Қазақстанда 2026 жылы Есіл өзенінің бойында аса ірі гидронысан Есіл контрреттегішінің құрылысы басталмақ, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жаңа су торабы Ақмола мен Солтүстік Қазақстан облыстарын тасқын қаупінен қорғайды әрі су тапшылығы мәселесін шешуге септігін тигізеді. Жобаның мән-жайын Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Су ресурстары министрі Нұржан Нұржігітов баяндады. Нысанды тұрғызу қажеттігі көптен бері көтерілгенмен, іске кірісу Су ресурстары министрлігі құрылғаннан кейін ғана қарқын алған. Өткен жылы жоба құжаттары мемлекеттік сараптамадан толық өткен. «Контрреттегіштің жалпы құны 102 миллиард теңге. Ақша? Ақшаны Азия даму банкімен келісім негізінде заем ретінде аламыз. Биыл осы жобаны бастауды жоспарлап отырмыз», – деді министр. Қазір көктемгі тасқын кезінде Есіл…
Автор: Самат Келдібай
Қазақстанның ірі қорғасын-күміс кеніші саналатын Алайғыр жобасы толықтай қытайлық инвестордың қолына өтпек. Zhejiang Mining Heavy Industry Co. Ltd. еншілес компаниясы – Hainan Changxing «Тау-Кен Самұрық» ұлттық компаниясынан «СП Алайғыр» ЖШС-ның 100% үлесін сатып алу туралы шартты келісім жасады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Мәміле арқылы Hainan Changxing «Алайғыр» серіктестігінің акциясымен қатар, қазақстандық компанияның «Тау-Кен Самұрық» алдындағы 28,7 миллиард теңгеден асатын берешегін де өз мойнына алады. Мәміленің нақты құны түпкілікті қаржылық тексерістен кейін белгілі болмақ. Әзірге алдын ала шартты баға 350 миллион теңге. Келісім 2026 жылдың 30 сәуіріне дейін аяқталады деп күтілуде. Алайғыр Ұлытау облысының аумағында орналасқан ірі полиметалл кеніші. Қорғасын мен күміс…
Қазақ мұнайының негізгі экспорттық бағыты саналатын Каспий құбыр желісіндегі тасымал көлемі осы айда күрт азайып, желтоқсандағы болжамнан шамамен екі есеге төмендеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Bloomberg-тің дерегінше CPC Blend маркалы қазақстандық мұнайдың тәуліктік экспорты қазір 800-900 мың баррельге дейін түсіп кеткен. Бастапқы жоспар бойынша, қаңтарда 45 танкер жөнелтілуі тиіс болса, трейдерлер кем дегенде 21 партиядан бас тартқан. Бұл ма, бұл жағдай әлемдік нарыққа бірден әсер етіп, CPC Blend маркасының баррель бағасы Dated Brent эталонынан 1,2 долларға дейін қымбаттады. Әдетте мұндай премия 60-80 цент аралығында болатын. Әмірикалық басылымның мәліметінше, тасымалдың бұлайша шектелуіне бір емес, бірнеше фактор әсер еткен. Украина? Желтоқсандағы дрон шабуылынан кейін…
Ресейлік «Лукойл» санкция қысымынан соң шетелдегі активтерін сатуға кірісті. Оның ішінде Қазақстандағы мұнай жобалары да бар деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Санкцияға іліккен ресейлік компания сырттағы бизнесін 17 қаңтарға дейін сатып үлгеруі керек. Reuters дерегі бойынша, құны 22 миллиард доллардан асатын активтерді алуға үш ірі үміткер аталып отыр. Бұлар: америкалық Carlyle инвестициялық компаниясы, Chevron мен Quantum Capital бірлескен консорциумы және БАӘ-нің International Holding Company тобы. Сатылатын активтер қатарына Қазақстан, Ирак пен Әзербайжандағы ірі кеніштер, сондай-ақ АҚШ пен Еуропада орналасқан мұнай өңдеу зауыттары мен жанармай бекеттері кіреді. Алайда соңғы шешімді АҚШ Қаржы министрлігіне қарасты Шетелдік активтерді бақылау басқармасы (OFAC) мақұлдауы тиіс. Бұған дейін…
Президент Тоқаев Конституциялық және парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобымен кеңес өткізді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жиынға Ерлан Қарин мен Ержан Жиенбаев қатысты. Кездесуде жұмыс тобы болашақ бір палаталы парламенттің құрылымы мен оның өзге билік тармақтарымен байланысын талқылады. Президент ұсынылған бастама мен қоғамдық пікірдің маңыздылығына ерекше тоқталып, соңғы шешім жалпыхалықтық референдум арқылы қабылданатынын мәлімдеді. Келесі отырыс 15 қаңтарға жоспарланып отыр. Онда жаңа парламенттің негізгі мемлекеттік органдардың жұмысына араласу өкілеттігі қаралып, маңызды шешім қабылданады. Сондай-ақ, мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысын 20 қаңтарда Қызылордада өткізу туралы шешімді бекітті. Айта кетелік, Қазақстанда Сенат жойылып, Парламент бір палаталы жүйеге көшеді. Түнеукүні осы өзгерісті әзірлейтін жұмыс…
Алматыда Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтына тиесілі активтердің жеке меншікке өтуіне байланысты сот процесі аяқталды. Медеу аудандық соты 2019 жылы жасалған келісімді заңсыз деп танып, мемлекет пайдасына қайтаруға шешім шығарды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Прокуратура тексеру барысында институт активтерінің жекешелендірілуі заң талаптарын өрескел бұза отырып жүзеге асқанын анықтаған. Сот осыған орай, құны 300 миллион теңгеден асатын мүлікті қайтадан мемлекеттік меншікке қайтаруды міндеттеді. Айта кетейік, бұған дейін аталған институт атышулы Арыстанбек Мұхамедиұлының қатысы бар заңсыз жекешелендіру істерінің қатарында аталған еді. Тергеушілер сол кездегі Мәдениет министрлігі басшылығының мемлекеттік мекемелерге тиесілі активтерді туыстары мен жақын адамдарының атына аударғанын мәлімдеген. Мемлекетке келген алдын ала есептелген жалпы…
Астанада экс-шенеунік Ержан Бабақұмаровтың өліміне қатысты тергеу аяқталды. Қылмыс материалы сот қарауына жіберілді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Прокуратура күдікті адам өлтіру бабы бойынша қамауда отырғанын мәлімдеді. Тергеу амалы толықтай аяқталған, сот процесі 19 қаңтарға жоспарланып отыр. Істі бұған дейін атышулы Қуандық Бишімбаевқа қатысты үкім шығарған судья Айжан Күлбаева қарайды. Еске сала кетсек, Ержан Бабақұмаров былтыр 30 қазанға қараған түні танысымен арадағы жанжал кезінде көз жұмған болатын. Мансабын 90-жылдары Алматы әкімдігінен бастаған Бабақұмаров президент әкімшілігінде ішкі саясат бағытына жауап берді, экс-елбасы Назарбаевтың тұсында ақпараттық орталықты басқарды. Кейін Мәдениет министрінің орынбасары болып тағайындалып, Кәрім Мәсімовтың үкіметінде Премьер-министр кеңсесінде жұмыс істеді. 2019 жылы Тоқаевтың…
Қарағанды облысында балалар үйінің тәрбиеленушілерін тонап келген қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Соңғы жарты жыл ішінде күдіктілер жетімдерге тиесілі әлеуметтік есепшоттарды күшпен босатып, микрокредит ұйымдарынан олардың атына несие рәсімдеткен. Қорқытып, ұрып-соғып, алдау арқылы жасөспірімдерді айтқандарына көндірген қылмыскерлер осылайша 10 миллион теңгеден астам қаражатты иемденген. Ішкі істер министрлігі ұйымдасқан топтың толықтай ұсталғанын мәлімдеді. Күдіктілерден автоматты қарудың оқ-дәрілері және жүзден астам патрон тәркіленді. Қазір топ мүшелеріне қатысты «бопсалау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Айыпталушылардың кінәсі дәлелденсе, 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сонымен бірге полиция қызметкерлері бұл қылмыстық топтың басқа да зардап шеккендерді бопсалауы мүмкін екенін тексеріп жатыр. Бұған…
Бас прокурор Берік Асылов прокуратура органдарының былтырғы жұмыс нәтижесін жариялады. 2025 жылы мемлекет қазынасына 1,1 триллион теңгеден астам қаражат қайтарылған, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Прокуратураның бастамасымен бюджет қаражатын пайдалану, табиғатты қорғау, жер игеру және мемлекеттік сатып алу сияқты маңызды салаларға бақылау күшейген. Соның арқасында 470 миллиард теңгенің қаражаты мен активтері мемлекет иелігіне өтті. Әсіресе, мемлекеттік активтерді басқаруда ұзақ уақыт шешілмей тұрған мәселе реттелді: үш жыл бойы тұралап қалған 193 миллиард теңге дивиденд бюджетке жолданған. Сонымен қатар Алатаудың етегі, Каспий жағалауы мен Бурабай секілді стратегиялық аумақтарда жеке тұлғалардың заңсыз иелігіндегі 800 мың гектарға жуық жер мемлекет қорына қайтарылды. Тоқаевтың «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында…
Қазақстанда жанармай бағасының өсуіне жарияланған мораторий әлі күшінде. Ал 2027 жылдан бастап баға кезең-кезеңімен нарықтық сипатқа көшіріледі деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Энергетика министрлігі жақын арада бензин бағасын күрт көтеру жоспарда жоқ екенін мәлімдеді. Ведомствоның түсіндіруінше, 2027 жылдан ЕАЭО аясында мұнай мен мұнай өнімдерінің ортақ нарығы іске қосылғанымен, бұл көрші елдермен бағаны бірден теңестіруді білдірмейді. «Қазір Қазақстанда АИ-92 маркалы бензиннің бағасын өсіруге мораторий қойылған. Мұндай шара инфляцияны тежеу мақсатында қабылданды. Мораторий мерзімі аяқталғанша мемлекет ішкі нарықтағы ахуалды бақылауда ұстайды», – делінген министрлік хабарламасында. Энергетика министрлігінің өкілі Әсел Серікпаеваның айтуынша, интеграциялық келісім біртіндеп іске асады. Бұл ретте Қазақстан өз азаматтарының табысы мен ұлттық…










