл қаңтарда төлемдер 6,5 пайызға индексацияланған болатын. Бөлінген қаражаттың негізгі бөлігі 600 мыңнан астам көпбалалы отбасыға тиесілі. Ал мемлекеттік наградалармен марапатталған 244 мыңға жуық ана ай сайынғы тұрақты қолдауға ие. Қараша айының өзінде 860 мыңнан астам адам жалпы сомасы 54 миллиард теңгеге жуық жәрдемақы алған. Ведомство өкілдері жәрдемақының мөлшері отбасы табысына тәуелсіз, тек бала санына…

Толық оқу

Қазақстандағы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың (ӘКК) бірінің басшылығы бір жыл ішінде 14 рет сыйақы алған, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Депутат Елнұр Бейсенбаевтың сөзінше, басшыларға сыйақы жер қатынастарындағы айрықша «жетістігі» үшін төленген. Жоғары аудиторлық палата жүргізген тексерісте осы корпорацияда жер телімдеріне қатысты заңсыздықтар анықталған. «Бас аудитор бес жылда ӘКК-ларға 528 миллиард теңге көмек көрсетілгенін анықтады. Соған қарамай тексерілген 13 корпорацияның сегізі 209 миллиард теңге шығынға ұшырап, табысы үштен бірге кеміген», – деді депутат. Оның айтуынша, корпорациялар қаржыны нақты жобаға құюдың орнына банктегі депозитке салып, процентін алып отырған. «Егер ӘКК-ның барлық қызметі депозит ашумен шектелсе, мұндай делдалдың қажеті қанша? Қанша жұмыс орны ашылды, тұрғындарға нақты…

Толық оқу

ҚазТАГ пен Freedom Finance арасындағы дау ақпарат алаңынан сот залына қарай ойысты. Бір тарап іскерлік беделінің тапталғанын дәлелдесе, екінші тарап сөз бостандығына жасалған қысымды алға тартып отыр деп жазады Ertenmedia.kz. Оқиғаның бастауы биылғы жылдың наурыз айында жатыр. Сол уақыттан бері ҚазТАГ агенттігі «Фридом Финанс» брокерлік компаниясына қатысты қаржы алаяқтығы, клиенттер ақшасының офшорға шығарылуы, сондай-ақ брокерлік қызметтің «қаржы пирамидасына» айналуы туралы 150-ден аса материал жариялап үлгерген. Агенттік жариялаған материалдарда компания басшылығы мен иесі Тимур Турловқа ауыр айып тағылып, азаматтардың ақшасы америкалық биржаларға мүлде жетпегені, брокерлік компанияда АҚШ биржаларында сауда жасау лицензиясы жоқ екені айтылған. Аталған айыптауларға заңгер Светлана Оралбаева мен азаматша…

Толық оқу

Шымкенттегі смарт-әжетханалар халықаралық World Toilet Summit 2025 саммитінде үздік деп танылды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Otyrar-дың мәлім еткеніндей нысандардың басты ерекшелігі гигиеналық тазалық пен қолжетімділіктің жоғары деңгейде болуы. Әжетханалар толығымен сенсорлы технологиямен жабдықталған. Қол жуғышы мен унитаздан бастап, ішкі жабдықтардың барлығы жанасусыз жұмыс істейді. Жобаның жетекшісі Мақсат Әлихановтың айтуынша, толықтай сенсорлы шешім пайдаланушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін таңдалған. «Гигиена біздің басты қағидамыз. Сол себепті ішкі жабдықтардың бәрін сенсорлы етіп жасадық. Қол жуғыштан бастап унитазға дейін ештеңеге қол тигізудің қажеті жоқ, бұл ма, бұл тазалықты қамтамасыз етеді», – дейді ол. Қазір Шымкентте осындай бес смарт-әжетхана жұмыс істеп тұр. Олар ауаны автоматты түрде…

Толық оқу