Автор: Самат Келдібай

Avatar photo

Самат Келдібай Ertenmedia.kz редакциясында қоғам, әлеуметтік ахуал, құқықтық тәртіп, резонанс оқиғалар және даулы мәселелер тақырыбын жазады. Оның материалдарында күн тәртібіндегі күрделі оқиғалар оқырманға түсінікті тілмен беріліп, шешім қабылдайтын органдардың ұстанымы мен қоғам реакциясы қатар қамтылады.

ЖСДП

Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның Астана қалалық филиалының төрағасы Талғат Омаров «Самұрық-Қазына» қорын таратып, оның функцияларын бейінді министрліктерге беруді ұсынды. Ол мұндай бастаманы ЖСДП-ның Астанада өткен кезектен тыс XXV съезінде партияның сайлауалды бағдарламасының экономикалық блогын таныстыру кезінде айтты, – деп жазады Ertenmedia.kz. Омаровтың пікірінше, Үкімет жұмысына тек макроэкономикалық көрсеткіштер арқылы баға беру жеткіліксіз. Негізгі өлшем азаматтардың әл-ауқатының нақты жақсаруы болуы тиіс. «Үкіметтің қызметі ең алдымен халықтың әл-ауқатын арттыратын нақты істерімен бағалануы керек. Біз “Самұрық-Қазына” қорын таратып, оның функцияларын бейінді министрліктерге беруді қолдаймыз. ЖСДП Қазақстанның білім экономикасына және ақпараттық-цифрлық қоғамға жедел көшуін ұсынады. Ол үшін білім, ғылым және өндіріс бірыңғай инновациялық-инвестициялық процеске біріктірілуі…

Толық оқу
Жұлдыз Сүлейменова жекеменшік мектептер

Оқу-ағарту министрлігіндегі кадр саясатына қатысты дау шықты. Қоғам белсендісі Гүлнар Мансұрқызы желіде тараған ұжымдық шағымға назар аударып, ведомствода кәсіби мамандар қысымға ұшырап, орнына талапқа сай келмейтін адамдар келіп жатыр деген мәселе көтерді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Белсендінің айтуынша, Тоқаев мемлекеттік басқару жүйесін жаңарту, кәсіби әрі жауапты басқарушыларды қалыптастыру туралы сан рет айтқан. Президент «жаңа форматтағы басқарушылар» ашық жұмыс істеп, заң талабын қатаң сақтауы тиіс екенін де ескерткен. Гүлнар Мансұрқызы Оқу-ағарту министрлігінде болып жатқан жағдай осы ұстанымға қайшы деп отыр. «Оқу-ағарту министрлігінде не болып жатыр? Желіде тараған қызметкерлердің үндеуіне қарағанда, ведомство мүлде басқа стандартқа сырғып кеткен. Сын айтушылар қазіргі жағдайды «ұнамағанды кетір,…

Толық оқу
шымкент блогер

Шымкент қаласында жолдағы заңбұзушылықтарды жариялап танылған блогер мен оның серіктестері құрықталды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Олар әлеуметтік желінің мүмкіндігін теріс пайдаланып, лауазымды тұлғалар мен кәсіпкерлерден жүйелі түрде қаражат талап етіп келген. Тәртіп сақшыларының мәліметінше, күдікті азаматтың Instagram парақшасында 150 мыңға жуық оқырманы бар. Ол өзінің сыбайластарымен бірге мемлекеттік қызметшілер мен бизнес өкілдерінің соңына түсіп, олардың қызмет бабындағы олқылықтарын немесе кәсіпкерліктегі заң бұзушылықтарын әдейі таспаға жазып отырған. Кейін жинақталған компромат бейнематериалдарды көпшілікке жарияламау үшін айласын асырып, қомақты ақша сұраған. Қоғамдық бақылауды желеу етіп, заңсыз табыс таппақ болған топ мүшелері сот санкциясымен қамауға алынды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп, заңсыз әрекеттің өзге де…

Толық оқу
асхат аймагамбетов

Психологиялық көмек көрсету саласын жабайы нарықтан кәсіби арнаға бұратын, ел күткен маңызды қадам жасалды. Депутат Асхат Аймағамбетов өзінің авторлық заң жобасына Тоқаевтың қол қойғанын сүйіншілеп жеткізді деп жазады Ertenmedia.kz. «Ендігі жерде екі апталық жеделдетілген курс оқып, өздерін «психолог» немесе «психо-коуч» деп жарнамалап жүргендердің заңсыз қызметіне толықтай тыйым салынады. Сананы саудаға салған мамансымақтардың дәуірі аяқталып, алаң тек дипломды кәсіби мамандар мен бірыңғай мемлекеттік реестрге тіркелгендерге ғана бұйырмақ», — деп жазды Аймағамбетов. Оның атап өткеніндей, осынай бастама қоғамның жан жарасын емдеуді бизнеске айналдырып, «сәттілік сырымен» жұрттың санасын улаған псевдомамандарға қарсы бағытталған пәрменді соққы. Адамның жан дүниесімен жұмыс істеу үлкен жауапкершілікті қажет ететіндіктен,…

Толық оқу
Orda порталының бас редакторы

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Үкімет кулуарында журналистердің сұрағына жауап бере отырып, Гүлнар Бажкеноваға қатысты сот процесін алаңдаушылықпен күтіп отырғанын айтты деп жазады Ertenmedia.kz. «Шынымды айтсам, ақпарат кеңістігінде Гүлнардың орны ойсырап тұр», – деді министр. Балаеваның сөзінше, Бажкенова кәсіби журналист ретінде сапалы сараптамалық материалдар әзірлеп, мазмұнды эфирлер ұйымдастыра алған. «Ол ма, ол кәсіби маман. Ол өте қызықты сараптамалық материалдар мен эфирлер жасай біледі. Ең бастысы, өз бағдарламасына танымал болу үшін тек хайп пен теріс пікірге сүйенетін, билікті орынсыз сынайтын адамдарды шақырмайды», – деді министр. Сонымен бірге Аида Балаева іске құқықтық бағаны тек сот беруі керек екенін атап өтті. «Мен…

Толық оқу
Тоқаев әзербайжан

Президент Тоқаев Жаңа Конституцияның күшіне енуіне орай Қазақстан халқына үндеу жариялады деп жазады Ertenmedia.kz. Мемлекет басшысы жаңа Ата заңның қабылдануы елдің саяси жүйесін түбегейлі жаңартатын, мемлекеттік институттар мен азаматтық қоғамды жаңа деңгейге шығаратын тарихи кезең екенін айтты. «Баршаңызды еліміздің Жаңа Конституциясының күшіне енуі сияқты шын мәнінде тарихи оқиғамен шын жүректен құттықтаймын! Бүгін егемен Қазақстан тарихындағы жаңа дәуір басталады. Біз тұрақты даму, саяси және экономикалық реформалар, ауқымды жаңғыру жолына қадам бастық», – деді Президент. Тоқаевтың айтуынша, 15 наурызда өткен жалпыхалықтық референдумда қазақстандықтар елдің алдағы ондаған жылдағы даму бағытын айқындаған тарихи таңдау жасады. Президент бұл шешім халықтың патриотизмі мен азаматтық жауапкершілігінің айқын…

Толық оқу
пәтер сатып алу

Қазақстандықтар соңғы жылдары баспананы ипотека арқылы жиі ала бастады. Кейінгі үш жылда тұрғын үй қарыздарының көлемі бір жарым есе өскен. Алайда бұл жылжымайтын мүлік қолжетімді болды деген сөз емес. Керісінше, сарапшылар көп отбасы үшін ай сайынғы төлем барған сайын ауыр жүкке айналып бара жатқанын айтады, деп хабарлады Ertenmedia.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап. Ипотекалық қарызға сұраныс әлі де жоғары. Ұлттық банк дерегінше, қазақстандықтардың банктер алдындағы тұрғын үй қарызы 7 триллион теңгеден асып кеткен. Нарықта Астана, Алматы және Шымкент бұрынғыдай көш бастап тұр. Ал соңғы үш жылдағы ең қарқынды өсім Жетісу, Ұлытау және Түркістан облыстарында байқалған. Бұған халықтың осы өңірлерге көптеп ағылуы әсер…

Толық оқу
Kizdar_net ресурсы

Алматыда атышулы Kizdar_net ресурсының жұмысына нүкте қойылды. Қалалық прокуратураның үйлестіруімен жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде сайттың ықтимал ұйымдастырушылары ұсталды, деп хабарлады Ertenmedia.kz. Тергеу дерегінше, ресурс 2011 жылдан бері ақылы интим қызметтерді жарнамалау және ұйымдастыру үшін пайдаланылған. Яғни сайт жылдар бойы секс-қызмет нарығына арналған ірі алаң ретінде жұмыс істеп келген. Күдіктілердің әрекеті ҚР Қылмыстық кодексінің 309-бабы 2-бөлігі бойынша сараланып отыр. Сот шешімімен олар қамауға алынды. Тінту кезінде қомақты көлемде қолма-қол ақша, цифрлық активтер, компьютерлік техника және іске қатысы бар өзге де заттай дәлелдер тәркіленген. Алдын ала есеп бойынша, сайт арқылы түскен заңсыз табыс 2 млрд теңгеден асқан. Қазір сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.…

Толық оқу
азат перуашев

«Ақ жол» демократиялық партиясын 15 жыл бойы үздіксіз басқарған Азат Перуашев төрағалық қызметінен кетті. Digital Business-ке берген эксклюзив сұхбатында саясаткер осы шешімнің нақты себебін түсіндіріп, партияның алдағы бағыты қалай өзгеретінін айтты деп жазды Ertenmedia.kz. Сондай-ақ өзінен кейін партия тізгінін ұстаған Дания Еспаевға да әділ баға берді. Перуашевтің айтуынша, оның кетуіне түрткі болған басты себеп партия ішіндегі тұрақты ротацияның қажеттігі. Ол бір адамның ұзақ уақыт бір орында отыруы ұйымның дамуына кедергі келтіретінін жасырмады. «Жол басында қанша жерден прогрессивті болсаң да, бір орында ұзақ отырған басшы бәріне үйреншікті, қатып қалған көзқараспен қарай бастайды. Өз идеясына да сын көзбен қарау қабілетін жоғалтады. Ұйымның…

Толық оқу
депозит ашу

Қазақстандағы депозит көлемі рекордтық шекке жетті. Сәуір айында екінші деңгейлі банк жүйесіндегі жеке тұлғалар салымы 396 миллиард теңгеге еселеніп, жалпы сомасы 28,6 триллион теңгені бағындырды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Ұлттық банк мәліметіне сүйенсек, халық салымы бір айда 1,4 пайызға, ал бір жылдық динамикада 15,5 пайызға бір-ақ өскен. Қаржы тасқынынан ең үлкен үлес алған үштік қатарында Kaspi Bank, Банк ЦентрКредит және Halyk Bank көш бастап тұр. Нақтырақ айтқанда, Kaspi Bank бір ай ішінде салым көлемін 162 миллиард теңгеге арттырып, депозит портфелін 7,1 триллион теңгеге толтырған. Екінші сатыға 100 миллиард теңгелік таза өсіммен Банк ЦентрКредит жайғасса, үздік үштікті халықтан тағы 51 миллиард теңге тартқан Halyk…

Толық оқу