Жапонияның Mitsubishi сауда корпорациясы сирек кездесетін металл галлийді Қытай емес, Қазақстаннан импорттай бастамақ деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Компанияға қарасты Mitsubishi Corporation RtM Japan еншілес кәсіпорны Қазақстанның мемлекеттік қатысуымен жұмыс істейтін «Қазақстан алюминийі» компаниясымен келісімге қол қойды. Жапондар 2026 жылдан бастап жылына шамамен 15 тонна галлий сатып алып отырады. Қазіргі кезде Жапония галлийдің жартысынан астамын Қытайдан импорттайды. Былтыр Бейжің сирек металды экспорттауды күрт шектеп тастағандықтан, Төкио шикізат жеткізушілерін әртараптандыруды қолға алып отыр. Қазақстандық компания биыл Павлодар қаласында арнайы зауыт ашып, өндірілген барлық галлийді толықтай Жапонияға экспорттамақ. Галлий электр көліктеріне қажетті жартылай өткізгіштерді және сұйық кристалды панельдерге арналған диодтарды жасауда кеңінен қолданылады. Әдетте…
Автор: Самат Келдібай
Алматыда пәтер тонауды кәсіпке айналдырған қылмыстық топ қолға түсті деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Ұйымдасқан топ қала аумағындағы тұрғын үйлерге ұрлыққа түсіп, бағалы бұйымдар мен ақшаны қолды етіп отырған. Ұсталғандардан нақты айғақтар тәркіленіп, бірқатар ұрланған мүлік иелеріне қайтарылды. Қазір полиция олардың басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр. Бірнеше ұрлық фактісі бойынша тергеу басталды. Алматы қалалық криминалдық полиция басқармасының бастығы Асхат Дәулетияровтың айтуынша, қазір топтың барлық мүшелері ұсталып, тергеу жалғасып жатыр. «Халықтың мүлкін қорғау біз үшін басты міндеттердің бірі. Ұйымдасқан қылмыстық топ әшкереленіп, оның барлық мүшелері қолға түсті. Мұндай қылмыстармен күресті одан әрі жалғастырамыз», – деді полиция өкілі. Бұған дейін Алматыда мыңдаған қазақстандықты…
Мәжіліс депутаты Марат Бәшімов конституциялық реформаның негізгі бағыттарына тоқталды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Оның айтуынша, қазір әлемде халықаралық құқық жүйесі әлсіреп, бұрынғы тұрақтылық пен сенімділік жоғалып бара жатыр. «Ғаламдық тәртіп көз алдымызда өзгеруде. Халықаралық қатынастардағы белгісіздік күшейіп келеді. Қазақстан үшін сыртқы тұрақтылықты қамтамасыз ету ішкі саяси тұрақтылыққа тікелей байланысты», – дейді депутат. Марат Бәшімов Қазақстанның берік ішкі тұрақтылығын нығайту үшін Конституцияны одан әрі жетілдіру аса маңызды екенін атап өтті. Оның пікірінше, бір палаталы парламентке көшу мемлекеттік басқару тиімділігін арттырып, саяси жүйенің жаңа сапасын қалыптастырады. Депутат осы ретте саяси партиялардың шетелдік ұйымдардан, өзге мемлекеттерден және азаматтығы жоқ тұлғалардан қаржылай қолдау алуына қатаң…
Қоғамды кемел оймен, жүйелі сөзбен, еркін пікірмен дамытудың маңызы зор. Елдің ғылымы мен мәдениеті, инновациясы мен рухани қуаты ой еркіндігі бар ортада ғана қалыптасады. Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысында Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов осындай ұсынысын жеткізді деп жазады Ertenmedia.kz. Оның айтуынша, шығармашылық, ғылыми және инновациялық жобаларға қолдау нақты құқықтық және институционалдық тетіктер арқылы жүзеге асуы тиіс. «Бүгінгі таңда біз бір маңызды мәселеге бетпе-бет келіп отырмыз. Қоғамға пайдалы, салмақты, жауапты пікір айтатын азаматтардың ойы кейде тасада қалып, ал жеңіл-желпі сөздер мен жалған ақпарат тез таралып кететін жағдайлар бар. Бұл қоғамның интеллектуалдық дамуына кері әсер ететін құбылыс. Сондықтан Конституциялық реформа аясында…
Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысында Сенат төрағасының орынбасары Жақып Асанов азаматтардың жеке деректерін қорғау мәселесіне ерекше тоқталды деп жазады Ertenmedia.kz. Оның пікірінше, цифрлық дәуірде азаматтардың құқығын нақты әрі тиімді қорғаудың жолын қарастыру қажет. Соңғы он жылда көше қылмыстары тоғыз есе азайғанымен, мүліктік алаяқтық қылмыстар енді интернетке ауысқан. «Жуырда ғана Ақмола облысында 25 адамнан құралған ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды. Олар 348 азаматтың жеке мәліметтерін ұрлап, аттарынан жалпы сомасы 4 млрд теңгеге жуық несие рәсімдеген. Әлгі адамдар банктерге бармаған, ешқандай құжатқа қол қоймаған, бірақ үлкен қарыздың астында қалды. Қазір біз екі әлемде өмір сүріп отырмыз: шынайы өмірде және цифрлық кеңістікте. Бірақ…
Қазақстанда ғылымның негізгі принциптері Конституция деңгейінде айқындалмағандықтан, ғылыми сала тұрақсыз күйде қалып отыр. Мұндай пікірді Астанада өткен Конституциялық комиссияның алғашқы отырысында Қолданбалы экономикалық зерттеулер орталығының ғылыми жетекшісі Жақсыбек Күлекеев айтты деп жазады Ertenmedia.kz. Оның пікірінше, бүгінгі Қазақстан үшін басты бағыттардың бірі ғылым мен инновацияға негізделген экономика құру. Заманауи цифрлық технологиялар мен жасанды интеллекттің мүмкіндіктерін пайдалану арқылы елдің бәсекеге қабілеті ғана емес, геоэкономикалық және геосаяси беделі де артады. «Ғылым күн өткен сайын кез келген қоғамның маңызды өндірістік күшіне айналып отыр. Экономиканы ғылымсыз дамыту мүмкін емес. Өкінішке қарай, қазір ғылым тек сала заңдарымен реттеледі де, Конституцияда оның негізгі ұстанымдары нақты көрсетілмеген. Соның…
Конституцияда дін мен мемлекеттің ара-жігін айқындау қажет деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бұл туралы Конституциялық комиссияның алғашқы отырысында Қазақстан заңгерлер одағының төрағасы Серік Ақылбай мәлімдеді. Оның пікірінше, мемлекеттің барлық діни бірлестіктерге бейтарап ұстанымда болуы қоғамдық келісімнің, тұрақтылықтың және мемлекеттік институттарға деген сенімнің кепілі. Заңгер Конституция елдегі ең жоғарғы құқықтық акт ретінде дін мәселесінде түрлі түсіндірмелерге жол бермеуі тиіс екенін жеткізді. Сондықтан Конституцияда бекітілген зайырлылық қағидатын нақты әрі анық түрде айқындауды ұсынды. «Дін мен мемлекеттің ара-жігін Конституция арқылы нақты белгілеу бұл діни сенімдегі азаматтардың құқығын шектеу емес, керісінше, оларға мемлекеттің тарапынан тең дәрежеде қарауды қамтамасыз ету. Қазақстан сияқты көп конфессиялы мемлекетте билік әрқашан…
Талдықорғанда «шекарадағы шерудің» шуы басылар емес. Қытай туын өртеген қандастар сот алдында деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Өткен жылдың қарашасында Шонжы маңындағы Қазақстан-Қытай шекарасында көрші елдің туы мен төрағасы Си Цзиньпиннің суретін өртегендерге қатысты сот процесі басталды. Orda-ның дерегінше айыпталушылар қатарында қандастарымыз бен Қазақстан азаматтары бар. Оларға Қылмыстық кодекстің 174-бабы 2-бөлігі бойынша «ұлтаралық мәселені топ болып ушықтырды» деген ауыр айып тағылған. Әлгі бап бойынша 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Әуелде әкімшілік іс ретінде қозғалған оқиға кейіннен қоғамдық резонанс пен шиеленіс қаупіне байланысты қылмыстық іске ұласып кетті. Қазіргі таңда айыпталушылардың бір бөлігі абақтыда отырса, өзгелері үйқамақта. Соттағы басты талас наразылықтың…
МӘМС қорының басшылығы толық ауысты. Бұған дейін Президент әкімшілігінде әлеуметтік-экономикалық саясатты бақылаған Гүлмира Сәбденбек енді Медициналық сақтандыру қорын басқарады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жаңа басшының медицина саласында тәжірибесі мол: мамандығы бойынша дәрігер, қоғамдық денсаулық сақтау магистрі, кезінде Ұлттық медициналық холдингтің стратегиялық даму департаментін басқарған, Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы басшысының орынбасары болған. Сонымен қатар, ұжымға басқарма төрағасының бірінші орынбасары ретінде Айдар Мекебеков таныстырылды. Оның қаржы саласындағы тәжірибесі жеткілікті: еңбек жолын салық инспекторынан бастап, Қаржы министрлігінде түрлі басшылық қызметтерді атқарған. Соңғы уақытта «Қазақмыс» корпорациясында қаржылық алаяқтыққа қарсы күрес департаментін басқарды. Қаржы министрлігі жаңа басшылықтың негізгі міндеті қор қаржысын халықтың шынайы қажетіне сай әділ…
Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев бүгінгі жанжалға қатысты екіұшты мәлімдеме жасады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Айтуынша, әлемжелі мен ақпарат құралдарында тараған деректер шындыққа сай келмейді. «Мен бе, мен мемлекеттік қызметкермін, міндетімді атқару барысында қызметтік этиканы қатаң ұстанамын. Бала күнімнен бапкерлерім шаршы алаңнан тыс жерде күш қолданбауға тәрбиеледі. Өз күшіме есеп бере аламын, әр әрекетім үшін жауапкершілік жүгін көтеремін. Сондықтан қандай да бір арандатуға жол бермеймін, ермеймін де. Бұл мәселеге нүкте қойылды», – деді ол. Желідегі жұрт өз кезегінде: «Олимпиада чемпионы этиканы алға тартты, бірақ кабинеттен неге кәстүмсіз шыққанын ашып айтпады», — деп отыр. Бұған дейін біз Қарағанды облыстық спорт басқармасының басшысы Серік…










