Автор: Самат Келдібай

Атырау облысы Жангелдин ауылындағы

Атырау облысы Жангелдин ауылындағы ізім-ғайым жоғалып кеткен отбасыға қатысты жаңа, қайғылы деректер белгілі болды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Мақсот Қарабалин, оның зайыбы Нәсип Үтешқалиева және балалары Мирагүл мен Наурыз былтырғы жылдың қазан айынан ет жақындарымен байланысқа шықпай, хабар-ошарсыз кеткен. Қазір ғана осы оқиғаға қатысты екі адамның сүйегі табылғаны мәлім болды. Марқұмдардың кім екені әзірге беймәлім, мамандар мәйіттердің жеке басын анықтап жатыр. Оқиға орнында құқық қорғау органдары мен жедел қызмет өкілдері тергеу амалдарын қолға алған. Әзірге құзырлы органдар ресми пікір білдірген жоқ. КТК арнасының Атыраудағы тілшісі Жанат Молдашеваның айтуынша, жазғы үйде екі ересек адамның мәйіті көмулі жатқан жерінен табылған. Қылмыстың ізін жасыру…

Толық оқу
Талғар қаласы депутаттар

Алматы облысы Талғар қаласында төрт жыл бұрын басталған негізгі су құбырының құрылысы әлі күнге дейін аяқталмай тұр деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жергілікті тұрғындар үшін аса маңызды жобаның жағдайын көзбен көру мақсатында Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Максим Рожин мен Данияр Қасқарауов арнайы барды. Магистраль іске қосылса, Талғардың ескі құбыр желілеріне түсетін салмақ жеңілдеп, қала үздіксіз әрі сапалы ауызсумен қамтылмақ. Алайда қаржыландырудың кешігуіне байланысты қала халқы әлі күнге дейін тозығы жеткен ескі су жүйесін пайдалануға мәжбүр. Депутат Максим Рожиннің айтуынша, қазір Талғардағы су қоймасының жалпы сыйымдылығы небәрі 4300 текше метр. Әсіресе жаз кезінде осы көлем тұрғындарға жетпей, қаланың шеткі аудандары сусыз қалады.…

Толық оқу
Жаңбыршин Маңғыстау облысында

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданындағы Баянды ауылының маңында орналасқан тұрмыстық қалдық полигоны толуға таяды. Полигонның қайта өңдеу қуаты шектеулі болғандықтан, Мұнайлы ғана емес, Ақтау мен Түпқарағаннан да қалдық қабылдап, шамадан тыс жүктемемен жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Мәжіліс депутаты, «AMANAT» фракциясының мүшесі әрі Экология мәселелері комитетінің төрағасы Еділ Жаңбыршин жағдайды өз көзімен көріп, шешім қабылдау үшін полигонға арнайы келді. Аумағы 25 гектар, пайдалану мерзімі 30 жылға есептелген полигонға түсетін қоқыстың 40 пайызға жуығы кәсіпкерлер күшімен престеліп, ішінара өңдеуге жіберіледі. Алайда депутат бұл шара толыққанды қайта өңдеу процесінің орнын баса алмайтынын атап өтті. «Экология құрғақ сөз, жай ұран емес. Президентіміздің өзі…

Толық оқу
Саида Мирзияева интервью

Шавкат Мирзияевтің қызы, әрі Президент әкімшілігінің басшысы Саида Мирзияева әкесінің Өзбекстанды қалай түлетіп жатқанын айтып берді деп жазады Ertenmedia.kz. «Өзбекстан туралы» арнасына берген сұхбатында президенттің қызы әкесінің ел мүддесі жолында ауыр шешім қабылдауға мәжбүр болғанын тілге тиек етіпті. Айтуынша әкесінің билікке келгеннен кейін бұрынғыдан да қатал режим орнатып, реформалардың есігін құлыптап қоятын мүмкіндігі болған. Кәрімовтың тұсындағы тоталитарлық жүйені одан әрі күшейтсе, оған ешкім қарсы келмес еді. «Бүкіл билікті уысына жинаған әкем үшін ескі жүйені іліп әкетуге де болатын еді. Бірақ ол елдің беталысын мүлде басқаша, түбегейлі өзгертуге шешім қабылдады. Күрделі реформаларды қолға алды. Кәрімов? Бұрынғы жүйеде жұмыс істеген кезде көп…

Толық оқу
Досаевтың әйелі

Алматының экс-әкімі Ерболат Досаевтың әйелі Гүлнар Досаева күйеуінен 165 есе көп табыс тапқан, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. 2024 жылғы декларация бойынша, қазіргі Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметін атқаратын Досаевтың небәрі 14 млн теңге табыс көрсетсе, жұбайының жылдық кірісі 2,3 миллиард теңгеге жеткен. Ерекең 2025 жылдың қыркүйегіне дейін Алматыны басқарған, ал былтыр желтоқсанда «Самұрық-Қазына» қорының директорлар кеңесіне мүше болып кірген болатын. Президент Әкімшілігінің өзге қызметкерлерінің арасында табысын мүлдем көрсетпегендер де бар. Айталық, Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетов нөлдік табыс декларациялағанымен, жұбайы 24,9 млн теңге тапқан. Президенттің көмекшісі Қуанышбек Есекеев те табыссыз қалған, бірақ жұбайы 48,3 млн теңге пайда көрсеткен. Мемлекет басшысының кеңесшісі…

Толық оқу
Қазақстанда SIM-карта сатып алу

Қазақстанда SIM-карта сатып алу және белсендіру тәртібі биометриялық сәйкестендіруге көшті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жаңа ереженің не себепті енгізілгенін Цифрлық даму және жасанды интеллект вице-министрі Рәстислав Коняшкин мен Телекоммуникация комитетінің басшысы Дамир Сейсембеков түсіндіріп берді. Коняшкиннің айтуынша, бастама интернет-алаяқтықтың көбейгенімен байланысты. Бұрын нөмірлер кім көрінгеннің атына тіркеліп, құқық қорғаушылардың алаяқтарды анықтауына айтарлықтай қиындық туғызған еді. Енді мемлекет әрбір нөмірдің нақты иесін білуге және оның заңсыз әрекеттерге қатысы бар-жоғын бақылауға мүдделі. «SIM-картаның иесі кім екенін нақты білуіміз қажет. Нөмірлерді заңсыз мақсатта пайдалануға тосқауыл қою үшін, биометриялық сәйкестендіру енгізілді», – деді ол. 3 қаңтардан бастап бастап не өзгерді? Телекоммуникация комитетінің төрағасы Дамир Сейсембековтің…

Толық оқу
Тоқаев пен Қарин

Президент Тоқаев мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин мен құқық мәселесі бойынша көмекшісі Ержан Жиенбаевты қабылдап, Парламент реформасының барысын талқылады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Ерлан Қарин Мемлекет басшысына Парламент реформасына жауапты арнайы жұмыс тобының аралық нәтижелерін жеткізді. Оның мәліметінше, e-Otinish пен Egov платформаларында ашылған арнайы бөлімге азаматтар мен сарапшылардан 500-дей ұсыныс түскен. Қазір сол ұсыныстар іріктеліп, қоғамның негізгі сұраныстарын анықтау жұмысы жүргізілуде. Осы уақытқа дейінгі талқылау барысында депутаттар корпусының бір палаталы үлгіге өту мәселесі мен жаңа Парламенттің заңнамалық функцияларын іске асыру механизмдері қаралған. Келесі басқосу 9 қаңтарда өтеді. Онда мамандар халықтан жиналған басқа да бастамаларды егжей-тегжейлі зерделейді. Мемлекеттік кеңесші бұдан бөлек, Ұлттық құрылтайдың желтоқсан…

Толық оқу
Айдос Сарым Каспий құбыс желісі

Астана полициясы Каспий құбыр желісіне жасалған шабуылды жақтап пікір жазған желі қолданушыларына қатысты тергеу амалын бастады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бұған депутат Айдос Сарымның Бас прокуратураға жолдаған сауалы себеп болған. Мәлім болғандай, тергеу желтоқсанның 17-сінен бері жүріп жатыр. Қазір тергеушілер арандатушы жазбалардың авторы мен пікір қалдырған азаматтарды анықтап, нақты дәлел жинауда. Айыпталушыларға «ұлтаралық араздықты қоздырды» деген айып тағылуы мүмкін. Бас прокурор Берік Асылов желідегі жауапсыз жазбалар бұған дейін де құзырлы органдардың назарында болғанын еске салып, ел ішінде жалған ақпарат пен заңсыз контент таратудың салдары ауыр болатынын ескертті. Бұған дейін депутат Сарым Новороссийскідегі КТК терминалына шабуылды құптаған қауымды «мемлекетке опасыздық жасағандармен» теңестіруді…

Толық оқу
Мәжіліс депутаттары

Мәжіліс депутаттары Алтай қаласындағы су құбыры желісін қайта жаңғырту жұмысын тексеріп, жобаның аяқталуына кедергі келтірген негізгі мәселелерді талқылады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында іске асырылып жатқан ауқымды жоба қазір 95 пайызға орындалған. Жаңа желі іске қосылса, Алтай қаласындағы 9420 абонент таза ауызсумен қамтамасыз етілмек. Жоба құны 2,6 миллиард теңге. Осы қаржыға жалпы ұзындығы 110,5 шақырым су құбыры желісі тартылған. Бірақ толыққанды іске қосуға ескі су құбырларының тозығы жеткен учаскелері кедергі болып тұр. Алтай ауданы әкімінің орынбасары Заңғар Шаухиннің айтуынша, өткен ғасырдың 60-жылдары салынған шойын құбырлардың жарамсыз бөліктерін толық ауыстыру үшін қосымша 2 миллиард теңгеге жуық қаржы қажет.…

Толық оқу
Темекі бағасы қымбаттады

2026 жыл шылым шегетіндер үшін жағымсыз жаңалықпен басталды. Биылдан бастап темекінің бағасы көтеріліп, қалтаға түсетін салмақ біршама арта түспек деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қаржы министрлігінің бұйрығына сәйкес, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап темекінің кез келген түрі фильтрі бар не жоқ темекі, папирос, сигарилла, сондай-ақ қыздырылатын табак өнімдерінің ең төменгі бөлшек сауда бағасы 970 теңгеден кем болмауы тиіс. 2025 жылдың екінші жартысында, яғни шілде мен желтоқсан айлары арасында дәл осындай өнімдердің минималды бағасы 920 теңге болған еді. Демек, темекі тартатындар жаңа жылдан бастап әр қорап үшін қосымша 50 теңге артық төлейтін болады. Еске сала кетейік, аталған өзгерістер өткен жылдың шілде айында бекітілген.…

Толық оқу