Отбасы банк 4 маусымнан бастап аралық заемдардың пайыздық мөлшерлемесін өзгертіп, барлық клиенттерге бірдей 8,5% мөлшерлемесін енгізді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Осыған дейін аралық заем мөлшерлемесі клиенттің бағалау көрсеткішіне және бағдарлама шарттарына байланысты 6-8,5% аралығында белгіленетін. Енді мұндай ерекшеліктер алынып тасталды. Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (ЖТСМ) 9-9,6%-ды құрайды.
Алайда тұрғын үй заемдарының шарттары өзгермейді. Яғни баспана құнының 50%-ын жинап, депозитті кемінде үш жыл ұстаған жағдайда жылдық мөлшерлеме бұрынғыдай 3,5%-дан басталады.
Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов 1 шілдеден бастап ипотека алу шарттары өзгеретінін, алғашқы жарна көп болса, мөлшерлеме төмендеп, аз болса, мөлшерлеме жоғары болатынын мәлімдеген еді.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







