Автор: Самат Келдібай

Avatar photo

Самат Келдібай Ertenmedia.kz редакциясында қоғам, әлеуметтік ахуал, құқықтық тәртіп, резонанс оқиғалар және даулы мәселелер тақырыбын жазады. Оның материалдарында күн тәртібіндегі күрделі оқиғалар оқырманға түсінікті тілмен беріліп, шешім қабылдайтын органдардың ұстанымы мен қоғам реакциясы қатар қамтылады.

Үкімет алдағы коммуналдық қызмет саласын

Үкімет алдағы коммуналдық қызмет саласын толық цифрландырып, ақылды есептеуіштерге көшуді жоспарлап отыр. Заманауи құрылғы қызмет ақысын нақты пайдаланған мөлшерге сай төлеуге мүмкіндік береді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. КТК-ның дерегінше смарт-жүйенің артықшылығын Астана тұрғындары сезіне бастаған. Қазір елордадағы орталық сумен қамту желісіне қосылған абоненттердің 40 пайызы осындай ақылды құрылғылармен қамтылған. Олар су көрсеткішін автоматты түрде қашықтан жібереді. Енді тұрғындар есептеуіш көрсеткіштерін телефонмен немесе мессенджер арқылы жіберуге мәжбүр емес. «Астана су арнасының» автоматтандырылған жүйелер бөлімінің басшысы Рәшит Маитдиновтың айтуынша, қала бойынша қойылған сенсорлар су қысымы мен шығынын тұрақты онлайн-режимде бақылайды. Деректер автоматты түрде бірыңғай орталыққа түседі. «Автоматты түрде су қысымын реттеу жүйесі іске…

Толық оқу
Маркетплейс арқылы тауар сататын кәсіпкерлердің

Маркетплейс арқылы тауар сататын кәсіпкерлердің табысы туралы ақпарат енді Мемкірістер комитетіне жіберіледі. Бұл туралы қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Шенеуніктің айтуынша, салық органдары мен отандық маркетплейс платформалары осы мәселе бойынша арнайы келісімге келген. «Өздеріңіз білесіздер, кейбір кәсіпкерлер маркетплейс арқылы сауда жасап, нақты айналымын көрсетпей отыр. Енді салық органдары кәсіпкерлердің белгілі бір мерзімдегі тоқсандық, жартыжылдық немесе жылдық сатылым көлемі туралы толық мәлімет алады. Мысалы, платформада 300 мың сатушы болса, кімнің қаншаға сатқанын анық көре аламыз. Бір кәсіпкер миллион теңгеге, екіншісі 500 мың теңгеге тауар сатса, соның бәрі бізге айқын көрсетіліп отырады», – деді Ержан Біржанов салықтық әкімшілендіру бойынша…

Толық оқу
Президент Тоқаев Бас прокуратурада өткен

Президент Тоқаев Бас прокуратурада өткен кеңесте елде ірі саяси және конституциялық өзгерістер жасалатынын айтты. Мемлекет басшысы цифрландыру мен жасанды интеллектіні қоғам өмірінің барлық саласында белсенді қолдану қажеттігіне тоқталды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Президенттің айтуынша, елімізде заң үстемдігі мен қоғамдық тәртіпті бұлжытпай сақтау аса маңызды. «Қазіргі әлемдегі күрделі ахуалды ескере отырып, біздің ұстанған бағытымыздың дұрыс екеніне еш күмән жоқ. «Заң және тәртіп» ұстанымы мемлекеттік саясаттың негізгі тірегіне айналуы тиіс. Осы қағиданы Конституцияның жаңа редакциясына енгізу қажет. Оны жүзеге асыруда прокуратура органдарына үлкен жауапкершілік жүктеледі. Прокурорлар заң бұзушылыққа ешқашан бей-жай қарамауы тиіс», – деді Тоқаев. Мемлекет басшысы құқық қорғау саласындағы цифрландыру жұмыстары жүйесіз…

Толық оқу
Қазақстанда күн райы күрт бұзылады

Қазақстанда күн райы күрт бұзылады. Ертеңнен бастап ел аумағына оңтүстіктен шығысқа қарай жылжыған циклон әсер етіп, өңірлерде жауын-шашын көбейеді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Әсіресе оңтүстік пен оңтүстік-шығыста ауа райы құбылып, қар аралас жаңбыр, боран, көктайғақ пен қатты жел тұрады. Елдің батысы, солтүстігі және орталық аймақтарында күн райы суытады, бірақ жауын-шашын болмайды. Мұнда антициклон ықпал етеді. Түнде ауа температурасы -20-дан -35 градусқа дейін төмендейді. «Кейін батыс пен солтүстікте күн сәл жылиды. Түнде -7-ден -20 градусқа дейін, күндіз -2-ден -12 градусқа дейін көтеріледі. Ал орталық, шығыс және оңтүстік-шығыста керісінше, суыта бастайды. Бұл өңірлерде түнде -3-тен -18 градусқа, таулы аймақтарда -15-тен -23 градусқа дейін…

Толық оқу
Астанада Президенттің бұрынғы кеңесшісі

Астанада Президенттің бұрынғы кеңесшісі Ержан Бабақұмаровтың өліміне қатысты сот процесі басталды. Сот отырысы кәмелет жасына толмаған балаларының мүддесін қорғау мақсатында жабық өтеді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Айжан Күлбаева процестің не себепті жабық өтетінін түсіндірді. «Марқұмның артында 16 және 12 жастағы екі баласы қалды. Оған қоса бұл аса ауыр қылмыс санатына жатады. Сот ашық өтсе, қылмыстың жасалу жолдары мен мән-жайы БАҚ арқылы тарап, қоғамда қызу талқыға ұласуы мүмкін», – деді судья. Қазіргі уақытта күдіктіге Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі («Адам өлтіру») бойынша айып тағылған. Еске сала кетсек, өткен жылдың қазан айында Ержан Бабақұмаров 36 жастағы танысымен…

Толық оқу
Қазақстан Үндістандағы қауіпті Нипах вирусының

Қазақстан Үндістандағы қауіпті Нипах вирусының өршуіне байланысты барлық шекара бекетінде санитарлық бақылауды күшейтті деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Денсауминнің мәліметінше, елге кіретін азаматтардың денсаулығын тексергенде, әсіресе Үндістан мен Оңтүстік-Шығыс Азиядан келгендерге ерекше көңіл бөлінеді. Медициналық мекемелер вирус жұқтыру қаупіне байланысты сақадай сай тұр. Жедел жәрдем бригадалары, инфекциялық стационарлар толық дайындықтан өткен. Дәрі-дәрмек, қорғаныш және зарарсыздандыру құралдарының қажетті қоры жасақталған. «Эпидемия тіркелген елдерге сапарлайтын азаматтарға алдын алу шараларын сақтауға кеңес береміз. Шетелден оралған соң ауру белгілері байқалса, бірден дәрігерге қаралып, қай елден келгеніңізді міндетті түрде хабарлау қажет», – деп ескертеді ведомство өкілдері. Вирус туралы не белгілі? Айта кетейік, Нипах жануарлардан адамға жұғатын қауіпті…

Толық оқу
Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев түнеукүнгі спорт басқармасындағы скандалға қатысты пікір білдірді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Сәпиев? Аймақ басшысы асығыс шешім мен алдын-ала баға беруге болмайтынын ескертіп отыр. «Қандай жағдай болса да, оған құқықтық тұрғыдан баға берілуі тиіс. Әрбір тәртіпсіздік жазасыз қалмауы керек. Сонымен қатар мемлекеттік органдардың жұмысы еш кедергісіз, заң аясында жалғасуы қажет. Бұл оқиға бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігі арнайы тексеру жүргізеді. Басқарма қызметі жан-жақты аудиттен өтеді. Тергеу аяқталғаннан кейін барлық әрекетке тиісті құқықтық баға берілетін болады», – деді Ермағанбет Бөлекпаев аппарат жиынында. Облыс әкімі шенділерді қызметтік әдеп нормасы мен заң талаптарын қатаң сақтауға шақырды. «Кез келген түсініспеушілік, келіспеушілік…

Толық оқу
кәсіпкерлерге жеңілдік

Шағын бизнестің тынысы ашылатын болды. Үкімет салық берешегі бар кәсіпкерлерге өсімпұл мен айыппұлды кешіру, тексерісті уақытша тоқтату жөнінде шешім қабылдады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Мемлекеттік кірістер комитетінің (МКК) мәліметінше, микро және шағын кәсіпкерлікті қолдау мақсатында 2025 жылдың 17 желтоқсанында арнайы шешім қабылданған. Жаңа тәртіп бойынша, микро және шағын бизнесті жабу ережесі жеңілдетіледі. Сондай-ақ, кәсіпкерлер 2026 жылдың 1 қаңтарына дейінгі жиналған салық берешегін 2026 жылғы 1 сәуірге дейін өтесе, оларға өсімпұл мен айыппұл кешіріледі. Оның ішінде қосымша құн салығы (ҚҚС) бойынша уақытылы тіркелмегені үшін салынған айыппұл да бар. Осы ережелер ақпан айының басында күшіне енбек. Салықтық тексерістер де азаяды Мысалы, 2026 жылдың…

Толық оқу
Новосібір облысының сауда және өнеркәсіп министрлігі

Новосібір облысының сауда және өнеркәсіп министрлігі Қазақстаннан келген бірнеше шай түрінің құрамынан қауіпті бояғыш заттар анықталғанын мәлімдеді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Тексеріс қорытындысына сәйкес, «Әл-жәннәт», «Әл-Қайрат шайы», «Әл-Қайрат шәйі Premium Gold» маркалы өнімдерінен рұқсат етілген нормадан асып кеткен тартразин (Е 102) және «сары күн батар» (Е110) бояғыштары табылған. Барабинск аудандық әкімшілігі аталған шайлардың денсаулыққа қауіпті екенін ескертіп, тұрғындарды сақ болуға шақырды. Сонымен қатар осындай өнімдер туралы дереу хабарлауды сұрады. Айта кетелік, бұған дейін елімізде бірқатар шай түрін әкелуге және сатуға тыйым салынған. Қазақстанның бас санитар дәрігері қабылдаған шешімге санитарлық тексеру нәтижесі түрткі болған. Мамандар сауда орындарынан алынған шай үлгілерін зерттегенде, өнім…

Толық оқу
Қазақстанның вице президенті

2029 жылғы президент сайлауына әлі үш жыл мерзім бар. Сарапшылардың сөзінше, жаңа президентті үлкен экономикалық және энергетикалық сынақтар күтіп тұр деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Мұнай-газ саласының маманы Олжас Байділдиновтің пікірінше, алдағы президенттік кезең ел үшін де, тұрғындардың жеке бюджеті үшін де оңайға соқпайды. Электр энергиясы жетіспейді. Елдегі тұтыну көлемі жаңа станциялардың құрылысынан әлдеқайда жылдам өсіп барады. Газ бен мұнай өнімдерін сырттан тасымалдауға тәуелділік те күшейуде. Оның үстіне, мұнай мен газ өндірісі төмендеп, бюджеттің кіріс бөлігі азая бастаған. Энергетикадағы осы қиындықтар мұнайдан түсетін салықты да қысқартады. Бұл өзге салалардың да қаржылануын қиындатады. Сарапшының пікірінше, үшінші президентке осы мәселелермен күресу үшін дайын әрі нақты…

Толық оқу