Автор: Самат Келдібай

Avatar photo

Самат Келдібай Ertenmedia.kz редакциясында қоғам, әлеуметтік ахуал, құқықтық тәртіп, резонанс оқиғалар және даулы мәселелер тақырыбын жазады. Оның материалдарында күн тәртібіндегі күрделі оқиғалар оқырманға түсінікті тілмен беріліп, шешім қабылдайтын органдардың ұстанымы мен қоғам реакциясы қатар қамтылады.

бөгде ғаламшарлықтар

АҚШ Конгресінің мүшесі Тим Берчетт үкіметтің бөгде ғаламшарлықтар туралы шындықты толық ашуы елді дүрліктіріп жіберетінін мәлімдеді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Теннесси штатынан сайланған конгрессмен Newsmax эфирінде бұл мәселеде қоғам білуге тиіс көптеген шындық бар екенін айтты, бірақ нақты детальдарға тоқталмады. «Мен қауіпсіздік және барлау қызметтерінің барлығынан дерлік мәлімет алдым. Сеніңіз, мен көрген нәрселерді жариялайтын болса, сіз ұйықтай алмай қаласыз», – деді ол. Берчеттің айтуынша, екі апта бұрын жасалған құпия брифингтегі ақпарат елдің негізін шайқалтарлық сипатта болған. «Егер халық сол күні мен естігендерді естісе, ел дүрлігіп кетер еді», – дейді ол. Конгрессмен, сондай-ақ, соңғы жылдары белгісіз себеппен жоғалып кеткен немесе қайтыс болған…

Толық оқу
жұлдыз жорамал

5 сәуір, жексенбі күніне арналған жұлдыз-жорамалды назарларыңызға ұсынамыз. Қай жұлдыз белгісі үшін жаңа мүмкіндік ашылып, кім күтпеген сәттілікке кезігеді? Ertenmedia.kz танымал жұлдызшы Данияр Әлдиевтің пікірін білді. Тоқты Бүгін сәттілік уақытты дұрыс жоспарлағандарға бұйырады. Күннің қарқыны күрт өседі, барлық іске үлгеру қиын. Ең маңыздысын таңдап, басқасын кейінге қалдырған жөн. Торпақ Қаржы мәселесіне мұқият болыңыз. Бүгінгі шешімдеріңіз күтпеген табыс әкелмесе де, шығынды азайтып, тиімді сауда жасауыңыз мүмкін. Есеп-қисапты екі рет тексеріңіз. Егіздер Бір ғана кездейсоқ сөз өміріңіздегі жағдайды жаңа қырынан көрсетеді. Кеңес, әзіл немесе елеусіз сөздің астарында маңызды кілт бар. Мұқият болыңыз. Шаян Өнімсіз іске күш жұмсамаңыз. Шаршағанды сезінсеңіз, денсаулығыңызға көңіл бөліңіз.…

Толық оқу
ауа райы

Қазгидромет 5 сәуір, жексенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Елдің оңтүстігінде жаңбыр, найзағай және екпінді жел күтілсе, солтүстікте жауын-шашын, тұман мен желдің күшеюі болжанып отыр. Ал шығыста күн көбіне ашық болып, жылына түседі. Батыста құбылмалы бұлт сақталып, кей жерде жаңбыр жауады. Астанада күн құбылмалы болады. Таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 7-9, күндіз 13-15 градус жылы болады. Алматыда күннің екінші жартысында жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Күндіз ауа 22-24 градусқа дейін жылиды. Шымкентте де жаңбыр, найзағай және шквал болжанған. Онда күндіз 20-22 градус жылы болады. Таразда…

Толық оқу
алматы ауа райы

Сенбі, 4 сәуір күні Астана, Алматы және Шымкент қалаларында қандай ауа райы күтілетіні белгілі болды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Алматыда күн құбылмалы болады. Күндіз ауа температурасы +27 градусқа дейін жылынса, түнде +10 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с аралығында. Астанада аздаған жаңбыр жаууы ықтимал. Күндіз ауа температурасы +19 градусқа дейін көтеріліп, түнде +4 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы күндіз 9-14 м/с жетеді. Шымкентте найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Күндіз +21 градусқа дейін жылынса, түнде температура +13 градус шамасында болады. Желдің жылдамдығы 8-13 м/с, таңертең және күндізгі уақытта жел екпіні 15-20 м/с күшейеді.

Толық оқу
жердің суреті

NASA ғарыш агенттігі Artemis II миссиясы аясында Айға бет алған Orion ғарыш кемесінің экипажы түсірген Жердің алғашқы суреттерін жариялады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Суреттерді Orion кемесінің командирі Рид Уайзман түсірген. Ол Жер орбитасынан шыққан сәтте, кеме Айға қарай бет алғанда кадрларды түсіріп үлгерген. «Біздің ғаламшарымызды тұтас көріп тұрмыз: оның керемет көк және қоңыр түстері көздің жауын алады. Тіпті жасыл түсті солтүстік шұғыла атмосфераны ерекше сәулелендіріп тұр. Бұл біздің Айға сапар шеккен ғарышкерлерімізбен бірге куә болып отырған ерекше сәтіміз», – делінген NASA хабарламасында. Фотолардың бірінде Жер Атлант мұхиты жағынан төңкерілген түрде берілген: төменде Солтүстік полюс, жоғарыда Оңтүстік полюс көрінеді. Суреттен Сахара шөлін,…

Толық оқу
қытай блогері

Қазақстанның туризм саласындағы амбассадоры, миллиондаған жазылушысы бар қытайлық блогер Тао Минсю президент Тоқаевтың Жарлығымен ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жоғары мемлекеттік марапатты Премьер-министрдің орынбасары, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева тапсырды. Тао Минсю награданы Қазақстанды Қытай медиакеңістігінде кеңінен танытуға, елдің мәдени мұрасы мен туристік әлеуетін дәріптеуге. Сондай-ақ Қазақстан мен Қытай арасындағы гуманитарлық байланысты нығайтуға қосқан үлесі үшін алды. «Сіздің еңбегіңіздің арқасында миллиондаған адам Қазақстанмен жақын танысты, елдің бай мәдени мұрасын, көркем табиғатын және туристік әлеуетін ашты. «Достық» ордені – Қазақстан мен Қытай арасындағы достық пен гуманитарлық байланысты нығайтуға қосқан үлесіңізге берілген жоғары баға», – деді Аида Балаева…

Толық оқу
жастар баспана

Премьер-министрдің орынбасары, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева жұмыс істейтін жастарға арналған жалдамалы пәтер бағдарламасының тоқтатылу себебін түсіндіріп, оның орнына жаңа әрі тиімді тетіктер ұсынылатынын жеткізді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бағдарлама бастапқыда Алматы, Астана және Шымкент қалаларында жүзеге асырылып, 10 мыңнан астам жас маманды қамтыған еді. Баспаналар 3-5 жыл мерзімге айына 5 000-15 000 теңге аралығында жалға беріліп келді. Бағдарламаның негізгі мақсаты – жастарға уақытша баспана беріп, өз баспаналарының бастапқы жарнасын жинауға жағдай жасау болатын. Министрдің айтуынша, бағдарлама шарттарында бастапқыдан-ақ жекешелендіру мүмкіндігі қарастырылмаған. «Кейбір қатысушылардың жалдамалы пәтерлерді жекешелендіруге ниеті болғанын түсінеміз. Бірақ мемлекеттік шешім заңға негізделуі керек. Егер шартта сатып алу…

Толық оқу
жер

Бүгін кешке Түркістан және Жамбыл облыстарының тұрғындары жер асты дүмпулерін сезді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 853 шақырым жерде, Ауғанстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісі 3 сәуір күні, Астана уақыты бойынша сағат 21:13-те тіркелген. Оның әсері Қазақстанның бірқатар елді мекендерінде 2 балл деңгейінде сезілген. Жер асты дүмпулерін Түркістан облысының Мырзакент, Жетісай, Абай, Сарыағаш, Шардара, Қазығұрт, Ленгір, Сайрам, Манкент, Ақсукент, Тұрар Рысқұлов, Арыс, Темірлановка, Шәуілдір, Шаян, Түркістан, Кентау, Шорнақ, Шолаққорған елді мекендерінің тұрғындары сезген. Жамбыл облысында Тараз қаласы мен Сарыкемер, Аса, Құлан, Меркі, Бауыржан Момышұлы, Қаратау, Жаңатас және Қордай ауылдарында да жер сілкінісі…

Толық оқу
жылуды қашан өшіреді

Алматыда ауа температурасы +15–20 градусқа дейін көтерілсе де, үйлердің батареялары әлі де қайнап тұр. Тұрғындар пәтерлердің тымырсық ауасына шағымдануда деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қала әкімдігі жылуды өшірудің нақты ережесі бар екенін еске салды. Алматы облыстық мәслихатының 2024 жылғы 15 қазандағы № 27-145 шешіміне сәйкес, жылуды өшірудің шарты сырттағы ауа температурасының үш күн бойы қатарынан тәулігіне орта есеппен +10 градустан жоғары болуы. Бұл көрсеткіштер бес тәулік бойы тұрақты сақталуы тиіс. Осы талаптар толық орындалғаннан кейін ғана жергілікті билік ресми шешім қабылдайды. Жылу кезең-кезеңімен тоқтатылады: алдымен әкімшілік ғимараттар, сосын тұрғын үйлер, ең соңында мектептер, балабақшалар мен ауруханалар секілді әлеуметтік мекемелер өшіріледі. Қалалық әкімдік…

Толық оқу
Мурат Абенов

Депутат Мұрат Әбенов шетелдегі әскери қақтығыстарға қатысқан қазақстандықтарға жазаны жеңілдетуге түбегейлі қарсы шықты деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Әбеновтің пікірінше, жалдамалы сарбаздар Қазақстанның ішкі тұрақтылығына қауіп төндіреді. «Жалдамалы сарбаз шын мәнінде кәсіби қанішер. Ол ел алдындағы борышын өтеп жатқан жоқ. Керісінше, шетел асып, Қазақстанға қас ниетті террористік топтар мен болашақ қарсыластарымыздың қатарында болуы мүмкін», – деді депутат. Әбенов соғысқа қатысқан азаматтардың көбі елге психикалық ауытқулармен оралатынын атап өтті. Бұған қоса, бұрынғы жалдамалылар радикализм мен экстремистік идеяларды таратып, елдегі саяси тұрақсыздыққа жол ашуы ықтимал. Сондай-ақ, депутат жазаны жеңілдету Қазақстанның халықаралық беделіне кері әсер етіп, өзге елдермен қарым-қатынасты ушықтыруы мүмкін екенін айтты. «Мұндай қадам…

Толық оқу