Түркістан облысында шағын өндірістік парктер құру тәжірибесі өзге өңірлерде де қолданылмақ, деп жазады Ertenmedia.kz.
ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаевтың тапсырмасына сәйкес, өңірде қалыптасқан осы үлгіні басқа облыстарға енгізу жоспарланып отыр. Сол себепті тәжірибе алмасу үшін аймақтардың Түркістан облысына іс-сапары жалғасуда.
Осы жолы Түркістан облысына Батыс Қазақстан облысы әкімдігінен салаға жауапты өкілдерден құралған делегация келді. Іссапардың негізгі мақсаты – инвестициялық жобаларды іске асыруға арналған өндірістік алаңдардың жұмысымен танысу және осы бағыттағы тиімді тетіктерді зерделеу.
Делегация Сауран ауданындағы «SAURAN» өндірістік паркінде болып, ондағы кәсіпорындардың жұмысын көрді. Сонымен қатар Түркістан қаласында салынып жатқан өндірістік парктердің құрылыс барысымен танысты. Бұдан бөлек, арнайы экономикалық аймақ пен индустриялық аймақта орналасқан жобалар да назарға алынды.
Қазір Түркістан облысының барлық аудан-қаласында 25 шағын өндірістік алаң құрылып, 258 өндірістік ғимарат салынып жатыр. Соның 120-сының құрылысы аяқталған. Осы алаңдарда іске асқан жобалардың нәтижесінде өткен жылы 27 млрд теңгенің импортты алмастыратын тауары өндірілген.
Іске қосылған кәсіпорындардың қатарында тоңазытқыш шығаратын «UBC Group», жиһаз өндіретін «Aqniet Holding», сондай-ақ жаңбырлатып және тамшылатып суару жүйелерін жасайтын «BNK Group» бар. Өңірде осы бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр, ал жинақталған тәжірибе енді өзге облыстарға да үлгі ретінде ұсынылмақ.
Ғалым Байтук елімізде делдалдармен күрес туралы әңгіме жыл сайын көтерілетнін айтты. Ол тексеріс жүріп, рейд өтеді, ал қысым ең әлсіз буынға, яғни ұсақ саудагерлерге түсетнін жасырмады.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







