Ұлттық тестілеу орталығы колледж түлектеріне ҰБТ-ға қатысуға өтініш қабылдау мерзімдері мен сынақ күндерін жариялады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Ұлттық тестілеу орталығы 2019 жылдан бастап колледж түлектері тек ҰБТ тапсыратынын еске салды. Бұрынғы Кешенді тестілеу (КТ) енді қолданылмайды. Өтініш беру мерзімі: 11-16 сәуір аралығында өтінішті бір рет қана беруге болады; 17-25 сәуір аралығында бір немесе екі рет өтініш беруге рұқсат. Тестілеу 2026 жылдың 10 мамыры мен 10 шілдесі аралығында өтеді. Қазірдің өзінде алты негізгі күн белгіленген: 25 мамыр, 2 маусым, 5 маусым, 9 маусым, 12 маусым және 15 маусым. Қажет болған жағдайда қосымша күндер ұсынылады. Өтініш беру кезінде талапкерлер тест тапсыратын күнді,…
Автор: Самат Келдібай
Алдағы күндері Қазақстанның барлық аймағында ауа райы тұрақсыз болып, циклон мен антициклондардың жиі ауысуынан жауын-шашын күтіледі деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Батыс пен оңтүстік өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыс, солтүстік, шығыс және орталық облыстарда түнде қар аралас жаңбыр жауса, күндіз жаңбырға ұласады. 11 сәуірге қараған түні елдің шығысында қар жауады деп болжануда. Сол күні батыста күшті жаңбыр мен бұршақ күтілуде. Елдің басым бөлігінде тұман түсуі мүмкін. Бұған дейін синоптиктер сәуір айының қалыпты нормадан бір градус жылы болатынын, бірақ ауа температурасының күрт өзгеруі жиі қайталанатынын ескерткен еді. Солтүстікте ауа температурасы түнде −10 °C-қа дейін төмендесе, оңтүстікте +33 °C-қа дейін ыстық болуы ықтимал.…
Грузиядан Қазақстанға аса ірі көлемде ақша жымқыруға қатысы бар деген күдікпен іздеуде жүрген экс-басшы экстрадицияланды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Тергеу дерегінше, күдікті «Транстелеком» компаниясын басқарған тұста мемлекеттік сатып алу рәсімдерін айналып өтіп, спутниктік және телекоммуникациялық құрал-жабдықтарды жалға алу бойынша заңсыз келісім-шарт жасасқан. Соның кесірінен мемлекетке төрт миллиард теңгеден астам шығын келген. Күдікті қылмыс әшкереленген соң Қазақстаннан бой тасалап, халықаралық іздеуде болды. 2026 жылдың наурызында оны Грузияның құқық қорғау органдары қолға түсірді. Бас прокуратура сұрау салып, күдіктіні елге қайтарған. Қазір ол тергеу изоляторында. Егер кінәсі дәлелденсе, 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленуі мүмкін. Айта кетейік, «Транстелеком» компаниясы қазір Тимур Турловқа…
Қазақстанда 19 сәуірден бастап валюта операцияларын бақылаудың жаңа тәртібі енгізіледі деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Осы күннен бастап банктер азаматтар мен бизнес өкілдерінің валюта операциялары туралы мәліметтерді Ұлттық банкке тұрақты түрде тапсырып отырады. Енді қазақстандықтар шетелге банк шотын ашпай-ақ 10 мың долларға дейін ақша аудара алады. Егер аударым сомасы одан асса, банк міндетті түрде Ұлттық банкке есеп береді. Сондай-ақ азаматтардың мың доллардан асатын қолма-қол валюта сатып алуы немесе сатуы да бақылауға алынады. Кәсіпкерлер үшін бақылау шегі жоғарырақ олар 50 мың доллардан басталатын операциялар бойынша есеп береді. Бірақ бизнес өкілдерінің қолма-қол ақшасыз валюталық операцияларының барлығы, сома көлеміне қарамастан, қадағаланады. Банктер мен қаржы ұйымдары…
Қазақстанда мыңдаған жеке кәсіпкер мен жауапкершілігі шектеулі серіктестік күтпеген жерден банк шоттарын бұғаттау проблемасына тап болды. Ең қызығы, олардың көпшілігінде салықтық берешек жоқ болып шықты деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Мемлекеттік кірістер комитеті келеңсіз жағдайды жаңа автоматты бақылау жүйесін енгізу кезінде кеткен техникалық ақаумен түсіндірді. Комитеттің мәліметінше, қазіргі таңда салық әкімшілігін цифрландыру аясында барлық хабарлама жіберу мен салықтық шараларды қолдану процесі автоматтандырылып жатыр. Осы жаңа жүйеге көшу барысында техникалық қате орын алып, соның салдарынан кәсіпкерлердің банк шоттарына негізсіз шектеу қойылған. «Қазіргі кезде аталған қате толық түзетілді. Шоттарды бұғаттау туралы шешімдер кері қайтарылып жатыр, бірқатар шоттардың бұғатталуы тоқтатылды», – деп хабарлады ведомство өкілдері.…
Қаңтар оқиғасы кезінде ұйымдасқан қылмыстық топ құрғаны үшін сотталған Арман Жұмагелдиевтің әйелі, қырғызстандық дизайнер Айкөл Әликжанова ресми түрде ажырасқанын мәлімдеді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Желідегі парақшасында неке куәлігінің суретін жариялаған Айкөл, жаңалықты көпшіліктің қызу талқылауына айналдырмауды сұрады. «Ақпарат құралдары мен туралы түрлі мәліметтерді тарата бастады. Біз Арманмен заңды некеде тұрдық. Бір-бірімізді шынайы жақсы көрдік. Бірақ ажырасуға шешімді өзі қабылдады. Мен оны күтіп, жанында болуға дайын едім. Алайда Алланың қалауы басқаша болды», – деді Айкөл. Ол сонымен қатар жұптың ортақ қызы бар екенін атап өтті. «Арманның жалғыз баласы біздің қызымыз. Бізге дейін оның заңды некесі де, баласы да болған емес. Біз бір-бірімізге…
Қазақстанда сот орындаушыларының қатаң әрекетінен жаппай бұғатталған банктік шоттарды қалпына келтіру басталды. Депутат Мұрат Әбенов пен Әділет министрлігі бірлесіп, айлық жалақысы, жәрдемақысы немесе зейнетақысы толығымен ұсталып қалған азаматтардың есепшоттарын қайта ашуды қолға алды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Мәжілісмен Әбеновтің айтуынша, қазір бір жарым миллионға жуық қазақстандық өзінің банктік шоттарын пайдалана алмай отыр. Заң бойынша сот орындаушысы жалақының тек жартысын ғана бұғаттай алады, алайда іс жүзінде азаматтар соңғы тиынына дейін айырылып, қарапайым күнкөріс заттарына да қол жеткізе алмай қалды. «Сәуір сөздің емес, нақты істің айы. Есепшоттары заңсыз бұғатталған миллион жарым азаматқа нақты көмек көрсетеміз. Қазір көптеген адам автобусқа міне алмай, нан алуға…
Әлемдік сахнаның жарқын жұлдызы Димаш Құдайберген жеке өмірі мен отбасы құру туралы көптің көкейінде жүрген сұраққа жауап берді. Әнші 9 сәуірде Астанада өткен форумда бұл мәселенің маңыздылығы мен тереңдігіне тоқталды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Әзілдеп бастаса да, Димаш отбасылық өмірге деген көзқарасының ерекше әрі айрықша екенін ашып айтты. «Қазақстанға ұшып келсем, төлқұжат тексеретін мамандар бірден «Димаш, қашан үйленесің?» дейді. Қарсы алушылар да, үйдегілер де, достарым да бәрінің қоятын сұрағы бір. Мен үшін отбасы өте маңызды, оны өмірде бір-ақ рет және мәңгілікке құру керек деп санаймын. Өзгеше көзқараспен қараймын, қыздардың көңіліне қаяу түсіріп, біреуді ренжітуден қатты қорқамын», – дейді Димаш. Әнші ел…
Қазақстанда әйелдердің зейнет жасын біртіндеп 63-ке дейін жеткізу мәселесі қоғамда қызу талқылануда. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай үкіметтің мұндай шешім қабылдау себептерін түсіндіріп, егде жастағы әйелдерді жұмыспен қамту үшін қандай шаралар қарастырылғанын айтты деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Заңнама бойынша, әйелдердің зейнет жасы 2031 жылға қарай ерлердің жасымен теңесіп, 63 жасқа жетеді. Вице-министрдің айтуынша, мұндай шешім 1998 жылдан бастап Қазақстан жинақтаушы зейнетақы жүйесіне көшкендіктен қабылданған. Яғни, болашақ зейнетақының мөлшері еңбек өтілі мен жинақталған қаражатқа тікелей байланысты болып отыр. «Шынында да, әйелдердің зейнет жасын кезең-кезеңімен 63 жасқа жеткізу туралы шешім қабылданды. Себебі 1998 жылдан бері жинақтаушы жүйеге көшкен елімізде еңбек…
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова педагогтер арасында қызу талқыланып жатқан біліктілік тестін алып тастауға қатысты тың мәлімдеме жасады. Министр шешім уақытша емес, түпкілікті екенін ерекше атап өтті деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Әлеуметтік желідегі ұстаздардың пікірін мұқият оқып отырғанын айтқан министр, реформа қоғамның көңілін аулау емес, мұғалімдердің жүктемесін шынайы жеңілдету мақсатында жасалған жүйелі қадам деп сендірді. «Бұл жарты жыл немесе бір жылдан кейін қайта келетін уақытша шара емес. Мұғалімдер біліктілік тестін бұдан былай тапсырмайды! Біз бұл кезеңді толық алып тастадық. Бірақ тестілеу университетті енді бітіріп, педагогика саласына енді ғана келген жас мамандар үшін міндетті болып қала береді. Өйткені оларға өз біліктілігін бастапқы кезеңде…










