«Каспий» футбол клубында оқу-жаттығу жиындарына бөлінген 27 млн теңгеден аса қаражат жымқырылған, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
Маңғыстау облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҰҚКД-мен бірлесіп, осы деректі тергеді. Тергеу барысында клубтың бұрынғы басшысы өзінің 2 танысымен бірге күш қолдану арқылы клубтың қызметкерін айғақтарды өзгертуге мәжбүрлегені белгілі болды.
«Клубтың қызметкерінен 15 млн теңгені қорқытып алуға әрекеттенген. 3 желтоқсанда футбол клубының экс-басшысын, К. және О.-ны қамауға алуға санкция берілді», — деп жазылған хабарламада.
Бас прокуратура басқа мәліметтерді тергеу мүддесі үшін жария етпеді.