Автор: Самат Келдібай

Avatar photo

Самат Келдібай Ertenmedia.kz редакциясында қоғам, әлеуметтік ахуал, құқықтық тәртіп, резонанс оқиғалар және даулы мәселелер тақырыбын жазады. Оның материалдарында күн тәртібіндегі күрделі оқиғалар оқырманға түсінікті тілмен беріліп, шешім қабылдайтын органдардың ұстанымы мен қоғам реакциясы қатар қамтылады.

Қазақстандықтар алдағы уақытта

Қазақстанда зейнетақы жүйесін түбегейлі өзгерту мәселесі талқылануда. Сенат депутаты Амангелді Нұғманов зейнетке шығу жасына емес, еңбек өтіліне сүйенетін жаңа үлгіге көшу туралы ұсыныс жасады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Үкіметке жолдаған депутаттық сауалында Нұғманов қазіргі жүйенің тым қатаң екенін, азаматтардың нақты еңбек жағдайларына сай келмейтінін атап өтті. Оның ұсынысы бойынша, әр адам қажетті еңбек өтіліне жеткен соң, зейнетке шығу уақытын өзі таңдай алады әрі бұл шешім үшін экономикалық жауапкершілікті де өз мойнына алады. «Біз зейнетке шығуды жаспен емес, еңбек өтілімен байланыстыратын жүйеге біртіндеп көшу мәселесін қарастыруымыз керек. Азаматтар өздеріне қажетті еңбек өтілін жинағаннан кейін зейнетке шығу уақытын дербес белгілей алуы тиіс», –…

Толық оқу
Қазақстандықтар үшін үйлі болудың тағы бір мүмкіндігі ашылады

«Отбасы банкі» тұрғын үй кезегіне жаппай тексеріс жүргізіп, нәтижесінде мыңдаған адам кезектен шығарылды. Дегенмен ондаған жылдар бойы баспана күткендер жаңа пәтерлердің кілтін алды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Былтырдан бері банк тұрғын үй кезегін әкімдіктерден өзіне алып, барлық тізімді «Тұрғын үймен қамту орталығы» атты бірыңғай жүйеге біріктірген болатын. Нәтижесінде 16,5 мыңнан астам адам кезектен шығарылып, 74 мың адамның кезегі уақытша тоқтатылды, ал 75,4 мың азаматтың өтініші қабылданбады. Мұның басты себебі өтініш бергендердің баспанасы бар болып шықты немесе отбасының өзге мүшелері кезекте тұр. Қазір жалпы кезекте шамамен 969 мың адам бар. Олардың 30 пайызы әлеуметтік тұрғыдан басым санатқа жататын азаматтар жетімдер, мүмкіндігі шектеулі…

Толық оқу
Мұрат Әбенов

Депутат Мұрат Әбенов қамауға алынған танымал блогер әрі заңгер Әділетхан Молдаханның ісіне қатысты ұстанымын білдірді. Мәжілісмен ұсталған азаматқа ешқандай қолдау көрсете алмайтынын мәлімдеді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бұған дейін депутат осы істі «бақылауына алғанын» айтқан еді. Алайда, бүгін ол қоғамдағы дүрбелеңге қарамастан, Әділетхан Молдаханды ұстауға нақты әрі жеткілікті заңдық негіздер бар екенін баса айтты. «Мен оған көмектеспеймін және көмектесе де алмаймын. Бұған менің ешқандай құқығым жоқ. Қоғамнан өтініш түскеннен кейін, оның қаншалықты заңды түрде ұсталғаны жөнінде сауал жолдадым. Маған берілген ақпарат бойынша, оны ұстаудың нақты әрі заңды негіздері бар. Бұл істің бүге-шүгесіне дейін хабардармын, бірақ жария етуге қақым жоқ. Оның заңсыз…

Толық оқу
Ермұрат Бапи

Депутат Ермұрат Бапи қоғамға радикалды әрі ұлттық дәстүрге жат көзқарастарды тықпалап жүрген жалған имамдар мен псевдодіншілдерді өткір сынға алды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Депутаттың пікірінше, жалған уағызшылар жастар арасында сауатсыздықты насихаттап, қоғамдық тұрақтылықты шайқап, мемлекеттің іргесін сөгіп отыр. Ол соңғы кездері елді дүрліктірген даулы оқиғаларды мысал ретінде атап өтті. «Қоғамға, әсіресе жастарға жат догмалар мен радикалды ұғымдарды сіңіріп жүрген осы примитивті псевдодіншілдер ұлттық құндылықтарды мансұқтап, мемлекетіміздің негізін шайқалтуда», – деді Бәпи. Оның айтуынша, мұндай топтардың өкілдері қазақтың дәстүрлі салт-дәстүрлерін ашық жоққа шығарып, оларды «харам» деп жариялап жүр. «Әлгіндейлердің уағызына сенсек, Ораза айт пен Құрбан айттан басқа кез келген мейрам харам екен.…

Толық оқу
әділетхан молдахан

Алматыда Instagram желісінде миллионнан астам оқырманы бар заңгер, блогер Әділетхан Молдахан 10 тәулікке қамауға алынды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Блогерге ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабының 1-бөлігі («Көрінеу жалған ақпарат тарату») бойынша айып тағылды. Алматы полиция департаментінің мәліметінше, қазіргі таңда тергеу жұмыстары жүріп жатыр. «Сот шешімімен күдікті ретінде танылған Әділетхан Молдаханға 10 тәулікке қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы белгіленді. Бұған дейін ол тонау әрекеті үшін сотталған», – делінген полиция хабарламасында. Еске сала кетсек, блогер әлеуметтік желілерде Алматының Әл-Фараби даңғылында үш адамның өмірін қиған жол апаты туралы резонансты жазбалар жариялап, жұртшылық назарын аударған болатын. Ол өз мәлімдемесінде жол-көлік оқиғасына құқық қорғау органының қызметкері қатысы…

Толық оқу
Бектенов потребовал от Минтранса

Үкімет уақытша шектеу шаралары аяқталғаннан кейін тарифтік саясатты біртіндеп әрі нақты бағытпен жалғастырады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жаңа саясаттың басты қағидасы тұрғындардың әлеуметтік жағдайына салмақ салмау, инфляциялық қысымды тежеу, халықты сапалы әрі қолжетімді коммуналдық қызметпен қамту. Коммуналдық тарифтер жүйелі түрде және қажеттілікке қарай түзетіліп отырады. Барлық шешім тек экономикалық негіздемелер мен нақты жағдайларды ескере отырып қабылданады. Үкіметтің мәлімдеуінше, басты мақсат коммуналдық жүйелердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету, инфрақұрылымның тозуын азайту, төтенше жағдайлар мен апаттардың алдын алу. Энергетика министрлігінің ресми мәліметінше, электр энергиясының шекті тарифтері 2026 жылдың 1 сәуірінен бастап өзгеріссіз, 2025 жылғы деңгейде қалады. Былтыр желтоқсан айында министрлік 2026-2032 жылдар аралығына арналған…

Толық оқу
жақсылық омар

Өскеменнің бұрынғы әкімі әрі ШҚО әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омарға қатысты сот процесі жалғасуда деп хабарлайды Ertenmedia.kz YK-news.kz-ке сілтеме жасап. 31 наурыз күні сот отырысы тараптардың жарыссөзімен жалғасты. Прокурор Жақсылық Омарға алаяқтық пен пара алу бойынша айып тағып, оны 6 жылға бас бостандығынан айыруды, сонымен қатар мемлекеттік қызмет, жергілікті өзін-өзі басқару және квазимемлекеттік секторда лауазым иелену құқығынан айыруды сұрап отыр. Дегенмен… Прокурор айыпталушының бұрын сотталмағанын, жеті баланың әкесі екенін ескеруді өтінді. Алайда мемлекеттік қызметкер антын бұзу жағдайы айыпталушының кінәсін ауырлататын фактор ретінде аталды. Істің бірінші эпизоды Жақсылық Омар Өскемен әкімі болған тұсқа тиесілі. Тергеу дерегіне сай, ол мәдени мекеме басшысынан…

Толық оқу
алматы ауа райы

Синоптиктер сәуір айының алғашқы үш күніндегі Астана мен Алматыдағы ауа райына болжам жасады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Астанада 1-3 сәуір күндері жауын-шашын күтілмейді, күн райы ашық әрі жылы болады. 1 сәуірде түнде -1…+1 градус, күндіз ауа +13…+15 градусқа дейін жылынады. Солтүстік-шығыстан жел соғып, жылдамдығы түнде 2-7, күндіз 5-10 метр секундты құрайды. 2 сәуір күні ауа температурасы күндіз +16…+18 градус аралығында, ал түнде -1…+1 градус болады. Желдің бағыты оңтүстік-шығысқа ауысып, жылдамдығы 2-7 м/с аспайды. 3 сәуірде күн одан әрі жылынып, күндіз ауа температурасы +18…+20 градусқа жетеді. Түнгі мезгілде де айтарлықтай жылу байқалып, +2…+4 градус аралығында болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, жылдамдығы – 2-7…

Толық оқу
санжар бокаев

Алматыда ұсталған қоғам белсендісі Санжар Боқаевқа қатысты екі бап бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Редакциямыздың ресми сауалына жауап берген Бас прокуратура Боқаевқа сот шешімімен екі айға қамауда ұстау шарасы белгіленгенін растады. «Алматының тергеу сотының қаулысымен күдікті Боқаевқа екі ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды», – делінген прокуратура хабарламасында. Тергеу органы оған екі бап бойынша айып таққан: ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы («Аса ірі көлемдегі алаяқтық»); 340-бабының 3-бөлігінің 1-тармағы («Ағаштарды заңсыз кесу, адамдар тобы болып жасаған әрекет»). Қадағалау органы атап өткендей, сот шешімі прокурормен келісілген. Тергеу болжамынша… Санжар Боқаев әлеуметтік желілерде саябақ аумағында ағаштардың…

Толық оқу
саясат нурбек

Ғылым және жоғары білім министрлігі студенттердің шәкіртақысын жыл сайын арттыру мәселесін үкіметпен талқылауда деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Министр Саясат Нұрбектің айтуынша, соңғы бес жыл ішінде студенттердің ай сайын алатын төлемдері айтарлықтай өскен. Бұл кезеңдік өсім 2025 жылы аяқталған еді. «Соңғы бес жылда шәкіртақы мөлшерін жыл сайын 20-25 пайыздан кезең-кезеңмен көтердік. Нәтижесінде, шәкіртақы көлемі екі есеге жуық артты. Қазіргі кезде министрлік Үкіметпен осы шараны әрі қарай жалғастыру туралы келіссөз жүргізуде. Әзірге нақты шешім қабылданған жоқ», – деді министр. Саясат Нұрбек шәкіртақының ең жоғары өсімі докторанттарға қатысты болғанын ерекше атап өтті. Қазір PhD докторанттарының шәкіртақысы шамамен 254 мың теңгені құрайды. Педагогикалық мамандықтарды есептемегенде,…

Толық оқу