Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов “Болашақ” халықаралық стипендиясы кеңейтілетінін мәлімдеді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
Қазіргі “Болашақ” бағдарламасы аясында магистратура мен докторантура деңгейлерінде ғана білім алуға болады.
«Жаңа заң жобасы бакалавриат деңгейінде де оқу мүмкіндігін беруді қарастырады. Бірақ бұл мүмкіндік тек халықаралық олимпиадалар мен ғылыми конкурстарда жеңіске жеткен дарынды балаларға арналған.
Бұл өте қажет қадам. Өйткені, әлемдік деңгейдегі жарыстарда жеңіске жеткен оқушыларға шетел университтеттері өз гранттарын беріп, біразі сонда қалып, осылайша біз оларды жай ғана «жоғалтып жатырмыз».
Енді бұл балалар мемлекетт тарапынан үлкен қолдауға ие болып, ең үздік университеттерде Болашакпен білім алып, елімізге қайтып, Қазақстанның дамуы үшін жұмыс істейтін болады», — деді депутат.