Украина дрондарының КТК құбырына жасаған соққысы салдарынан Қазақстанның жалпы шығыны шамамен 3 миллиард долларды құрады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Энергетика саласының сарапшысы Борис Марцинкевичтің айтуынша, КТК зақымдануы себепті Қазақстан шамамен 3,8 млн тонна мұнайды экспорттай алмаған. Соның өзінен келген тікелей шығын 1,6 миллиард доллар шамасында бағаланып отыр. Оған қоса, операциялық шығын мен сақтандыру төлемдері күрт артқан. «Фрахт пен сақтандыру тарифі екі есе өсті. Соның салдарынан елдің жалпы шығыны шамамен 3 миллиард долларға жетті», – деп атап өтті Марцинкевич. Жағдай танкерлердің зақымдануы кесірінен де күрделенген. Мальта туымен жүзген танкерлердің бірі жарылыстан кейін Түркияға жөндеуге жіберілсе, Chevron компаниясы жалдаған екінші танкер Delta Harmony-де…
Автор: Самат Келдібай
Конституциялық реформа комиссиясы Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасының алғашқы нұсқасын жариялады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жаңа Конституция жобасы азаматтардан, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардан келіп түскен ұсыныс негізінде әзірленген. Жарты жылға жуық уақыт бойы жалғасқан қызу пікірталас нәтижесінде Конституция мәтінінің 84 пайызы яғни 77 бап бойынша ұсыныстар қарастырылып, қайта жазылды. Конституциялық реформаға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың былтыр қыркүйектегі Жолдауы себеп болған еді. Президент саяси жүйені толық қайта жүктеп, бір палаталы Парламент құру туралы идеяны көтерген. Қазан айында Парламент реформасы бойынша арнайы жұмыс тобы құрылып, оған танымал заңгерлер, сарапшылар, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері енді. Азаматтар да бұл іске белсенді араласты –…
Қарағанды облысы спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов арасындағы жанжалға байланысты Мемлекеттік қызмет істері тексеру нәтижесін жариялады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Журналист Михаил Козачковтың мәлім еткеніндей агенттіктің бас мамандары Рысқұлбек пен Теміржанов қол қойған құжатта оқиғаның барлық жай-жапсары толық зерттеліп… жанжалдың туындауына Серік Сәпиев кінәлі деп көрсетілген. Құжатта басқарма басшысы Серік Сәпиевтің мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің 6-бабының 5-тармақшасын, сондай-ақ 8-баптың 1) және 7) тармақшаларын бұзғаны жазылған. Сәпиев меморганның беделіне нұқсан келтірген, ұжымда жағымды моральдық-психологиялық ахуал қалыптастырмаған және әріптесіне дөрекілік танытып, әдепсіздік жасаған деп айыпталған. Контекст 23 қаңтарда әлемжеліде Серік Сәпиев пен орынбасары Дәурен Есімханов арасында болған жанжалдың…
Мемтапсырыс алған жекеменшік мектептер наурыз айынан бастап жан-жақты тексеріледі. Оқу-ағарту министрі науқанның негізгі бағытына егжей-тегжейлі тоқталды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Министрдің айтуынша, мемлекеттік тапсырысқа мораторий енгізілгенмен, заң талаптарын толық орындайтын жекеменшік мектептердің жұмысына еш кедергі келмейді. «Қазірдің өзінде маған беделді әрі шағын, бутик түріндегі жекеменшік мектептер хабарласып жатыр. Егер мектеп заңнаманың барлық талабына сай келсе, ғимараттары білім беру мақсатында болса, жұмысын әрі қарай жалғастыра береді», – деді Жұлдыз Сүлейменова. Қазіргі таңда елімізде ресми тіркелген 880 жекеменшік мектеп бар. Оның 785-і цифрланып, мемтапсырыс алған. Цифрлану дегеніміз мектептің қағаз-құжаты талапқа сай және жұмыс істеуге толық құқы бар екенін білдіреді. Наурыздан бастап… Дәл осы…
Қарағанды облысы спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов арасындағы жанжалға қатысты тексеріс басталды. Бұл туралы Үкімет отырысында Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәлімдеді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Министр Мырзабосынов оқиғаға тым үстірт қарап, асығыс баға бермеуге шақырып отыр. Айтуынша, жанжалдың нақты себебін Мемқызмет істері анықтап, құқықтық баға беретін болады. «Сәпиев? Бұл жағдайға спортшы ретінде емес, мемлекеттік қызметші ретінде қараған жөн. Оқиға спорт саласында емес, мемлекеттік мекемеде болған. Мемлекеттік қызмет істері агенттігі толық тексеру жүргізіп жатыр. Қорытындысын күтейік», – деді министр. Ол сондай-ақ Серік Сәпиевтің олимпиада чемпионы және екі дүркін әлем чемпионы екенін, басқарма басшысы ретінде өзіне…
Ел мектептерінде былтыр басталған бірнеше пәнді біріктіру реформасы уақытша тоқтатылды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Физика, химия, биология, алгебра мен геометрия секілді негізгі пәндер бұрынғыдай жеке-жеке оқытылатын болды. Бұл туралы Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді. Министрдің айтуынша, 2025 жылы физика, химия және биология пәндерін «Жаратылыстану» бағытына біріктіру, ал алгебра мен геометрияны – «Математика», дүниежүзі тарихы мен құқық негіздерін – «Қоғамдық ғылымдар» пәніне қосу туралы шешім қабылданған еді. «Реформаны уақытша тоқтатуға тура келді. Себебі біз фундаменталды ғылымдарды жеке-жеке оқыту қажет деп санаймыз. Мұғалімдерге түсетін жүктеме мәселесін де қарастырдық, педагогикалық қауымдастықпен де кеңестік. Балаларымыз цифрлық заманда негізгі ғылымдарды терең меңгеруі үшін пәндерді жеке…
Қазақстандағы Ресей елшілігі Дума депутаты Николай Валуевтің көршілерге қоқан-лоққы жасағаны туралы ақпаратты жоққа шығарды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Түнеукүні әлемжеліде Валуевтің Орта Азияны «тәубесіне түсіру керек» деген сарында сөйлегені, тіпті арнайы операцияға арандатқаны жайлы видео тараған. Ресей елшілігінің мәліметінше, бұл нейрожелі арқылы жасалған жалған видео. «Видеоны мұқият қарасаңыздар, сөз бен ауыз қимылының сәйкес келмейтіні анық байқалады. Мұндай сәйкессіздік жасанды интеллект көмегімен жасалатын фейк-видеоның негізгі белгісі», – делінген елшілік таратқан хабарламада. Соловьев? Ресей Сыртқы істер мұндай мәлімдемені жекелеген тұлғалар айтса да, депутаттар бұлайша сөйлемейтінін жеткізіпті. Николай Валуев те видеоға қатысты түсініктеме беріп, оның жасанды зердемен жасалғанын алға тартыпты. «Мына видеоның маған еш…
Қазақстан Қарашығанақ ісі бойынша Лондондағы халықаралық арбитражда Shell мен Eni секілді мұнай монстрларынан басым түсті деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Bloomberg-дің мәліметінше мұнай компаниялары енді елімізге 4 млрд долларға дейін өтемақы төлеуге міндеттелуі мүмкін. Арбитраж Бектенов үкіметінің ұстанымын қолдап, Shell мен Eni компанияларының мемлекет есебінен келісілмеген артық шығындарды заңсыз өтегенін мойындаған. Іс жабық түрде қаралғандықтан, нақты өтемақы көлемі әзірге белгісіз. Компаниялардың шешімге шағымдануға мүмкіндігі бар. Дереккөздің дерегінше, аталған іс бойынша консорциумның басқа ойыншылары Chevron, «Лукойл» және «ҚазМұнайГаз» да қосылып, Қазақстанға төленетін өтемақының жалпы сомасы 2-ден 4 миллиард долларға жетуі ықтимал. Айта кетейік, көрсеткіш бастапқы талап етілген сомадан аз. Қазақстан 2023 жылы арбитражға…
Олжас Бектенов Kazakh Tourism басшысы Талғат Ғазизовке нақты нәтиже көрсетуді талап етті деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Үкімет отырысында сөз алған Премьер-министр ұлттық компанияның жаңа басшысына қызметке жуырда кіріссе де, көп күттірмей нақты өзгерістер әкелуі керектігін ескертті. «Талғат Жанатұлы, қызметке енді кірістіңіз, бірақ бізге құр сөз емес, нақты нәтиже керек. Естіп тұрсыз ғой? Егер нәтиже болса, жұмысты жалғастырамыз, болмаса қоштасуға тура келеді. Осыған келістік пе?» – деді Бектенов. Өз кезегінде Kazakh Tourism басшысы тапсырманы толық орындауға дайын екенін жеткізді. Соңғы кезде Бектенов шенділердің слайды мен бірсыдырғы баяндамасынан шаршап жүр. Бұған дейін Үкіметбасы меморгандар бұрынғы жұмыс істеу тәсілінен арылмаса, тиісті шешім қабылдайтынын ескерткен…
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап банктер жеке тұлғаның аударымы туралы мәліметті Мемкірістер комитетіне (МКК) тұрақты жолдай бастады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Банктер қаңтар-наурыз айындағы мобильді аударымдар туралы деректі 15 сәуірге дейін толық ұсынады. Осы негізде МКК кәсіпкерлік қызметке ұқсас әрекет байқалған азаматтарға арнайы хабарлама жібереді. Салық органдары мобильді аударымдарды 3 негізгі талап бойынша тексереді: Аударым үш ай қатарынан келуі тиіс (мысалы, қаңтар, ақпан, наурыз); Кемінде 100 түрлі адамнан түсуі керек; Осы кезеңдегі аударымдардың жалпы сомасы 1 миллион теңгеден асуы қажет. МКК туыстар мен таныстар арасындағы аударымдарды тұрақты болса да тексермейді. Егер азамат комитет жолдаған ескертумен келіспесе, өз ұстанымын дәлелдеп, жағдайды түсіндіре…










