Депутат Ерлан Сайыров ұлттық газ операторы QazaqGaz компаниясының жұмысын сынға алып, штат санын қысқартып, үнемделген қаржыны өңірлерді газдандыруға бағыттау қажеттігін айтты деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бұл туралы ол Мәжілістегі «газбен жабдықтау және тауарлық газды тиімді тұтыну мәселесіне өзгеріс мен толықтыру енгізу туралы» заң жобасын талқылау барысында мәлімдеді. Сайыров өз сөзінде президент Тоқаевтың бұған дейін QazaqGaz компаниясының жұмысына қатаң сын айтқанын еске салды. Айтуынша, жылына шамамен 350 млн текше метр газ өндіретін компанияда 10 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Соншама маманы бар мекеменің жұмысы ақсап тұр. «XXI ғасырда Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Абай және Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары үйлерін әлі күнге дейін көмірмен…
Автор: Самат Келдібай
Қырғыз билігінің ең жоғары эшелонында «төңкеріске ұқсас» ауыс-түйіс болды. Президент Жапаров Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Қамшыбек Тәшиевті орнынан қозғады деп жазады Ertenmedia.kz. Тәшиев қызметтен алынғанын немістің Мүнхен қаласында жүріп естіген. Сол жерде жүрегіне жасалған отаға байланысты медтексерістен өтіп жатқан екен. «Бішкектегі дереккөздің мәліметінше, Жапаровтың шалт жүрісіне Тәшиевпен арадағы ұрыс-керіс себеп болған. Телефон арқылы тілдескен тандем бір-біріне ауыр сөз айтса керек», — дейді осы тұста саясаттанушы Аркадий Дубнов. Жапаров не дейді? Президенттің баспасөз хатшысы әуелде әлгі шешімді «елді, мем.құрылымдарды екіге жармау» мақсатымен түсіндірген. Арада екі сағат өткесін президент командасы басқа аргументті ортаға салды. Айтуынша, Тәшиевке бағынышты топ оның атынан депутаттарға, басқа…
Kaspi.kz Kaspi Gold картасының жылдық қызмет көрсету тарифін көтермейді, сондай-ақ Kaspi Pay қызметіне қатысты ешқандай өзгеріс енгізбейді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бұған дейін кейбір ақпарат құралы мен телеграм арналар Kaspi Gold картасының жылдық қызмет көрсету құны 1 сәуірден бастап 1995 теңгеден 10 мың теңгеге дейін өсетінін жазған еді. Оған қоса, айына 300 мың теңгеден асатын соманы банкоматтан алған жағдайда 5% комиссия енгізіледі деген мәлімет тараған. Әлгінде ғана банк басшылығы әлгі мәліметті жоққа шығарып, әлемжелі арқылы арнайы мәлімдеме жасады. «Kaspi.kz өз клиенттері мен серіктестері үшін қызмет көрсету тарифтері мен шартын өзгертпейді. Ғаламторда тараған ақпарат біздің ресми құжатымыздың қате түсіндірілуі. Ол жерде Қазақстан…
Президент Тоқаев цифрландыру саласындағы жетістіктер туралы көлдей есептердің растығына күмән келтірді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Үкіметтің кеңейтілген отырысында елдегі жасанды интеллект және цифрлық даму саласына жауапты министр Жаслан Мәдиев мемлекет басшысына атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берді. Министрдің айтуынша, қазақстандық жасанды интеллект модельдерін бүгінде шамамен 600 мың адам қолданады. Алайда… Тоқаев министрдің сөзіне күмән келтіріп, нақты жауап талап етті. Президент пен министр арасындағы қысқа сұхбат: – Қазір KazLLM қанша адам қолданып жүр өзі? – деп сұрады Тоқаев. – Біздің деректерге сай, 600 мыңнан астам адам. – Ал ChatGPT ше? – ChatGPT-ді әлем бойынша жүздеген миллион адам қолданады. – Қазақстан бойынша қалай? –…
Германия сыртқы істер министрі Йоханн Вадефуль 11 ақпан күні Берлинде Орталық Азия елдерінің сыртқы саясат ведомство басшыларымен кездеспек деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Reuters агенттігі таратқан ақпаратқа сәйкес, тараптар энергетика саласындағы ынтымақтастық пен Ресейге қарсы санкцияларды айналып өту мәселесін талқылайды. Неміс тарапының санкцияға ерекше екпін түсіріп отырған себебі бар. Жақында Еуроодақтың экономикалық шектеулерге арналған 20-пакеті жарияланады деп күтілуде. Онда алғаш рет Орталық Азияның кей мемлекеттері, әсіресе Қырғызстан тікелей қамтылуы мүмкін. Мысалы, қырғыздың Keremet банкі мен мемлекеттік Capital Bank криптовалюта қызметі арқылы Ресейге қолдау білдіргені үшін санкция тізіміне ілігуі ықтимал. Сонымен қатар, аймақтағы кейбір компаниялар Ресейге қос мақсатта пайдаланылатын тауар жеткізеді деген күдікке ілінген.…
Кремль Иранға жасырын жолмен шамамен 2,5 миллиард доллар қолма-қол ақша жөнелтіп, санкциядан қысылған әрі ел ішіндегі наразылықтан шатқаяқтаған аятолла Хаменеидің билігін қолдап келген. Британиялық The Telegraph құпия құжаттарды қопарып, осындай сенсациялық инсайдты жариялады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. The Telegraph ақпараты бойынша, Трамп әкімшілігі Иранға қарсы қатаң санкциялар енгізе бастағанда орыстардың «Промсвязьбанк» қаржы институты Тегеранға ірі көлемдегі қолма-қол ақшаны жасырын түрде жөнелтуге кіріскен. Бес тонна доллар мен еуро 2018 жылы Ресейден Иранға салмағы бес тоннаға жуық доллар мен еуро банкноттары 34 бөлікке бөлініп, әрбір партия 57 миллионнан 115 миллион долларға дейінгі аралықта жіберіліп тұрған. Басылым қазіргі таңда да осы құпия тасымал жалғасып…
Астана мен Мәскеудің экономикалық байланысы күн санап күшейіп, энергетика саласындағы ірі жобалар жемісін бере бастады. Елордаға тартылатын «Ишим–Астана» магистральды газ құбыры үш-төрт іске қосылмақ. Бұл туралы Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев мәлім етті деп хабарлайды Ertenmedia.kz. «Газпроммен» жүргізетін стратегиялық газ құбыры Қазақстанның солтүстік өңірлерін газбен қамтымақ. Елшінің айтуынша, «Ишим–Астана» жобасы өнеркәсіптің дамуына, инвест ахуалдың жақсаруына және қазақтардың өмір сапасын арттыруға тікелей ықпал етпек. «Қазақстан Ресей газын Өзбекстанға тасымалдап транзиттік әлеуетін арттырып жатыр. Еліміз энергі хабқа айналу арқылы аймақтағы ықпалын да күшейте түспек», — дейді елші. Тағы бір маңызды сала… атом энергетикасы. Қазақстанда алғашқы АЭС-ті салу бойынша құрылған консорциум көшбасшысы ретінде…
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдаған Беларүс президенті маңызды мәлімдеме жасап, «қазіргі аласапыран әлемде бір-бірімізді жоғалтпайық» деген ниет білдірді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. «Бір-бірімізді жоғалтып алмауды өтініп сұраймын. Бүгінде ешбір ел, тіпті Әмірика да басқалармен байланыссыз, өз бетінше дамып кете алмайды. Сондықтан, осындай мазасыз әлемде бір-бірімізге сүйеу болайық», – деді Александр Лукашенко кездесуде. Беларүс басшысы жаңа серіктестер табу оңай емес кезеңде бұрыннан келе жатқан достық пен өзара сенімді бағалай білу қажет екенін атап өтті. Оның пікірінше, екі ел арасындағы ынтымақтастықтың негізі сауда-экономикалық байланыс. Астана мен Минскі арасындағы сауда айналымы қазірдің өзінде 1 миллиард доллардан асып түскен. «Кезінде Қазақстанмен арадағы тауар айналымы миллиард…
Қазақстанда мектеп оқушылары үшін ең ұзақ әрі қиын саналатын үшінші тоқсан басталды. 8 қаңтардан басталған бұл тоқсан он аптаға жалғасады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Ұзақтығы жағынан да, оқу жүктемесі жағынан да ауыр саналатын осы кезеңде әсіресе бірінші сынып оқушыларына айрықша қамқорлық жасалмақ. Оқу-ағарту министрлігі олардың оқу жүктемесін жеңілдету мақсатында қосымша демалыс қарастырды. Соған сәйкес, 1-сынып оқушылары 2026 жылдың 9-15 ақпан аралығында 7 күн бойы демалады. Осылайша, кішкентай бүлдіршіндер ең қиын кезеңнің ортасында бір апта бойы тынығып, күш жинап алмақ. Оқушылар 16 ақпанда қайта мектепке оралып, жалпы оқу кестесі бойынша сабақты жалғастырады. Ал көктемгі демалыс кезеңі барлық оқушылар үшін бірдей болып белгіленді.…
Қазақстанның Ресейден импорттайтын жол битумының көлемі күрт азайды. Былтыр 500 мың тонна болса, биылғы квота он есе төмендеп, 50 мың тоннаны ғана құрады деп хабарлайды Ertenmedia.kz Reuters-ке cілтеме жасап. Мұнай-энергі саласындағы дереккөздер мен Энергі министрлігінің жоспарына сәйкес, импорт квотасының қысқаруына ішкі өндіріс көлемінің артуы себеп болған. Еске салсақ, өткен жылдың сәуірінде Қазақстандағы ең ірі битум өндіруші Caspi Bitum зауыты жаңғыртудан өтіп, өндірістік қуаты бір жарым есеге артқан еді. «ҚазМұнайГаз» бен қытайлық CITIC Group бірлескен кәсіпорнының қуаты енді жылына 750 мың тонна битум шығаруға жетеді. Бұрын зауыт жылына 500 мың тонна ғана битум шығаратын. Агенттіктің ақпараты бойынша, қазақстандық кәсіпорындар ақпан айында…










