Ақтаудағы ұшақ апатынан 10-нан аса жолаушы ауруханаға жеткізілді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
«Ұшақ апатқа ұшыраған жерден Маңғыстау облыстық ауруханасына 12 адам (біреуі — бала) түрлі жарақаттармен жеткізілді», — деп жазылған хабарламада.
Ұшақ бортында экипаж мүшелерін қосқанда 67 адам болған. Оқиға орнында 14 жедел жәрдем бригадасы жұмыс істеп жатыр.
Айта кетейік, 25 желтоқсанда Ақтау маңында ұшақ апатқа ұшырады. Ұшақ Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан. Бұл ұшақ Azerbaijan Airlines авиакомпаниясына тиесілі.
Кейінірек Төтенше жағдайлар департаменті оқиға орнына барды. Құтқарушылар жеткен кезде ұшақ өртеніп жатқаны анықталды.